Үкіметтің «керемет» болып келетін статистикалық есебіне қарамастан, күнкөрістің қамымен қала сағалап, үлкен шаһарларға қоныс аударып жатқан қазақтың саны ай сайын өсіп келеді. Ал, қала қазақты күтіп алуға дайын ба? Тіркеуде жоқ қалалық қазақтардың саны қанша? Олар қалай күнелтіп жүр? Үкімет неге қазақтың қалалық ұлтқа айналуына қарсы пиғылда? «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жастарды ауылға қуудың сыры неде? Ішкі көші-қонды реттейтін және қаладан пана іздеген қазаққа қолдау болар арнайы бағдарлама неге жоқ? Ауылдан қалаға келетіндердің дені жас отбасылар. Егер бүгінгі жолмен жүре берсек, әркімнің босағасын паналаған жаутаңкөздерімізді жоғалтып алмаймыз ба? Санаққа енбегендер еленетін күн туа ма? Сен, есепте жоқ қала кезген қазақ баласы, не күйдесің?
Талқы-Форум бүгінгі қазақ қоғамының талмасындай болған осына тақырыпқа қозғау салады. Шер тарқатайық, бауырлар.



Пікір алынып тасталды!
мына пікірлер алынып тасталған соң түк қызық екен, айтқың келгенін айтқың келмей қалад,
"Дипломмен ауылга" баягы кыз-жигиттерге мектептен кейин кой бактырган комсомолдык бастаманы жамылган саясатты еске түсиреди. Менин байкауымда, биздин елде еки нарсеге тек казакка керек кундылыктар сиякты карайды. Бириншиси, ауылды коркейту, екиншиси, аскерге бару.Баска улттар кобинесе калада, технологиянын жетистигин корип, бизнес жасап, т.б. сапырып турганга куштар.
Немене, "Дипломмен ауылға" деп орыстарды және орыстілділерді алыстағы ауылдарға қуайын деп пе едің. Онда ұят болады.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
Қазақтар ауылға! Ал орыстар қалаға!! Елбасымыздың салиқалы саясаты советтер одағының ұлы бастамасын осылай жалғастыры түспек. Қазақтар қойшылар. олар ауылда тұрсын. Қалада үй жоқ., жер жоқ! Қазаққа келмейді. Ауылға, ауылға, ауылға........
Ауылға барып мал бағыңдар. Өздерің де мал бола түсіңдер. Ал заман ірі қалалардың ықпалымен алға жылжып отыр. Асылы қала мен ауыл бірін бірі толықтайтын еді. Есесіне өндірісі жоқ Қазақстан қалалары шетелден тауар тасып сатып, ауылдың шикзат өндіру қуатын керексіз етті де, ауылды тозаққа айналдырды. Ауыл бұл күндері молаға оқсайды!!! Жұмыс жоқ! Болашақ жоқ! Даму жоқ! Білім жоқ! Тек жан бағысс, қарын, қарын!!! Ал қала аз санды биліктегі бай-батшалар мен кедей зиялыларының, ссосын қаптаған орыс, карис, ұйғыр секілді өзге ұлттардың ықпалында. Қалада негізгі орындардың иесі орыстар. Жаңа саудаларды солар жасайды. Қазақ жалдамалы құл секілді! Ауылға қашу бейшара құлдардың тір0,лігі.20. Нағыз қазақ наполеон секілді ауылдан шығып, қаланы бойсындыруы керек. Қазақ қаланы меңгергенде ғана, қала заманауи тұрмыс, өндіріс қалыптастырғанда ғана біз тәуелсіздік нығайды деп айтамыз. Болмаса буыны бос жарымжан бала секілді қала береміз!!! Асау
Бізде оралмандарға бөлінетін қаражаттан, жетімдер үйіне бөлінетін қаражаттан, қарттар үйіне бөлінетін қаражаттан жырып жеу әдет емес пе. Қазақстанның өзіне тән әдеті. Тағы да сол таптаурын схема бойынша: "дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы жас мұғалім немесе жас дәрігер ауылға барады. Бұл бағдарлама бойынша әлгі жас маманға көтерме қаражат берілетіні белгілі. Құм басқан ауылдан үй-жай сатып алуға немесе салып алуға жеткілікті қаражат. Яғни, ауылдың өлшемімен қарағанда, мол қаражат. Алайда ол қаражат әлгі жас маманның қолына ешқашан тұтасымен тимейді. Себебі, қазір бұл қаражатты жас маман мектеп директорымен, аудандық оқу бөлімінің (немесе жас маман дәрігер болса, денсаулық сақтау бөлімінің) басшыларымен "бөлісуге міндетті". Оны бөліспесең, мектеп Директоры (ол кісіні бас әріппен жазу керек) жас маманды жұмысқа алмақ түгілі ауылының маңына да жолатпайды. Бұл - әр күн сайын қайталанып жатқан шындық. Қазақстанның ащы шындығы.
