Ақтаудағы түрмеден қашқандардың қалған он үші бүгін түнде ұсталды
Құрық
Ақтау, 26-маусым.
Бүгін, 26-маусым күні, араға төрт күн толғанда газетіміздің тілшісіне сағат түнгі 22-00-лер шамасында түрмеден қашқан қылмыскерлердің қалғандарының ұсталғаны туралы ақпарат жетті.
Естеріңізге сала кетейік, 22-ші маусым күні таңғы 5:10 шамасында Ақтау қаласының сыртындағы ГМ 172/1 қатаң режимдегі колонияда атыс болып, одан 21 сотталған қашып шыққаны туралы хабар сол күні таң атпастан бүкіл әлемге тарап үлгерген еді. Суыт оқиғадан жеті сотталған өліп, біреуі ұсталғаны, қалған он үші қашып құтылғаны туралы естімеген жан жоқ...
Естуімізше, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті, «Арлан» арнайы тобының іздестіруімен Маңғыстау ауданы, Шетпе елді мекенінен 20 шақырым қашықтықтағы Айрақты тауының маңында жасырынған қашқындармен арнайы жасақ арасында атыс болған. Нәтижесінде, 8 сотталған өліп, 5-еуі қолға түсті, араларында жаралы бар екен. Ал, сарбаздар тарапынан бір адам жарақатты. Сондай-ақ, қашқандарды көлікпен алып жүрген тағы 2 адам ұсталған. Естуімізше, олар көліктерге жарылыс жасаған.
Бұл оқиғаның сұлбасы анықтала бастағаннан бері редакция журналистері мәселені жіті бақылау үстінде. Алайда, оқиғаның діни «бояуы» барлығы, қашқандар уаххабилік ағымын ұстанатындар екені ақпарат анық болса да әлі даулы күйінде. Бірақ, түрмеден қашқан 21 адамның бірі, қолға түскен Ж.Құрмашев тергеу барысында оқиғаның қалай басталғанын баяндап берген. Ол қашқандардың уаххабилік ағымда болғанын жоққа шығармайды. Оның айтуынша, 22-маусым күні таңғы сағат 5.10-да болған оқиғаның жоспары бойынша, оларды қақпа сыртында үш автокөлік күтіп тұрған. Егер аман құтылып шыққан жағдайда, олар Жамбыл облысының Қаратау тауына жетпек болған. Құрмашевты тергеу барысында олардың уахаббиттік бағыт ұстанғандары анықталғаны туралы анықтама интернет сайттары бетінде жарияланды. Кейбір мағлұматтарға қарағанда түрмеден қашқандардың ішінде түрменің имамы Бекенов болғаны туралы біз жазған болатынбыз (қараңыз, «Үш қиян» №23, «Қатер - қапастан шықты», 24.06.2010ж.).
Қашқын тұтқындардың ішінде 2007 жылы Қордай ауданында «Такфирлер жамағаты» лаңкестік ұйымын құрғаны және басқарғаны үшін ҚР ҚК 233,164,251 бабы бойынша сотталған Дәурен Әлімбетов деген уаххабит қылмыскер де бар. Сонымен қатар 2008 жылы Маңғыстауда полиция капитаны Бисекеновты «Аллаһу акбарлап» өлтірген уаххабилік ағым мүшелері Е.Алпанов, Н.Ажиев, О.Жолдасбаев бар болған. Осының бәрі бұл оқиғаның діни бояуы қаншалықты қалың екенін көрсетсе керек.
Біздің елде кейбір діни астары бар қанды қылмыстарды жасаушылардың идеологиялық жағы бүркемеленіп, дінге қатысы жоқ қылмыс (тонау, кісі өлтіру) түрінде сотталып жататынын ескерсек, бұл оқиғаның да діни астары бүркемеленуі мүмкін деген күдік туады. Сондай-ақ Қазақстан түрмелерінде тіпті басқа «классикалық қылмыс» түрімен түссе де, олардан өте жылдам түрде уаххабшы «жасап» шығаратын тегеуріні қатты қатерлі үдерістің үдеп тұрғаны да қылмыстар сипатын анықтауды қиындатады.
