Қазақ тілін қолдау акциясы өтеді | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Қазақ тілін қолдау акциясы өтеді

Жәрдемші


Қыркүйектің 2-сінде «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы М.Шахановтың бастамасымен қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың қайраткерлері, мерзімді басылымдардың басшылары, зиялы қауым өкілдерінің басқосуы өтті. Басқосудың өзекті тақырыбы 2010 жылдың 22-қыркүйегінде қазақ тілінің - Мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына 21 жыл толуына байланысты Қазақстан Республикасының «Бейбіт шерулер туралы» Заңына сәйкес, 2010 жылдың 19-қыркүйегінде, (жексенбі күні) Алматыда өтетін «Мемлекеттік тілді қолдау акциясын» қалай өткізу туралы болды. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы М.Шаханов акцияның мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін иеленгеніне 21 жыл толса да Қазақстан халқын біріктіретін, олардың басын қосатын негізгі факторға айнала алмауы екенін баса айтты. Акция уақыты 19-қыркүйекке (сағат 11-00) қойылды.

Басқосу барысында «Азат» ЖСДП-ның хатшысы Ә.Қосанов, «Мұрагер» продюсерлік орталығының директоры Е.Әбіш, «Болашақ» республикалық жастар қозғалысының лидері Д.Бабамұратов, «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары Нұржан Ошанбеков, «Тасжарған» газетінің бас редакторы Ермұрат Бапилар және басқа да зиялы қауым өкілдері өз ойларын айтып, акцияның мазмұнды өтуіне байланысты пікірлерін білдірді.

Басқосу соңында «Мемлекеттік тілді қолдау акциясын» өткізуді ұйымдастыратын жұмысшы топ құрылды.

 

М.АЛДАБЕРГЕНОВА

«Абай-ақпарат»

 


 




Дұрыс Мұқтар аға! Қолдаймыз бір ауыздан!



Бәрекелді! Халықты көптеп жинау керек. Он мың адам шығарса ғой, шіркін!



Осы шеруді неге тікелей қоғамды жаңарту және билікті алмастыру науқанына ұластырмасқа?



Дұрыс болған екен. Тек осындай акциялардың жасырын түрде ұйымдастырылатыны қынжылтады.



Мұхтар ағамыздан басқа ешкімге қазақ тілі керек емес па? Ағайындар ойланайық. Ағамыздың жанынан табылып, қазақ тілінің дамуына көмек көрсетейік. Мұхатар аға жасай беріңіз. Біз сізбен біргеміз.



Бәрі де дұрыс қой, бірақ бұл акцияның да соңы былтырғыдай Нұрсұлтан Әбішұлына жақсылап тұрып хат жазумен аяқталмаса екен... Айтпақшы, былтырғы жазылған хаттың жауабы оқылады ма екен?..

Нағашыбай Есмырзаев



Қазақта "Салақтан олақ жаман"-деген мақал бар. Осы істің басына М.Шаханов келгенінен қорқамын. Бір кезде бұл көкеміз "Желтоқсан"-деп ұрандатып жалпасынан түсіріп, жатқызып бір кетті. Не болып, не қойғанын түсінбецй де қалдық. Сұрасаң білем деушілер: "М.Шаханов депутат болды. Бір көкеңді(Колбин) құлатуға бір көкеңнің(НАН) тапсырмасын орындады. Сол саған жетпей ма?"-деседі. "Аралдатып" айқай салып, адасып Қырғызстаннан бір-ақ шықты. Арал жайына қалды.
Ол араласқан істің аяғына жеткені жоқ. Енді "Тіл"-дейді. Құдай сақтасын, тілімізге қандай жағдай, не ахуал болар екен?



Муханнын акшасы біте бастаган екен. Бул жолы каншага сатылады екен?



Сонда Алматыдан басқа жерде адамдары жоқпа? Неге сол күні басқа қалалардада ұйымдастырмасқа. Әлде қалған жердегі халыққа сенбейме?

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
17 + 2 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>