Қазаққа жат, сүйекке таңба. | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Қазаққа жат, сүйекке таңба.

Жәрдемші


(Еркін Рақышевтің фильмдері туралы)

Жуырда «Жаралы сезім», «Жетімдер» фильмінің авторы Еркін Рақышев деген азамат бір газет бетінде берген сұхбатында өз фильмдерін мақтап, бірді-екілі сыни пікір айтқан бір режиссерді жерден алып, жерге салыпты. Тіпті өзін жазықсыз жапа шеккен суреткер (тіпті - қайраткер) ретінде көрсетіп «олар мені көре алмайды, жалғыз бетіме басатын міндері -  оқымағандығым» дейді. Өзінің режиссерлік білімі жоқтығын меңзейтін болуы керек. Бұл кісінің біраз көсілуіне мүмкіндік берген журналист те оны «әуесқой режиссер» деп атап беріпті. Еркін Рақышев оған шамданбайтын сияқты.

Ерекең қызды-қыздымен осы күні баспасөзде тенденцияға айналып кеткен кино туралы жаттанды, сыңаржақ пікірді қыздырып, лаулата түседі. Ол пікірі «егер шет елден сыйлық алғың келсе, туған халқыңды сорлы қылып көрсет» дегенге саяды.

Егер оның өз логикасына салатын болсақ, онда Еркін Рақышевтің өзін әбден қазаққа қарсы, оған нәлет айтып жүрген режиссердің қатарына жатқызуға болмас па екен? Ол өз фильмдерінде қазақ қыздарын үнемі ышқыры бос, жеңіл жүрісті бойжеткендер кейпінде көрсетеді. Рақышев фильмдерінде қаракөз қарындастарымыз үнемі ауылдан бес қадам аттап шықса болды - жүкті боп шыға келеді. Жолдан, көшеден бала табады. Ылғи бір тексіз қыздар! Әйтеуір қалаға барған бетте, автобустан түсе сала адасады, алданады, ақыры - аяғы ауыр боп ауылына қайтады. Сонда не, бүкіл қазақ қыздары сондай көргенсіз, көзсіз, алды-артын ойламайтын алаңғасар ақымақ па? Бұл, жалпы, қазақ халқына күйе жағу, көлеңке түсіру емес пе? Барлық кинотуындыларында қазақтарды бір қатігез, тасбауыр, ішкіш етіп бейнелейді. Қазақ қашан жетім-жесірлерін сыртқа теуіп еді, қашан қазақ өз бауырынан бас тартып еді! Бұл дегенініз барып тұрған жала, нақақ кінә емес пе?! Әрине, пәлесі жұқпасын, жаласы тимесін дейміз.

Рақышевтің фильмдерін көріп отырып қазақ деген бір имансыз жұрт па деп қаласың. Жетімін қаңғытып жібереді, қыздарын тыя алмайды, ұлдарын аяр, опасыз, ішкіш, тоғышар қылады, аңдығаны етекті, төсектен кейін жауапкершіліктен ат-тоңын ала қашады, тәртіп жоқ, тәрбие жоқ, фильмдері толған азғындар, қашып-пысқандар, молая келе бүкіл кадрларды жын қаптайды, ұлдары - Ібіліс, қыздары - шайтан болады! Сонда халықтың болашағы қайда, арман-мұраты қайда, ертеңін, келешегін кім ойлайды, ағаның сиқы анау - төсекқұмар, ойлағаны нәпсі, айнала толған жау, дұшпан, қол созатын біреу жоқ, ылғи бір «подоноктардан» тұратын болашағы жоқ қасиетсіз халық! Махаббат деген ұлы сезімге лайық емес, адал жар, айнымас дос таппаған, өмірде шапағаты, тұрмыста жарасымы жоқ, бос кеуде, үмітсіз, арсыз, санасыз жұрт! Жақсылық көрмеген, өмірі жарымаған, басы құралмаған, бейсауат босқан, қаңғып анда бір, мында бір көшіп, ауып жүрген, жақсыдан күдерін үзген ұшпана жастар... Еркін Рақышевтің фильмдеріндегі қазақ осы! Бұл не масқара?!