Әрине, кісі өлтіріп, мемлекетке, қоғамға, жеке адамның хақысына қарсы жасалған қылмыс қандай ұрандармен бүркемеленсе де, одан оның «бәсі» кемімейді. Бұл орайда әңгіме көрініп тұрған ақиқатты бұрмалағысы келетін кейбір құзырлы орындар өкілдерінің қылығы туралы болып отыр. Күні кеше ақпарат құралдарында Маңғыстау облыстық прокуратурасы өкілдері оқиғаның діни астарын көпе-көрінеу елегісі келмеген түр байқатты. Алайда, «бүркенген жерге бүрге үйір болатыны» тағы рас. Ғалам болып тас түйін күресіп жатқан терроризм мен діни экстремизм әрекеттерін ашық талқылап, қоғамды құлақтандырып, сақтандырудың несі зиян екенін түсінбей-ақ қойдық. Елдегі рухани-діни процестердің даму үдерісін жіті қадағалайтын «ҮШ ҚИЯН» Ақтау түрмесіне қарулы шабуыл оқиғасының да жай-жапсарын бақылауда ұстап, оқырманға шынайы ақпарат, тыңғылықты талдау ұсынуды жалғастырмақ ниетте.
Алмас Қуанбай
«Үш қиян»
27-маусым, 2010 жыл




Ұлтаралық қақтығыстар және діни экстремизмнің қантөгістері алыстағы Африка мен Таяу Шығыста және жақын жердегі Ресейлік Кавказ бен Ауғанстанда сияқты болып көрінетін. Енді міне, біздің өзіміздің Орталық Азия (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) мен Қазақстанға да келіп жетті. Бұл, әрине, алдағы үлкен сұмдықтардың тек басы ғана екендігі сөзсіз.
Бұл болған оқиға, әрине, алдымен Такфиршілердің ісі. Қала берді Салафилер мен Уаххабшылардың ісі. Бір Қазақты екінші бір Қазақ "Аллаһу акбар!" деп бауыздайтын болды. Енді бұл оқиғадан кейін бұл "Шәһид" болғандардың жақтастары, діни фанатиктер болса, "Маңғыстауда қаза тапқан бауырлары үшін кек алуға шығатыны" анық. Енді бір Қазақтың көзіне екінші бір Қазақ "кәпір" болып көрінетін (елестейтін) болды. Осыған дейін жеттік...
"Рушылдық" дейтін дерт бізде бұрыннан бар еді. "Жершілдік" дейтін дерт те бұрыннан бар еді. "Мәңгүрттік" те асқынған ауру еді. Енді, міне, "діни экстремизм" атты тағы бір дерт қосылды. Ауру үстіне ауру жамаған қайран халқым-ай.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
дурыс. уш кияннын осындай откир макалаларды тайсалмай жариялап туруы он есе жон. ойткени ауруын жасырган оледи.дертимиздин не екенин жане неден олетинимизди билип журейк.естеринизде болса Кыргызстанда да Озбекстанда да болып откен окигалардын басы осылай басталган.алдымен каскырларды кой етип корсету (ваххабтарды, саляфиттерди калыпты мусылман етип корсету урдиси), сосын ваххабшыл идеологияны таратып отырган БАК аркылы оларды "шын мусылман" деп жарнама жасау,дастурли сеним иелерин (олар кимдер демениз олар - гасырлар бойы ата баба дини мен халыктык дастурлерди уштастырып, халыкты уйыстырудын, бейбитшиликте омир сурудын тендессиз моделин жасаушылар) негизсиз каралау (ойткени арты шики болган сон осылар келешекте нанымызды тартып аладыдеп коркады гой), мемлекет аумагынын ар аймагында болып жаткан дини кактыгыстар мен окигаларды жасыру, мине осындай картина.Оу агайын ваххабтар мен салафиттердин колымен жасалатын дини экстремизмнин алдында рушылдыгын да жершилдигин да тук те кауип емес. кайта солай болинген жон бе деп калам кейде.ойткени ваххабтарда ру, жер, ултка болушилик жок. олар ушин барлык улт бир, руга болину кина емес - ширк (ширк жасаушыны атып олтирсен сансыз сауапка батасын),тагы солай солай кете береди...ен соракысы Актаудагы окиганын басы касында турме мешитинин имамы бар, тагы баска "шынайы мусылмандар" гой. меники каралау емес ашыну.енди сак болыныз агайын
Қазақстандағы барлық мешіттердің имамдарын шұғыл арада тексеру керек?!
