Интернет-конференция: Дос Көшім (жалғасы) | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Интернет-конференция: Дос Көшім (жалғасы)

Жәрдемші


Жексенбі күні өтетін сайлауға орай «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім мырзамен сайлау хақында өткізілген конференция мәресіне жетті. Оқырмандар жолдаған соңғы бірнеше сауалға жауап берген Дос Көшім: «Сайлауға сенім осы уақытқа дейінгі  сайлаулардың әділетсіз өткендігінен ғана кетті» деген ойын жеткізіпті.

«Абай-ақпарат»

- Дос аға, ой-толғамдарыңызды оқыдым, рахмет!

Әрбір қала, ауданда сайлау орталықтары бар. Төрағасы -  Нұротаннан, ал, орынбасарлары басқа партиялардан қойылған. Шындығына келгенде, елді-мекендерде «Коммунистік» партия да, «Ақ жол» да, «Руханият» та жоқ. Партиялардың белсенді жұмысында көрмейсің. Бірақ осындай кезекті сайлауларда әлгі партиялардың барлығы Аралдың табанына жасырынып, су келген соң қайта тірілген тұз балықтар сияқты қыбырлап жүреді. Бұл нені білдіреді? Саясаттан ба әлде өтірікке әбден малданған халықтың «жамандығынан» ба? Әлде науқан кезінде ғана партия екені есіне түсетін қуыршақтардан ба?  Бәлкім, билік қоғамдық саяси институттардың дамуын қаламай ма? бұған не дейсіз?

ҰЛЫҚБЕК ҚАПТАҒАЙ

- Меніңше, сіздің айтқан себептердің барлығы да бар. Сайлау келгенде «тірілетін балықтар» - Қазақ елінде көп партиялы жүйе бар екендігінің «дәлелі» ретіндегі көлеңке көрсеткіштер. Олардың сайлау арасындағы тіршіліктерін, жүзеге асырған іс-әркеттерін (дұрысында, әрекетсіздіктерін) халық жақсы  біледі. Сондықтан бүгінгі партиялардың 80 пайызын партия деп айту да қиын. Екінші ойыңыздың да жаны бар. Егер билік көппартиялық жүйені дамыстқысы келсе, өркениетті елдерде оның сан түрлі механизімі бар. Өкінішке қарай, бізде сол жолдардың бір де бірі жоқ.

- Депутаттардың ішінде Қазақстан тарихында «мен зейнет жасына келдім», - деп абыромен зейнеткерлікке кеткен депутат болды ма?

- Өткен шақырылмдағы Депутаттардың ішінде, ұмытпасам, біреуі (үлкескерлердің есебінен үй салған алпауыт болуы керек) өз еркімен кеткен сияқты. Нақты аты-жөні есімде жоқ.

- Дос мырза, Президент Конституциялық Кеңестің шешіміне не себепті вето қойды деп ойлайсыз? Бұл кезекті ойын ба, әлде жұртқа "жақындаудың" тәсілі ме?

Жаңаөзенде билік партиясынан басқа саяси партиялар сайлауалды науқанын жүргізе ме? Оған билік рұқсат бере ме, әлде кедергі ойлап табуы мүмкін бе?

"Жаңаөзендегі тұтыну тауарларының бағасы өзге аймақтардан арзандатылды" деп мемлекеттік БАҚ айтып жатыр. Бұл саясат ел ішін бөлшектемей ме? Азаматтардың наразылығын тудырады деп ойламайсыз ба? Және азық-түлік бағасын арзандату арқылы Жаңаөзендегі күрделі жағдайды жеңілдетпек болып отырған биліктің ісі күлкілі емес пе?

Сайлаудан сенім неге кетті?

Осында Құрманғазы Рахметов деген азаматтың медалға қатысты сұрағы болып еді. Жаңылмасам, Сіздер, "Желтоқсан" медалін тағайындап, оны Президентке, Н.Сәбиляновқа және тағы бірнеше адамға беріпсіз. Құрекең сол жайлы сұрап еді, бұған не дейсіз?

Осы сайлауда әділетсіздіктер орын алып жатса, халық өз құқын қорғап, (Ресейдегідей) әділдікті талап ете алатындай дәрежеде деп ойлайсыз ба? Егер олай болмаса, қоғамның саяс-құқықтық сауатын көтеру үшін қандай кешенді шаруалар жасалу қажет деп білесіз?

