Қазақ деп қасық қаны қалғанша қырқысқан Кенесары Қасымұлының алып жүрегі дамылдаған жыл | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Қазақ деп қасық қаны қалғанша қырқысқан Кенесары Қасымұлының алып жүрегі дамылдаған жыл

Жәрдемші


1847 жыл... Қазақ деп қасық қаны қалғанша қырқысқан Кенесары Қасымұлының алып жүрегі дамылдаған жыл. Ханның сүйегі қырғыз-қазақ шекарасында қалғанымен, бас сүйегі бүгінде Ленинградтағы Эрмитаждың көп экспонаттарының бірі ғана болып тұр. Осы жайт арқасына аяздай батқан зиялы қауым өкілдері «Кенесары ханды қайтарамыз» қозғалысын құрды. Аталмыш қозғалыстың құрамына Ғазиз Алдамжаров, Дос Көшім, Геннадий Беляков, Нұрлан Әміреқұлов сынды ұлтшыл азаматтар кіріп отыр. Кенесары ханның бас сүйегін кері қайтару арқылы ұлттық рухымызды асқақтату - міне, мақсат! Ендігі жерде қозғалыс жетекшілері бірнеше миллион қол жинап, Ресей басшылығына хат жолдамақ. Мұндай талпыныстардың бұрын да болғаны белгілі. Мысалға, 2009 жылдың 27 ақпанында елу шақты адамның қолын жиған үндеумен ел зиялылары Елбасына шыққан болатын. Нәтиже жоқ. 1994-1995 жылдары Манаш Қозыбаев ағамыздың  да тауы шағылған болатын. Қазіргі қозғалыстан не қайран болар екен?


 




Шынымен, Кенесары ханның бас сүйегі елге қашан қайтарылар екен? Әлде мұнда үлкен саясат жатыр ма?



Расында Кене сары ханнын бас суйегiн керi, елге кайтару керек. Ресей укiметiнен талап ету керек!



Eger shyn ykylas tanytyp Han Kenening bas suiegin kaitaramyz desek, sol bastapky kezinde saudaga tusken basty Uyatta bolsa, akshaga satyp alu kazhet! Aitpese, bul kasiet darygan Hannyn bas suiegi Orystyng kolynda, ali talay gasyr boiy kala bermek!!!
Shyn jan ashyr Kazakh balasy!



1958 жылы 7-ші ноябрь мерекесінен кейін Жазылбек Қуанышпаевті қыдыртып келген бір топ партия өкілдері Ленинград эрмитажын аралатып жүр екен. Біздер,төрт қазақ баласы әскер қатарында жүріп бір күндік демалысқа шығып эрмитаж аралап жүргенбіз. Қазақтарды көріп сағынышпен сәлем бердік. Біздер де еріп жүрдік. Бірінші этаждан көп суреттерді көріп "АҒЫБАЙ" деп жалғыз бір ауыз сөз жазылған суретті көріп,қасындағы ертіп жүрген кісілерге бір қойдың құнын берсеңдер де мына суретті
алып беріңдер деп қиғылық салды.Фотоаппарат ұстап жүрген бір орыс жігітіне
жалынып, мол ақша беріп суретті түсіртіп алды.Ол суретті дайындап әкелгенше
вахтер әйелге аздаған ақша беріп подвалға түстік. Түсе берісте оң жақтағы
сөрелерде формалин құйылған колбадан Кенесары ханның басын көрдік. Астындағы тақтайға аты жөні жазылған.Желкесінен екі рет шабылған болу керек.Жұқа мойын омыртқа сүйегі ырсиып тұрған. Шаштары,сақал мұрты сап-сары.Формалиннен солай көрініп тұрған болу керек. Жазушы Бақтияр Әбілда жазғандай ешкім оның басын пісіріп жеген жоқ.Құлағы да бүтін.Суретке түсіртпейді екен.Оның үстіне Суретші жігіт сурет шығаруға кетіп қалған.Ағыбайдың суретін шығарып әкеп берді.Сол суретті Д.А.ҚОНАЕВҚА көрсетіпті.Суреті газеттер де жарияланды. Кенесары хан туралы да айтқан болар. Ол кезде заман басқа еді ғой.Бас ешқайда кеткен жоқ. Кетсе квитанция жазылып түбіртегі қалады. Табылу керек. тілектестікпен Салмырза.



