Бұл карта (суретте) қытайдың жалпы білім беретін мектептерінде 9-сынып оқушыларына арналған тарих пәнінің оқулығында пайдаланылады екен. Карта оқушыларға «1860 жылы Патшалы Ресей күшпен тартып алған бұрынғы Қытай территориясы» деп түсіндірілетін көрінеді. Қытай оқулықтарына 1949 жылдан бері енген картада Жамбыл облысынан бастап күншығысқа қарай созылған қазақтың жазиралы өлкесі, тауы мен тасы, қалалары мен өзге де нысандары патшалы Ресей тартып алған қытай дүниесі ретінде ұқтырылып келе жатқанға ұқсайды.
Қазақстан Қытаймен арадағы шекарасын анықтап, белгілеп алған ел. Ежелден қоңсылас. Көрші отыр. Сондықтан Қытайдың бұндай жосықсыз деректі тарихи құжат ретінде ұстануына қарсылық білдіруге толық қақысы бар. Алайда, біздің билік өзінің әлгіндей қақын еш кәдеге жаратқан емес. Есесіне, жалға жер беремек болып жанығып отыр. Аса құпия бір дерек көздеріне сүйенсек, 2004 жылы Алакөл ауданынан (Алматы облысы) 7000 га жерді он жылға, яғни, 2014 жылдың соңына дейін жалға алған 3 мың қытай (хәнзу) азаматы қазір өнімді еңбек етіп жатыр-мыс.




kitaiga 1 metr jer bermeu kerek.kim bolsada 1 metr jer bermeu kerek.kazakhstanda jurgen kitailarga kun korsetpeu kerek
Өмірбек Байгелді Ли Боны қазақ деп қақсап жүр еді. Тегін емес екен ғой. Қытайлар Ли Боны «Шу бойында туған» деп өңмеңдеп жүрген Өмірбекке неге үнсіз қарап отыр десек, мынадай сұрқия саясаты бар екен. Өңмеңде, өңеште, Өмірбек. Өстіп жүріп жеріңді де, сүйікті ақының Ли Боны да қытайға беріп тынарсың...
Сабалақ
Егер Қазақстан өзінің бұрынғы территориясын көрсетіп, "шынайы" карта шығарса, Россия да, Өзбекстан да, Қытайың да өре түрегелер еді. Біздің елдің бейқамдығына таң қаламын. Естуімше Россияның да кейбір жерін Қытай картада "өзіне қосып алыпты".
Өздерің білгенге мәз болмай. Картада не деп жазылған. Қай жерлеріміз көрсетілген. Бояулар нені аңғартады. Көк мұхит болсын, сары, жасыл, күлгін түстер нені айтып тұр.Аудармасын неге талдап жазбайсыңдар.Автор бұл жерде сіздің хабардар етіп отырған мәселеңіз өте орынды. Бірақ қазақ қытайша емес орысша , қазақша жақсы түсінетінін ұмытпасаңыз екен.
Бул кытайдын арам пигылынан туган карта-гой,копе-корнеу жасалып отырган суганактык саясат.олардын тарихтагы жерi улы корганнын iшi,ал бiздiн териториямыз- iле,алтай,тарбагатай казiгi кытайдын осы уш аймагын камтиды деп жауап ретiде тарих окулыктарына енгiзiп окытуымыз керек,оздерi сиякты картасын корсету керек.бул халык- iшi-сырты бiрдей арамдыкка толган халык кой...озiшiнде сыбдыр еткеннен секем алып,коркып отырадыда,сыртка жонын кампайткан болады.ал,бiз болсак оны айдагар деп аспеттеймiз,олар айдагардан горi жер тесетiн кор тышканга кобiрек уксайды.кезiнде МАО американы кагаз жолбарыс деген едi,ендiгi кагаз айдагар оздерi.бiз урпактарымызды барлык елмен тен дарежеде рухани жагынан тарбиелеуiмiз керек,ойбай анау-аю,мынау-айдагар деп отырсак ертен елiмiздi кiм коргайды?Бiздiн азаматтарда намыс,жiгер жетiспейтiн сиякты,кашанда корганшактап,томеншiктеп отырганымыз.Уйгурлар тауелсiздiк ушiн жан пида етiп атса,бiз тауелсiздiгiмiзды сактауга кулыксыз болып отырмыз.бул агында олардан уйренерiмiз бар...
