Жақында ғана порталымызда қазақтың бір топ ақын-жазушысы, өнер қайраткерлері «Өскемен көшелерін қазақшалайтын кез жетті!» атты үндеуді жариялаған болатын. Өз үндеуінде Шығысқа қамқоршы зиялыларымыз: «Бірақ, адамына қарап, арызыңды айт дегендей, қазақы қаны бар, ұлттық намысы мен ары бар, рухы биік басшыларды күтіп жүргенде, Шығыс Қазақстан облысына көрнекті қайраткер, ел үмітін арқалаған саңлақ саясаткер, Елбасының сенімді серігі Бердібек Сапарбаев келгенде бір қуансақ, ол кісі Өскемен қаласына руханиятқа қамқор, іскер әкім Ислам Әбішевты тағайындағанда екі қуандық.. Ал олар алғашқы жұмыстарын Өскеменде Ұлы Абай ескерткішін тұрғызудан бастағанда сеніміміз алдамағанға көз жеткізе бастадық. Яғни, мақала дер кезінде жазылып, Қазыбек темірді қызған кезде соғып отыр. Ендеше, нәтижесі де кешеуілдемейтін шығар деп үміттенеміз», - деген болатын.
Бүгін редакциямызға бірнеше өскемендік ағайын хабарласып, «алдағы күндері өтетін Назарбаев пен Медведевтің кездесуіне орай қала біршама тазарып, әрленіп қалды. Есесіне өзі аз қазақы нышандарынан да тазарып қалғандай көрініп тұр» - деп өкпе-наздарын жасырмай айтты.
Шынымен де, қарап отырсақ, Өскеменнің орыстілді форумдары мен сайттары қалпақтарын аспанға атып: «Первое, что бросается в глаза, это вернувшееся название "Аэропорт" - вместо исчезнувшего «Эуежай", - деп қалпақтарын аспанға атуда.
Әрине, Ресейдің президентінің Өскеменге келуі жергілікті билік үшін керемет той болып көрінетін шығар. Алайда, орыс президенті келеді екен деп қаланы орыстандырудың не қажеті бар екен? Егер ертең, құдай өзі сақтасын, Қытай басшысы келсе, қаланы қытай иероглифтері мен атаулары басып кетпейтін шығар? Өткенде аталмыш үндеуге жапырыла қол қойған ұлтжанды азаматтар енді не дейді екен? Бір түрлі «неудобно» сияқты...
«Абай-ақпарат»








Мыналардың есі ауысып кеткен шығар. Шымкентше айтканда, ш....
Байқұс, құлдар... баяғы қожайындары келе жатқанын сезе қалып қыңсылап қалған екен ғой. Медведев сенің "Әуежайыңда" несі бар? Әлде "Аэропорт" деп жазып қоймаса, орыстардың айырпланы Өскеменнің аспанынан адасып кетеді ме?
Рас қой. Орыстың самөлөті Қытайға да қонады. Оны орысшлап не қажеті бар?
Масқара! Орыстар келіп кетеді екен деп қазақшасынан қақалып қалған екен ғой Өскемен.
Бұл форумның қазаққа не беретінін білмеймін, бірақ қазақтң баяғы оқалы ояз келгендей қырылып күтетіні анық. Абай заманынан бір мысқал өзгермеген билік пен байылқытағы соллардың соры сорпадай қйнайтын болды тағда! Абай порталы, аямаңдар орысқа шыбындап бс изейтін қазақтың шенеунігін!
Орыс, орыс деп бір күні өліп кетпесек болды.
Өскеменді қазақыландыру үшін одан облыс мәртебесін алып, орталықты Семейге көшіру керек. Бюджет сонда, ақша сонда, сондықтан сол жердің қазақ еместері талдаңдайды, ал Семей сол жәутеңдеген күйі қала бермек...
Өскменнің казактары Медведевтің алдына жиналып барып, қазақтың шығыстағы шалғай даласынан автономия сұраймыз деп жатқан көрінеді
Оттамасын! Отқа саламыз!
Қазақтың даласынан автономия сұрауы үшін Медведевтің не қатысы бар?
Медведев Ресейдің президенті емес пе?
Тура солай істесе ақымақ болғандары. Сұраса Нұрекеңнен сұраулары керек.
Сұрап көрсін, оған жауап та, екі саусақтың арасынан шошайған басбармақ та дайын деп ойлаймын.
Өскемендегі ағаларымыздың мыналары ұят болыпты! Москва-деп жазылган жердің өзі Астана деп жазылған жерден әлде қайда тәуір сиақты. Бұл дегенін өз елінін Астанасынан өзге елдің астанасын жоғары қойғаны емеспе! Тағыда Аэропорт сөзіне мән берсек: бұларыда көңіл қоншытарлық жай емес иа жазуға болатын еді үлкен әріппен ӘУЕЖАЙ деп жанына кішірейтіп аэропорт деп . Өскеменнін дардай атағына осылайша кір келе береме енді? Өскемендік бауырлар бұл қателіктеріңізді қашан жөндейсіздер?