Түрлі мәлімет көздеріне қарағанда, Кенесары ханның бас сүйегінің негізі бөлігі Санкт-Петербургтағы - Эрмитажда, жоғарғы бөлігі, яғни қақпағы - Омбыда болған. Жазушы С. Мұқанов ген-губернатор Гасфордтың бас сүйектің қақпағынан темекі күлсалғышын жасатып, жұмыс үстелінің үстіне қойғаны туралы жазған.
Алайда қазіргі кезде "Ханның бас сүйегі Эрмитажда болмаған, оны Омбыдан іздеу дұрыс" - деушілер бар. Бұлар - Ресей империализмін көксеушілердің Эрмитаж қызметкерлеріне қасақана айтқызған жалған жауабына сеніп қалғандар.
Орыс саясаткерлері Ресей отаршылдығына қарсы ұлт азаттық соғысы көсемінің бассүйегін қайтсе де қазақтарға қайтаруды құптамайды. Өйткені, бас сүйек табыну затына айналып, ұлттық рухтың күшеюіне, Ресейге қарсы көңіл күйдің кең өріс алуына ықпал етеді деп пайымдайды.
Кеңес әскері Германиядан шығарылар шақта Кремль басшылығы дәл сондай оймен соғыстан соң бір горнизонның ауқымына аса құпия түрде көміліп тасталған А. Гитлердің мүрдесінің қалдықтарының өзін қазғызып алдырып қайта өртеткізіп, күлін өзенге лақтыртып тастаған.
Жауыздық империясы атанған Кеңестер Одағының заңды мұрагері Ресей демократиялық ел санатына енсе де, өркениетті, иманшыл елдердің деңгейіне көтеріле алған жоқ. «Кенесары ханды қайтарамыз» қозғалысы мүшелері осы жайтты қаперіне ұстап, әрекет етуі керек деген ойдамын.

Арман Қани,
Павлодар қаласы.



Орыстың шіркеулерінде мынадай көріпкелдік-болжау бар: "Егер, қазақтың соңғы ханы Кенесарының басы қазаққа қайтатын болса, онда, олар Алтын орда кезіндегідей күш қуатына қайта кенеледі. Қазақтың рухы - Кенесарыда. Егер берілетін болса, кейін орыстың өзіне қауіп төнуі мүмкін".
Бұл көріпкелдіктен Ресей басшылары өте жақсы хабардар.
"Кенесары қазақтың - басы болса, бассыз денені игеру оңайға түспек"



Арман Қани! Сәбит Мұқановтың "Кенесарының бас сүйегінен күл салғыш жасады дегені" социалистік реализмнен туған жағымпаздық. Өмірінің соңғы кезіндегі көзінің тірісінде жазған бір мақаласында Кенесарының әруағынан кешірім сұрағандай "Кенесарыны балағаттап нең бар еді Сәбит" деп жазғаны қазіргі жетпіс жастағы оқырмандардың есінде болар. Кенесарының басы табылған күнде де, қазақ орысқа ештеңе істей алмайды. Өзібектер шегерада қазақты атып жатқанда да үн шығара алған жоқ. Ал орыстар атса Мәсімов үкіметі бұтына тышып қояды. Салмырза



Кенесарының басын елге қайтаруға бүгінгі билік құлықты болмаса, ертең оны ауыстыратын келесі билік құлықты болуы мүмкін. Сондықтан қазақтың соңғы ханының басын елге әкелу туралы мәселені күн тәртібінен түсірмеу керек.

Сабырбай



Әр казақтын басыкетседе быз бабалар жолынан капау керекбыз депойлаймын Кенесары батырдын басын калайда кайтару керек

Айдын Тараз



Кенесарының басы табылған күнде де, қазақ орысқа ештеңе істей алмайды. Салмырза
Қазақ орысқа ештеңе істемей-ақ қойсын. Алайда, Хан Кененің басы қайтарылса, еш өзгеріс болмайды дегенге сенбеймін. Қалайда бір өзгешелік болары анық. Бұл жерде ешқандай мистика жоқ. Кенесарының басына табынып та отырған жоқпын. Аллахқа серік қоспаймын! Дегенмен, ұлтшыл азаматтар көбейіп, ұлттық рухымыз күшейе түсетіні анық!!!



Кейкі батырдың басын денесіне қосып кесене тұрғызғаны жөнінде әңгіме бар.Сонда, эрмитажда біздің қанша хандырмыз бен батырларымыздың бас сүйектері сақтаулы екен?Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлап жатырмыз, 20 күн бойы іс-шара өтілмек. Сонда, 1 күнін сол есіл азаматтардың бастарын денесіне қосатын күнге арнаса ғой, ШІРКІН...

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 7 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>