- Президенттің ветосына мен де түсіне алмадым. Егер төтенше жағдай сақталса, кандидаттар халықпен кездесу өткізіп, жиын, шеру жасай алмаса, сайлаудың (кандидаттар арасындағы тартыстың) болғанынан болмағаны дұрыс.

Басқа партиялардың сайлау науқанын жүргізу, жүргізбеуін сол партиялардан сұрау керек сияқты. Менің көзқарасым - төтенше жағдай кезінде сайлау науқанын жүргізуден бас тарту қажет.

Сіздің ойыңызды қолдаймын. Егер әлеуметтік мәселе шиленіскен жағдайда, халықты тыныштандыру үшін, тек сол аймақтағы бағаны төмендетсе, бұл - барып тұрған ақымақтық болады.

Сайлауға сенім осы уақытқа дейінгі  сайлаулардың әділетсіз өткендігінен ғана кетті.

«Ұлт тағдыры» қозғалысы 1986-1990-ншы жылдардағы тәуелсіздік үшін күрескен азаматтарға Алғыс хат дайындап тапсыруға мұрындық болды. Ол хат (биліктің сол кезеңдегі азаматтарға рахмет айтпасы белгілі) 1000-ға жуық азаматтарға берілді. Бұл жұмысқа «Ақ жол» партиясы да ат салысты. Демек, сіз жаңылдыңыз. Ал «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігі «Желтоқсан ардагері» деген төс белгі шығарып, соның біреуімен мені және Хасен Қожа-Ахметті марапаттады. (олар да биліктен күдерлерін үзіп, желтоқсаншыларды  өздері марапаттауға кіріскен сияқты). Басқа кімдерге береді, ол жағында менің жұмысым жоқ. Құрманғазының сұрағын оқыдым. Менің таң қалғаным, ол азамат «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің құрылғаны елді бөлшектеп жібереді деген ой айтыпты. Меніңше, 1989 жылы құрылған, Хасен мен Аманжол сияқты азаматтар басқарған ұйымнан (олар партияға да айналмақшы болған) кейін Гүлбаърам да, Гүлнәр де, Үміт те, Бақытбек те, Төлеген де т.б. өз бірлестіктерін құрды. Құрманғазы оларға да осындай айыптар тақты ма, білмеймін. Құреке, әр адамның, әр топтың қоғамдық бірлестік құрып, белгілі бір қоғамдық  мақсат үшін жұмыс істеуіне толық құқығы бар. Бұл жерде іштарлық болмауы керек. (Оқырмандарға айта кетейін, Құрманғазы Президенттікке түсемін дегенде, «Желтоқсан ақиқаты» ат сабылтып, қол жинап, өз мүмкіндіктерінше жұмыс істеген. Бұл жұмысқа «Ұлт тағдырының» жергілікті бөлімшелері де ат салысты ). Егер олар жұмыс істей алмаса немесе жасаған жұмыстары адамдардың көңілінен шықпаса, халық өзінің бағасын бере жатады. «Ұлт тағдыры» құрылғанда да, бізбен жағаласып, «Халық дабылы», «Ел болашағы» деген ұйымдар құрылды. Біз оларға шын көңілімізбен батамызды бердік. Өкінішке қарай, олар бір жылдың көлемінде жұмыстарын тоқтатты... Құрекеңнің тағы бір адасуы - «Желтоқсан ақиқатының» құрылуына менің қатасым бар деген пікірі. Олардың құрылтайында менің: «Біз («Ұлт тағдыры») атқарушы директорға жарымай-ақ қойдық. Бізге келген адамдар екі-үш жылдан соң, өздеріне жаңа құрылым құрып алып кетеді» дегенім бар. Сондықтан менің «Желтоқсан ақиқатын» құруға ешқандай да қатысым жоқ. Ал, егер ол ұйымның және басқа да ұйымдардың ұлттық бағыттағы іс-әрекеттеріне ат салыссақ, қолдасақ - бұл біздің ортақ мақсат жолындағы басты ұстанымыз деп түсіну керек. Бір бірінің артынан ши жүгірпей, «бірін-бірі батыр» дейтін уақыт әлдеқашан жетті. Барлық ұлттық ұйымдар біздерден үлгі алсын!