хиджаптар қаптап кетті. Солармен күресу керек!
Хиджап кигендермен күресу керек деп ұран тастап отырсың, ендеше қолыңнан келсе Құранмен де күресіп көр! Хиджаб киюді - Аллах Құранда әйелдерге парыз еткен! Аллаһтың өзі әйел адамға парыз етсе Аллахтың бұйрығына қарсы шығатын сендер кімсіңдер?! Ертең Ораза айына да қарсы шығарсыңдар, сосын намазға сосын Ислам дініне де қарсы шығарсыңдар. Сендер ең алдымен ақ пен қараны ажыратып алыңдар! Сосын барып сөйлеңдер!
Сондай ақылды ержүрек еркек болсаңдар түңгі клубтарға барып темекі шегіп, кез-келгендерге тәндерін сатып жүрген қазақтың қыздарымен күресіп көріңдер! Көшеде ауыздарына келгенше *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*ауыз сөздер сөйлеп, сыра ішіп, темекі шегіп жүрген "современный" "крутой" қыздармен күресіп көріңдер! Керемет крутой болсаңдар "Иегова куәгерлеріне" "Благодать" сияқты сектанттарға шоқынып кеткен шоқынды қазақтардың беттерін бері қарай қайтаруға күштеріңді салып көріңдер. Мықты болсаңдар араққа шалынып кеткен қазақтарды құтқарып көріңдер! Күшті болсаңдар наркотиктерге әуес болып кеткендермен күресіп көріңдер! Қайдам оған сендердің "ерліктерің" жетпейді,керісінше олар өздеріңді жіберетін жеріне жіберіп,апаратын жеріне апарып тастайды. Сендер ешкімге зияны жоқ, бес уақыт намазын оқып, мүмин әйелдерді ғана сынауға батырсыңдар!
Құр үйде отырып клавиатураны басып, сөйту керек, бүйту керек деп айтқанға барлықтарың батырсыңдар!Бұндай батырлар тек ас үйде ғана батыр! Аллах сендерге иман байлығын берсін! Амин!
мынауыңнан на банальный уахаббисттің иісі шығады ей
Булардын (уахабтын салкыны барлардын) тагы бір ауруы - созге токтамау!!! Сойлей берсек женеміз деп ойлайды... Аллах сактасын!
Бұлар бірінің созін бірі қайталайды.. Эй осы діндегі адамдар неге ойланбайсыңдар осыдан келіп кететін пайда барма! Осы сендермен журген ағайндарын осы діндегі олар тек кундік дос қой ҚАЗАҒЫМ! Неге жақсылыққа талпынбайсыңдар ілімге ғылымға білімге.. Отырып алып шалдар құсап адамға уағыз ақыл айтқаннан басқа ештене білмейсіңдер.. Біріңнің сөзіңді бірің қайталайсын!! ай ай қандай мемлекет боламыз осындай жауыз уахабилер тұрғанда!
казір кай меітке барарымызды білмей, коркатын болдык кой! сакал жіберіп, балагын кыска кайыратындар "онда барма , олар капірлер" десе, зікіршілер уахабшыларды "сектанттар" дейді. уа, кімге сенеміз?
уахабшылар болсын, жалпы діни фанатиктерді жойп салу керек"
Діни фанатиктер дегеніміз кімдер? ОСЫНЫ АЙТЫП ТҮСІНДІРІП БЕРШІ?
azattyk org сияқты бір ақпарат көздерінде осы оқиғаға байланысты орыс тіліндегі хабардың астында кәмменттерде вахаббиттерді ақтаушы, оларға жаны ашушы , мұны құқық қорғау органдары өздері жасап жатыр дейтін пікірлер толып тұр, басқа да орыс тілді ақпарат көздері солай дейді. Бұл не деген сорақылық, адам өлтірген, сол үшін түрмеге түскен, одан соң түрмеден қашқан қылмыскерлерді жәбір шегуші етіп көрсету.
