Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, «АйтPARK» пікірталас клубының модераторы:
«..Казахский интернет - это почти такой казан-ошак»
- Казахскоязычному интернету, к сожалению, присуща скудость обсуждаемых тем. Какая-то невозможность вырваться из узкотемья, или, как говорили раньше казахи, "қазан-ошағының жанынан шықпайтын әнгімелер", то есть сугубо кухонная тематика. Так вот казахский интернет - это почти такой казан-ошак. Казахская дискуссия в нем не соответствует мощнейшей научной и культурной составляющей задаваемого интернетом уровня. Возможно, какая-то наша "казанная" дискуссия и уместна между собой, но когда это выносится на такой высокий уровень, становится горько и обидно. Если вдруг завтра где-то в Америке или в Европе захотят поближе узнать уровень казахскоязычного интернета, то нам будет очень стыдно. Потому что люди, узнав, о чем болит наша голова, подумают: Боже, что за мелкотравчатость, какое скудоумие...
«Central Asia Monitor» апталығы, №3, 27.08.2010
Дәурен ҚУАТ, Abai.kz ақпараттық порталының бас редакторы:
Ерімбетовтердің ескі әдеті
- Кезінде Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтар бастаған Алаштың ұлдары орыстың тілінде ұлттың мүддесін қорғай білді. Бүгін осы тілде ойы өскендер Әлихандардың тырнағына да татымайды. Қазақтың мерейі өсіп, мәртебесі аса бастаса, қиғаш пікір айтып қалатын Нұрлан Ерімбетов қана емес. Мұрат Әуезовтың да «ондай-ондайы» бар. Өз басым, мұндай пікірлердің ойқастап шығуы, қалыптасып келе жатқан кеңістікті жете бағаламағандықтан деп білемін. Білсеңіздер, осыдан біраз бұрын «Қазақ баспасөзі - сорлы басылым» деген пікір жалаңдап, жалпақ жұртқа танылып кеткендей болды. Арасында «Жас алаш», «Алтынорда» сияқты мықты басылымдар болса да, қазақ газеттеріне қатысты адрессіз, абстракциялы пікір биліктің де санасына шөгіп қалды. Ендігі жерде «Қазақ интернеті - сормаңдай» деген пікір қылтиса, бұл осы кеңістікті тұмшалау әрекеті деп түсінемін. Әрі бұған қарсы тұрумыз қажет. Егер Ерімбетов белгілі бір сайттың атын атап, түсін түстеп, кемшілігін кендір жіпке тізсе, басқа әңгіме. Конструктивті сыннан қашпаймыз. Бірақ, мынаусы енді.. сынға жарамайды. Мысалы, біздегі сайттар дін мәселесін көтерді дейік, ол Қазақстанның ғана емес, ғаламның да бас ауруы. Мәдениет тақырыбын алсақ, ол да жаһанданудың өзегі... Осы жағынан алғанда, қазақтілді интернеттің аясы кеңейіп, оқырманы көбейіп, дамып келеді. Сеңбесеңіз, статистикасына қараңыз. «Қазан-ошағын» қомсынатын болса, Ерімбетов мырза бұның бүкіл ғаламтор көрсетіп отырған мәселелер екенін түсінуі тиіс. «Біткен іске сыншы көп». Дұрыс, сыншы көп болсын. Бірақ, бізде басталған іске мінші көп. «Осы қазақтың қолынан не келеді-ей» дегендей кейіп танытып тұрады...
«Халық сөзі» газеті, №9 (03.09.2010)




О.Сүлейменов, Е.Ертыспаев, Н.Еримбетов, С.Сейдуманов, Г.Ерғалиева сынды миллиондаған МҒҚ қараорыстар (бұлардан гөрі таза орыстар қазақты жақсырақ түсінеді) қазаққа қарсы "қожайындары" ұйымдастырғын ұлтты жою деген құйтырқы саясатты "шаш ал дегенге бас алатын" құлдық санамен екілене, езеурей, жындысүрейлене атқаруда емес пе?!
