Қазақша телебағдарламалардың деңгейі қандай? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Қазақша телебағдарламалардың деңгейі қандай?

Жәрдемші


Телеарналарда шығып жатқан қазақша бағдарламаларды көріп жүрген боларсың. Егер тұрақты көріп жүрген болсаң олардың деңгейі, сапасы туралы қандай пікірдесің? Қай арнада қандай бағдарламаның бәсін өзгеден жоғары қояр едің? Бәлкім, саған еліміздегі теларналар ұсынып жатқан бағдарламалар мүлде ұнамайтын да шығар? Ұнамаса, неге, не себептен? Ішінара сыни пікірді қажет еткенімен, ертең-ақ көрерменнің көзайымына айналатын бағдарламалар да бар деп ойлаймыз. Телебағдарламалардың (мейлі ол танымдық, сараптамалық немесе шоу сипатында болсын) жүргізушілері мен ұйымдастырушылары туралы не айтасың? Бізге әр пікір қымбат. Ойларыңды ортаға салып, талқы форумда көтерілген тақырыпқа үн қосыңдар.

 


 




Телеарналардың барлығы жаттанды,өзіндік бет-бейнесін таба алмай келеді.Көбіне жұртшылықтың пікірі емес ,биліктің әңгімесін айтады,ал ол өмір шындығымен үйлеспейді.Адамдар қазақша теледидардан жақсы сериалдар мен ұлттық нақыштағы концерттерді ғана көреді.Теледидар алдына шыққан тұлғалар шынайылылықтан ада,олары анық аңғарылып тұрады.Таңғы бағдарламадағы жас журналистер тек бояуды қалың жаға бермей,денешынықтыруын жасап,адами-сәулелік энергиясыменде ерекшеленуі керек.Теледидар ауылға келіп,онда сұқбат ұйымдастырса,мадаққа қана құрылған хабарлар емес,істі түзетуге бағытталған сыни материалдар,әдепті сөз,ибалы жүз және қарапайым тұрмыс салттары насихатталу орнына,көбіне мол дастарқаны бар,котедждегі әнші қазақтар көрсетілуі жалпы ұлттың өмірін бейнеле алмайды және осындай үлгі алатын қоғамдық теледидар болмайынша жүзеге асырылмас,кімнің арбасына мінсең ,соның әніне қосыласың,ал биліктегілер өзінің бағдарламасын әзір өзгерте қоймас.Байқалатын бір жай,қазақша арналарды өскелең жастар тіпті қарамайды,бұл ескеруге тұрар жайт!



Біздің қоғам қандай, ТВ-сы да сондай болып тұр ғой, өткір саяси-сараптамалық хабарлар жоқ. Саяси хабарларды басқа елдің каналынан қараған жөн. Шындық, демократия болмайынша, өткір хабарлар шығаруға жол жоқ.
Ал, танымдық-шоу, спорттан жақсы хабарлар бар. "Қазақстан" каналында жақсылары бар, кешегі "Екі жұлдыз" да жақсы шыққан, әлемнің көбінде бар жоба ғой. КТК-да жақсы жобалар шығып жатыр, қалған каналдарда жаңа, тың жобалар көре алмай отырмын. Сериалдарды ду*Бейәдеп сөз жазбаңыз!*ждауда орысшадан аударғанда да бір сауатты адам аударуы керек қой, тілі түсініксіз.

Жалпы, орыстан көшіруді алсақ, олардың өздері де шет елден алып жатыр ғой. Көзссіз көшіру емес, қазақы қалыппен танымдық, музыкалық, шоу, спорттық бағдарламалар жасау керек. Сосын, футбол матчтарын таза қазақша тыңдайтін күн қашан туады?