Жалпы Казахстаннын барлык имамдарын тексеру керек.Солардын оздери бугинги куни уаххабизмди насихаттап жастарды бузып болды.Кошеден капкара болып хиджаб киген кыздар кобейип кеткен.Беттери жабык тек коздери гана корингендиктен олардын еркек не болмаса айел адам екени куман туызады.Жалпы мен хиджапка карсымын.Кай атабабамыз хиджап киген.
Хиджапты ешкім ешкімге зорлап таққызып жатқан жоқ. Оны Аллаһ парыз еткен. Имансыз адам әрине жаулық таққанды жазғырып, керісінше кіндігін ашып, төсін көрсетіп, тоңқайса турсиі көрінетін қыздарды жақсы көреді. Өзің ұнатпасаң да Аллаһтың бұйрығына қарсы шықпа! Бірен саран адамдарға қарап Аллаһтың діні Исламға баға бермеңдер. Аллаһтан қорқыңдар, бауырлар. Аса қамқор, ерекше мейірімді Раббымыз халқымызды тура жолға салып, екі дүниенің жақсылығын берсін!
мына біреуден де уахаббисттің иісі аңқып түр ғой..... сен сөйлемей-ақ қойшы өтінем
Я дұрыс айтасыз не болса соны жазыпты! Сіздермен келісемін қай ата бабамыз хиджап киген айтындарш. ОЛар арабтардын қатты куннен қорғану үшін киіп жүретін киімдері. Осы Қазақтар біреуге еліктегіш ақ. Не дұрыс тіліміз жоқ не дұрыс дініміз жоқ! Назарбаев кетсін оның да бір туысы осы діннің артында жүр дейді ғой! Ол қалай қозғалсын енді
Мына уаххабист не айткысы келип отыр.Айел адамнын барлыгы тосин корсетип киндигин ашып трусии коринип журген ештенелери жок кой. Бирли жарым жас кыздар журди бир еки жыл бурын киндигин корсетип.Казир ондайларды кормеймин.Себеби ол модадан калган.Хиджабсызда казирги заманга лайыктап узын юбка не болмаса койлектер коп кой.арабтын киимин кеймей ак.Мешиттерди сосын имамдарын тексеру керек .себеби олар казирги танда уаххабизмди насихаттап жастарды терис жолга салып отыр.Мен мешитке бармаймын .Себеби уаххабист болгым келмейди.Хиджаб кейгим келмейди.
Зикиршилерде.уаххабистер де казахка кажет емес
Боска көпіре бермей жоғарыдағы мақаланың қаншалықты қазаққа қаупі бар екенін сараласаңдаршы. Зікіршілер ден қандай қауіп бар.Уаххабистерден қандай қауіп бар. Соны ойландар. Кімнің діні дүрыс екені бір Алланың алдында аян. Бірақ адам қанын төгіп, қатігездікке жетелейтін дін, дін емес ол қазақ жастарының арасынан жасаған түсініктері тар тоң мойын ұлтына жаны ашымайтын топастардан жасақталған шетелдің қол шоқпары. Елдің арасына іріткі салушы догмалар.
Осы пікірмен келісемін жаса болды деп не болса соны жаза бермейік. Бұл abai.kz сайтына рахмет осындай куйіп турган маселені электронды форум қылып жастардың сана сезімін дамыту үшін осындай өте қажетті мақалаларды жариялап "ой турті" болып отырғанына. Алмас бауырым бастаған ұжымғада дән ризамын батыл екен. Оқырман ретінде "Үш қиян" газетін мүмкіндігінше оқимын. Осы газет Қазақстанның жер-жерлеріне, ауылдарға дейін тараса деген ұсынысым бар. Жастар ненің не екенін ажырататын еді.