Фильмдердің көркемділік, кәсіби спасының құлдыраған денгейін былай қойғанда, бұл не деген бейбастық. Өз елін, ұлтын осыншама қорлауға оған кім рұқсат берді, кім септесіп жүрген?

 

Медет Құныпияұлы


 




Еркін Рақышев деген жүрген бір дорақ! Қазақтың соры таусылмайтын болды ғой!



Осы адамға қой дейтін адам бар ма?! Шатқан-бұтқан сандырақтарын керемет сенари деп есептейтін көрінеді ғой.



Медет Құныпияұлының әдейі жазған провокациясы немесе өресінің бары осы адамның сандалбайы. Ал жазыңдар енді Жаралы сезім, Жетімдер туралы! Фильмде көргенсіз қыздың кейпін көрсетсе, қазақтың қыздары көргенсіз болмаған, дейді жазғыш. "Бұл, жалпы, қазақ халқына күйе жағу, көлеңке түсіру емес пе? Барлық кинотуындыларында қазақтарды бір қатігез, тасбауыр, ішкіш етіп бейнелейді. Қазақ қашан жетім-жесірлерін сыртқа теуіп еді, қашан қазақ өз бауырынан бас тартып еді! Бұл дегенініз барып тұрған жала, нақақ кінә емес пе?!", дейді. Осындай пікірде болып фильм туралы ой айтпақшы! Осы сендер химия туралы, урология туралы, балет туралы неге пікір айтпайсыңдар? Айтпайсыңдар.Себеп, білім керек. Қазақшалағанда артыңа қарап ал дейді. Ал фильм туралы театр туралы бәрі көсіліп сөйлейді-ай кеп! Тисе терекке, тимесе бұтаққа! Осындай жағдайды қалыптастырған сауатсыз журналистер! Арнайы білім не үшін? Міне Медет те осы базар-вокзалдың бірі.



Сонда қалай, кино түсіргенде Еркін Рақышевке білім керегі жоқ, ал оның фильмдері туралы жазғанда білім керек пе?!



Еркін Рақышев ("Жас алаш", 22 желтоқсан, 2009 жыл, ;№101 (15455): "Ал менiң соңғы 2 сағаттық киномның бюджетi 30 мың долларды құрайды".
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
Слушай, Еркін, сенің кинонның бюджетi ғана емес, сенің ой-өрісің де 30 мың долларды құрайды! Сенің интеллектуалдық құның ө бес тиын!



Еркін Рақышев: "Менiң барлық киноларымның сценарилерi жақсы екенiн мамандардың өздерi мойындайды".
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оттапсың, Еркін!



Еркін мырза, белгілі режиссер: "Орыстың режиссерi Никита Михалковтың сөзi бар: “Егер сен “Оскар” сыйлығын алғың келсе, Ресейдi жамандап кино түсiр”. Осыдан-ақ бәрi ай­қын көрiнiп тұрған жоқ па?! Бiрақ, Ресей киносы қазақтан iлгерi дамып кетсе де олар “Оскарға” ұсынылып жатқан жоқ. Неге? Себебi, олар ұлттық мүдденi қара басының мүддесiнен жоғары қояды. Бiздегiлерге бәрi бiр".

++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++

Еркін бауырымыз орыстың жоқтаушысы Никита Михалковтың "Оскар" сыйлығын алғанын біле ме екен, әлде елді адастыру үшін білмегенсіп отыр ма?! Одан басқа "Москва слезам не верит" фильмі де "Оскар" алғанын біле ме? Меніңше, Еркін Рақышев киносының нашарлығын білдірмеу үшін оңды-солды соға береді! Жөндеп кино түсіре алмай жүріп саясат соғады. Бәрін бітіріп, енді саясатқа көшіпті!



Меніңше, Еркін ағамыз - сауатсыздау аға. Бірақ, Еркін сауатсыз екен деп тиісе беруге болмайды.