31-ші телеарнадан берілетін қазақша әзіл-оспақ бағдарламаларын көріп отырып, күлудің орнына жылағың келеді. Ай бір айғайлап, жылағың. 1-каналдан берілетін "прожекторперисхилтон" деген бағдарламаға ұқсатып қазақша нұсқасын шығарған. Олардың әзіліне қарның ашады. Ал музыкалық бағдарламалы мен жұлдыздар туралы шолуын батыс пен Ресейдің жұлдыздары жайлап алған. Оларды Қазақстандық каналдардан көргеннен гөрі, Ресей телеарнасынан тамашалаған абзал. Көпшілігін шетелден көшіруге тырысамыз. Олардың өзіне тән менталитеті бар. Ол біздің табиғатымызға жат. Біздің телеарналар соны көшіріп халыққа ұсынады. Ондағы өз менталитетімізге, өз болмысымызға тән бағдарламалар жасаса нұр үстіне нұр болар еді. Саяси-танымдық бағдарламаларға келсек,бұрын 31-телеарнадан "Дода" деген бағдарлама шығатын еді. Міне, сол қазақ бағдарламаларының атасы дер едім.



31 телеарнада "Жұлдызбен жүздесу"деген бағдарламаны жүргізетін Нұрлан Еспанов деген кім өзі? Не тындырып қойыпты? Әйтеуір, теледидарға шығып бірді-екілі бірдеңені шатпақтағандардың бәрі кісі боп кетті ғой бұл күнде. Оны қайраткер дейді. Қандай істі тындырып қайраткер боп жүр? Қазіргі заман әртістердің заманы болды ғой.Мереке болса бітті, солар экранды бермейді. Осы 22 -наурызда көрсетпеді ме шын қайраткер болса. 22-наурызда түк те қызықты бағдарламалар болмады, Оның үстіне жұлдыздарға қойған сұрағына ішің ашиды. Бір бишара сұрақтар қояды. Әртістердің жеген тамағы мен киген көйлегінің бізге несі қызық? 22-наурыз біле білсе, бір жылдың қорытындысын айтатын күн. Не сонда әртістерден басқа мамандар бір жыл бойы қол қусырып қарап отырып па? Құрылысшылар, архитекторлар, дәрігерлер, мұғалімдер, шопандар, кәсіпкерлер және т.б. қайда қалды? Әртістерді шақырып алып, ойран-топан жасайды да жатады. Олар онсыз да экранды бермей жүр ғой. Мен өзімді Нұрлан Еспановпен салыстырып көрдім. Мен 30 жыл білім беру саласында еңбек етіп, бар өмірімді бала тәрбиелеу жұмысына арнаппын. Мені ешкім қайраткер демейді. Қайраткер демек тұрмақ, ешкім танымайды да, өзім оқытқан шәкірттерімнен басқа. Ал Нұрлан жаны күйзелмей-ақ, жүйкесі жұқармай-ақ қайраткер. Осы ма әділдік? Ал осыдан кейін бір балаға мұғалім бол деп көрші, не дер екен? Ол бала біледі, ұялмаса болды, қайраткер әртіс бола алады. Сондай мерекелік бағдарламаларға біздерді қатыстырса, анау қайраткерлерден де керемет етіп шығарар едік. Осы мұғалімдер ғой тәрбие сағатын өткізіп, ән салдырып, би билетіп, көркем сөз оқуды үйретіп жүрген. Содан соң,айтайын дегенім, сол әртістерің өздерін өздері экраннан көрмей ме екен? Сейфуллин Жолбарыс дегенге айтыңдаршы, осы кәсіпті қойсын. Қазақ өнерін мазақ етпесін. Мақпал Жүнісова ғой өмір бойы зарлаумен келеді. Тура сығандарша ән айтуды қайдан үйренді екен? Сахнада жыламай, әнннің аяғын сілкілемей, жұлқыламай орындаса екен. Әр жолдың соңынан зікір салған бақсыдай болмай сілкінбей аяқтасын әнді. Одан соң жанды дауыспен ән айтқызса, әншілердің қатары тазаланар еді. Өткен жолы Астанада болған концертте Жеңіс Ысқақова, Жұбаныш, Бағдат Сәмединовалар айтып тұрған әндерінің сөзін ұмытып, масқара болды емес пе? Осы ма қайраткер деп табынып жүргеніміз? Менің түсінгенім, ақшасы бар Шымкенттіктердің бәрі шетінен әртіс екен. Әндерінің бәрі өзбек мақамына құрылған, солардың биіне келіп тұрады. Оған өнерді түсінбейтін біздің қазекеңдер, атойлап тұрып қол соғады.



