Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ. «Ұйғырстанды» көксеп, ұйыған татулықты бұзғысы келгендер кімдер? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ. «Ұйғырстанды» көксеп, ұйыған татулықты бұзғысы келгендер кімдер?

Жәрдемші


Ұйғыр ауданының әкімі Ұйғыр ауданының атын өзгерту керек дейді

Алматыда «Ұйғыр ауданына қарасты Тасқарасу елді мекенінде ұйғырлар «Ұйғырстанның» туын желбіретіп жүр екен» деген сөз гулеп кетті.  Артынша-ақ, бұл туралы кейбір басылым беттерінде хабарлар шыға бастады.

Осы әңгіменің анық-қанығын білу үшін «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық ұйымынан он бір адам (суретте) болып Тасқарасу ауылына арнайы бардық.Жолбасшымыз - ұйым төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлы. Әуелі көшеде кездейсоқ кездескен сол ауылдың бірнеше қазағын сөзге тартып, сосын ауыл әкімі - Талғат Мұстапаевқа келдік. Осы жерде ауылдың учаскелік полиция бастығын да кезіктіріп қалдық. Оған «Сіз де бізбен жүріңіз. Әкімге бірге кірейік» дедік, келгендегі мақсатымызды түсіндіріп. Бірақ учаскелік полиция бастығы бізбен бірге әкімге кірмеді. Ауыл әкімі: «Иә, ондай жағдайдың болғаны рас. Бірақ Тасқарасуда бұдан бұрын да, қазіргі күні де ұлт араздығы орын алған емес. Сонда да болса, сол жалауды желбіретті деген жастардың өздерін, олардың ата-аналары мен ауыл ақсақалдарын, жалпы барлық ауыл тұрғындарын шақырып, бірнеше рет жиналыстар өткіздік. Кінәлі дегендер өз қателіктерін мойындады. Ендігі жерде ондай тірлікке бармайтындарын айтты. Дегенмен, бұл іспен ҰҚК де айналысып жатыр. Әлгі желбіреген жалау да солардың қолында. Жуықта нәтижесі белгілі болып қалар» деді.

Мектеп директоры - Шамшидин Масутов та осыны айтып отыр. «Біз мектеп қабырғасында болып жатқан оқиғаларға ғана жауап бере аламыз. Ал «Ұйғырстанның» туын желбіретті деген Адылжан Тохтахунов осыдан 4-5 жыл бұрын мектепті бітіріп кеткен бала» дейді Масутов мырза.

Ауыл әкімшілігіндегі осы жиналыстан шыққан соң, учаскелік поли­цияны іздеп таба алмадық. «Қолдарыңнан келгенін істеп алың­дар» дегендей, не ауылда, не жұмыс орнында жоқ болып шықты сабазың. Осыған қарап учаскелік полиция бастығы мен Әділжан Тохтахунов өзара туысқандар-ау деп те ойладық.

Енді ауыл әкімімен бірге аудандық әкімге жол тарттық. Аудан әкімі - Коюмчан Омаров бізді күтіп отыр екен. Аудандық Ішкі істер бөлімінің (АІІБ) бастығы - Болат Оңғаров қасында. Ұйым төрағасы - Бейсенғазы сөз бастап: «Желтоқсан ақиқаты - республикалық ұйым. Біздің көптеген аймақтарда бөлімшелеріміз бар. Солар телефон шалып, осы жағдай туралы қатты алаңдауда екенін айтуда. Бізге: «Мәселені тез шешіңдер. Болмаса бәріміз Алматыға барамыз. Сонда жиналамыз» деп отыр. Біз оларды: «Әуелі өзіміз барып, мән-жайды біліп қайтайық. Асықпай тұра-тұрыңдар» деп қана, ұстап отырмыз. Мәселені әділ шешпесеңіздер, жоқ мемлекеттің туын көтеріп, мемлекет құрушы ұлт - қазақтардың намысын таптаған арандатушыны қатал жазаға тартпасаңыздар, онда жағдай қиынға соғуы әбден мүмкін. Біз бүгін осыны ескертуге ғана келдік. Кейін сіздерді «айтпады, білмей қалдық» деген өкінішке соқпасын деп келдік. Қырғызстандағы жағдайды бәріміз де көріп отырмыз. Оның бетін аулақ қылсын. Сондықтан, бүгін бәріне де үлгеруге болады. Кеш емес» деді.

Омаров мырза өзінің желтоқсандықтармен толықтай бір көзқараста, Елбасының айтқанындай елдегі жетістіктеріміздің бәрі дерлік ауызбіршілігіміздің ғана арқасында екенін басып айтты. Сондай-ақ ол, Ұйғыр ауданының атын өзгерту керек екенін де қолдайтынын білдірді.

