Қалың жұртқа «Мезгіл» сараптамалық бағдарламасы арқылы танымал болған Ғалым Боқаштың негізгі мамандығы - шығыстанушы. Қатарынан бірнеше тілде еркін сөйлей алатын ол ҚазМУ қалашығында бард ақын ретінде студенттер ортасын елең еткізген еді. Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университеттен алған білімін Пәкістанда жалғастырып келген жас қазаққа керекті білімін баспасөзде көрсете білді.. Алматы қаласында Иманғали Тасмағамбетовтың орынбасары болып әкімшілік қызметті де атқарды. Сосын Лондонға оқуға аттанды. Қазір ол Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан елшісінің кеңесшісі. Ғалыммен төмендегі сұхбат кеңесшілікке тағайындалар алдында болғанын ескертеміз.
- Сырт көз - сыншы. Бірер жыл Еуропада жүрсіз. Білім қуып. Сол батыс жұртының бізді Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстанмен салыстыратыны, тіпті шатастыратыны бар. Мүмкін, шынымен Қазақстанның осылардан айырмасы жоқ шығар? Қазақстанның көршілерінен гөрі үздіксіз «еуростандартқа» ұмтылуы батыстықтардың көзқарасын өзгерте алды ма? Жалпы Еуропадан елге көз салғанда не ойлайсыз?
Ғалым Боқаш: Қазіргі Батыс Еуропаның Қазақстан туралы түсінігі бір қалыптан шыққан біржақты үстірт көзқарас деп айтуға келмейді. «Қазақстан» ұғымы қарт құрлықта орналасқан елдердің әрқайсысында бөлекше қалыптасқан әрқилы саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік таным мен білім деңгейіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, өзім үш жыл білім алған Ұлыбританияны алып қаралық. Қарапайым Оксфордтың таксисті, сіз айтқандай, Қазақстан мен Ауғанстанның арасында аса бір зор айырмашылық бар деп ойламайды. Соңғы іріктеу ойындарынан кейін ағылшын футбол құрамасының фанаты елімізді Еуропаның ең қиыр шығысында жатқан шеткі бөлігі деп біледі. Ал Кембридждің профессоры қазақ мемлекетін шығысында Мұңғұлиямен, батысында Башқұртстанмен шектескен дала түркілерінің ішіндегі ең ірі саяси құрылым, яғни, Азияның ажырамас бөлігі деп тануы мүмкін. Елімізді социалистік республика кезінен жақсы білетін лондондық бір таныс сарапшы-журналист қазақ мемлекетінің түптің түбінде Орталық Еуразиядағы еркін рынок пен демократиялық басқару мәдениетінің моделіне айналатынына күмән келтірмейді. Бірақ, Қазақстандағы саяси билікті «минералдық ресурстарын саяси сауда-саттық құралына айналдырған ресейлік режимнің көшірмесі», немесе «жұмсақ автократиядан» кәнігі автократияға қарай ойысқан жүйе» деп дәлелдеуге тырысатын зерттеушілер де жетерлік. Сондықтан да Батыс Еуропаның бүгінгі Қазақстан туралы пікірінің бір ұшы Саша Барон Коэннің сайқымазақ «Борат» образына немесе ағылшын баспасөзінде ара-тұра жылт ете қалатын «Қашағанның мұнайына» байланып таязда тұрса, екінші ұшы Дэвид Снэйстің Қазақ хандығы туралы «жүгенсіз мемлекет» теориясына немесе Джэйкоб Ригидің қазіргі Қазақстан жөнінде «жүйеге түсіп алған саяси-экономикалық хаос» деген анықтамасына жалғанып, тереңге бойлап кетеді. Жалпы алғанда, Еуропа біздің бүгінгі хал-ахуалымыздан жан-жақты хабардар. Бұған еш шүбәңіз болмасын. Ал мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы еуропалық векторға келетін болсақ, бұл бағыттағы жекелеген ғылыми және мәдени жобалардың қазақ елін жаңа қырынан көрсетуге мұрындық болып жатқанын да айта кету керек. Еуропаға өз жұртыңды танытудың ең бір оңтайлы жолы да - осы. Ал ішкі саяси-экономикалық жетістіктерді сыртқа шығарып жөн-жосықсыз насихаттай беру немесе жекелеген жобаларды сырттан көзді жұмып көшіре беру, яғни сіздің сөзіңізбен айтқанда «үздіксіз еуростандартқа ұмтылу», әлбетте, Батыстың алдында салмағымызды жеңілдете түспек.