Соңы

«Абай-ақпарат»


 




Дос Көшім біраз нәрсенің басын ашқан сияқты,1нші- Бір бірінің артынан ши жүгірпей, «бірін-бірі батыр» дейтін уақыт әлдеқашан жетті. Барлық ұлттық ұйымдар біздерден үлгі алсын!2-ншіСайлауға сенім осы уақытқа дейінгі сайлаулардың әділетсіз өткендігінен ғана кетті.3-нші,мен өзім білмегесін,естімегесін зейнеткерлікке шыққан депутатты сұрап едім,рас екен,өз еркімен жындысыңба сондай майлы жіліктен айрылып-деп еді кемпірім,рас екен.Рахмет Дос Көшім мырза.



Сіз туралыда әр түрлі пікір айтылатын, деседе өзіздің пікіріңіз бар екенін көпшілік аңғарғанда болар деймін.
Интернет конференцияға қатысып көп алдына шығу өзі танитын журналиске сұхбат бергеннен анақұрлым қиындауда шығар, кейде жарым жарты жауап беріп тайып тұратындарда кездеседі. Жалпы көп алдында ары таза өз пікірі бар азматтар ғана көп жалтақтамайды десек болатындай.

Енді сіздің сайлауға қатыспау себебіңіз құптарлық емес. Неге десеңіз, сіз негізі елге пайдасы тиітіндей білігі бар жұрт білетін азаматсыз, саяси сауатыңызда жоқ емес. Енді сол қабілетіңізді маған мансаптар болған жақпайды , не бұл жүйеде парламент ештеңе тындырмайды дегеніңізде орынды уаж дей аламызба ? Сонда Сайлауға қатыспай ел мүддесін әнші не 5 жылда бір пікір айтпайтын өзіңіз айтқандай кнопка баса алатындарға сеніп тапсырмақсызба ? Ал саяси жүйеде болса ол саяси жүйеге саяси партиялық құрлымдардың дамуына болмаса бір партияның күшейіп билікпен халық назарына ілігер партия болуына ат салыса алмасаңыз. Парламентте отырып сауал тастап басқа депудатқа ой тастаудың ара тұра БАҚ та көрінгеннен әлде қайда ел үшін маңызды екенін сіз білмейсізбе? Әрине, мәнсапқа қызықпау жақсы қасиет. Бірақ, бұны сіз ұлт ел қамында жүрген азамат ретінде айтқан пікір. "Мың бір хадисте" мынадай хадис бар: Біз билікке ұмтылуышны емес, оған лайықтыны қоямыз деген. Саясаткерлер нарау болса жұртшылыққа не сын. Партияның қайсысы қандай бағытта қайсысына таңдау жасау керектігінде ескерте кетсеңіз жһн еді, Саяси зиялы қауымның олда бір маңызды жағы емеспе. Сізге бір ұсыныс, енді бір партияны осы партия расында қолынан іс келеді , ел дамуынада, саяси жаңаруғада өз ұлесін қоса алар деген партияны таңдап соны қолдайтыныңызды білдіріп бір үндеу жасамадыңызба, бұлда кезекті сайлауға қосқан үлесіңіз болып қалар бәлкім.

Құрметпен бір сұрақ қоюшы азамат.



Қазақ зиялылары жаңаөзен мәселесінде екіге бөлінгенін көріп отырмыз, бірінде өзіңіз барсыз әрине халыққа танымал тұлғалар. салмғы жағынан да халықты бастайтын бастамашылық жағынанда оқ бойы озық тұрсыздар. енді бір бөлігіндегілерде солқылдақтық масым, ақша берді алдық немес дәл елбасы қабылдайтын кезде ауырып қалады т.т ... едігі жердегі қимылдарыңыз қалай өрбімек?