Мен сауатсыз болса да Еркін Рақышевті жақтаймын: ол *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лік, жәлептік және араққұмарлық мәселелерді көтерді.



Еркін Рақышевты мұншалықты қаралауға болмайды. Ол кісімен әңгімелескем. Жарықтықтың бар ойлағаны қазақ мүддесі. Ал сол идея төңірегінде қателіктер шығып жатса, балағынан алғанша, баурымызға басқанымыз жөн емес пе еді?! Ол Жанна Исабаевадан, Апырымовтан, Тұрсыновтан әлдеқайда иманы басым адам. Киноларының бәрі тек жақсылықпен аяқталады. Еркіннің өз деңгейінде содан артық не керек? Қазақтың байлығынан миллиондап жұмсап, кино түсіріп жатқан, содан бір кино қазақтың көзайымына айналмаған "Қазақфильмді" неге сынамайсыңдар?



Дурыс айтасыз! кыздар тек Еркін Рақышевтын фильмынде екы кабат болып жатыр ма? "Москва слезам не верит" фильмынде де бас кейыпкер кыз екы кабат болып калды емес пе? магынасы сонда-ауылдан келе ,немесе танымай жатып тосекке жата бермесын деп барлык жас кыздарга сабак болсын деген. Еркін Рақышевты -жетымдерды корсете береды дейды.Неге корсетпеске? аз ба жетымдер? осы макаланы жазган кысы уыйынде майлы бешбармак жеп отырганда жетымдерды есыне тусыреды ма екен? ол жетымдер кайдан пайда болды? америкадан келды ма? быздын каракоз кыздарымыз адасып журып, баланы жетымдер уйыне тапсырып жатыр, осы маселе туралы неге жазбайсыз,МЕДЕТ?



Еркин Рақышев сынды әуесқой кино түсіргіштердің дәурені бүгін-ертең бітеді, кәсіби ҚАЗАҚ киносы дамып келеді, иншалла! Әрі көрерменнің де талап-тілегі күнге-күнге артуда. Еркін Рақышев сындылар - уақытша құбылыс, киноиндустрияның құлдыраған кезін пайдаланып, қаражат пен атақ-даңқ жасамақ болған пысықайлар ғой бұл. Мұндай құбылыс дамыған Еуропа елдерінде де болған деседі 60-70 жылдары, алайда әуесқойлардың дәурені ұзаққа бармасы ақиқат.



Еркін сияқты адами кино түсірген қазақ режисссері бар ма қазір? Мисалы, Рүстем Әбдіраш дегенннің фильмінде мысалы адам бар ма? Болғанның өзіндеолар қандай адамдар? Рүстемнің қазақ кейіпкерлерінің бәрі қорқынышты. Сондықтан Еркіннің шығармаларыын жоғары бағалауға тиіспіз.

Бандыны қуған Хамит



Пікір алынып тасталды!



Е.Рақышевті сынай бергенше, керім акылды болсаныздар, кім сіздердін аяктарынызга тусау?! Тусірініз, корейік! Казактын баріне куйе жаккандык емес, қазіргі когамдағы бар маселені корсетіп отыр және осындай проблема бар. 100 пайыз казактың барі болмаса да.



Және ол кісі 30 мың доллар деп кобейтіп айтып отыр, керек десеңіз ол кісі сізге 2-3 мың долларга да кино түсіріп бере алады



Және оның киносын қазақтың 60 пайызы көреді де.



Қойындаршы, Еркін Рақышевтің кино деп жүргені қойыртпақ.



ия, тапқан екенсіздер жазатын адамды...!

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Осы Казакфилмде жумус истеу ушин киши жцз болу керек дейди.арине бул ресми турде аитылмайды.тек кана онда жумыс издеп баргандар мен истеп шыгып кеткендер аитады.