Менің саяси сарапшы ретінде бір ескертетінім зікіршілер деп өзіміз тонын тер фйналдырып алганбыз немесе әлде кандай сырткы куштердін әсерінен терістеп берген.Айтпесе менің аталарымның бәрі зікір салған.Демек мүнында астында біздің түп тамырымыздан кесуме деп ойлаймын. Сойтіп жанагі уакаптиме не солар тонкеріс жасап елдін байлыгын алып, кызын кун, улын құл қыладау. Ай ертерек ойланумыз керек.18
Өзбекстан секілді "Жиһат" "Ширик" анау болмайды.Мынау болмайды. Әулие деген жоқ.Тумар тақпандар дегендердің барлығын.Ату жазасына үсыну керек. Түрмеге қамасан мынандай түрмедегі онган адам жатама барып улап жоғарыдағы қаны пезерлерді дайындап шығарады. От ен улкен проблема. Сендер әлі былжырап отырсындар.
АЛЛАХТАН БАСҚА ҚҰДАЙ ЖОҚ! МҰХАММЕД (C.Ғ.С) ОНЫҢ ЕЛШІСІ!
ЛЯ ИЛЛАХА ИЛЛАЛЛАХ, МУХАММАДУР РАСУЛАЛЛАХ!
ИСЛАМ - АДАМЗАТ БАЛАСЫНА ЖІБЕРІЛГЕН ЕҢ ТУРА, ТАЗА ЖОЛ!
Пайғамбарымыз - хақ, Құран - шын!
Аллахтың өзі де рас, сөзі де рас! Ал рас сөз ешқашан жалған болмас! (Абай Құнанбаев)
Сендер де, тексермей барып, "Үш қиянға" сеніп... Бірінші болып, "Нұр" газеті қашқындарды "зікірші" десе, қайтер едіңіздер? Білуімше, қашқындар қарапайым криминалды баптармен сотталғандар.
Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.
Джон мақұл, қазақ қызы хиджабын киіп алып қап-қара болып жүре берсін. Уахаббисттер кісі өлтірсе де оларды мүминдер деп түрмеден шығарып жіберейік. Түрмеден қашуға әрекет жасаса, көмектесіп жіберейік. Уахабист қазақ шетелге көшемін десе, көшпе деп барлық жағдайын жасайық.
Менің ойымша, бұны әдейі ұйымдастырып отырғандар бар. Мақаланы жазып, пікірді әр түрлі қылып, елге қара жауып дегендей. Аллаһтың дініне тискендер оңбай қалады байқаңдар. Аллаһ бәрін көреді, біледі. Сендер де бір адамның баласысыңдар, қай жерде жұмыс істесеңдер де жеке бастарыңды ойлайсыңдар, отбасы мәселесі т.б. Сендерге зиян келмесе де келешек ұрпақатрыңды ойласаңдаршы. Бұл дүниеде біруге жағу қиын..
Ту мына жоғарыдағы соңғы екі пікір қвшқын ваххабтардың ниеттес екені көрініп тур. Қашқандар ваххабтар есем жай қарапайым қылмыскерлер деп буркемелегісікеп жасырып жатқанынай.Бауырлар "ауруын жасырған өледі деген" несін жасырасындар несін жақтайсындар. Аллаһ сақтасын ондайлардан.
Мақалада түрмеден қашқандардың және қолға түсіп қаза болғандардың аты-жөндері берілген ғой. Оны тексермей-ақ қоюға болады. Себебі, бұл есімдер қазаққа жақсы таныс. Бұлар - такфиршілеп адам өлтіріп сотталған уаххабистер. Яғни, Аллаһтың дініне емес, Уаххабтың ойлап тапқан дініне сенетіндер. Аллаһтың дініне мойынсұнбай, Адамның (Уаххабтың) дініне құлдық ұрғандар.
Уаххабизм сектасына Қазақстанда тиым салынбаған. Тек қана "Хисбут тахрир" мен "Жамағат Такфирге" тиым салынған. Ал көршілес Өзбекстан мен Тәжікстанда бұларға қоса "Ахмадие" мен "Салафияға" да, "Уаххабизмге" де тиым салынған. Сондай-ақ, Тәжікстан мен Өзбекстан Хиджап пен Нихаб киюге де тиым салған болатын. Онысынан көп ештеңе шыққан жоқ. Жалпы тиым салулар арқылы бірдеңені шешем деу қате. Арақ ішу мен *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лікке де Заң шығарып тиым салуға болады, алайда одан арақ ішкіштер мен *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лер азаймайды.