Ашық болсын,алашымның аспаны!
Қазақтан тарихын дұрыс жазып, ежелгі ата мекендерімізді нақты картаға түсіріп, балаларымызға дұрыс тарихымызды жеткізейік деген ниті жоқ, халық емес - балық болдық -ау.
Қытайға салсаң, маңайындағы көршілерінің жері түгелдей солардыкы. Меніңше, бұған мән бермеу керек. Біз қайта бақытты екенбіз, Моңғолия тұтасдай баяғыда қытайдыкы "болып" кеткен. Бұл үшін моңғолдар талай рет шамданып қытай өкіметіне шағымданды да. Ресми Бейжің "Біз Моңғолияның тәуелсіздігін құрметтейміз, картадағы қателік баспадан болды, анадан, мынадан болды-мыс" дегенді айтады да қояды. Сондықтан қазақ билігі бұған бола ауыз ауыртпау керек. Өзін ұлы елміз дейтін елдердің үйреншікті әдеті ғой бұл. Ең бастысы, еліміз ядролық қаруды игеру керек. Сол кезде қана олардың ауызына құм құйылатын болады. Сосын, анау ұйғырлардың тәуелсіздік алуын құдайдан тілейік. Олар бізге буфер болатын халық.
Ағайын,қорықпандар!Биздің кітаптарымызда да қазақ жері қазірден де үлкенірек көрсетіледі.Мысалға,Түрк кезеңін өткенде қазіргі Моңғолия,Қытайдың батысы,Қашғар біздікі етіп көрсетіледі.Мысалға менің балам мектептен келіп маған арқашан айтады:"Әке,біздің жеріміз одан да үлкен ғой,орыстар,өзбектер,қырғыздар,моңғолдар мен қытайлардан жерімізді қайтарып алуымыз керек",-деп айтқанда мен өзім таң қалдым.Сондықтан біздікілер де шүршіттерден артта қалған жоқ.
Асылболат Советханұлы
Бұл Қытайдың Шығыс жақ территориясының картасы ғой.Қараңдар он жағында Тынық мұхит.Ол Қазақстан емес.
Жоға, бұл жәй кішірейтілген карта ғой, Балқаш тұр, әне, көрдіңіз бе)))
Бұл құмырсқалар біздің жерімізге қод сұқса,кезіндегі бабаларымыз МӨДЕ мен ШЫҢҒЫСХАН шапқыншылығын қайтадан танытуымыз керек.Олардың көп екенін қорқпауымыз керек.Біздің бабларымыз азшылықпен көп жеңістерге жеткен болатын.Ең жарқын мысал Жәңгір хан бастаған 600 алаш баласының 50 мың қалмаққа қарсы шығуы,және жеңуі.Біз Ұлы,батыр халықпыз.
Қазыбек,АҚТӨБЕ
Бұл Әңгімені ұлғайтуға да болмайды, Қытай деген халық әдейі сені ашуландырып, сосын сылтау іздейтін жылым, сұрқия ел. Олардың 30 қулық деген кітабын оқысаңдар осы секілді қулықтар жазылған. ол әдейі жауын ашуландырады, сасқалаққа салады, сол арқылы басып алудың жолын қарастырады. Қулығына құрық бойламайтын елмен еріксіз көрші болып отырған соң, және күшіміз жетпейтіндіктен бұл туралы салмақты ойлаған жөн. сондықтан қазіргідей жағыдайда өте мән беріп сүрендеудің керегі жок. Кәрістер, орыстар, Моңғұлдармен бұл жөнінде тілдескен жөн. Дегенмен осы картаны әр қазақ есінде сақтауы, қытаймен байланыста барынша сақ болуы керек. Көз алдағы пайда үшін қытайдың дендеп кетуінің алдын барынша алу керек.
