Жаңатастағы бір мектепке қыркүйекте баламды бердім. Жоғары сыныпта оқитын. Қазақы қала болғанына керім қуанғанмын. Бұрын тәуір оқитын балам тез төмендеп кетті. Үйден шықпайды. Өтпелі кезең ғой деп қойғанмын.
Бірде баламның маңдайы жарақаттанып келді. Сұрасам айтпайды. Екі күннен кейін балам,
- Папа, біз қай жүзбіз осы, - дегені.
- Кіші жүзбіз. Әлімұлы.
- Тама - деген кім?
- Ол да кіші жүз. Жеті ру - деймін.
- Сыныптағы балалар Тама болсаң көш. Бұл жер Үйсіндікі. Ана Жаңатастың ар жағындағы Үйсіннің белгісі көрдің бе? - дейді.
Сынып жетекшісіне бардым. Бейхабар. «Бұлар айтпайды. Қазір Жаңатаста ру-ру болып төбелесетінді шығарды. Бұрын шағын аудан болып төбелесуші ме еді. Өздері етінен ет кесіп алса да айтпайды. Пыс-пыс сөзден естиміз. Іргедегі бір таудың басына елсізге үйсін атаға бір белгі салып жатқан көрінеді. Үлкендер жиылып жиын өткізіп, бұл жер біздің атанікі, белгі бітсе ас жасаймыз депті. Содан еліктеп балалардың істеп жүргені болар. Қояды ғой», - деді жайбарақат. «Директор білмей-ақ қойсын. Өзім сөйлесем», - деді сынып жетекшісі.
Милицияға барайын десем балам безілдейді. Осы жайды көршіме сырғып айтсам, «Бұл әңгіме жаздан басталды. Әр төбеге бір-бір белгі орната берсе қазақтың даласының бәрі қарақшы болып кетеді. Біз біреу не істесе қалыспай соны істейтін халықпыз. Балаларға не кінә? Оларды үлкендер улап отыр. Менің де оқитын қызым бар. Аңдып отырамын. Жаңатаста қазір ұлдар емес қыздар төбелесі өршіп тұр. Оны бүкіл ел біледі. Өткенде Елбасына бір ана дұрыс сұрақ қойды. Бірақ, министр де, сол кездегі облыс әкімі ЖЕКСЕМБИН де жуып-шайып жіберді. Жылы кабинетте отырып, олар не білсін. Оларға жалған ақпарат берді ғой жандайшаптар. Бір апта бұрын ғана ӘУЕЗОВ мектебінің он бірінші сынып оқушысы сыныптасына пышақ салды. Жаңатаста кеш бата жүру мүмкін емес. Милицияның өзі бой көрсетпейді. Шамасы қорқып тығылып жатады-ау», - деді көршім.
Сөйтіп жүргенде «Нұр Отанның» «Дала мен қала» газетінде Болат ЖАППАРОВтың мақаласы шықты. Онда «бұл жер Ұлы жүз Тіліктің жері, Кіші жүз Шеркеш, Тама, Жағалбайлының жері - Жайық, Жем бойында. Сондықтан аудан атын Тіліктің ұрпағынан қою керек» дегенді меңзеген. Бұл аталған ру, жүз бөліскен мақала үлкендер арасында толқу тудырды.
Құрметті редакция! Мен бұл өңірге жүз, ру-бұру деп емес қазағым деп көшіп келген едім. Мынау не сұмдық! Руға белгі тұрғызуды доғарған жөн. Жер қазақтың жері. Әр ата ру жарыстырып қарақшы қоя берсек, төбе жетпес. Жолдың бойында бос жер қалмас. Жер бөліп беріп елді керістіріп қойған аудан әкімі қайда қарап отыр? «Жол бойында белгі болмасын» деген баяғы заң-закон қайда қалды?! Біздің - қазақтың көргеннен бәсекелесіп қалмайтын әдетіміз бар. Мұның арты ушығады, қара да тұр.