 

«Жоқ мемлекеттің туын желбіретуде қылмыстық құрам жоқ» дейді заңды білмейтін заңгерлер

ІІБ бастығы сөз арасында аудандық прокурор, әділет кеңесшісі, Тохтахуновтың ісін қылмыстық құрамының жоқтығына байланысты жауып тастағанын айтып қалды. Менің қанымды қайнатқан да осы болды. Аудан әкімінен шыға салып, сол әділет кеңесшісі, прокурорға қарай тарттық. «Алдымен өзім кіріп шығайын» деген ІІБ бастығы прокурорда ұзақ-ақ отырды. Әлден уақытта бізде кірдік-ау, әйтеуір.

Аудандық прокурор, әділет кеңесшісі Еркінғали Серікбаевқа: «Мен журналист ретінде ертең бұл туралы жазамын. Сонда «Тохтахуновтың іс-әрекетінде қылмыстық құрам жоқ екен» десем, бұған сенетін бүкіл 12 млн. қазақтың ішінде жалғыз Сіз ғана! Басқа бір де бір адам сенбейді бұған. Айтыңызшы, сонда Сіз туралы, зайырлы, демократиялық мемлекетіміз туралы жұрт не ойламақ? Тарихты, келешегімізді ойласақ ше?», - деп қатты айтуға тура келді.

Осыдан кейін Серікбаев мырза «Тохтахуновтың ісін қайта қозғаймыз. Қылмыстық іс ашамыз» деді. Біз өз кезегінде «Бұл іс біздің бақылауымызда болады. Екі аптаның көлемінде тағы бір келіп-кетеміз» деп қоштастық.

Иә, қандастар. Кезінде, 19-шы ғасырда жоңғарлар сияқты жойы­лып кетпесін деп, жанымыз ашып, қытайлардың тепкісінен сүйреп шығарып, жеріміздің бір шетіне қоныстандарып, қанаты­мыздың астына алған ұйғыр бауыр­ларымыздың кейбір санасы саяздарының соңғы уақыттағы қылықтары көргенсіздік болып тұр. Бірақ бұл жалпы ұйғыр халқына деген теріс ұғым емес. Мысалы, аудан әкімі, сол ұйғыр ұлтының өкілі - Коюмчан Омаров мырза «Ұлтты жіктелуге ыңғайлайтын күшті әсерлердің бірі - ауданның «Ұйғыр» деп аталуы. Осыны өзгерту керек» деп, көрегенділік танытып, мәселенің түп-тамырына білімді, терең үңіліп отыр. Коюмчанның бұл ұсынысын пәрменді түрде қолдау керек. Жалғыз Омаров емес, оқыған-тоқыған, тарихты білетін көптеген зиялы ұйғыр азаматтары да бұл ұсынысты қолдайды. Қолдамайтындар - әлгі жоқ мемлекеттің туын көтеріп жүргендер мен мына өзіміздің биліктегі кейбір көлеңкесінен қор­қатын, заңды білмейтіндер ғана. Бұлардың алғашқысы тарихтың не екенін білмейтін арандатушылар болса, екіншісі солармен саналас өз құл­қынын ғана білетін намыссыз ездер.

Ендеше, қазақ және ұйғыр бауырлар, біз сол арандатушы ездерден жоғары бола білейік. Ешқандай арандатушылыққа ілесіп кетпейік. Ең дұрысы - жастарымыздың әлсіз санасы уланып қалатындай, арандатуға алып баратындай жағдайларды дер кезінде жойып отырайық. Осы себептен шұғыл түрде Ұйғыр ауданының атауын өзгерту - ең алғашқы бітіретін шаруа болуы тиіс.

 

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ

"Жас қазақ үні" газеті

 


 




жарайсындар "желтоксан ақиқаты" азаматтары! Сіздер сияқты намыс қой азаматтар бар болғаны үшін Аллаға мыңда бір шүкір! Ұлттық намысты қорғайтын патриот азаматтар көп болса осы дүниеде босар еду-ау қазақ бей намыстық намыстан.



Ауданның атын ҚАЗАҚ АУДАНЫ деп өзгерту керек!



Ұйғырлар өздеріне тықыр таянғанын сезіп тағы да қулыққа басып отыр, олардың манері солай. Жалт беріп шыға келеді, ал ең дұрыс бұл ауданда таратып жіберу жерін, халқын үш ауданға бөліп беру. Ауданды таратып жіберу керек.