Ауылға барамын, ауылға!
Ауылға, ауылға, ауылғааааааааа- деп сорғалататын әнші бар еді ғой, Тайлақбай деген. Соның тайраңдап сахнада ән айтып тұрғаны көз алдыма елестеп кетті.
Дауысында сондайлық сағыныш, ауылға деген ыстық ықылас бар.
Міне, осыларды жіберу керек, қолдарына малшы таяғын ұстатып.
Ішкі көші-қонды реттейтін және қаладан пана іздеген қазаққа қолдау болар арнайы бағдарлама неге жоқ?
Урбанизация тәлкегін ауылдан келген адамдар өздері ғана көріп келді. Меніңше ауылдан қоынс аударғандарды қалаларға жерсіндіру үшін мемлекет тарапынан бағдарлама керек. Неге керек?
Қала тұрғындары бұрынна қалыптасқан, үйлері бар, жұмыстары таныстары бар. Олар әлеуметтік қиыншылыққа көп ұрына бермейді. Ауылдан келген адам пәтер жалдайды, балаларын әр жерге тасымалдап оқытады. Тапқан табысын бөлуге мәжбүр.
Екіншіден ауылдан келген адамдар мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Олардың саны артып мемлекеттік қызметте саны көбейгенде мемлекеттік тіл қызметінің аясы кеңейді. Осы тұрғыдан үкәімет бір шаруамен екі істі шешеді.
Қазіргі билік Кремльдің өткен ғасырдағы 50-60 жылдары берген тапсырмасын орындап жатыр. Ол тапсырмада Қалада Қазақтың саны 20 пайыздан көп болмасын деген қатаң талап бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Мәскеу есін жиа алмай мәңгіріп тұрған шақта біраз қазақ қалаға келіп алды. Енді Ресей билігін Путин алып есін жиған Кремль қазақ деген малшы, егіншісінен айрылып бара жатқанын көрді. Содан, өзі тағайындаған қазақтың мәңгүрт билігіне жедел тапсырма жіберді. "Қазақтар қалаға келмей, даладағы мал қоралары мен егіс басындағы қостарына қайта оралсын. Әйтпесе Мәскеу мен Санк-Питербурктің орыс халқы азық түліксіз қалады" деп. Содан біздің "аса ақылды" билік "Дипломмен ауылға" деген ұранды ойлап шығарды. Мұнымен бірге, қала қазақтанса мемлекетте қазақтанып кетуі мүмкін деген қауіп те күннен күнге ұлғайып келеді. Бала-шағасын тек орысша тәрбиелеп-оқытып жатқан билік қаланың қазақтануына да өлсе де жол бермес. Әркім де, керек болса торғай екеш торғай да балапаны үшін жанын қияды емес пе. Біздің билік те дәл солай.
Бүгінгі қазаққа тек қана білімді[тәрбиені, мәдениетті] жақсылап игеру керек! [қазақ]Білімді болса кез келген қалада, мемлекетте, құрлықта емін-еркін жүре береді.
Менің ауылымда кезінде миллион қой болған. Бүгін мыңға әрең жетеді. Ауылдағы 200 отбасынан қалғаны 40-ақ. Жұмыс беретін жалғыз орын - мектеп. Онда оқушыдан ұстаз көп. Бір күліп, бір жылайтын жағдай осы емес пе
«Қазіргі билік Кремльдің өткен ғасырдағы 50-60 жылдары берген тапсырмасын орындап жатыр. Ол тапсырмада Қалада Қазақтың саны 20 пайыздан көп болмасын деген қатаң талап бар».
Дұрыс айтасың Бауырым. Кезінде содай жазылмаған заңның болғаны рас. Қазіргі билік дәл сол тапсырманы орындап жатыр дегеннен гөрі, билік ауыл саясатында немесе Қазақ ұлты саясатында түк істемеді (бездействие) деген дұрыстау болатын сияқты. Керек десең ең бір сорақысы анау тәуелсіздік алған жылдардан бастап ақ Қазаққа, оның ішінде ауыл халқына не істелді׃
1) Тұрғын үй жекешелендіру кезінде сол айтылған талап бойынша Қазақтың түгелге жуығы ауылда болған. Қаладағы Орыстарда өле жатқанында екі үштен пәтері, дачалары, гараждары болды, олар сол ерте кезден өтірік үйленіп, өтірік айырылысып, соның арқасында пәтерлерін көбейтіп, оны ауылдан келген қазақтарға жалға беру бизнесін жолға қойып алған еді. Жекешелендіру кезінде дәл сол күйі бөліп бере салды. Қаладағы картина өзгермеді.