Бұндай мәңгүрттер тұрғанда, қазақ халқының жарымынан астамын өзге тілде сөйлетіп тұрғанда, биліктің артын жалап жүріп интернетке алдымен қосылатын осындай ақымақ, малғұн-азғындар күніне мың сөз жазса да, бір сөз жазса да ана тілінде емес, өздерін, ата-бабасын, үрім-бұтағын құл еткен өзге тілде жазып жатса қазақтілді интернет қайдан оңсын. Қарапайым қазақтілді қазақтың қолы, мүмкіндігі (Интернет тұрмақ әлі телфоны жоқ қаншама ауыл бар?!) интернетке жеткенде мынау қисықауыз азғын-мәңгүрт еримбетовтерсіз де қазақтілді интернет дамиды.
Наурызбай.
Қазақ интернетінің оқырманы ретінде өз ойымды бәлдірсем, қазақ интернеті нағыз қазақтың проблесмасын көтереді, оларда қазаққа жаны ашу басым, ерімбетовтер керім болса, неге осы қазақтың мәселесін орыс интернетінде неге көтермейді. Қазақ интернетінің ісі алға басып тасы өрге домалап еді етектен тарту басталды.Әркім өз ісіне жауапты болғанға не жетсін, осылар қазақ оқырмандарымен санаспай сырттай тон пішкенді қашан қояды екен осы?! Ақ-Ару
Нұрлан мырза орекеңдерге жағамын деп аузына келетінді айта беретін болыпты. Нұрлан мырза сонда сіз қазақ сайттарын толық қарап отырасыз ба? Соңғы бір жылда қаншама тамаша сайттар ашылды. Соның онын айтып бере аласыз ба? Керісінше орыс сайттары біресе эротика, біресе қатынның көтін көрсетіп пайда табады. Қазақ сайттары тереңірек, танымдырақ деп ойлаймын. Осының анық қанығына жетіп алмай неге пікір айтасыз?
Мәскеуде оқығандардың орыс десе іші өтетін аурулары бар. Орыстікі дұрыс, орыстікі керемет, өзінікі *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* болып шығатын.
"Мощнейшая научная и культурная составляющая задаваемого интернетом уровня"... Да-с, завернули, однако, господин Еримбетов. Даже как-то поежился от такой грамотности... И это наши политологи? Не знаю как насчет интернета /хотя приходилось не раз слышать нечто противоположное вашему, с позволения сказать, тезису, да простит меня Розенталь и другие авторы учебников по русской словесности и стилистике/, но степень вашего "составляющего задаваемого интернетом уровня" /или как там/ заставляет меня предположить, что у вас высшее образование, но без среднего.
А что касается "казан-ошака" - чем больше беснуются казахофобы, тем больше оснований думать, что казахоязычный интернет развивается успешно и именно это обстоятельство, а не "скудость обсуждаемых им тем" беспокоит больше всего наших оппонентов.
Ал енді "мәскеуде оқығандардың орыс десе..." деген пікірге келсек, онымен де келісе алмаймын, өйткені өзім де "со яқта" оқығам...
Қабыл
Қабекең дұрыс айтыпты. Ит үреді, керуен көшеді. Знашит, бағытымыз дұрыс. Осымен тәмам.
Айқаракөз
Нуреке, мен сізді сырттай сыйлап журетінмін. бірак мынауыныз жарамайды. Сізді халыққа танытып журген - қазақтілді журналистер. осыны умытпаныз.
Нұреке! Мен сізді сыйлаймын, алайда осындай жалпылма сөздерге бекер барасыз. Егер нақты ұнамаған сайттарыңыз болса атын тізіп беріңіз. Айтыңыз, сынаңыз. Жалпыламалап қазақ сайттарының барлығы жаман дегеніңіз "қазақтың барлығы надан" дегенмен бірдей. Сіз өзіңізді "надан" деп санамайтын шығарсыз? Енді ғана бой түзеп, құбылыс ретінде пайда болып, қалыптасып келе жтқа қазақ интернетін бірден қоқысқа апарып тастағаныңызбен келісе алмаймын. Тәуір, имани, тарихи, мәдени сайттар ашылып келеді. Осыны ұмытпағайсыз. Жігіттердің сізге ренжитін жөні бар.
Арман
Ерімбетов қазақша оқи алмайды. жете түсінбейді. сосын жазбай қайтсін?!
Н. Ерімбетовтікі дұрыс. Себебі қазақтар бір мақала шықса соны оқымай тұрып тіл мен жағына сүйеніп алы, тақырыбына қарап-ақ немесе автордың жеке басына тиісіп, аузына келгендерін жаза береді. Бастысы окымайды ғой соны шіркіндер.