- Сіз бұдан бұрын Шығыстан білім алдыңыз. Қазір Батыста жүрсіз. Қос құрылықтың қайсысының өмір-салты қазаққа баянды сияқты?
Ғалым Боқаш: Географиялық орналасу ыңғайы мен әлемдік мәдени кеңістіктегі орнын анық көре тұра, қазақ елін Еуропаға жатқызатын адамда я сауат жоқ, я тарихи жады жоқ. Жошы мен Шағатай ұлыстарының Қыпшақ даласы мен Мәуереннаһрдағы соңғы жұрнақтары күні кеше патшалы Ресейдің отарына айналып жатқанда да бұлар Шығыстың ажырамас бөлігі ретінде қаралды. Оның ішінде қазақ елінің батысқа жақындаған тұсы Еуропадан тамыр тартқан «орыс коммунизмінің» немесе «революцияшыл социализмнің» езгісіне біржола көнген кезден ғана, яғни 1920 жылдан басталады. Батыстың идеологиялық және технологиялық үстемдігін мойындадық екен деп, батыстық стандарттар бойынша советтік индустриализацияны бастан кештік екен деп, шығыстық мазмұнымыз бен табиғатымызды мансұқ ете алмасақ керек-ті. Бізге экономикалық өмірді жақсартып, ұлт байлығын әділ түрде бөлу үшін Батыстың қоғамдық институттары қалай қажет болса, саяси моральға мәңгі ұстын бола алатын Шығыстың фәни-фәлсафалық негізі де дәл солайша қажет. Қазақ елі Шығыстың бір бөлігі ретінде батыстық неоориентализмнің құрбаны болмауға тиіс, өзі де қазіргі дамушы елдерге тән оксидентализм мен ресейлік антибатысшыл жалаң риториканың жетегінде кетпегені ләзім.
- Қазақ елі қыруар қаржы жұмсап, жастарды шетелдің озық оқу орындарына оқытып жатыр. Қалың ел солардан үмітті. Бірақ Отанының ақшасына оқыған кейбір замандастарымыз Еуропа елдерінде мүмкіндік тауып қалып қойып жатыр. Сол қазақ жастарының өз елінен безуіне не себеп?
Ғалым Боқаш: Оның түпкі себебін сіз менен де жақсы білесіз. Шетке шығып оқыған кейбір жастардың неліктен арғы бетте қалып қойғысы келетінін, я олардың не себепті қайсыбір жергілікті жас шенеуніктерден бетер шенқұмар, жарамсақ болып қайтып оралатынын талқылай бастасақ таң атырамыз. Бұл жерде осы үрдістің алдын алу үшін нақты іске көшу қажет. Біріншіден, «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендияларды негізінен шетелде магистр және доктор дәрежесін қорғауға тырысатын сақа студенттерге берген жөн. Бакалавр дәрежесіне ұмтылған тым жас студенттердің санын шектеп, тек аса сирек мамандықтарға ыңғайласа болар еді. Екіншіден, магистратура мен докторантура бағдарламаларына көбіне-көп жоғары оқу орындарында дәріс беріп жүрген жас оқытушылар қамтылуы тиіс. Үшіншіден, магистр немесе доктор атанып қайтатын мұндай оң-солын таныған, үйлі-баранды мамандар елге оралғасын өз оқу орнында кем дегенде төрт жыл дәріс беруге немесе ғылыммен шұғылдануға міндеттелгені дұрыс. Төртіншіден, «Болашақ» бағдарламасы шетелдік үздік университеттерге өз бетімен оқуға түскен осындай талапты студенттерге стипендия тағайындап, қаржы бөлумен ғана шұғылданатын шағын қор ретінде қызмет атқарғаны ләзім. Мұндай жағдайда шетелде қалып қойғысы келетін стипендиаттардың да саны азаяды, отандық жоғары оқу орындарының білім беру сапасы да күшейеді, һәм «Болашақ» бағдарламасының да жұмысы ықшамдалып, сұрыптау процесіне қатысты туып жататын күдік пен даудан құтылады. Қазір жыл сайын шетелде оқып қайтуға лайық сайдың тасындай, ағылшынға судай үш мың студент таба алмай қиналып отырған жоқ па «Болашақ»? Ендеше жас оқытушылар мен кіші ғылыми қызметкерлерге неліктен мүмкіндік бермеске?
