Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астанада заманауи медиакешен салынады - президент | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астанада заманауи медиакешен салынады - президент

Жәрдемші


Астана. 3 қырқүйек. ҚазТАГ - Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойына орай республика елордасында жаңа әлеуметтік және спорттық нысандар, сондай-ақ, медиаорталық салынады, деп мәлім етті ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Астананы аралау сапарында.

«Елордада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай әлеуметтік-мәдени, спорттық, денсаулық сақтау нысандары пайдалануға беріледі», - деді мемлекет басшысы, оның сөздері президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында келтірілген.

Президент журналистерге «Астананың жаңа әкімшілік орталығында жаңа медиаорталық» пайда болатынын, «онда «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы орналасатынын» айтты.

«Мұнда өзге де телекомпаниялар көшіп келеді. Осында фильмдер жасалып, қоғамдық іс-шаралар өткізілетін, заманауи студиямен жабдықталатын жаңа медиакешен орналасатын болады», - деп толықтырды Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Астананың жаңа орталығында оқушылар сарайы, Қазақстан тарихының мұражайы, опера және балет театры және өзге де объектілер салынады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, елорда нысандарын аралаған мемлекет басшысы «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінде болды.

Кешен бизнес-класқа жататын 165 пәтерден тұрады, оның 30 пәтер - үлескерлердікі. Қалған 135-і алдағы кезде сатып алу құқығы негізінде жалға берілетін болады. Пәтерлердің бәрі толық әрленген әрі қоныстану үшін дайын.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, биыл қараша айында пайдалануға берілетін «Изумрудный квартал» кешенінің 39 қабатты әкімшілік корпусын аралап көрді.

Ғимараттың жалпы алаңы 112 мың шаршы метр.

Бұл екі объектінің құрылысын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тарапынан Астана қаласындағы құрылыс объектілерін аяқтау жөніндегі дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарлама аясында қаржыландырды.

 


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 4 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>