Ерімбетов Сыр бойында, қазақы ортада өскен жігіт. Сөйте тұра, қазақшасы шамалы. Студиясына шақырып алып, кекетіп-мұқатып, таяз сұрақтарын қойғанына мәз.
Ебекеңдердің ермегіне айналған Ерімбетов ерікпесін. Қазақ тілшілері бұдан былай оны жазбайық.
Анау Қабыл деген азаматқа риза болып отырмын.Ерімбетов секілділерге сол өзі ғана білетін орыс тілінде осылайша қатырып тұрып жауап берген жөн. Рахмет Қабеке! Өркеніңіз өссін.Екіншіден, мұның өзі орысша оқыған, орысша сөйлейтін азаматтардың ішінде Ерімбетов секілді азғындармен қатар мынау Қабыл тәрізді адал азаматтардың да барлығын танытады. Бәріне бірдей, еш негізсіз жала жаппайық. Біз Ерімбетов секілді ой-өрісі таяз жандарға еліктемейік.
Нұрлан мырзаның өзі не дейді екен? Әншейінде газет бетінен түспейтін еді. Интернетке шығып интернет конференция ұйымдастырсын. Осы қойылған сұрақтарға жауабын берсін.
Мен Нұрлан жағындамын, тойысты, шындық жақтамын. Түйеқұс болып басты қанша тыққанмен, мәселенің бар екені рас және оны мойындаған кезден бастап,шештін боламыз. Нұрлан секілділер мінеп отырған жоқ, намыстанып отыр. Оларды таң қалдыратындай, амалсыз бас иетіндей бізде, "нағыз қазақтарда" жұмыс жоқ. Комменттердің өзі кәкір-шүкір, деңгейімізді андағалайп тұр ғой. Ақиқат - Алланың тынысы, тұншықтырмаңдар, мырзалар! Жалған намысты қойыңдар, шынға тіке қараңдар! Шынғали.
Ерімбетовтың атасына нәлет! Іріген ауыздан шіріген шығады дегеннің тап өзі осы болар... Осындай сатқындарды (Ерімбетов пен Бигелді сияқты) жер қалай көтеріп жүреді екен?
бәлкім іші куиетін шығар!!!
Еримбетов - камса!!!
Шынғали мырза, орыс тіліндегі сайттардың да әуселесін білеміз. Оларда өсек аяң мен порнографиядан басқа не бар. Екіншіден, қазақ тілді интернет қазақтың өз мінезіне сай дамып келеді. Мәселе жоқ дей алмаймыз. Бірақ, "жаптым жала, жақтым күйе" деген болмауы тиіс. Егер сараптасақ қазақ тілінде ұлттық мәселені жіктеп-жіліктеп, сарапатама жасап беретін сайттар бар. Мысалы, осы Абай КЗ сайты. Орыс тілінде қазақтың мәселесіне басын ауыртатын ешбір сайт кездестірген жоқпын. Қазір қазақ тілінде кәдімгі интернет газет те шығып жатыр. Сенбесеңіз, МінберКЗ қараңыз. Ұлттың өнер туралы сайттар да жасалып жатыр. Мысалк керек пе? Онда Қазақмирас сайтын қараңыз. Ол әрине жасалу үстінде. Бірақ, болашақта жақсы сайт болары сөзсіз. Жан-жақты тақырыптарды қамтитын, жастардың сүйікті сайтын іздесеңіз Мәссаған.ком-ды, немесе Іргетас-ты қараңыз. Жалпы, тізе берсек соынадй тәуір сайттар көп. Демек, Ерімбетов екеулеріңіз бәрін жоққа шығармаңыздар. Егер қазақтілді интернетте проблема болса, ол ана тілімздің ахуалына қатысты ескі түсініктен туындайды. Орыс тілділер қазақша интернет ресурстары нашар деуден танбай келеді. Өздері қазақша сайттармен танысуға шамалары келемйді. Өйткені, түсінбейді. Сіз өзіңіз қазіргі қазақ блогтарын көрдіңіз бе? Меніңше керемет қарқынмен дамып келеді. Сонда Сізге қай тақырып керек. Қазақ тілді интернет барлық саланы қамтуға тырысып келеді. Дами беретін болады. Бірақ, орыстар сияқты қазақ тілді интернетте эротика мен порно жоқ. Бәлкім, Ерімбетов осыған налитын шығар. Армандамасын. Ибалы қазақ, ондайға жол бермейді.
Пікір қосу