Қазақстанда бес күндік акция барысында 1,8 млн-дай бала полиомиелитке қарсы егіледі | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Қазақстанда бес күндік акция барысында 1,8 млн-дай бала полиомиелитке қарсы егіледі

Жәрдемші


Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. Қазақстанда қыркүйектің 6-10 аралығында 6 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы егу жүргізіледі, деп ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті.

«Бүгінен бастап алдағы бес күн бойына, 10-шы қыркүйекті қоса есептегенде, 6 жасқа дейінгі балалар полиомиелитке қарсы егіледі. Олардың жартысы егіліп те қойылуы мүмкін», - деді Ж. Досқалиев дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған акциямен 1,8 млн баланы қамту жоспарланған. Бүгінге 4532 егу бригадалары жұмысқа кірісті. Оның ішінде 1229 көшпелі бригада ауылды жерлерге барып, балаларды егуде.

Балаларды полиомиелитке қарсы иммунизациялау үшін ҚР үкімет ЮНИСЕФ-тің қолдауымен (БҰҰ балалар қоры) Бельгияда шығарылған 2 млннан астам дозаны Т57,8 млн-ға сатып алды.

Еске салсақ, полиомиелит - бұлшық еттерде тілік пайда болдырып, сал ауруын тудыратын, жүйке жүйесін зақымдайтын өте күшті инфекциялық кесел.

Инфекция тамақпен, сумен, тұрмыстық-байланыспен сондай-ақ ауадағы-тамшылар  арқылы беріледі. Полиомиелитпен ең көбі 15 жасқа дейінгі балалар аурады.

Аталған инфекцияның арнайы емі жоқ.  Аурудан сақтанудың жалғыз түрі - дер кезінде вакциянациялау.

 


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>