ҚАСАҢ ЖҮРЕКТІЛЕР ШЫРАЙЛЫ КӨРІН БЕЙДІ. | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

ҚАСАҢ ЖҮРЕКТІЛЕР ШЫРАЙЛЫ КӨРІН БЕЙДІ.

Жәрдемші


- Қиялы бай адамдар қай кезде де жетпесті айтып, сағын сындырмай, еңсесін түсірмей, өмірін інжу көзін іздеумен өткізетінін білеміз. Көне заманда А.Македонский Диогенге: - "Сізді ойшыл, ғұлама дейді. Өзіңізге қандай жақсылық жасауды қалайсың", - дегенде, бөшкіде отырған Диоген: - "көлеңкеңізді әрі алып кетіңізші", - депті. Ой алыптарының бөтеннің көлеңкесінде қайырымдылық нәпақасымен өмір сүргісі келмейтін асқақтығы осындай болса керек. Осындай рухани асқақтықты санасы ояу, сезімі кір салмаған жандар ғана үлгі тұтады. Аяқ астынан келген капитализм қайсыбіреулердің бет пәренжесін сыпырып алып жатқанда өз ұстанымдарын сақтап қала алған жандар некен-саяқ көріп жүрміз. Олардың да ішіп-жемі мен шайлығы молдау орта іздеп кетуге мүмкіндіктері болса да қара шыбынды қазан басынан қайыр тапқысы келмесе керек. Тіршілікте саңлақтар мен саңырауқұлақтар қатар тіршілік ететіні әуелден бар. Аусар топтан аражігіңді ажырата білсең де, заманмен заңғарлас болмайтындай амалың жоқ. Жеткеніңе қараулық, жетістігіне құйтұрқылық жасайтын жетесіздер мен өресіздер өктемдігі діңкелетеді. Олардың ықтыра алмаса да, бұқтырып алу ниеттері іске асырылып жатыр. Өз ортасынан әділдік таба алмағандардың бойы да, ойы да дел-сал. "Шын атқа мінгенше, шыбықты ат қыла тұруға" шыдамы жеткендердің шыдам шегі тым ұзарып бара жатқандықтан, торығу мен енжарлық меңдеп барады. Білім қуған білімділерден дүние қуған жырындылар көбейген кезде елім деп сыздайтын жүрек қасаң тартады. Елім деп елжіремейтін жүректен қора тазалайтын күрек құнды деген бар. Қасаң жүректер елінде іскер адамдар - басшылыққа, ісмер адамдар - қосшылыққа жарамайды екен. Білгенін өз өресі деңгейімен өлшейтін дөңайбат үстемдіктен ығыр болғандар әділдік табар жөн-жосықты таба алар емес. Өз ісінің дұрыстығын айта алатын қақпасы ашулы, қалтаға көзі түспейтін төрелікке мұқтаж. Шарбат ішпек болғанда тұздық ұрттап қойғандай жайларды бастан кешкендер сырт көзге шырайлы көрінбейді. Тұрмыстық жағдайына алаңдаулылар үйіне кісі келсе құда болар деп үміттенетін кәрі қыздың жеңгесіндей билік аузына жалтақтайды. Көз ашқаннан көш соңында салпақтап, орта жолда не оңға, не солға бұрыларын білмей, күн көріс үшін көше тазалағандар арасында біліктілігі мен тәжірибесі, іскерлігі мен қабылетіне лайықты қызмет таппай итшілеп күн көргендер аз емес.
- Ежелгі заман ойшылдары туралы айтылған бір тарихи аңыз бар. Халық жиналған үлкен жиында "арам байлық пен адал кедейлік" жайында Сократ сөйлегенде тыңдаушылардың көзінен жас шығып, тағдырына налыған екен. Перикл сөйлегенде кедейлік өмірге лағынет айтып, Марси сөйлегенде бұлай өмір сүруге болмайтынына көздері жетіп тарасыпты делінеді. Сол айтылған арам байлық пен адал кедейлік ғасырлар бойы жалғасып, бүгінге дейін бет бейнесін өзгертпей сүйретіліп әлі келеді. Жалпы байлық атаулы адам еңбегімен жасалады да,теңсіздік сол еңбек өнімін меншіктенуден басталатыны белгілі. Ырысын щалқытып, ырғалған тұрмыс жасау адал еңбек ететіндердің маңдайына жазылмаған секілді. Нарық ханталапайында үлес алуға арамнан ауызданып үйренбегендердің қолы жетпей қалғанын көре қалдық. Үйтілген сирақтың бақайы да бұйырмағандар қулыққа құлықты етіп тумағаны үшін шешелеріне өкпелеуден бөтен амал таба алмай жүр. Олардың бұл аңқаулығы тарихи романда айтылған, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Шағат батыр аулы әйелдерінің : "батыр атамыз бар да бізге жау не істеуші еді" деп, ұршығын иіріп отыра берген қамсыздығын еске түсіреді.


 


 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>