Пікір алынып тасталды!



Отандық теларналарда жана маусым, демек жана наукан. Бирак тосын дуние жок.



Тосын дүниелер болмайды бізде, болуы да мүмкін емес!!!!!!!!!!!!!!



Ток шоуларды көрсем құсқым келеді! Надоел!



"Екі жұлдыз" жақсы.



Көшірме хабарлардың бірі ғана. Қазақстандық жобаға лайық емес. Ләйлә СҰЛТАНқызын бұрын қатты бағалаушы едім. қазір көргім келмейді.



Қазақ тілді бағдарламалар деңгейі дейсіз бе???? Мен, Хабардың жаңалықтарынан шығатын мемлекетте өмір сүргім келеді... Ал, қалған БАҚ-құралдарын қарапайым халықтан басқа кім қарайды дейсіз... Сондықтан, ешқандай деңгей жоқ... О НОЛЬ



Қазақстанда бәрі жұлдыз. Жұлдызбен жүздесу жақсы бағдарлама. Нұрлан Еспановтың жобасы жалпы халыққа ұнап жатқан сиықты.



Еспановтын Жулдызбен жуздесу! багдалрамасы к!мге унаса сол адамнын телевизиядан мулдем хабары жок деген соз. халкы аз ауылга болады. Бирак, Республика денгей!нде еш келмейд!.



Осыны жазып отырган адамның керісінше телефизиядан хабары жоқ-ау! Өтйкені Нурлан ол халыққа танылып қалған шоу-men гой. Ол әншілік пен журналистиканы байланыстырып жүрген бірден бір адам. Телеарналарға мүлде қатысы жоқтар да жүргізуші болып жүргенін ескерсек, бағдарламасы жастарға ұнап жатады.



точно жоқ екен хабарыңыз!



Сөз еркіндігі болмай, ешқандай оңды телехабар болмайды!



Біздің қоғам қандай, ТВ-сы да сондай болып тұр ғой, саяси-сараптамалық хабарлар жоқ. Саяси хабарларды басқа елдің каналынан қараған жөн. Шындық, демократия болмайынша, өткір хабарлар шығаруға жол жоқ.
Ал, танымдық-шоу, спорттан жақсы хабарлар бар. "Қазақстан" каналында жақсылары бар, кешегі "Екі жұлдыз" да жақсы шыққан, әлемнің көбінде бар жоба ғой. КТК-да жақсы жобалар шығып жатыр, қалған каналдарда жаңа, тың жобалар көре алмай отырмын. Жалпы, орыстан көшіруді алсақ, олардың өздері де шет елден алып жатыр ғой. Көзссіз көшіру емес, қазақы қалыппен танымдық, музыкалық, шоу, спорттық бағдарламалар жасау керек. Сосын, футбол матчтарын таза қазақша тыңдайтін күн қашан туады?



jamandaghannan bas'ha ne bilesingder? oristing otin kosep, kulin togiwdi namis kormaysingder me? hanxa awzi hysih bolsa da hazahxa soylegen Telearnalardi holday berw kerek edi... ozingdi ozing sylasang jat janinan tungiler!



Ұйымдастырушылар туралы ештеңе айта алмаймын, ал жүргізушілердің сөзі, іс-қимылы, бәрі жасанды. Шынайлық жетіспейді.



