|
Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі, Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі. Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық, Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі Абай Құнанбайұлы |
Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды |
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,-- Сеніп елге бермейсің сыр ақтара. Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал, Көретінің бір кісі, бір-ақ қала. А. Мұқабай, асаба |
Саясаттануда "әлеуметтік таңдаулы жара" түсінігі бар. Яғни, ұлтты біріктіру үшін еске түсіріп тұратын тарихтағы қара оқиғалар. Мен өз елімізді басқа елдермен салыстырсам, біз сол жараларымызға тым көп көңіл бөлетіндейміз. Орыстарда он үшінші-он бесінші ғасырлардағы Орда басқындығы болмаса, барлығы қайғырып айтатын жарасы жоқ, қалғаны жеңіс-жетістіктерімен менменсіну. Бізде ше? Ақтабан шұбырынды, Зұлмат, Тоқырау, Аштық, Желтоқсан. Біз тарихымыздың тек қаралы беттерін егжейлеп оқимыз. Неге Аңырақай жеңісін тойламаймыз? Неге Қазақ Хандығы құрылған күнді атап өтпейміз? Республика, Конституция, Тәуелсіздік күндері неге әулие Валентин, әйелдер күні деңгейінде аталмайды халықта?
Әрине, қаралы күндерді ұмытпау керек, бірақ тарихымызды бірыңғай қара түске бояу да дұрыс емес. Ал ұлттық аза күнін енгізсек, онсыз да еңсесін көтере алмай жүрген қазақтың өз тарихынан шошуы үдей түседі.