- Анахарсис
Қытайдың балалары қаршадайынан қазақтың жерінқытайдың жері деп оқып өссе, ертең міндетті түрде «жерімді қайтар» деп өскенде талап қоймасына кім кепіл? Мына масқараны дүниежүзіне әйгілеп, жария еткен жөн шығар.Халықаралық ұйымдарға жеткіу керек!
Толыққанды пікір айту үшін, картадағы қытай жазуларын қазақшаға аудару керек еді.
"Бұл Қытайдың Шығыс жақ территориясының картасы ғой.Қараңдар он жағында Тынық мұхит.Ол Қазақстан емес".
Әй, шекесі шәш-шәш, географсымақ неме, картаға дұрыстап қара, картаның оң-солын ажырата алмайсың ба? Жоқ, әлде, өз еліңнің қайда орналасқанын білмейсің бе: Қазақ елі қытайдың батысында, ал, Тынық мұхиты шығысында. Көк ми!
Егер тарихты зерделеп қарасақ Қазақ деген халықтың мекен еткен нақты территориясы қазіргіден әлдеқайда үлкен екендігі шындық қой. Жарайды сонау алыс Түркі кезеңіне бармай-ақ қоялық, тек ХV - ХІХ ғасырлар аралығындағы еліміздің шекарасын алып қарасақ та жеткілікті. Ресейдің оңтүстігін жағалай орналасқан Астрахан, Орынбор, Омбы өңірлері, Қытайдың батысындағы Шыңжан өлкесі дерлік Қазақ деген халықтың шұрайлы мекені. Егер Қазақтың басқа да басы бүтін айырылған жерлерін есептемей осылардың аумағын біріктіріп жіберсеңіз, шамалап айтқанда кемінде қазіргі Қазақстанның жартысына тең территория пайда болар еді. Күштінің арты диірмен тартады - дейді , кезінде Орыс пен Қытай боданындағы халыққа тиесілі жерлерді ақылдасып бөліп алған. Біз қазір Аю мен Айдаһардың ортасында қалған Көк Бөрінің соңғы бөлтірігіміз. Сондықтан, Аюдың табанында, Аждаһанын аранында қалмас үшін қауіпсіздікті бүгінен ойлауымыз керек. Сол үшін жүрегі Қазақ деп соғатын әр азамат қолынан келгенінше ұлт намысы үшін күресу керек.
Бұл жерде ешкім қорқып, болмаса болмаған дүниеге аттан салып отырған жоқ. Бұл әрбір жанды мақұлықта болатын қорғану инстинкті. Біз бүгін пікірімізді білдіріп, өз көзқарастарымызды айту арқылы ертең болатын қауіптің алдын аламыз.
Ал, қазіргі мемлекетіміздің ұстап отырған көп векторлы деп аталатын - саяси жалпақшешей позициясы ұлттың, елдің, жердің тұтастығына кепіл бола ала ма? Біз алдымен эканомика, содан соң саясат деп қарынның қамын алға қойғанда Қазақ деген ұлттың қауіпсіздігін ұмытып кеткен жоқпыз ба? Біз шынымен қандай мелекет құрудамыз гибридтенген Қазақстан ба, әлде Қазақтың мемлекетін бе?
Қытайлар оқулықтарында өздерінің жас ұрпақтарын өзгеге кеткен жері туралы, қисынсызды қисындырып үйретіп жатса, біздің оқулықтарымызда байырғы қазақ жерінде тұрып, Қазақстанға келіп жатқан ОРАЛМАНДАРды кезінде қашып кеткендер ретінде танытады. Жігерсіздік, жалпақшешейлік, жорта білмегенсу, өзінікін өзекке тебу деген осы болар. Өзгеден қорықсақ та, өз ішімізде жұқалап айтуға болады ғой.
Картадан хабары шамалы бауырларыма түсінік: мұнда қазіргі Алматы облысы түгелдей, Жамбыл облысының ең шұрайлы жері толықтай, Оітүстік Қазақстанның шығысы, Шығыс Қазақстанның жартысынан көбі, Баян-Өлгий аймағының батыс бөлігі қамтылған.
Пікір алынып тасталды!