Мені қынжылатыны - қазіргі қазақ киносында патриотизм жоқ. Әлі күнге дейін Абайдың бейнесін толық ашатын, қазақтың кім екендігін басқа әлемге танытатын фильм түсіре алмаймыз. Актерлерді шет елден шақырғаннан не ұтамыз? Кино өзімізге ой салатын, өткенді жаңғыртатын өнер туындысы болуы керек. Өткендегі билеріміз, хандарымыз, шешендеріміз және Шәкәрім, Ахмет, Әлихан, Мағжан сияқты ұлы тұлғаларымыз туралы кино түсіруге не кедергі? Әлде мұнда саясат жатыр ма, түсінбедім.
Қазақ ертегілері, аңыз-дастандары мультфильмге өзінен-өзі сұранып тұрған жоқ па?



"ҚАЗАҚФИЛЬМДЕ" жұмыс істеу үшін әуелі профессионал, сосын елдің азаматы болу керек шығар. Білмеймін, әйтеуір елден кетіп, қайта оралған Серік АПРЫМОВ солай айтады: "Ну вот пришел новый директор Ермек АМАНШАЕВ. Когда я работал в Москве, он позвонил и спросил: "А в Казахстане хотел бы снять?" Я сказал: "Да". Мне это очень понравилось: чтобы генеральный директор национальной киностудии интересовался подобным - раньше такого не было". ("ВРЕМЯ", вторник, 9 февраля 2010 года, №18(986)).



Естуімше, қазір қазақ кино тарихында бірінші рет толықметражды "ЕРТӨСТІК" атты анимациялық фильм өндіріске жіберілді. Бұрын ешқашан толықметражды анимациялық жоба болған емес. Сосын 50 сериядан тұратын "ҚАЗАҚ ЕЛІ" атты қазақ киносының тарихындағы тұңғыш анимациялық сериал түсіріліп жатыр. АНИМАТОР



Абайды түсіру керек. Әлихан Бөкейханов туралы түсіріп жатыр деп естідім. Болат Мүрсәлімнің Алаш алыптары деген жобасының жалғасы. Сосын Бауыржан Момышұлы жайында деректі фильм қолға алынған. Бірақ, әрине, Абай, аштық, Кенесары түсірілуі қажет. Қазақфильм өз жобалары туралы елді құлақтандырып отырса, ешқандай сыңаржақ пікірілер тумас еді. Еркін Рақышев информация жоқтығын пайдаланып, өтірікті соға береді, пәле-жаланы жаба береді. Қазір, шынымен, Қазақфильмде қазақ мүддесін көздеген, мұратына қол созған жаңа жобалар көптеп қолға алынып жатыр.



Қойшы, Еркін Рақышев те адам боп па! Онымен айтысудың не қажеті бар. Ол бұрын Сергей Әзімовпен алысып еді, енді ендігі басшылықпен алысатын бопты. Әркім өз жұмысымен айналысуы керек. Егер Еркін Рақышев альтернативтік кино жасағысы келсе, жасасын, неменеге байбалам салады, одан басқа да жұрт өз қаржысына кино түсіріп жатыр ғой! Әйтеуір ер-тоқымын астына алып алады да, тулайды-ай кеп!



Қазіргі қазақ киносының азғандығы сондай Еркін Рахышев сияқты кәдуілгі аспаздар да кино түсіретін болды.

Төремұрат



Аспаздың қолынан у ішіп олсен арман бар ма, мынау Еркін рухани қинап өлтіреді ғой!

жансебіл



не деген талас недеген маскара Еркин аганы корлауга калай гана даттерин жетти.еш тусинбеим.неге бизде бир соз бар "бар болса коре алмайсын жок болса бере алмайсын" дегендей бул кино казирги лас дуниеден алынып казирги жастарга келешек казак рухын котерер келешек жастарга сабак болсын деп тарткан еки киноны корип орта миына салып ойлап кор казагым ренжимендер онер алды кызыл тил... деп казак кызы Сера дан калкыма



Еркиннин фильмдери казакты оширетин туындылар.
Ал енди оны коретиндер женил сюжетке ауес бауырларымыз,Еркин соны оте жаксы пайдаланып отырган пайдакунем.