Уаххабизм сектасының негізін қалаған - Мухаммад абд-ул-Уаһһаб әт-Тәмими (1703-1787). Ол өзінің негізгі көзқарастарын "Китаб ат-таухид" атты еңбегінде (Уаххабизмнің не екенін білгілісі келгендерге оқып шығуға кеңес беремін) баян етеді. Бұл кітапты оқып шыққан болсаңыздар, "Құрандағы" мұсылмандық пен Уаххабтың сектасының мұсылмандығының арасы жер мен көктей екенін көресіздер. Мұсылмандық басқа, Уаххабшылдық мүлде басқа.
Фанатизм дегенді "қиялкез" деп аударып жүр ғой. Мысалы: "Футбол фанаттары" - "Футбол қиялкездері". "Діни фанаттар" - "Діни қиялкездер". Мәселе Хиджабта емес, Қазақстанда Хиджабқа тиым салынбайды. Себебі, Қазақтан Хиджабқа тиым салған, Хиджаб кигендерді Заңмен қудалайтын Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия емес. Қазіргі мәселе Қазақтардың бостан-бос қырылып қалғандығында болып отыр ғой. Бәрі де Қазақтың азаматтары ғой. Бір-бір отбасының тірегі болып, жас бала-шағасы мен қартайған ата-анасын бағып отыратын азаматтар. Бір-бірімізді қырып салатындай онша көп халық емеспіз. "Осының алдын алуға болмады ма екен" деген ой ғой мазалап отырған.
Оның үстіне, Қырғызстанда тұрақты билік орнамай осылай жалғаса берсе, немесе "Азат ету қозғалыстарын" тұқыртып ұстап отырған Өзбектердің басшысы Каримов ака олай-бұлай болып кетсе, немесе Амарика әскерлері Ауғанстаннан кетіп қалса, ондағы Ислам фундаментализмі күш алып, қару-жарағымен жіне есірткісімен бірге Қазақстанның да төріне енеді ғой. Сонда біздің елде, Қазақстанда да "діни экстремизм негізіндегі" қантөгістер басталып, соғыстар ғасырлар бойы толастамайтын Ауғанстан мен Шешенстан сияқты елге айналуымыз әбден мүмкін. Жағдайдың өзі соған кетіп барады.
Сол кезде Орыстар (Ресей) күлмей ме. "Біздер өздеріне еркіндік беріп, елдерінен кетіп қалып едік, Қазақтар дұрыс ел болып, мемлекет болып та тұра алмады. Оларды адам қылып отырған біз едік қой" деп. Ел болуды ойлаған дұрыс секілді. Қазақтар - мұсылман халқы. "Қазақстанның болашағы - Ислам дінінде" сөз жоқ, әрқашан осылай болуы тиіс. Болашағымыз әртүрлі әсіре секталарда емес.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
Менің басым қатып кетті. Мемлекет қайсы дурыс, қайсы бурыс екенін ажыратып беретін уақыт жетті. Мынау деген сорақы гой. Турмеден тузелсін деп жатқыса, қатыгез қаншер болып шығатын болса не болды.
Аллахтың дініне тиіскендерге Аллах өзі лайықты жазасын береді. Аумин.
Адам өлтіруші қылмыскерлерде дін болмайды, бауырым.
Осы Үш қиян бале болды қазақты діннен бездіріп. Уақаб деп қорқытады. Өздері маңдайларына қазақтың тәуелсіздігі үшін күрескен Мұстафа Шоқайдың суретін іліп алып, ФСБ-ның сөздерін сөйлейді. Вахаббист, террорист деп. Өзі бөлінген қазақты қырық пышақ қылғанша, шынайы мұсылманның мұндай қылмыс жасамайтынын, бұл істің ар жағында криминалитеттің тұрғанын жазыңыздаршы. Алла Тағала имансыздан шыққан дін дұшпанын кешіруі мүмкін, егер ол кеш те болса тәубаға келсе. Ал мұсылманнан шыққан дін дұшпанын ешқашан оңдырмайды. Сендердің зардаптарын бәрінен бұрын өзіміздің қазаққа тиеді ғой. Біреудің иті болып оттай бергенше, ғылымды оқып, көздерінді ашсаңдаршы. Аллахтың мейірімі шексіз.