мұнда қазіргі Алматы облысы түгелдей, Жамбыл облысының ең шұрайлы жері толықтай, Оітүстік Қазақстанның шығысы, Шығыс Қазақстанның жартысынан көбі, Баян-Өлгий аймағының батыс бөлігі қамтылған тарихта қытайдікі деп жазылған. Тек Ресей мен қытай көне патшалығы арасындағы теңсіз келісімдерден осы жерлерімізді орыстар тартып алған. Ал олар бұл күндері тәуелсіз ел болып отыр. Бұл әсілі қытайдың жері демекші. Оған басты айтатын уәжі Шыңғысхан заманы, кейінгі Манжур патшалығы. Бір қызығы бұл екеуі де қытайды басып алған көшпелі моңғұлойт ұлттар қытайда құрған мемлекеті.
Қазақ даласында тайраңдап жүрген қытайларды абайлап, бақылай жүріңіздер. Өйткені олар Кейбір тарихи орындарға қытайдың көне бұйымдарын көміп кетеді де, сол жерден кейін қазылып алынғанда міне, бұл қытайдың жері деп айттық емес пе дейді. Тибетте, Шығыс түркістанның быраз жерлерінде сондай оқиға болған және кейбіреулерінің жалған, кейін көмілген нәрселер екені белгілі болған.
ТҮбі бір түркі елдері бірікпей қытай мен орысқа төтеп бере алмаймыз! Әрине бірлік еуродақ секілді біртұтас шешім шығаратын тәуелсіз елдерден құралуы керек. Қытай мен орыстың ең қорқатыны түркі халықтарының бірлігі! Өйткені олардың ата жауымыз ғой!
Ей ,жігіттер ! Елді сақтаудың жалғыз жолы ---- көбею. Сондықтан "мен" деген қазақтың жігіттері 3-4 қатыннан алып ,
қазақтың бір де бір қызы байсыз қалмау керек . Өмірдегі жалғыз шынайы байлығың----- ұрығың .
bayan olgei kazakhtin jeri goi mangoldardi kuip jiberu kerek.kitaida kuip jiberu .jalpi mangoliani kazakhstanga kosu kerek bir abtonomya kilip .men oz ulesimdi kosam. ULAANBAATARDAN
http://www.massagan.com/forum.php?mod=viewtopic&topicid=21&start=625
Ассалаумағалайкұм, мен сол қытайдағы Қазақ болам.анау кәртаның аудармасын жоғарыдағы адірістен көре аласыздар. ол кәртаның сызылуы дұрыс ғой, несы қате, шамаларыңыз келсе, сіздер неге Астыраханнан бастап,Омбы.Тәшкент,Алтай,Іле,Тарбағатай,Баркөл,Мори,еренқабырға,Байанолгимен қосып, мектепте сабақ ғылып өтпейсыздер ?!
олардың бұнысы ойыншық,ұрпақ санасына біз ежелден ұлы ел едік, патшалықтардың әлсіздігінен айырылып қалдық,енды сендер мықты боп , орай болса,сол жерлерды қайтарып алыңдар деген идейа тастайды,Қазақтарда солай істесын, шама жеткен бір кұны, барін қайтарып алу керек деп өсірсе , ол қайтарып алмаған кұнның өзіндеде қолда бардан айырылып қалмауға әрекет етер еды, жас балаларды рахат,мұқтар,нән секілдылердың былық-шылығынан аулақ ұстаса қандай жақсы.
Уагалеикуиссалам кытыайдагы бауырым ,сен дурыс аитасын солай етпеиінше біздікі боска ауре болуы ыктыимал. Актау каласы.
жоғарыдағы мен едым, мен тек бізге қатысты жерын ғана Қытайшадан аударып қойдым, қытайдың қиыр шығыстағы,оңтұстык теңызындегі даулардың бізге қажеты не ?!
Осы алпауыт елге көршілері аузын аша алмайды ғой...қорқады...