Не, енді Еркін Рақышев қазақтың болашағын ойлаған тұлға дейміз бе?! Ойшылды тапқан екенсіңдер! Өзі сауатсыз, киносы сауатсыз, кино туралы түсінігі шала адамды енді тұлға дейміз бе?! Екі сөзінің бірі ақша, мен кереметпін, басқа айтары жоқ ол кімге үлгі, кімге өнеге! Жастар одан үйренетін болса, онда жетіскен екенбіз! Сонда талғамымыз да, деңгейіміз де, біліміміз де жетіскен екен! Рақмет ондай Еркіндеріне, маған ондай сауатсыз болашақ керегі жоқ!



Жариялаған John Eshni, негізі; мына сайт әлдебір себептермен "қонақ" деп тұр.
Рақышевтың феномені, менің ойымша, жеке ол кісінің немесе қазақ киноиндустриясының трагедиясы ғана емес, ол біздің бүгінгі қоғамымыздың тереееееең трагедиясының нақты көрінісі.
"Жаралы сезім" және "Жетімдер" фильмдері туралы мен өз басым 15-18 жасар іні-қарындастарымнан естідім; қазақ КВНінде осы фильмдерге байланысты бірнеше миниатюра, тіпті номер ойналған соң (өзім бір лигада редактормын)бұл фильмдердің қазіргі мәдени өмірдегі зор ролін түсініп, арнайы көрдім; дәл сол себептермен кейінірек "Астанаға көктем кеш келедіні" де "тамашаладым".
Ұсыныс сұраныстан туындайды, бұл жердегі "тітіркендіргіш фактор" - жасөспірімдердің "қосыла уайымдау" инстинкті. Неге кезінде "Менің атым Қожа" дәл нысанаға дөп тиді - себебі кеңестік балалар қырықтық пен шөп шабу, балалық бұзақылық пен пионерлік кодекс, Сұлтан мен Жантас арасында күйзеліп жүрген Қожа кейпінде өздерін көрді.
Кейіннен, сексуалдық революция өтіп кеткен соң, тәні ғана, бірақ жаны бұзылмаған жастардың культты фильмы "Махаббат бекеті" болды - иә, мейлі, Гәуhар байдан шықсын, ол уақытша ЖЕҢген бай ЖЕҢІСтен жарлы болсада, адал ОРАЛға ОРАЛады.
Меніңше, бұл екі фильмдей шедеврді қазақ ешқашан қайталай алмайды. Әсіресе, Еркін Рақышев деген қазақ. Бірақ, гәп мұнда емес. Гәп - қазіргі жастардың Рақышевтың дүниесін үзілді-кесілді таңдауында.
Маған, менің жасөспірім кезімде, "Жаралы сезімді" көрсетсе, үш минут көріп-ақ, боғауыз шашып, басқа каналға бұра салар едім. Ал қазіргі балалар жүктілігін шешелерінен жасырып жүрген қызда, рэкетпен күн көрген ұлда өздерін танып, осы фильмдерге табынуда. Қожа мен Майра, тіпті Орал мен Гәуhар оларға жат.
Трагедия, міне осында.
Мен Рақышевты ақтаудан аулақпын. Жалпы, "Шымкент" пен "Ақтау" деген алыс нәрсе. Шымкентті қараламаудан да аулақпын, жәй, Рақышевтың өзі әр фильмінде именно Шымкентті осылай көрсетуге тырысады. "Терісқақпай", "Бауыржан Шоу", "Шымкент Шоу", "Шаншар" дейтін театрлардай. Рақышевтың басты кінәсі - ол тәні бұзылғандармен қатар, жаны бұзылған жастарға ақталатын мүмкіндік, қоса уайымдайтын кейіпкер, герой берді. Енді оларды тоқтата алмайсың. Бұрын "біздің жастарды құртып жатқан Батыс" дейтін едік, мә саған, енді не дейсің?
Бір теледауда Рақышевтың "менің фильмдерімді халық сүйіп көруде, нанбасаңдар, әр қиылыста ДиВиДиде сатылып тұр" дегені есімде. Қасында тұрсам, жауап берер едім, қазір-ақ жауап бере салайын, ерте ме, кеш пе, бұл талқылауға да көзі жетер, не біреу айтып барар. Еркінтай, қиылыста ДиВиДиде порнография да сатылып тұр, бірақ "Қыз Жібек" не "Тақиялы періште" жоқ. Халық көсемі болуың құтты болсын, бауырым!