Бауырым Үш қиянның барлық мақалаларын шайып ішіп алған адам құсап сөйлеп тұрсың ғой. Ештеңе білмесең сөйлемей-ай қойсаң қайтеді. Бір бұрышта жатпайсың ба артыңды қысып. Біле білсең қоғамдағы ең қауіпті, өршіп тұрған мәселелерді Үш Қияннан басқа жарытып, ғылыми сараптап жазып жатқан БАҚ кем де кем. Құлды құл десең өлгісі келеді, Биді құл десең күлкісі келеді дегендей сауатсыз пікірлеріңді елге жария қылғанша өзіңмен өзің жүре берші
Мыны бір кісі де жазыпты. Ақтаудағы түрмеден қашқандарға орыстың ФСБ-ның не қатысы бар екен. Түсіндіріп айтыңызшы?
"ҮШ ҚИЯН", МЕНІҢ білуімше қазақты діннен бездіріп жатқан жоқ. Сүттей ұйыған қазақты тарам-тарам қылуды көксеп жүрген салафи-уахабилерден бездіруде. Олар өмірде бар. Аңыздағы кейіпкер емес. Мүмкін,Сіз де шырылдағаныңызға қарағанда солардан боларсыз. Қалай болғанда да, Алланың мейірімі шексіз екені бізге де мәлім. Бірақ, Алла жолы бейқамдықты көтермейді. Тәуелсіздігімізді енді алғанда сыртқы күштердің жемі болып кетуден Алла сақтасын. Мына пәлелелердің жолы, сөзссіз соған апарады.
Үш қиян бәле болған жоқ қазіргі шындықты айтып отыр.
Үш Қиян мен зікіршілер мына жерге дежурный отырғызып қойыпты ғой. Әрбір өздеріне жақпайтын комментке жауап жазатын. Зарплатасы бар ма бұл жұмыстың...
Ақысы - Алланың дидары. Бірақ сені бұл жұмысқа алудың жөні жоқ. Бір сөйлеміңде 4 қате. Тіл тазалығын сақтамай орыс сөздерінің өзін "дежурный", "коммент", "зарплата" деп ұсқынын кетіретін адамның керегі жоқ. "БӨТЕН СӨЗБЕН БЫЛҒАНСА СӨЗ АРАСЫ, ОЛ АҚЫННЫҢ БІЛІМСІЗ, БИШАРАСЫ" (Абай)
http://ushkiyan.kz/?p=2706
Бүгінде уахабиттер дегендер көбейіп кетті. Қалай арбап алатынын қайдам, әйтеуір жылдам көбейіп барады қатарлары. Намаз оқығандары да қызық, бір түрлі. Олармен күресетін уақыт жетті -ау.
Былтырғы жылы оқу бітіріп, қарындас оқуға түскен. Қалай екенін қайдам бір жылда хиджап киіп, намаз оқып шыға келді. Хиджабын туысқандары жылағандай болып жүріп шешкізді, әйтеуір. Оны айтта, бұны айт, соңғы кездері "сондайлар" көбейді.
Таң қалатыным: уахабиттер біздің салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрыптарымызға қарсы шығып, жоққа немесе бұрысқа шығарып жүр. Олардың айтуынша біздің ата-бабаларымыз қателескен міс. Олармен күресу керек!
Өзіміздің Ата жолымызбен жүрейік, ағайын!
Осылай ашык жазылган макалага таласып отыргандарга тусінбедім?! Ангіме жок жазылыпты... Уш киянды енді тастамай окимын осы макаласы ушін.
Хиджаптан неге шошитындарыңызды түсінбеймін? Исламда әйелдің беті мен екі қолы білегінің ашық болу керек емес пе? Құранды Аллаһтың сөзі екенін мойындасаңыздар, Бұл тәртіп сол Құранда айтылған.