- Жастардың Батыста қалып қоюына ең бірінші біздің қоғам кінәлі екенін жоққа шығаруға болмас. Еркіндік пен мүмкіндік шектеулі, жемқорлықсыз ұлық бола алмайтын, билікке жағымпазданбай жайлы өмір сүре алмайтын қоғамнан гөрі ертеңгі күні үшін алаңсыз өмір сүретін, қысқасы, азаматтық құндылықтарды өмір салтына енгізген елде өмір сүргенді кім қаламайды?
Ғалым Боқаш: Батыстың сіз айтып отырған саяси-экономикалық жетістіктері негізінен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жарты ғасырдың ішінде қол жеткізген табыс. Мысалы, Ұлыбритания гуманистік-либералдық идеалдарға сүйеніп қана дамыған елдердің төресіне айналды десек қателесеміз. Британиялық ұлтты бүгінгі биікке шығарған реформалар «Маршалл жоспары» мен «Кэйнс реформаларынан» ғана бастау алады. Бұл елдің іргеленуі мен шынайы әлеуметтік мемлекетке айналуы жолында құрбан болған қарапайым халықтың саны кешегі «қызыл террор» мен коллективтендіру кезінде шыбынша қырылған қазақтың санынан кем емес. Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысына дейін Уэльстің шахталарында мыңдап жан тапсырған 12-13 жасар кенші балалар мен әлемдегі ең ірі қайыршы топқа айналған Лондон кедейлерінің кешкен күйін алып қараңыз. Әлемге әйгілі Оксфорд шаһары тұрғындарының басым көпшілігі ыстық су мен үй ішіндегі дәретхананың не екенін 1970 жылдардан бастап қана біле бастағанына, оған дейін бірнеше үйдің пәтер иелері апталап кезекке тұрып ортақ ваннаға шомылып келгеніне сенесіз бе? Осы елдегі аристократтардан басқа жалпы халықтың қалай болса солай киім кию талғамына адам жанының қарапайымдылығы сияқты романтикалық фактор емес, кәдімгі тақыр кедейліктің көбірек ықпал еткенін бір ағылшын консерваторы келістіріп айтып беріп еді маған. Онымен салыстырғанда болашақ әлеуметтік қазақ мемлекетінің іргетасы әлдеқайда жоғары деңгейден бастап қаланып жатыр. Соған сәйкес әлеуеті де күштірек болуға тиіс. Ал саяси мораль мен саяси құқық, сөз еркіндігі мен транспарентті билік саласындағы қиындықтарға келсек, бұл, әлбетте, көмекейге тығылып тұрған өксігіміз. Дұрыс айтасыз, құқықтық мемлекеттің артықшылығын, шынайы әлеуметтік қорғауды, либералдық индивидуализм мен консюмеризмнің «қызығын» бір көрген жас адам қайтып артына қайрыла ма? Бірақ, шынын айтсам, осы факторларды жан-жақты елеп-екшеп барып, саяси-әлеуметтік құқығымды толық пайдаланам, тек азаматтық қоғамда өмір сүрем деп Батысқа кетіп жатқан қазақты аз көрдім. Өзім кезіктірген ұлыбританиялық қазақтарды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ, 1970 жылдары Түркиядан келіп, негізінен Лондонға орнығып қалған Алтай қазақтары. Бұлардың ата-бабалары - 1940-50 ж.ж. СССР пен ҚХР арасындағы опасыз саяси ойындардың құрбаны болған Алтай, Іле және Тарбағатай аймақтарындағы дәстүрлі қазақ элитасының, дала аристократиясының өкілдері еді. Екіншісі, жеке капиталына қауіп төнгесін сыртқа қашқан кейінгі қазақстандық экс-шенеуніктер мен олардың туыстары. Ішіндегі бірсыпырасы өздерін саяси себептермен қуғынға ұшыраған бизнесмен деп санайды. Үшіншісі, жоғары жалақы алу үшін ұлыбританиялық еңбек рыногының үздік институттарына, әсіресе, қаржы саласындағы жеке меншік ұйымдарға жұмысқа тұруға тырысатын аса қабілетті, прагматик, космополит, көбіне орыстілді қазақ жастары. Осының ішінде Қазақстанға қайтуды ара-тұра ойлайтын тек бірінші топ. Қалған екеуі сияқты эммигранттар қай заманда