Қосыламын сізге! Рақышевтің "шедеврларына" бір ғана сөзбен баға бердіңіз.

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



John Eshni

Шымкентті ҚАРАЛАУдан аулақпын дегенім ғой, мына сайт қатені редакциялауға мүмкіндік бермейді екен



Медет аға жазғаныңыз жарайды - ал падонок тың қазақшасын аудара алмағаныңыз өкінішті. Осыған қарап сіздіде орыстың сойылын соғатындардың бірі екеніңізге кумәнім жоқ



Медет Құныпияұлы миың айналып калған пенде екенсің



Меніңше, Еркін Рақышев - бүгінгі қазақ қоғамының "Маленькая Вера" деген фильмі. Бұл фильмде Кеңес Одағы кеңістігінде тұңғыш рет жас қыздың, сірә, 14-15 жас шамасындағы, секспен айналысқанын көрсететін. Сонда үлкен шу болған. Еркін төсек қатынасын оңды-солды көрсетіп, қазақ қыздарын қорлап жүр! Жерге таптап жүр! Бізді қор қылды! Оның фильмі жақсылыққа емес, тоғышарлыққа, қулық-сұмдыққа үйретеді, басқаша өмір сүруге болмайды, алдаңдар! дейді.

Үш қыз баланың анасы Алтынай



Қазақ деген қызық халық...Ермек Тұрсыновты жау қылды. Енді Еркін Рақышевтың кезегі келді. Ол да қазақты қор қылыпты. Гималай асқар неге олай? Гималай сорлы сор маңдай!деп Ильяс бекер жазбаған. Қазақемес.



Меніңше, бұл дауға Еркін Рақышевтің өзі кінәлі! Жүрген жерінде беталды сөйлеп, елді ығыр қылды! Енді, міне, кім құтырады - сол бір таяқ жейді! Еркін Рақышев деген мифтің күл-паршасы шықты!



Ей қазағым қойындарыш... Қашанғы бір-біріңді сынаудан шаршамайсыңдар! Кемшілігін бетке айтқанша сол кемшілікті жоятындай өздерің бірнәрсе жасасаңдаршы! Қазақ ұлтын жақсы көрсеңдер шын мәнінде Қазақты паш ететін кино түсіріңдер(арине жақсы жагынан көрсететін)... Және ешкімен нетіскізетін көргенсіз,өз елінде емес өзге елде сұлтан болатын,ұятсыз Ермек Тұрсынов сияқты емес... Жақсы кино түсіріңдерші ҚАЗАҚфильм... Қазақ елінің сұрайтыны сол сендерден!!!Аллахым жар болсын сіздерге!!!



ит уреди,керуен көшеди,адеии уйымдастырылган макала мен пикирлер екени коринип тур. Багасын арине,халык береди. Ар топтын созин сойлеп,тапсырыспен жазатын журналистер емес,"жаханданып"кеткен,халыктың акшасын вандам сиякты ,т.б.шашып,фестивалдатып,шашып журген кино манайындагы билгиштер емес,шымкент,десе шошып оянатын кейбир мангурт шалаказактар емес,
КАРАПАЙЫМ ХАЛЫК берер багасын.