Ұлтшылдар құрметтелген күн

2011жылдың Желтоқсан айының 2-сі күні, Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында «Ақжол» демократиялық партиясы Қазақстан Республикасының 20 жылдығы мерекесінің және Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді. Оған Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан шақырылған ұлтшыл қоғам белсенділері, шығармашыл зиялылар, ғалымдар, студент жастар қатысты.
«Ақ жол» ҚДП Павлодар облыстық филиалының төрағасы Галина Амангелдинова шараны ашып, Астана мен Алматыдан арнайы келген құрметті қонақтарды жиналғандарға таныстырды. «Ақ жол» Орталық кеңесі ұйымдастыру және көпшілікпен жұмыс жөніндегі хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов бұл дөңгелек үстелдің сайлауалды үгіт-насихат шарасына жатпайтынын, партия әлеуметтік проблемалармен қатар ұлттық мәселелерге де бұрыннан бері назар аударатынын атап көрсетіп, мысалдар келтірді. Саясаттану ғылымдарының докторы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Ғабит Иренов 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жөнінде баяндай келе, ғылыми байыптауларын ортаға салды. Сол кездегі студенттер, қазіргі кездегі филология ғылымдарының кандидаттары, ЖОО профессорлары Айман Зейнуллина мен Рыскүл Шакаман Орталық алаңға шыққаны үшін зардап шеккені және желтоқсаншылардың ерлігі жайында естелік айтты.
Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде 1980-90 жылдардағы Тәуелсіздік үшін жүргізілген ұлт-азаттық күреске үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өткізілді. Белгілі саясаткер, «Ұлт тағдыры» республикалық қозғалысының төрағасы Дос Көшім сөйлеп, «ұлтшыл», «ұлтшылдық» сөздерінен қорқу жөн емес, орыс энциоклопедияларының өзінде осы ұғымдардың мағынасына жағымды реңк берілген.
Мәселен, «Менің анам жақсы» деген сөз «өзгелердің; анасы жаман» деген ұғым бермейді. Демек, «Менің ұлтым жақсы» деп сөз саптау «Өзге ұлттар жаман» деген ой тудырмайды. Өз ұлтын сүйген, құрметтеген адамдар ғана өзге ұлттардың да қадыр-қасиетін ұлықтай біледі. Сондай-ақ қазақ халқының тәуелсіз ел болғанынан бері 20 жыл өтті деген түсінік, біздің пікірімізше, дұрыс емес. Бұдан бірнеше ғасыр бұрын қазақ халқының тәуелсіз мемлекеті, өз территориясы, астанасы болған. Осы құндылықтарын қилы кезеңдерде сыртқы жаудардан «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» қорғап келген. Ендеше, биыл Тәуелсіздікті қайта қалпына келтіргенімізге 20 жыл толды деп білу дұрыс» – деді ол.
Дос Көшім бұдан ары ұлттық мүдделерге байланысты мәселелерді шешу мен іс-шараларды өткізу үшін саяси ұстанымына қарамастан барлық партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен де ынтымақтасып жұмыс істейтінін,өзі үшін ең бастысы – нәтиже екенін атап көрсетті. Сондай-ақ ұлттық демократиялық қозғалыстар ардагерлерін «Қазақ ұлтының көп жылғы күресінің нәтижесінде қайта оралған Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Алғыс хатпен» марапаттау ісіне Азат Перуашев басқаратын «Ақ жол» ҚДП мен Смағұл Елубай басшылық ететін «Тарихи әділеттілік» қоғамдық комитеті зор үлес қосып отырғанын және «Ұлт тағдыры» қозғалысымен қатар «Әділет», «Ұлы дала», «Болашақ», «Шаңырақ», «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестіктерінің атсалысқанын жария етті.
Өкінішке қарай, 1990 жылы «Азат» республикалық азаматтық қозғ;алысы Павлодар облыстық бөлімшесінің ұйымдастырушысы және бірінші төрағаасы болған Бикеш Дүрманова, қозғалыстың белсенді мүшелері болған Қаматай Батталов, Мүтан Күшіковтың және тағы басқа күрескер азаматтардың пешенесіне осы елеулі тарихи күнді көру жазылмапты, оларға деген Алғыс хат марқұмдардың туған-туыстарына, жақын-жуық;тарына табыс етілді. Бикеш Орханқ;ызы Дүрманованың ағасы, еңбек ардагері Темірхан Орханұлы Дүрманов қарындасына арналған Алғыс хатты қолына алған толқынысты сәтте сөз сөйлеп, осы шараны ұйымдастырушыларға, әсіресе Дос Көшімге алғысы мен ақ тілегін айтты, сондай-ақ Бикеш марқұмның сіңлісі Бибігүл Орханқызы Дүрманова мен тағы басқалар да ризашылығын білдірді.
Шара барысында өнерпаз жастар домбырамен күй тартып, Ақсу қаласынан келген қоғам белсендісі Гүлнәр Қайырханова ақын Күләш Ахметованың«Сен қазақсың» атты өлеңін жатқа оқ;ыды.
Тарихқа көз жүгірсек, қазақ халқының егемен елдігін көздеген күрестердің соңы қашанда қасіретті аяқталған. Қазақтың соңғы ханы Кенесарының шайқас алаңында басы шабылған шақтан бастап, студент жігіт Қайраттың түрмеде жан тәсілім еткен сәтке дейін «Елім!» деп еңіреген ерлердіңнеше мыңының тағдырына балта шабылды?.. Бұл сұраққа ешкім жауап бере алмайды. Бірақ бұл жолы 1980-90 жылдардағы күреске үлес қосқан облыстағы 70 ұлтшыл азаматтың еңбегі ескерілді. Олардың көзі тірілерінің зор қанағаттану сезіміне бөленгені рас, ал о дүниелік болғандарының аруағы риза болған шығар.
«Ақ жол» демократиялық партиясы және «Ұлт тағдыры» тәрізді
қоғамдық ұйымдардыңосы бірлескен іс-шарасы Қазақстанның барлық облыстарында жалғасын таппақ. Әбдіразақ Сұлтанов пен Дос Көшім бастаған топ сол күні Павлодар қаласынан Шығыс Қазақстан облысына жүріп кетті.