Менің бір ұққаным, қазақ мұсылман дінін мықыт ұстануы керек. Бұл мықты дініміз бізге қалқан болмақ. Мұсылмандықты ұстанған халық арасына басқалар сыналап та кіре алмайды. Мысалы, біріккен Араб Әмірлігінде халықтың тек 20 пайызы - арабтар. Қалғандары келімсек- үндістер, пәкістандар, қытайлар, филипиндер, орыстар. Ал араб халқы олардың жағымсыз қылықтарын маңына жуытпайды, қыздары келімсектерге күйеуге шықпайды. Қытайда да қытыайлар ұйғырларды ассимилияцияға ұшырата алмай жанұшырып жатыр, егерде ұйғырлар мұсылмандар болмағанда, шаруалары баяғыда бітетін еді. Міне, кілт қайда жатыр. Еуроқазақ.
Өшіп бара жатқан халық...
Олай айтпа алшаш улы болсан ,бауырым жамандыкты аулак кылсын.
Пікір алынып тасталды!
ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ САНЫН КӨБЕЙТУІМІЗ КЕРЕК! ҰРАНЫМЫЗ КӨКБӨРІ БОЛУ КЕРЕК! АҚЫЛ МЕН ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ КЕРЕК!
Бар айтқандарың дұрыс! Қазақ рухы жасасын! Бірақ, менің айтқанымды ұмытпаңдар! Еуроқазақ.
Бауырларым!Бізге "Ядролық қару" деген қалқан ауадай қажет!
Алаш баласы
Па-ширкин! Сорлы, соры бес ели казак, Сорлы саткын Сенат сымак, Байгелди сымак сорлы еркексымагы бар Казак!
Алаш баласы! Ядролық қаруды кезінде біз өз еркімізбен берген жоқпыз, бізден АҚШ күштеп тартып алды. Келешекте қолға ұстата қоюуы да неғайбыл шығар.
Кытай жері мынадаи мынадаи деп есіміз кетпесін бауырларым ,есіміз кетер сол куні жерімізден кетсе еліміз,
МИД арқылы әбден талданып, Үкімет пен Парламентте талқыланып барып, Қытайға дипломатиялық түрде запрос жасалуы тиіс еді... Мемлекеттіліктің үлкен не кішілігі болмайды.Халықтардың көп не аздылығы басты мәселе емес.Қазақ санын емес сапасын көтеру ең бірінші мәселе.Егер Қытаймен екеуара дипломатиялық байланыстарымызды істей алмасақ біз қандай елміз?Саясатта қорқақтық не сақтық болмайды тек тиімділік пен мұқтаждық болады.
Менің білуімше Қытай бізді ешқашанда басып алмайды, Қайта тыныш, біртіндеп кіре береді де, көбейеді. Немесе Қазақтың кезектегі сатқын билігі иә қытайға, иә орысқа бодандыққа өзі мойын ұсынуы мүмкін. Сосын экономикалық тәуелді етіп, айтқанына көндірееді. Демек, қытайға жем болмаймыз десек, Қазақ Республикасы экономикалық жағынан дамып, тәуелділіктен арылу керек. Сосын қытай біздің байлығымызға көзсатып отыр, сондықтан Сыртқы саясатта түрлі күштер тепе-теңдігін сақтай білген жөн. Дегенмен қытайдан қорқып орыстың құшағына құлауға болмайды. Ресей мен Беларусь одағының мемлекеттiк хатшысы Бородин Қазақстан кедендік одаққа кiрiп, 2017 жылға қарай одақтық мемлекет құрылады деп мәлiмдедi. ЕурАзЭҚ мемлекеттiк хатшысы Тайыр Мансұров интеграцияның түпкi мақсаты – одақтық мемлекет құру деп ашық айтты. Бұл тәуелсіздікке биліктің өзі балта шаба бастағанының дерегі емес пе! Тәуелсіздікке қатер төнді!
kitaiga 1 metr jer bermeu kerek.kim bolsada 1 metr jer bermeu kerek.kazakhstanda jurgen kitailarga kun korsetpeu kerer
-----------
Бір метр емес, бір сүйем десеңші!
"Сера" қайда, бірдеңе десейші. Алдында осы маған сын айтқанда керім едің ғой.
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Асау тарпаң қайда, оған оралмал десең бітті тулайды .
Пікір қосу