Осылай өзімізді өзіміз төмендетіп, еңсемізді түсіртіп жатамыз. Қарап отырсақ, әуежайдың атын ауыстырған орыс емес, өзіміздің қазақтар. Облыс әкімі емес шығар, сол қаланың әкімі, бәлкім. Тіпті орысшыл болып бара жатсаңдар екі тілде жазыңдар. Қазақшасында нелерің бар? Бір жерлеріңе тар келіп отыр ма? Әлде атауы қазақша тұрса ұша алмай қаласыңдар ма?
Бақтығұл
Не деген жағымпаздық! Осы жалпақшешейліктен құтылатын күн бар ма, бейшаралар Әуежайды көріп орыс елінің патшасы мынау не демейді ғой, сол баяғы қазақы жалтақтық, осыдан кейін біздің тіліміз қалай өркендесін?! Осындай рухсыз болар ма?! Ақ-Ару.
Жагымпаздыгымыз коп осындай да. Енди кайтсын еки елдин ара жигин мыкты кылып, Оскеменди жабык кала атандыруына атсалысатын еки елдин арасындагы карым - катынасты конференция болатын сиякты. Каржысын алып, бир облысты жабык кала кылуга болады деген ойлары бар сиякты.
Будан сон Бердибекты казак тiлiнiн жауы деп атайык деп усынамын! Оган катар Бердибекты кызметынен босатуына акция жараялайык! Егер шын казак болсак, бундай сумддыкты кешируге болмайды!
Бұл жағдай Бердібек Мәшбекұлын қызметінен босатуға негіз бола алмайды. Акцияны басқаша жарияла, жариялағың келсе. Ал егер шын қазақ екеніңді дәлелдегің келсе Өскеменге кел де, қаланы басқар. Шамаң келсе облысты басқар.
Шыны керек, бұл ұят жағдай. Әуежай орнына Аэропорт дегенді қою ағаттық болыпты.
Ал бастандар акындар мен жазушылар жане баска мадениет кызметкерлеры бастандар: Улкен Рахмет Бердибек-агамызга, казактын жанын силайтын ел-агамызга, деп. Откенде гана осы спектакльды Оскеменде коргенмин, кимге патер, кимге машине, кимге акша - казак патриотизмнын куны осы
Бердібек Машбекұлы азамат адам. Қазақта ең жаманың мендей болсын деп жатады. Осы негізде айтатын болсақ Республикамыздың ең жаман әкімі Б.Сапарбаевтай болса, базара нету. Все будить ОК.
"Москва" деген атауды қазақша "Мәскеу" деп жазса қайтеді, ей, бұлар?! Ағылшындар да, басқа еуропалық елдер де "Москау" деп жазғанынан ұтылып жатыр ма екен?
Тұқымың өшкірлер ау! Қазақша жазуында нелерің бар?
Облыс ак1м1 Абайга б1р ескертк1ш ашты екен деп,оны сонша неге колпаштауымыз керек. Ел1м1зд1н рухани астанасы саналатын Семейд1н корген кун1 анау.Жет1м баланын кун1н кешкен облыска жаутандап.Журтым-ау соган неге кон1л болмейс1ндер?
Шыгыста ауылдагы казак мектептер1 жабылып жатыр.Ел не 1стер1н б1лмей дагдаруда.Казакка жаны ашыганы сол ма? Жанашырлыкты 1с жуз1нде корсету керек кой.Жаагымпаздыкты кою керек кой.70 жыл отыр болганымыз аз ба?
Оскеменде орыстардын т1пт1 балкондарына дей1н гул ос1рулер1нге каржы болген.Енд1 иттер1н тамактандыратын шыгармыз. Ал Семейге келгенде ундер1 шыкпайды, акша болмек туг1л1.Осыдан-ак тус1н1кт1 емес пе? Кайран ел1м,кайран жер1м кор болган ай...
Қайран Өскемен!!! Іргең қаланып, атың қойылғаннан бастап қазақылыққа бір жарымаған.... Алтайдың аясында, Ертістің жағасында тұрсаң да. Көне ғұндардың жұртында қалған жұрнақ емес пе ең...
Айтуға бәрі оңай,Өскеменді қазақтар басқару оңай емес.Кезінде Нағманов жап жақсы басқарды,орыстар монша салып алды деп көрсетіп содан ұшынып кетті.Орыстар өте ұйымшыл,қай қазақты болса да ұшырып жіберетін шамалары бар.Өскеменді басқару үшін орысты бірден тізеге салу да қауіпті,олар оңай жау емес.Ақырын жүріп анық басқан дұрыс.Сосон Семей қазақтарын өкпелетіп те өрге баса алмайсың,олар да орыстан кем емес.Сол себепті орыс пен Семей қазақтарының бабын тауып,таразының басын тең ұстаған қазақ қана облысты басқара алады.Менің ойымша енді Медведев келіп кетті,бір екі орыс әкім немесе облыс әкімінің орынбасарлары болып қалатын шығар.
Өскеменге қарасты аудан Қазағы.
Пікір қосу