болсын, қай елден болсын сыртқа кетіп тұрған. Ал бұдан бөлек Ұлыбританияда оқып жүрген қазақстандық саяси және бизнес элитаның қабілеті мен тәрбиесі ала-құла, негізінен орыстілді бала-шағасы және жетіп артылады. Мұндай жастардың үйреншікті әлеуметтік мінез-құлық нормалары үшін Батыста керісінше шектеу көп. Алматы мен Астанадағы сияқты, астылыарына конвейерден енді шыққан джип мініп, дауысзорайтқышпен «Жол бер, ей! Жол бер!» деп ойқастап жүре алмайды. Жолын кес-кестеген заң өкілін көкесінің куәлігімен қорқыта алмайды. Сондықтан да «Құдайға шүкір», Батыста Қазақстанды осындай себептермен де «сағынып» жүретін жастардың көп екенін ұмытпайық.
- Бір пікірдің, бір партияның шексіздігі мен көсемнен құдай жасау - түбі тығырық екенін біле тұра біздің қоғам жүрісінен жаңылар емес. Шығыстанушы ретінде, астамшылық пен енжарлық дендеген елдерде орын алған, әсіресе, Шығыста бізге сабақ болар оқиғаларды айтып бере аласыз ба? Мүмкін бізге байыппен, ойлы көзбен қарауға осындай нақты мысалдар жетпей жатқан болар.
Ғалым Боқаш: Қазақ мемлекеті қызығы мен шыжығы қатар жүретін қалыптасу кезеңіндегі постотарлық елдердің барлығына тән қиындықтарды бастан кешіп жатыр. Сіз меңзеп отырған соңғы он жылдағы реформалар қазақстандық саяси технологтардың «ноухауы» емес, жиырмасыншы ғасырдағы Үшінші әлем мен дамушы елдердегі ұлтшыл, модернист я компрадорлық элиталар түгел ұрынған билікті заңдастыру тәсілі. Бұл да бір демократиялану жолындағы уақытша амал. Өтпелі кезең. Кезінде «Үндістан дегеніміз бұл - Индира, Индира дегеніміз бұл - Үндістан» деп шулаған ел бүгін автократиялық элементтерден біржола құтылып, «әлемдегі ең алып демократия» атанып отыр. Оңтүстік Азия аймағының саясаты мен тарихын зерттеген маман ретінде сізге айтарым, бұл елдердегі ахуал бүгінгі Қазақстаннан мүлдем бөлек қалыптасты. Сондықтан қандай да бір дәл параллель табу қиын. Британиялық империализм бұл аймақтың да қаққанда қанын, соққанда сөлін алып әбден қанады. Бірақ, советтік идеологтар сияқты бір көсемге, бір ұйымға, бір ғана ақпарат көзіне сүйенген «партия диктатурасын» орнатқан жоқ. Сол себепті азаттық алғасын Үндістандағы құсап билік басында ұзақ жылдар нерушіл социалистер отырса да, Пәкістандағыдай қайта-қайта әскери төңкеріс жасалса да, я Бангладештегі сияқты этникалық ұлтшылдыққа сүйенген демократтар үстемдік құрса да бұл елдерде сот пен бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігі дерлік биліктен тәуелсіз институттар ретінде қалыптасты. Әсіресе, Үндістанда шынайы бәсекемен шыңдалған көппартиялық жүйе пайда болды. Пәкістанның соңғы генерал басшысы Первез Мушарафтың Жоғарғы Сотпен және ағылшын һәм урду тілді тәуелсіз баспасөзбен арадағы текетіресі немен тынғанын өзіңіз де жақсы білесіз. Оның үстіне Батыстағы әлемдік державалар бұл аймаққа сырттан барынша ықпал етуге тырысады. Бұл елдерді Ресей мен Қытай секілді дамушы әлемнің саяси алыптары қос өкпеден және қысып тұрған жоқ. Бізге ұқсап мәдени-ақпараттық кеңістігін Ресейге қолдан ұзатып отырған жайы және жоқ. Осының бәрін ой елегінен өткізсеңіз, біздің еліміздегі партия құру ісінің советтік сүрлеуден шыға алмай, ескі ізді шиырлай беруін де заңдылық деп табасыз. КПСС пен «Единая Россияның» көлеңкесі әлі біраз тұрады-ау. Бірақ, тағы қайталап айтайық, бұл да өткінші процесс. Өйткені бұрынғы заман келмеске кеткен, көлеңке де тез қысқарып барады.