Біраз пікір айтылыпты.Бір АЛЛА бәрін біледі.
Ойдан шығарылмаған,екі кісінің әңгімесі есте қалыпты: -"Жетімдер киносын көрген күннің ертеңіне кішкентай балам шифонерді ақтарып жатыр екен
--е неге?
Мен де солай сұрадым-балам,не істеп жатырсың?
Мама, менің кимейтін киімдерімді жетім балалар үйіне апарып берейікші-деген екен баласы
Медет,саған сөз жоқ әрине,бірақ сенің(кез келген қазақтың) балаң да солай айтса сен де қарсы болмассың



Багасын арине,халык береди. КАРАПАЙЫМ ХАЛЫК берер багасын.
Халық деген мен, сен. Халық ешқашан бағасын бермейді! Жеке адам ғана баға береді. Басқаларды шатастырма! Халқыңа жүгінсең отыра бересің омалып.



Әр киноның өз көрермені бар. Деңгейіне қарай. Сондықтан анау-мынау деп сынай бергеннен ештеңе өзгермейді. Ең бастысы - біз қазақ киносының сеңі қозғалғанына қуануымыз керек. Қозғалыс бар жерде шығармашылық бәсеке болады. Сөйте-сөйте қазақта да мықты режиссерлер қалыптасады. Рақышев - біздің кинодағы өтпелі кезең. Оны мадақтаудың да, жерге тығып жамандаудың да қажеті жоқ. Түрлі киноны көре -көре көрерменнің талғамы қалыптасады.



Әрине, кәсіби тұрғыдан Рақышевтың кинолары керемет деп айтуға кемейді. Бірақ, жоғарыда айтылған "бұл кісі қоғам үшін өте өткір *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лік, маскүнемдік, сынды мәселелер көтеріп жүр" деген пікірге толық қосылам. Осы тұрғыдан ол кісінің еңбегіне алғыс айтуымыз керек. Жалпы, біздің қазаққа тән жаман қасиет - біреу бір тірлік жасаса, соның кемшілігін іздеп, жерге салып, жерден аламыз. Орыс та талай кино түсіріп жатыр, оның бәрі жоғары талғамға сай деуге келмейді. Бірақ бір-бірін соншама даттағанын көрмедім. "Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді, болмайтын елдің баласы бірін-бірі қатын дейді. Сөйтіп, бір-бірімізді табалап, басқалардың айызын қандырып, келеке болып жүре берейік.



Медет Құныпияұлы! Өте орынды пікір айтқан екенсіз! Қазақ деген халықтың ұрпағы қазір өте таяз ойлап, өте сапасыз кино түсіретін болды ғой! Тағы өзін жатып кеп мақтайды! Осы режиссерсымақтар кезінде Қазақфильмде үлкен сілкініс тудырған, нағыз құнды брендіміз Қыз Жібек фильмі қалай түсірілді, қалай сценарий жазылды дегенді оқып, танысып, не үшін, кім үшін түсірейін деп жатқанын ортан миларына салып, ұғынса ғой! Жоғарыда аталған сиықсыз фильмдерді түсіріп жүргендердің өзі Қазақ деген халық, ата-бабамыз қандай болғанын, қалай өмір сүргенін, өз тарихын білмейтін көрсоқырлар ғой! Қатты айтып жібергеніме кешірім өтінемін. Vasyaдан



Еркін Рақышевті біреу қаралап, біреу мақтапты. Меніңше оны қаралап қажет емес. Ол қоғамның қажеттіліген өтеп отыр. Көре алмайтындар оны сынап отыр. Бүкіл ел оның киноларын көріп, бүгінгі қоғамның бет-бейнесін танығандай болады. Жогарыдагы журналист тапсырмамен жазганы көрініп тұр.Дәлелсіз, нақтылық жоқ. Шын мәнінде жазғыш болса, фактімен, мамандардын пікірімен бірге жазбай ма? Бір өзінің пікіріне бүкіл халықты ергізгісі келеді. Халық өзі біледі қалай қабылдаса да.



Жоғарыдағы журналист осындай фильм түсірсін, көрейік атақты болғанын. Халыққа жаққанын. Өзін біз сынайық!



Қарапайым халық не арзан соны көреді! Жақсы болсын жаман болсын отандық өнім болған соң көредіде қара халық!
Қара халыққа жаны ашитын азамат болса жақсы фильм түсірер еді!
Ау ағалар осы арзанға түскен фильмнан аз түспейдіма қымбатқа түскен фильмге көп түседі! Оян қазаққа ойлан қазақты қосып қойсам артық болмас!
Ермұхан!!!



