Қасқабас Қазақ. «Эйр Астана» ұлттық компания ма? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Қасқабас Қазақ. «Эйр Астана» ұлттық компания ма?

Жәрдемші


Жуырда шетелге демалып келген бір жолдасымыз телефон шалды. Қал-жағдайды сұрасып болған соң, «Осы «Эйр Астана» компаниясы қай елге қарайтын еді? Қазақстан Республикасы оның негізгі үлескері, акционері емес пе еді?», - деп сұрақ қойды. «Ия, «Самрұқ-Қазынаға» кіретін ұлттық компанияның бірі», - дедім сасқанымнан. «Жай ма, тыныштық па?», - деп ентелей жөнелдім. Оқырманымыздың әңгімесі мынау:

«Олай болса масқара екен. Сол әуекомпанияның ұшағына мініп Түркияға бардым. Ұшаққа жайғасып, жүктерімізді жоғарғы сөреге салып, жайғасып алдық. Қасымыздағы үшінші орынға қазақшасы тәп-тәуір түрік жігіт отырды.  Біздерге қарап: «Мыналарың ұят екен. Ұшақтағы қазақша жазудың барлығы дерлік әріп қатесімен жазылған екен», - деп мырс-мырс етті. Әйеліміз екеуміз жан-жағымызға қарап, қазақша атауларды оқып, баратын жерімізге жеткенге дейін жолдасымыз екеуіміз үн қатпай отырдық. Тек шығарда ұялы телефонымды алып, әлгі жазудың біреуін суретке түсіре салдым.        Бір қызығы ұшақтағы қызметкерлердің барлығы дерлік қандастарымыз. Қазақшалары да жақсы. Сонда жаңағыдай олқылықтарды көрмей ме, көрсе басшыларына шағымдарын айтпай ма деп ойланып келдім».

Сол оқырманымыздың суретін порталға салғанды жөн көрдік. Осы мақаланы ұлттық компанияның, оны басқаратын «Самрұқ-Қазынаның» басшылары мен қызметкерлері көретін шығар деп сенеміз. Ең болмаса осындай болмашы мәселеде ұлтымыздың абыройын төкпей, қазақ тілінің берекесін кетірмей, барлығын дұрыстап жазар деп үміттенеміз. Компанияның әрі кетсе елу ұшағы бар болар. Солардағы қазақша жазулардың барлығын қайта жасаттырып, түзейтін болар деп сенеміз.

Сонымен қатар, портал редакциясы жаңа айдар ашып, оқырмандарымызды мемлекеттік органдардағы, компаниялардағы, көшелердегі осындай «олқылықтарды» суретке түсіріп, порталдың поштасына салып тұруға шақырады. Оларды сайттарда жариялап, тиісті қоғамдық пікір тудырып, тарихи және тілдік әділеттілікті орнату үшін бірге күресейік, ағайын!

 

 

«Абай-ақпарат»

 


 




Ты неге такой макала написал еттин? Эта же маскара... Биз шала-казахи не тусинбей сондай тяжелый екен текст. Написать ет где сол жерже ошибка бар мен Питер Фостер звонить етемин и говорить етемин эта неправильный соз деп



жақсы бастама?



бір сөйлемді дұрыс жаза алмаған қасқалар.



Абай порталы тағы бір жақсы бастама көтеіп отыр. Расында, қазақшасы қатеден көрінбейтін жарнамалар мен хабарландыруларды оқып қанымыз қарайып жүргенше суреттерге түсіріп алып (Құдайға шүкір, қазір бәрімізде мобильді телефон бар ғой)осы порталдың поштасына жолдай берейік.



дәл осындай жағдай біздің темір жолдарда жолаушы тасып жүрген вагондарда да бар, қойыртпақталған бірдеңелер, бұл зерттеуге тұратын тақырып, қалалардағы қазақша жарнаманың қателерінен шаршап ек, енді тағы бірдеңесі шықты, осы компанияларда аудармашылар бар, қазақ тілділер де бар, соны неге дұрыс қарап, тиісті жеріне жеткізбейді екен, мұнымен көп болып күресу керек, абай кей зет арнайы рубрика ашсын, қай қалада немесе қай мекемеде қазақ тілі көп қорлық көріп, келеке боп жатқанын көрсететін суреттерге, тілімізге жанымыз ашыса, соны әшкерлеп көрсетейік, тіл-тіл деп ойбайлағанша, бұл нақты іс нәтиже беретін сияқты



Айдардын аты калай болады?



ұсынып көрсейші



Жігіттер! Барлығымыз жабылып, Абай порталына жаңа айдардың атын тауып берейік! Менің ұсынысым "Атайғақ"



Жақсы бастама. Құптаймын. Атсалысайық, ағайын! Мұндай қателіктерге мән бермеу - өз Отанымызды сыйламау. Мейлі, қателескен екен, кешірім де сұрамай-ақ қойсын, бірақ қателіктерін жөндесін!!! "Самұрық-Қазынаның" басшыларына ресми хат жолдау керек, әйтпесе, ешкім жауап бермейді. Астанада мұндай қателерден ат сүрінеді. Абайдың: "Ат шаба алмас мінімнен", - деген сөзінен бір қорытынды шығарыңдар.



Әй, бірақ бұларға орысша айтқанда: "Боти" ғой.



ай сайын шығатын журналдарында да тек алғашқы беттегі мақаласы ғана 3 тілде беріліп, ары қарай қалған беттерінде тек 2 тілде

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 4 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>