Шарын ауданы жасасын!Ерейментаудан Неміс автономиясын жасаудың алдын 1979 жылдың өзінде алып қойған қазағымның қытығына тимегін.



осы бес ұйғырға неге төне бересіңдер? "желтоксан ақиқаты"болсын басқа қоғамдық ұлтшыл ұйымдар болсын ұйғырдың тентек бір баласының істеген қателігін алаулатып,жалаулатып сол жерден ұпай жыйнау үшін жүр!айтпесе көзді ашып қарасақ ұйғыр кім?оз баурымыз!олар тауелсіздікті бізден талап етпейді!қытайдан талап етеді!салиқалы,білімді ұйғыр саясаткерлері мен ұлтшылдары ешқашан қазақ жерінде "ұйғырстан"құрамыз деп айтып көргенде жазып та көрген жоқ!ұйғыр қазақтың арасына от жағып сол арқлы ұйғырларды екі жақтан қыспаққа алу үшін қытайдың арамыза қауыпсыздік қызметі сатқын ұйғырларды адейі айтақтап қазақстанда шу шығарып жүр!сол қытай айтағына ерген қытай жансыздары "ұйғыр қағанаты" деген кітап жазып елдің арасына ірткі салудың дайндығын жасауда!ұйғырлардың қазіргі көсемі Рабиям Қадыр қазақтың арасында айгелі Алтай аймағында өсіп Алтайдағы қазақтардың ерлік рухын сіңре білген адам!ол қазаққа қарсы ешқашан сөз сөйлеген емес!бүгінгі ұйғырстан туы билікке арқа сүйеп мастанған қазақстандағы ессіз ұйғырлардың ақыақтық арекеті жане қытай жансыздарының арекеті!оған ұйғыр ұлтының атын дабырайтып ұйғырмен қазақтың арасына жік салудың қажеті жоқ!юұл келеңсіздікті шығарып отырған жемқорылық жайлаған қоғам мен ұлттық саясат жүргізе алмауымызда!

керей баласы



Дұрыс айтасың. Ұйғыр деген жаман халық, еврейлер сияқты. Барып тұрған ұлтшылдар. Сол облыстағы барлық ұйғырларды басқа облыстарға бөліп таратып тастау керек. Бір күні Қытайдағыдай көтеріліс бастаулары мүмкін. Кез-келген ауыл, аудан, қалада басқа ұлт өкілдерін қазақтардан көп шоғырландырмау керек. Олардың басын қоссаң сол, су ішкен құдықтарына түкіреді.



Көп қатты қонақжай болудың қажеті шамалы. Біздің қонақжайлығымызды олар осалдық деп бағалауы мүмкін. Бұл ауданның атын өзгертуден бастау керек! Меніңше, 01-ді өз басым, данышпан көремін саясатқа келгенде, меніңше ол кісінің ойында болуы керек. Меніңше,бұл істі 02 нің қолымен жасайды. тсс! Қаракесек.



Осы ұйғырларлды ауыздықтау керек журген жерлерінде шу шығарып жүреді екен!!!



Ай Геройхан! Баскасын кайдам, сенiн колынан ештене келмейдi. Сен таяз жiгiтсiн гой. Сен уйгыр факторын жазу ушiн оны зерттеуiн керек. туп тамырымен... ол сенiн колынан келмейдi. орен жетпейдi оган. айтпакшы, бул маселенi бiр газет алгаш болып котерiп едi. «Жас Алаш» кой деймiн.



Тасқарасудағы болған жағдай болашақта қайталанбасын десек мемлекет тарапынан дұрыс миграциялық саясат болу керек. Қазақстанның барлық елді -мекендерінде қазақтардың саны 60-70 проценттен кем болмауы керек. Бұл әрине 1-2 жылда шешілетін мәселе емес, бірақ осы саясатты бігінгі күндерден бастауымыз керек. Сәке



Дұрасында ол ту ұйғыр мемлекетінің туы емес, шығыс түркістан мемлекетінің туы, ол мемлекеттің негізін қалаушылар қазақтар.