Ж. ЕҢКЕБАЕВ,
Өзбекстаннан келген оралман,
Жамбыл облысы,
Жаңатас қаласы,
Сарысу ауданы
«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №46-47 (286-287), 10-желтоқсан, 2009




Рушылдықтан шыға алмаған ұлылыққа жете алмайды ...деген осы
Трайбализмди казактын бирлигине6 куш алуына кедерги жасау ушин адейи оршитип отыргандар бар. Сосын озимиз де ...сау сиырдын богы емеспиз гой
Ұят қой ағайындар! Бас басына би болып, ел ішінен бүлік шығарып отырғандарды тиятын ақсақалдар, көнекөз қаряиалр қайда қарап отыр екен!
Рушылдыққа бөлініп, өз қазақтарын кемісітіп жатқан қазақтарды, Қазақстанның орекендердің толып жатқан солтүстік өңіріне жіберу керек, немесе шешен, күрд халықтары көп мекендеген жерлеге жіберсе, сонда түсінер...
Көргенсіз қазақтар! Мен сендер үшін не үшін жүгіріп жүрмін? Осылай ру руға бөліну үшін бе? ел болмай кеткір кілең!
Ұлттық тұтастығымызды,тілімізді сақтай алмай отырып жүзге,руға бөлінсек бөлінгенді бөрі жеді дейбер.ЖҮЗГЕ БӨЛІНГЕННІҢ ЖҮЗІ КҮЙСІН!
Ашық болсын,алашымның аспаны!
Балаларға "Шежіренің" ғылыми негізін жете түсіндіре білу әр ата-ананың, ұстаздың парызы болу керек. Рушылдыққа бөлінуді нағыз топастық деп санаймын.Сол төбелесудің орнына балаларды пайдалы іспен айналыстыра алмай отырған ата-ана, ұстаз, әкімшілік кінәлі.Қазақ десең өзіңе келеді, көп ата-ана баланы материалды қамтасыз етумен шектеліп жатады, рухани аш адамның қоғамға қаншалықты қауіпті екеніне көз жұмып қарайтындығы.
айкүн
ру болып төбелессе де, көмектесу жағына келгенде бұлар жоқ! әр адам өз күнін көріп, қоңыз теріп кетудің алдында тұр! ру түгіл жақын туыстың өзі бір-біріне суық қазір. Ал рушылдықтың өршуі қазір ашынған халыққа өз кедейлігінен бір өш алудың жолына айналды! әлгі, халық ит сияқты, егесіне емес, қарғы бауына өшігеді. өз өзімен арпалысады! солай ма?
Иә, осы қазақ бөлінуін бұ дүние түгіл, өлгенде де жалғастыра беретін болар сірә ... Өйткені, кезінде анталаған жауды жапырып жеңіп жүрген батыр бабаларымыз "бас-басына би болған өңкей қиқымдай" қазақты тыя алмаған ғой. Осылай, ру-руға, жік-жікке бөліну деген топас "әдеттен" арылмайтын болсақ, 1 млн. гектар жеріңді алған қытай осы тұсыңды шебер пайдаланатын болады әлі. Сондықтан, ОЙЛАН ҚАЗАҚ!!!
Атыраудан Баян Атайманқызы.
Қазекең қай кезде болмасын бір бірін жеуге даяр тұратын халық қой қайтейін. Жартымыз руға бөлініп, жартымыз өз тіліміз бен мәдениетімізді, салт санамызды ұмытып жүріп қайтіп ел боламыз. Бірақ құр сөзді айран ғып ұйытып отыра береміз бе? Онан да аз да болса халық арасында, жақын, туысқа, ағайынға, бала-шағаға қазақтың кім болғанын түсіндіру керек. Осы істер біздің мойнымызда. Рушылдықтан қалай бытырап, тозғанымызды келең ұрпаққа айтып түсіндіру біздің борышымыз.
Мен бәрінізге қосылам.руа бөлінген ұятқой
Пікір қосу