Екі жұлдызды ұнатқан, Нұрлан Еспановты адам деп жүрген жұрттың шалығы бар шығар! Жұртым-ау, Қылаяғы не көріп отырғаныңа дейін - 3 жоғары талғаммен қарай алмай қалғансыз ба?



Ей, сені де адам дейді ғой..."Менің талғамым жоғары" деп немеңе жетісіп отырсың..."Екі жұлдыз" болсын, басқа-басқа болсын БІЗ, яғни қазақтар қазақша шығатын әрбір хабарды тамашалауымыз қажет!Егерде піспейқалғанжерлеріболса,түзетугетырысып,сынайтып хат жаз!..Бізді кім дегің келіп тұр! Талғамдарың жоқ, ауылсыңдар деп айта алмай отырсың ба?!Мейлі,"Екі жұлдыз" сен сықылды жоғары талғамды-сымақтарға ұнамаса,ұнамасын, бірақ қазақ телевизиясы әлі алда талай гүлденетіне сенемін! Ал,сен спутникті антеннаңды қос та мамыражай ДОМ көріп отыра бер!

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ ЖАСАСЫН!



Кішкентай баланың сөзі



Жалпы, форумның тақырыбы жақсы. Сауал қою төңірегі де орынды сияқты. Дегенме, де, басталған іске сыншы көп деген, әлі келгендерінше әр телеарна өз күндерін өздері көріп жатыр. Қазақстанның сауатты, көзі ашық адамы ретінде мені қызықтыратын хабар жоқ. Көп телеарна арзан күлкіге арбанып барады. Қазақстанның даму жолындағы арзан қол КВН-ін беруден жарысса жол бермейтіндер де бар, бірақ өкініштісі оның өзін қазақ қауымы түнгі уақыттарда көруге мәжбүр. Сонымен, бәрін айт та бірін айт, не болса о болсын, кім, қай арна не жасап шығарсын, Айтыстың аты - айтыс сияқты. Не болса да осы жобаны жоғалтпау керек сияқты. Және аузынан уызы кетпеген кәсіби емес жас ақындарды қатарынан шығара бермей, халық сағынып, шөлдеп жүрген аузы дуалы, үлкен ақын аға-апаларды жиі тарту керек. Мен көксеп отырған айтыс осы кісілердің қатысуымен аптасына 1 рет болса да міндетті түрде өтикізіліп тұру дұрыс деп білем. Әрі тәрбие, әрі ұлттық құндылығымыз! Рахмет.



Хабар-жер ұнайды.



ухахахахах Нұрлан Еспановты біраз сабап алыпсыңдар ғой. :))))))) Күлкіден жарылдып, еще оны ұстап алып, сазайынын бергісі келеді. Құптаймын, құптаймын! Негізі маған "Аматы" арнасының бағдарламалары ұнайды. Бірақ матеиалдық және журналистердің киіну сапасы тым төмен.



Нұртілеу Иманғалиұлының "Қолтаңба" атты бағдарламасы мықты. берері мол. Сосын Қасым Аманжолдың "Шынның жүзі" бағдарламасына ешқандай бағдарлама жете алмас...а, айтпақшы "КТК" арнасындағы Оразалы Баймұраттың баяғы "Ел Жұрт" бағдарламасы жақсы еді.



Қазағым менің! бар арнаны ысырып қойып, "Асыл Арна" каналын қосыңыздар. Рухани құндылығы бағалы арна көп нәрсені үйретері сөзсі...



не?ол асыл арна деген атына заты тукте сай емес!Мақтап отырғаныңыз ана екіжүзді уахббистер ме?Біліп алыңыз Мұхаметжан Тазабеков Дарын Мубаровтың сыбайласы.Ал Дарын Мубаров барып тұрган сайқымазақ,сатқын.Елін,жерін сатқан,қазақты, қазақтың салт-дәстүрін аяққа таптаған бір журген *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*.Жастардың санасын ащымияның уымен улағандай олардың санасын сасық уағызымен тұмандатып, іріткі салуға ,тыныштық бермеуге Құдай атын жамылып ап өтірікті көксеп жүрген Қазақстандағы №1 ші УАХАБИСТ!САҚТАНЫҢЫЗДАР!