Бүгінде ашық жерін жауып, дінге бет бұрған әпке-апайларымыз көп-ақ. Алайда қазіргі таңда барлық жерін жауып, тек қана көзін көрсетіп, қап-қара киініп алған кісілер көбейіп кетті. Бұларға қарап, түрлі ойлар оралады. Тіпті жүректі қорқыныш билейді. кім біледі, бұлар батыстан келер терролар ма, елімізге жаман пиғылмен келген, әлде шынымен дін жолында жүрген жандар ма? Бұл тек бір АЛЛАҒА аян болып отыр.
"Үш қиян" газеті баяғы софылардікі екені анық қой. Мақала авторы да солардың басты фигураларының бірі. Бір секта екінші сектаны жамандап, қылмыстарын әшкере етіп жазуы өте қызық екен... Жалпы, қазақ неге адасып кеттік екен, а?
Қазақты адастырып жүрген сауатсыз мүфтият пен адасқан уахабтар. Бұл мақалада қылмыскер уахабисттердің түрмеден қашуы жайлы айтылған екен. Үш қиянның осындай өзекті мақалаларды жариялайтыны ұнайды елге. Қылмыскердің аты қайда барса да қылмыскер. Атам қазақтың мына мақалы орынды осы жерде:
Жаманды жаман деп айт, құты қашсын;
Жақсыны жақсы деп айт, нұры тасысын.
сопылық секта емес, адаспандар! Қазақтың бүкіл ата-бабасы осы ақ жолмен жүрді. Онда біз бәріміз сектанттардың, тексіздердің ұрпағымыз ба? Қазақпыз, қазақпыз деп көкіректі ұрып, мақтанамыз. Өйткені шындығында да мықтымыз, қанымыз таза, жанымыз таза! Осы тектілік, осы тазалық ата-бабаның қаны арқылы бізге келді. Уахабшы мырзалар, ата-баба әруағына тіл тигізе бермеңдер. Адассаңдар өздерің адасып, сол балақтарыңды қырқып, иектеріңе бір құшақ сақал қойып жүре беріңдер, бірақ қазақтың өзге азаматтарын былғамаңдар! Бәрібір барар жерлерің қараңғы, сол тас-түекке өздерің кетіңдер, өзгелерді де сүйремей!
Исматуллашыларға ҚМДБ тарапынан Пәтуа берілген:
"Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы ел тыныштығы мен халық татулығын сақтау мақсатында «Сенiм. Бiлiм. Өмiр» қоғамдық бiрлестiгiне, яғни «Исматуллашылар» тобына сауатсыздар мен адасушылардың тобыры деп баға бередi".
Бұдан артық не керек? Құрметті Абай kz. ұжымы. Мына зікіршілер сіздердің сайттарыңызды былғап бітірді. Абай болсаңыздаршы...
ҚМДБ-ның төрағасы Әбсаттар Дербісалиев біреуге пәтуа бермей-ақ, бірінші өзін жөндеп алсын да. КСРО кезінде Пайғамбарымызды *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* деп кітап басып шығарған адам енді мұсылман бола қалыпты, қандай жиіркенішті. Ең болмаса сол әрекетіне кешірім де сұраған жоқ қой. Түріне қарап адам шошиды, нағыз ертегідегі шайтанның кейіпіне ұқсайды. Әркеттері де шайтанның әрекеті. Қазақтың бәрін адастырып бітірді. Оның қасындағы нөкерлері де дәл соның кейіпін киген, өңкей сауатсыз дүмшелер. Қалай болғанда да Құдайдың алдында кімге қандай жаза боларын көрерміз.
Адамның сыртынан жамандау - ғайбат. Біз періште емеспіз күнәдан пәк, сол үшін де біреу туралы пікір айтудан бұрын өзіміздің кемшілігіміз туралы ойланалық. Ал, Ә.Дербісәлі - ҚМДБ-ның төрағасы ғана емес, үлкен ғалым. Ол кісінің сырт түріне қаратып кемсітіп, "шайтанмен" салыстыру нағыз тәрбиесіздік, көргенсіздік.
Derbisali shin galim bolsa nege otkengi katelikteri turaly jazbaydi, paygambardi singan enbekteri turali jazbaydi? Eshkim bilmeydi dep jur me
Пікір қосу