"Сынай бергенше, ұнамаса, өздерің кино түсіріңдер" дейтіндерге:
Ағайын, сіздерге көшенің асфальты ұнамаса, өздеріңіз тұрып асфальттайсыздар ма?
Немесе, стоматологтың емі ұнамаса, тістеріңізге өздеріңіз пломба саласыздар ма?
Әлде, аула сыпырушы жұмысын істемесе, сыпырғыш алып, білек сыбанасыздар ма?

Ендеше неге фильмді ұнатпаған адам одан жақсы фильм түсіруге міндетті?
Режиссердің өз туындысын халыққа шығаруға хақы бар, ал халықтың пікірін айтуға хақы жоқ па? Мына сайттағы "пікірлер" функциясы не үшін сонда? Сын ұнамаса, "ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚтарыңызды" жинап алып, жабық кинотеатрда көре беріңіздер, онда.
02/15/2010 - 23:59дегі қонаққа: Қарапайым халық деген кім, сіз үшін? Жоғарғы білімсіздер ме? Жалақысы ортадан төмендер ме? Рақышевтың фанаттары ма?
"Кемшілікті жоятындай бірнәрсе жасаңдаршы" дейсіз, мен, мысалы, режиссер емеспін, бірақ өз жұмысым бойынша қазақ елі, жері, тілі, болашағы үшін біраз нәрсе жасап жүрмін, және осында отырғандардың көбісі сөйтіп жатқанына күмәнсізбін. Әркім өз жұмысын мінсіз жасаса, стоматолог өмірі түспес тіс салса, штангист әлем чемпионы болса, ешқандай сын да болмайды; ал білігі трәктір айдаудан аспайтын әркім кино түсіре берсе, мына дауымыз биыл бітпес.

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



Жариялаған John Eshni
ср, 02/17/2010 - 22:55 - бауырыма
ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ деген сөзді сіз қалай түсінетініңізді білмеймін
Менің түсінігімше:
-ия ,олардың жоғары білімі болмауы мүмкін
- ия,жалақысы аз,тұрмысы төмен болуы мүмкін
- бір топ жастар фанат болуы мүмкін,бірақ Қазақстанда басқа да қазақтар бар ғой
- өкінішке орай 99,9% ауылдық жерде тұратын ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚТАРДЫҢ интернетке шығып,айтыспақ түгіл, компьютері де жоқ
- кез келген Астана мен Алматыдағы қазақпын деп жүргендер (журналист,телевидение,жазушы,әртіс,музыкант,"өнер жұлдызы", "зиялы(зиянды?)қауым, т.б,---әрі күні кеше ғана ауылдың шаңынан шыққандар(ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТАН)

...қалаға жеттім,оқу бітіріп,жұмысқа тұрдым,енді нені болса да жазып,елге ақыл үйрете берсем болады(ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ деген кім ол???) деген ойға алданып қалатын сияқты кейбір жазғыш жастарымыз (ауылға барып,ауылдың проблемасын неге жазбасқа?!)

жеке бастың проблемасын көтеріп тұрған сияқты мақала,қазақ киносының емес(ол кинолардың шыққанына 3-4 жыл болды ғой,қазір оны ешкім көрмейді де ұмытып та қалған шығар--...
Менің ойымша,ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ әрқашан қазақтың ең асыл,ең жақсы қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа сақтап,жеткізе беретін іргетасы бола береді
ИЯ,қазір шығып жатқан фильм көп,бірінен бірі өтеді,саған қайсысы ұнайтынын білмеймін,(Қарой?, "Келін"?)күнделікті өмірде сен білмейтін ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ ортасында, ауылдық жерде жүргеннен кейін,солардың пікіріне сүйеніп жазып едім ойымды.
Шынымды айтсам,осы мақаладағыдай пікірді естімеппін.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 15 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>