Мен өз басым Панфиловқа сонау 1994 жылы барып қайтқам. Ол жерге барам деу тіпті ойым түгі түсіме де кірген емес. Алайда Алматыдан асқан соң ұйғыр ағайындардың жастары ішіп алып жолшыбай тиісіп келді. Мәселе ұлтта емес. Ұлт аралық шиленісте емес деп, артынан өрт шығып жатқанын дүние жүзі көріп отыр. Қазақтанның тыныштығын бұзу үшін экстремистік күштер ұйғыр ағайындарымыздың жастарын ғана емес үлкендерін де ушықтыруы хақ. Сондықтан экстремистік жолға түскен ұлт өкілдерін елден шығару, яғни тарихи еліне асыруды заңдастыруымыз қажет. Оған ешбір наразылық болмауы тиіс. Ішіне ақымақтығы симай бара жатса, сұранып, тіленіп жүрген жеріне барсын. Шешен деп, шешен ағайындарды да төбемізге ойнатып отырмыз. Қытайлықтар етегін түріп некеге отырудың қамын қуып кетті. Сондықтан ұлт араздықты туындатушы ұлт өкілдерін Қазақстан территориясынан шеттетілетіні нақты заңдастырылуы қажет. Өкпелесе өздерінен көрсін. Бір-ақ бұл шара қатаңдықты талап ететін бүгінгі күннің кезек күттірмес нақтылығы.



Осы ұйғырлардың туын ең алғаш газетке жариялап, қылмысын әшкерелеген "Жас қазақ үні" еді. Сол кезде билік құлақ аспай, газетті кінәлаға болатын. Енді алда бұдан да үлкен құқай тұрмасына кім кепіл. Ұйғыр ауданы әкімін Коюмжан Омаровты өсіру керек те, заңды білмейтін заңгер, Ұйғыр ауданы прокуроры Еркінғали Серікбаевты өшіру керек. Геройхан секілді геройларды қолдау керек.



Ауданды таратуға да болады және қала тұрғызу керек. Себебі, табиғаты мен климаты сұранып тұр. Оңтүстік шығыста да Алматыдан басқа да халық көп қоныстанатын қаламыз болса ешкімнің маңдайына тар келе қоймас. Жеміс пен бақша өнімдерін айтсаңызшы, нағыз иран-бақ орнатуға болатын аймақ, қазағым, ойланар кез келді.Ешкімді тайрандатуға болмайды,еш кепіл жоқ, ертең күшігім-күшігім десең.... қазақтың қонақ жайлылығын кері түсінетіндер....



Ең әуелі ауданның атын өзгерту керек деген дұрыс пікір.алайда,бұнымен тоқтап қалмау керек,барлық қажетті шараның бәрін қолдану керек.және бұған ұлтын ойлаған ұйғыр ағайындар өздері атсалысуы керек.олай болмағанда мәселе асқына келе қырғызстандағы жағдай,ұйғырлардың басына келері сөзсіз,оның бетін аулақ қылсын делік...

Ашық болсын,алашымның аспаны!



Бауырлыр! Бұл мәселені ана болмаса мына газет бірінші болып жазды деген жақсы сөз емес. Біз осылай бөлуді доғаруымыз керек. Мұны "Жас Алашта" жазған. Бірақ онда мәселені шешудің жолдары көрсетілмеген болатын.Ал "Жас қазақ үні" оны айқын көрсетіпті. Бұл мақаланың құндылығының өзі осында.



Ауданның атын ҚАЗАҚ АУДАНЫ деп өзгерту керек!



"Ұйғырдың тентек баласы, неге алаулатып-жалаулатып жүр?"- дейді, сондай тентектердің оны, жиырмасы, отызы, жүзі шықса не болады, олар кім қазақ жерінде туын желбірететін?
"Желтоқсан ақиқаты" қоғамының бұл ісі өте дұрыс...



Ол ауданның атын Сыздық төре ауданы деп атаған жөн. Сонда жастарымыздың санасын жаңғыртуға пайдасы тиер еді.



Қазаққа өзге ұлт өкілдерінен шыққан әрбір бұзық қауіпті. Өрт сіріңкенің отынан шығады.



Ата-бабам қазақ жері үшін, қазақ елі үшін соғысқандар. Ұйғыр тентек баласы сен кімсін біздің Қазақ жерінде жүгіріп жүрген. Ертенгі күніңді ойла, жайсыз қаласын. Осы маған ұйғыр ауданы деген аты ұнамайды, Инша Аллаһ жақын арада барлығы өзгеруі мүмкін.



Дұрыс пікір, ең бірінші аудан атын өзгерту керек. Сосын ұйғырларды ауылына айдау керек, сонда ғана олар қазақтың мейірімділігін , жақсылығын түсінетін болады. Баратын жерлері жоқ бола тұра ұйғырдың тайрандауын түсінбедім. Біздің қазақ момыншылығымызды пайдаланып істеп отырған тірлігі.Бізге берік болу керек, әрқашанда намысымызды таптатпауға жол бермеу керек ағайындар!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
9 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>