андамай сойлеген ауырмай оледы деген рас екен кудайга кул болгын келмесе аруак аралап журе бер бырак баратын жерын айдан анык



bireudi aiptamas buryn ALLAHtan korkaik. men darynyn fanaty esespin. kazaktyn kei \dastyryn Abaida synagangoi sonda ne Abaida uahabist bolganba. baurlar ALLAHtan wynaiu korkaik



Қазағым менің! бар арнаны ысырып қойып, "Асыл Арна" каналын қосыңыздар. Рухани құндылығы бағалы арна көп нәрсені үйретері сөзсі...



Айтыс туралы пикирге мен де косыламын, телеарнада жии болса жаксы болар еди



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



О мына арада Серік Жанболат туралы айтылып қалыпты ғой. Дұрыс айтылған. Қақалып шашалып не айтып тұрғанын өзі де білмейтін біреу ғой деймін сол. Осы уақытқа дейін телемәдениеттін үйренетін уақыты болды ғой. Ал енді Серік Абас шах туралы, оның эфирге жылтыңдатып шығара беретін "жұлдыздары" туралы айтып көрейікші.



Пікір алынып тасталды!



Мына интернет кімдікі екенін, артында кім тұрғанын білмейм. Маған әйтеу жаксы жарнама жасап жатыр екен. Осы интрнеттің егесіне мен өзімнің бір әнімді арнағым келеді. Достар, сендер Нұрлан Еспанов деген заманауи композиторды білетін шығарсыңдар. Тележүргізушімңн, композитормын. Ал не істей аласыңдар. Сәлеммен. Нурлан Еспанов



Сен шындыгында к...к та емессин,сазгерлигин анау аркимнен урлап- жургизушилигин мынау аркимнен коширип журген бир сорлысын гой акымак-ау !



Нұрлан аға, біздікі "қара" жарнама ғой. Ел біліп айтады, не дегенмен. Сіз соған мәзсіз. Сіздің бағдарламаңызды көретін көрермендерді аяймын... Біз тіпті 31-арнаны алып тастадық. Бәрібір көретін дүние қалмады ғой... :)



31 арнадағы "пікір алаңы" бағдарламасын прайм-тайм уақытқа қойса жақсы болар еді. Және ашық пікір таластарға негізделген тек қана саяси тақырыптарға арналған бағдарлама керек. Халықтың саяси мәдениеті сол кезде ғана көтеріледі. Көпе көрінеу өтірік мақтау бағдарламаның мәнін де, сәнін де кетіреді. Ал "көкпар" мен "за и против" бағдарламалары әлеуметтік проблемаларды жаксы көтеріп жүр. Тек түсініп қарау керек шығар. Ал атттарын білмедім, Ринат Кертаев жүргізетін бағдарламалар бір бірінен аумайды. Тек оларға тілшілерін жаксы таңдау керек. Бейбіт марқұм негізін қалаған "Таразының" ту талақайын шығарған тілшісымақтардан тазару керек деп ойлаймын.



Серік Жанболаттың орнынына "Көкпарды" ұстамды, байсалды біреу жүргізсе қатып кетер еді. Серік Көкпардың форматын шоуға айналдырып жіберген. Ресейдің улығын шулыған шоуларынан айырмашылығы аз. Маған Дана Нұржігіттің "Рухани сұхбаты" ұнайды. Дана жаным, тек ана бір тақырбас балаға жоламашы. "Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа, жарқылдаған алмас па"! деп Мұқағали айтпақшы, жігіттер бар ғой. Өз басым сені сол бір жұмыртқа басқа қимаймын. Құрбың



