Қазақстандық жазушы Герольд Бельгерге «Федеративті Германия Республикасының алдында сіңірген еңбегі үшін» ордені тапсырылды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Қазақстандық жазушы Герольд Бельгерге «Федеративті Германия Республикасының алдында сіңірген еңбегі үшін» ордені тапсырылды

Жәрдемші


Алматы. 3 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстандағы Германия елшісі Райнер Шлагетер қазақстандық жазушы Герольд Бельгерге «Федеративті Германия Республикасының алдында сіңірген еңбегі үшін» орденін тапсырды, деп хабарлады дипмиссия баспасөз қызметі сәрсенбі күні.

«Герольд Белгердің сіңірген еңбегі – ол өзінің шығармашылығында Жайық жағалауының немістерінің екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Орталық Азияға жер аударылуының тарихын және олардың одан арғы тағдырын, әсіресе олардың Қазақстандағы интеграциясын зерттеуге көп күш жігерін жұмсағандығында», - делінген елшіліктің хабарында.

Ақпаратта сондай-ақ, Г. Бельгер «бұл тақырыпқа қазақша, орысша және немісше көптеген кітаптар мен мақалалар» жариялағаны атап өтіледі. «Герольд Белгердің ең атақты шығармаларының бірі, 1989 жылы жазылған «Гете мен Абай» очерк-эссесі. Онда ол немістің ұлы ақыны Гете мен қазақтың ұлы ақыны Абайдың философиясы мен шығармаларын салыстарады», - делінген хабарда. 

Дипмиссияның хабарында сондай-ақ, Г. Бельгер «немсі тілді әдебиеттің сақталып қалына және халықтар арасындағы түсіністікке жауаптымын деп есептейді, сондықтан ол Қазақстан мен Германия арасын байланыстырып тұрған өзінші көпір іспеттес» деп айтылады. 

«Федеративті Германия Республикасының орденімен марапаттау ... Герольд Бельгердің біздің халықтар арасындағы өзара түсіністік саласындағы сіңірген еңбегін мойындау. Бұл марапаттаудың әсіресе осы биыл, «Германия Қазақстанда – 2010» бағдарламасын өткізіп жатқан жылы болуының өзі символ іспеттес. Бұл шара Германияда 2009 жылы өткізілген Қазақстанның жылдарынан соң өткізіліп отыр», - делінген хабарда.


 




Менің ең жақсы көретін жазушыларымның бірі. Немістердің оған орден бергеніне де шүкір. Құтты болсын. Тек қазақтар ғана көзі тірісінде бағалай алмауда деген ойдамын. Өйткені қаншама қазақтың "інжу маржандарын" терген жанға "Халық қаһарманы" немесе "Еңбек Ері" атағы лайық.



Герағаның еңбегі жана берсін!



Герағаңның шығармаларын мен де қатты ұнатамын. Ұзақ жасаңыз, Гераға. Қазақ халқының алдында Сіздің бетіңіз жарық, жеген наныңыз адал.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>