2) Ауылға мүлдем қарамай қойды. ССРО ның таралуы қарсаңында ауылдағы әр отбасында ең бастысы қолда бар малдың өнімін қайда апарып сатам деп, ешкім бас қатырмайтын. Тауығының жұмыртқасы мен, сүйек саяғына дейін живсырья, заготскот дегендер келіп тұрып, ауылдан жинап әкететін де, бүкіл ауылдың халқы содан түскен қаржымен ақ бала шағасын қалада оқытып, үйлендіріп, баспаналы қылып отыратын.
3) Жастарға оқуға да, жұмыс істеуге де жол ашық болды. Мысалы мен өзім военкоматтан шоферлық курс оқыдым, әскери бөлімнің жолдамасымен жоғары оқуға түстім, жас маман болып ауылға келгенде, алты айлық оклад мөлшерінде өтеусіз көтерме ақы, басыма баспана және отбасымды көшіріп әкелуге тағы ақша беріп, мамандығыма сай жұмыс берді.
Мен мұнымен совет өкіметін мақтайын деп, немесе соны қайтаруды көксеп отырғам жоқ, ішіме симаған әттегенайды айтқым келеді. Болмағанда, қолда тұрған сол жетістікті бағалап, уыстан шығармай ұстап қалу керек еді. Қазіргі билік жиырма жылда өз ұлтын көтеруге, яғни ауылды көтермесе де, талапайға салмай аман алып қалу үшін түк істеен жоқ дегім келеді. Ең алдымен ауылдың күнкөрісі болып отырған ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алатын, сақтайтын, өңдейтін кәсіпорындарды талан таражға салмай сақтап қалса болғаны еді ғой. Бір оқпен екі қоянды атып дегендей, ауылдың халқы күнкөріс үшін қалаға лап қоймай, жағдайлары болып сол ауылда отырар еді. Ал, қалаға бірлі жарымды кететіндер болып жатса, дәл бүгін басымыздан кешіп отырғандай үйсіз-күйсіз, ақшасыз, жөн-жосықсыз ағылу болмас еді. Қазір қалаға кеткен ұлдарымыз мен қыздарымыз ауылдан екі қолға бір жұмыс таппай қалаға ағылуда. Аядай ғана жалдаған пәтерлеріне оншақтыдан тығылысып алып, табылса ең лас, ең ауыр, ең еңбегі аз жұмыстарда жүр. Таппағаны қылмыстық жолда жүргені қаншама (наркотик, алдау, тонау, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лік, жеңгетайлық т.с.с), шаруасы дөңгелеп кеткендер некен саяқ.
Мен өз басым қазірі билік халықтан, дәлірек айтсам ұлт мүддесін ойлаудан тым алшақтап кетті деп есептеймін. Қазақ тілінің өз мемлекетінде өгей баланың күйін кешіп жүргені өз алдына бір мәселе. Қазақша сөйлемейтін билік оны не қылсын? Балық басынан шіриді. Ендеше Талқы-Форумда қойған «Үкімет неге қазақтың қалалық ұлтқа айналуына қарсы пиғылда?» деген сұрағыңызға жауап осы, жаны мен тілі қазақы өкімет болмай, Қазақстанда қазақ болудың өзі бір проблема. Оны кез келген оралманнан ақ сұрап біле беріңіз. Ертеде хан халыққа ұнамаса, халқы ханды тастап, көшіп кетеді екен. Ал бүгінгі отырықшы заманда біз не істеуіміз керек?
auto insurance quotes %DDD etna health insurance =-O free health insurance =-PP
cheap home insurance bxo cheap car insurance ubg health insurance pthlm individual health insurance plans dea
Ауылдан келгендерге қалалықтар VIP қалалықтарға ауылдан келгендер калхозник чабан мамбет
Ауылда бұға бермей қалаларды қазақтандырған жөн, ал сосын - жағдайын түзетіп алғаннан кейін ауылға да барып, оның дамуына үлес қосу әркімнің міндеті....
colchicine 7733 zovirax 8-]]] levitra webster university film series 917381 accutane 249
nexium vaniqa xenical tramadol :PP synthroid %-DDD propecia 013010 topamax and excessive weight loss >:-DD
ordering cialis online lanmco viagra %]] universal life insurance 9733
неге ауылга дид, ауылда жетисип турганы шамалы гой,жагдай жасасын да, бари тек коз бояушылык та
nywaea
home insurance in florida ddsb online auto insurance 52172 life insurance 8-O levitra 83466
cheap health insurance yom short term health insurance 323447 life insurance for seniors alc levitra online 856
I can't imagine my life without this articles, Phentermine 37.5 mg and ice-crema. I all the time have fun being on this site
buy car insurance online =-) cheap health insurance riavt cheap accutane online dtgrzl
Пікір қосу