Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдаушылығымен шығатын интеллектуалдық «Қазақ альманағының» кезекті саны оқырманға жол тартты. Әу дегенде-ақ қазақ ойы мен рухының жоғын жоқтап, барын түгелдеуге кіріскен басылым екендігін байқатқан альманахтың бұл жолғы қор жиыны да қомақты һәм салиқалы деуге болады.
Кезекті санын белгілі пәлсапашы Әбдірашит Бәкірұлының «Ұлтшылдық» һәм «мемлекетшіл ұлтшылдық». Екеуінің қайсысы басым түспек?» атты терең талдау мақаласымен ашқан басылым келесі тарауында Еркін Ерғалиевтің «Жаңа қазақтар» және этносты жаңғырту» атты ойтолғағына орын береді. Сондай-ақ, Ғалым Боқашпен мемлекет, ел, тарих, саясат, оппозиция мәселелеріне кең ауқымда мазмұнды сұхбат, саясаттанушы Айдос Сарымның қазақ зиялы қауымының бүгінгі болмыс-бітіміне жасаған батыл зерттеу мақаласы да оқырман көңілінен шығатын дүние болатындығына бек сенеміз.
Тарата айтар болсақ, оқырман қауым альманахтың 2-ші санынан Берік Әбдіғалиев, Дос Көшім, Зира Наурызбаева, Болат Шарахымбай, Амангелді Кеңшілікұлылардың түрлі тақырыпта болса да, қазақ мұң-мұқтажын жоқтайтын мақалаларын оқи алады.




Муны кайдан алуга болады, жаксы сиякты гой ози?
Меломан кітап дукені жүйесінің кез келгенінен табуға болады
багасы канша екен а
Қазірге екі саны шықты.
Жас талат иелері аталмыш кітапқа өз шығармаларын қалай ұсына алады? Негізінен бұл мүмкін бе? Мен өз өлеңдерімді жария еткім келеді.
Тамаша жаңалық
Қазіргі қоғамға ең қажетті дүниені көреміз деп ойлаймын. ӨТЕ ҚУАНЫШТЫМЫН! Тек қана алға!
Құс қанаты талатын Қазақ даласында... Қазақ атын паш етіп, Қазақ сөзін сөйлейтін жас басылымының бағы баянды болғай! Ұлттық Рухымызды бір серпілткен жақсы жаңалығымыз құтты болсын, бауырлар! Көптеп-көлемдеп, "Қазақ альманағына" жазылып, терең дүниелер ұсынып, барынша қолдайық. Тұмаржан.
Бұл басылым әлі шыққан жоқ. Жолымбет.
Пікір қосу