«Қазақтелеком» әлеуметтік желілерге қосылуға жеңілдіктер жасауға дайын | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

«Қазақтелеком» әлеуметтік желілерге қосылуға жеңілдіктер жасауға дайын

Жәрдемші


Aстана. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – «Қазақтелеком» АҚ абоненттерге әлеуметтік пайдалы сайттарға тегін қосылу шарттарын оңтайландыруға дайын, деп байланыс және ақпарат министрлігінің (БАМ) баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомствоның сейсенбі күні таратқан ақпараттық баянында хабарланғандай, БАМ басшысы Асқар Жұмағалиев Қазнетті дамыту жөнінде кеңес өткізді. Онда хостингті дамыту шарттарын жақсарту жөніндегі мәселелер қарастырылды.

«Бүгінгі кездесу барысында «Қазақтелеком» АҚ-ның коммерциялық директоры Асқар Ескергенов, компания, абоненттерге «Интернет-трафикпен алмасу орталығы» қауымдастығына кіретін компания алаңындағы әлеуметтік пайдалы сайттарға кірудің жеңілдетілген шарттарын беруге дайын екенін жеткізді», - делінген хабарда.

Осыған байланысты А. Жұмағалиев мүдделі тараптарға оны іске асыруды ұзаққа созбай және жақын аралықта пилоттық сайттарды анықтап, ұсынысты нақты істе «шыңдап көруді» ұсынды.

Одан басқа, кеңес барысында, «Қазконтент» АҚ төрағасы Азамат Омаров ағымдағы жылы 16-шы тамызда Алма ТВ, СТС пен Базис-телекоммен бірыңғай қазақстандық интернет-кеңістікті құру және оған нарықтағы басқа да ойыншылардың қосылу перспективасы туралы келісімшартқа қол қойылғанын жеткізді.

Оның айтуынша, әлемдік тәжірибе осындай шағын интернет-провайдерлердің бастамасымен пирингтік қатынастар дамып отыратынын көрсетеді.


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
8 + 5 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>