Арман ҚАНИ,
«Ұлт тағдыры» Павлодар облыстық
пікірсайыс клубының жетекшісі.



Жазалау құрбандарын еске алу

2011 жылы, желтоқсан айының 17-сі күні, Павлодар қаласында «Ұлт тағдыры» облыстық пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Тә;уелсіздік үшін күресте қаза тапқан боздақтарды еске алу шарасы өткізілді.
Қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар басшылары, ғалымдар, шығармашылылық адамдарынан құралған топ сағат 11-де, Ленин көшесі мен Ертіс жағалауы аралығындағы саяси жаппай жазалау құрбандарына келешекте ескерткіш орнатылатын орынға жиналып, белгітасқа гүлшоқтарын қойды. «Ұлт тағдыры» клубының жетекшісі, қоғам белсендісі, ақын, журналист Арман Қани жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап шараны ашты.
–Тәуелсіздік үшін жүргізілген ұлы күресте қаншама мың адам құрбан болды! Патша заманы мен кеңестік кезеңде ел ішінде 300-дей үлкенді-кішілі көтеріліс жасалған екен. Кенесары хан бастағ;ан көтерілісшілерден бастап, желтоқсаншыларға дейін кілең еркіндіксүйгіш ерлер қаза тапты немесе қуғын-сүргінге ұшырады. Біз, сол боздақтар мен жазалау шараларынан зардап шеккен марқұмдарды еске алу үшін жиналып отырмыз. Қазіргі азаматтық қоғам құру барысында үшінші сектор да жұмыс істеуі керек. Үкіметтік емес ұйымдарға, зиялы қауымға «Осы шараны бізге неге жергілікті билік ұйымдастырып бермейді?!» – деген оймен әкімдіктер мен өзге де мемлекеттік органдарды күстаналап, қол қусырып отыру жөн емес – деді ол.
«Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы Басқармасының төрағасы Тоғайбай Кентаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қырықбай Алдабергенов, желтоқсаншы, өнер майталманы Бейбіт Шәнім сөйлеп, Желтоқсан көтерілісінің саяси мән-маңызы, шаһит болған желтоқсаншылардың ерлігі және қазақстандық патриотизм жөніндегі ойларын ортаға салды. Бұдан кейін шараға қатысушылар Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітке барып, тәуелсіздік үшін күресте құрбан болған боздақтардың аруағына бағыштап құран оқытқызды.
Сол күні Ақсу қаласында «Ұлт тағдыры» қозғалысы облыстық ұйымының басшы құрамы: Қабдырахман Сейілғазин, Светлана Қондыкерова, Қанатбек Нәбиев және «Қазақ тілі» қоғамы қалалық ұйымының төрағасы Гүлнәр Қайырханова мен белсенді мүшесі Садықбек Нұрсейітов, т.б. қалалық мешітте Желтоқсан құрбандарына құран бағыштатқызды, сондай-ақ шелпек таратты. Бұдан соң қалалық бақта жаппай жазалау
мен қуғын-сүргін құрбандары ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Екібастұз қаласында қоғам белсендісі Жұмағали Қоғабаев бастаған топ мешітте Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова тәрізді Желтоқсан құрбандарының аруағына арнап құран оқытты.
Атап айтатын жайт, 17 желтоқсан күні Алматыда және Қазақстанның өзге қалаларында да Тәуелсіздік үшін күресте қаза тапқан боздақтарды еске алу шарасы өткізілді.

