Қазақтардың көтерлісі туралы ғылыми еңбек | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Қазақтардың көтерлісі туралы ғылыми еңбек

Жәрдемші


1946 жылы 17 желтоқсанда Ташкент қаласында қорғалған Елтоқ Ділмұхамбетовтің «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазатардың көтерілісі» атты кандидаттық диссертациясының ғалымның отбасында көздің қарашығындай сақталған жалғыз данасы араға 64 жыл салып, қайта басылып шықты. Қуан, Алаш! Тағы бір өшкенің жанды.

Сталиннің көзі тірі тұрған уақта бұл ғылыми еңбек совет өкіметіне қарасты елдердің кітапханасынан алынып, ғылыми айналымнан түсіп, жойылып кеткен. Ал, авторы қамауға алынып, кейіннен босатылған. Ал, осы ғылыми еңбекке оппонент болған белгілі ғалым Ермұхан Бекмаханов атың өшкір ГУЛАК та жазықсыз жапа шеккен.

Қазақ тарихы үшін маңызы зор, бірегей тарихи ғылыми еңбекті қайта жарыққа шығарған Болатхан Тайжан қоры мен Елтоқ Ділмұхамедовтің ұрпақтарына Алаштан алғыс!

Ресей патшалығының зәресін ұшырып, 10 жылға созылған және бүкіл қазақ даласын қамтыған Хан Кене бастаған ұлт-азаттық көтерілістің куәгерінде аталған ғылыми еңбек республиканың жоғарғы оқу орындары мен облыстық кітапханаларға және үкіметке, көршілес елдердің ғылыми орталықтарына жіберілген.

Тағы бірді айтып, бірге кетеміз-ау. Десе де, Ермұхан Бекмаханов деген соң еске түсіп отыр. Бір әңгімесінде алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай: «40-50 жылдары Қазақстандаңғы ғылыми ортада сталиндік қудалау кезінде ерекше белсенділі  танытқан, КГБ нің Қазақстандағы бейресми өкілінің бірі болған Сақтаған Бәйішевтің атында көше бар. Біз не бетіміз қазақ ғылымының соңына шам алып түскен адамға көше беруіміз керек?», - деп ашына айтқан еді. Шынында да, біз, алаштың ұландары ақ пен қараны айырып, ажырататын кез жетті-ау... Қалың ел қарап отыр ғой...

 

Абай-ақпарат

 


 




Бәрекелді! Кітапты қайдан алып оқуға болады?



Менде соны білгім келеді. (қайдан алатынымызды)



Тайжан атындағы қордың жігттеріне құлаққағыс; кітапты қайдан алуға болатынын айтыңыздаршы. Қордан аламыз ба, әлде дүкендерге түсті ме екен?



Құрметті оқырмандар! Жаңағана Мұқтар Тайжанмен сөйлестім. Кітап небары бес жүз данамен шыққан екен. Сондықтан олардың барлығы еліміздегі университеттер мен кітапханаларға жіберіліпті. Кітапты оқимын, көшіріп басамын деген азаматтар Тайжан атындағы қордың сайтына кіріп, сол жерден алуларыңызға болады екен. Қордың адресі http://www.boketaizhan.kz/
Редакция



Кітаптың шыққаны қуанышты ақ. Бірақ оның біз мазмұнын әлі танысқанымыз жоқ қой. Осылай бола тұра оның оппоненті деп Ермұхан Бекмахановқа тіл тигізбейік. Ол азаматтың қазақ тарихына сіңірген еңбегі орасан зор.
Вторая казнь Кенесары ... особое внимание уделил исследованиям выдающегося казахского ученого-историка Ермухана Бекмаханова, пострадавшего за попытку восстановить объективную историю восстания под предводительством своего знаменитого предка (Е. Бекмаханов — потомок хана Абылая в седьмом поколении). …В 1943 году в фундаментальном издании «История Казахской СССР» был опубликован раздел, посвященный восстанию Кенесары Касымова. Его автором был молодой ученый-историк Ермухан Бекмаханов.



Оппонент деп "ғылыми оппонент" деген мағында айтылған-ғой!



Елток Дилмухамедов және Ермұхан Бекмаханов өмір бойы шың жолдастар болған еді. Кеше ол түралы Бекмахановтың жолдасы Халима апамыз пресс-конференцияда көп керемет айткан. Осы жаңа қітаптің соңында Елток атамыздың бір керемет ғылыми мақала Бекмаханов тұралы оқуға болады. Мүхтар Тайжан, 8-7015662791



Ауыл әкімінен бастап,министр,депутаттардың ҰЛТТЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ деңгейін бағамдайтын критерийлер Жүйесі болып-оны ХАЛЫҚ қолданбайынша, әр деңгейдегі басшылыққа, сырты бүтін - іші түтін "ҚҰЛДАР" кіре береді,кіре береді... және ұзақ жылдар отыра береді...отыра береді...



Болатхан Тайжан қоры мен Елтоқ Ділмұхамедовтің ұрпақтарына мың мың мәнгілік алғыс жолдаймын!!!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
15 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>