Иә, "Еларнадғы" Дана Нұржігіттің "Рухани сұхбаты" әжептәуір дүния. Жалпы үнемі теледидар көріп отыруға уақыт жоқ. Сондықтан, жақсы хабарлар жайында айтып қоярсыздар. Қасым Аманжол жүрізген "Шынның жүзі" шындығында жақсы хабар еді. Бірақ, әр хабардың өз уақыты болады. Егер осы уақытқа дейін соза бергенде оның да ту-талақайы шығатын еді. Жалпы мұндай хабарды шын кейіпкерлері табылса, әлі де жлғастырып отыруға болады.
Содан соң осы "Шынның жүзінің" идеясы да, алғаш ойлап тапқан да Тараздық айтыс ақыны Серік Мақұлбекұлы Қалиев еді. Ол алғашқы бірнеше хабарларын жасап, "Хабарға" ұсынған. "Хабар" қабыл алмаған соң "Қазақстанға" ұсынды. "Қазақстан" бұл жобаны алып, хабарды Қасым Аманжол жүргізе бастады. Және өте жақсы жүргізді. Бұл хабар "Қазақстанның" да Қасымның да беделін көтерді. Ал Серік Қалиев болса алғашқы кездері хабардың редакторы болып жазылып жүрді. Кейінірек Қасым Аманжол газеттерге сұхбат бергенде "бұл хабардың идеясының авторы Тұрсынжан Шапай еді" деп жүр. Олай емес. Идея авторы толығымен Серік Қалиев. Осы жай естеріңізде болсын.



Кызыкстаннын жигиттери кейде куып кетеди, не сурап не койгандарын оздери билмей жатады, тук кулкили емес приколдарын тыкпалап корерменди мези етип жур... Айтеур ол да озинше жоба, Мукейге унаган болу керек, эфирден алдекандай етип уакыт болип бергенине караганда.



Тек кана Дана ушин караймын, Дана, жалпы жастарды да, улкендерди де баурай билетин касиби журналист.



Еспановты жееееееек көремін мен! Анау Еспановтың қасындағы мыжырайған жаман Федор деген орысты бәлем ұстап алсам бар ғой, қанын судай ағызар едім.Жалбыр шаш бауырым Еспанов! Сен осы бсың ауырады гой деймін, ә?! Немене қыртеееееп отырасың, кет давай! Айда, ауылыңа! Композитор да, тележурналист те сененен шықпайды екен. Дұрысы ауылға барып тауық бақ!



Мен Озбекстанда турып жулдызбен жуздесиуди корем. Нурлан Еспанов оте мыкты жургизиуши. Танымал адамды кореалмау табиги. Осы жазып отыргандардын, барлыгы Нурланнын, жобасын кореалмай аягына балта шабады. Сондыктан телеарналар кайдан дамысын.



Пікір алынып тасталды!



Серік Абас Шах селтитіп шығарып жүрген әртістердің қылығына жыным келеді. Мәселе телеарнадағы бағдарламалардың біріне әртіс жүргізуші болмасында емес. Бола берсін, ойбай. Жасай берсін... көбейе берсін. Бірақ шіркіндерде шайнам ми, интеллект, парасат, сонымен қатар көркем тіл болса ғой. Түрлерін қайтейін. Анау Мәдина деген бөксесін бұлғаңдатып, бет аузын қисаңдатып тіпті пәле болды. Ауашада кездесіп қалса қайтерімді тіпті білмеймін. Осының бәрі білімі таяз, оқуы шала Серік Абастың шығарып жүргендері ғой. Азып бітті қазақ теледидары.



Аббас Шах деген бір нәубеттен құтылмадық қой!



Серік Аббас Шахтай болу үшін сізге көп оқу керек шығар. Мен ол кісінің өз ісінің нағыз майталман маманы екеніне сенімдімін! Ол "Хабар" арнсасының мақтанышы! Сіз мүлдем қателесесіз!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>