А. Бақтанұлы



Жезқазғанда Қазақмыстың жұмысшыларының көтерілісіне көз қарасың қарай?



ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА! БИЛІК ПАРТИЯСЫНАН ҰЯТ ҚАЛҒАЛЫ ҚАШАН? САЙЛАУҒА ЕКІ КҮН ҚАЛДЫ. ПАВЛОДАРДА ҚАЙ ДЕПУТАТ ҚАНША ДАУЫС АЛАТЫНЫ ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ БЕЛГІЛІ БОЛЫП ОТЫР. ЖАСЫРЫН ӨТКЕН ЖИЫНДА БАРЛЫҚ БІРІНШІ БАСШЫЛАРҒА ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ТІЗІМІ, САЙЛАУ УЧАСКЕСІ МЕН КІМГЕ ДАУЫС БЕРУІ КЕРЕКТІГІ ТУРАЛЫ "НҰСҚАУ" БЕРІЛДІ. ЕНДІ БАРЛЫК БАСШЫЛАР ЖУМЫСШЫЛАРГА КЕЛІП САЙТҚА ЖАЗБАНДАР, У-ШУ ШЫҒАРМАНДАР, БІРАҚ ТӘРТІП СОЛАЙ МЫНА ТІЗІМ БОЙЫНША ҒАНА ДАУЫС БЕРІҢДЕР ДЕП "ЖАЛЫНУДА". ОСЫ ТАКЫРЫПТЫ КОРЫКПАЙТЫН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ТАРАТСА ИГІ БОЛАР ЕДІ. ОЛ ҮШІН КЕЗ-КЕЛГЕН ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДАН (ДӘРІГЕРЛЕР, МҰҒАЛІМДЕР, БИЛІККЕ ЖАҚЫН ЖҮРГЕН БАСШЫЛАРДЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫНАН) САУАЛНАМА АЛСА ЖЕТКІЛІКТІ.



Дос аға жауабыңызға рахмет.Президенттік дода кезінде барлық ұйымдар қолдап, төрт күнде 80мыңдай қол жинадық. Бұл үлкен жетістік.Ол үшін барлық қолдаушыларға мың да бір рахмет,АЛЛА разы болсын.Тек, жер жерлердегі халқымыз Желтоқсанның бір болғанын қалайды.Бірігу үшін де жеке-жеке болу диалектиканың заңы ғой,десек те бірігетін кез келді.Сіздің сұрағыңызға жауабым, барлығына айтылған,Төлеген ол үшін өзінің жұмысын тоқтатып, Республикалық Желтоқсан халықтық-патриоттық қозғалысына бірігетінін жазда-ақ жеткізген.Кезек, қалған Ұйым басшыларында. Ал Өзіңіздің алға қойған мақсаттарыңыз орындалып,жеңіс тұғырынан табылуыңызға тілектес Құрманғазы Рахметов .



15 каңтарда сағат 22-00 Нур Отан жеңімпаздар форумын өткізеді



Еңбек дауын шеше алмай өз халқын қырып салған биліктің саясатын қалай бағалайсыз?
Оқ атуға бұйырған басшы орнында отыруға міндетті ма?
Қазақ тілі қашан заң жүзінде өз мәртебесін алады,әлде әлі 20 жыл күтеміз ба?
Биліктің ауыспай қоғамда өзгеріс болмайтынына сенесіз ба?
Назарбаев өз еркімен кетеді дегенге ойыңыз қалай?

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>