- Кеңес өкіметі қирағанда күңіренген буын тәуелсіз қазақ елі билігінің әр жерінде әлі отыр. Тіпті олардың қатарында КСРО-ны сақтауға өліп-өшкендер де аз емес. Мәселен, олар былтыр Алаш партиясының 90 жылдығын емес, комсомолдың 90 жылдығын дүркіретіп тойлап өтті. Жыл сайын билікке жастар легі келіп жатыр, солай бола тұра неге әлі Қазақстанның өзіндік жылт еткен ұлттық моделінің төбесі көрінер емес?
Ғалым Боқаш: Комсомолға қатысты қоса кетерім, дәл осы 90 жылдықты тойлау кезінде біздің «комсомолдық буынға» жататын алды алпысқа қарай аяқ басқан бірқатар саясаткерлеріміздің соңғы он сегіз жылда бір сүйем болсын алға жылжымағаны, өспегені анық байқалды. 1991 жылы постсоветтік саяси элитаға айналып шыға келген «коммунистік аға буынды» арқа тұтып, соған жалтақтап, жалпақтап үйреніп қалған тұтас бір генерацияның саяси бәсекеден мақұрым, тарихи жадыдан ада, ұлттық сананы отарсыздандыруға қарсы аянышты күйде қалып қойғанын көруден артық қасірет жоқ. Ал мемлекеттің ұлттық моделін қалыптастыру сіз айтып отырған «жастар легіне» ғана қатысты шаруа емес. Біздің елде жастарға қатысты жиі айтылатын жасандылау «үмітті сөздерді» көп жағдайда түсінбеймін. Жас мемлекеттік қызметкерлер өмірлік тәжірибеден өтпей тұрып, қанша жерден басы алтын, жүрегі түкті болса да мемлекет құру ісіне қайтіп зор ықпал ете алмақ? Ал егер енді ғана жинай бастаған кәсіби тәжірибесі «Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намысы туралы кодекстің» принциптеріне керағар-қайшы көріністер болса, келешектен нендей даму мен өзгеріс күтуге болады?
- Кейбір сарапшылар Қазақстан билігінде 30 пайыз ғана ұлтшылдар бар дейді. 30 пайызбен ұлттық мемлекет құра аламыз ба? Ұлттық мемлекет құру жалпы биліктегі адамдардың еншісінде ме, әлде билікті мықтап ұстаған бір адамның қолында ма?
Ғалым Боқаш: Менің ойымдағы ұлтшылдық ол тек лингвистикалық, я діни немесе экономикалық ұлтшылдықпен шектелген саяси идеология емес. Бұл - әлеуметтік қозғалыс ретінде өз еркімен қалыптасып, тұтас қоғамды қамтуға қуаты жететін елдік идеясы. Қазақтың түсінігіндегі «ел атану» ол өткен ғасырдың басындағы Версаль келісімінің негізінде пісіп-жетілген еуропалық стандарт ұғымды, яғни, бір тіл, бір этникалық топ пен бір территорияның төңірегіне топтасуды ғана білдірмейді. «Құлым бір ұлдай киінсе, көркемін көрген сүйінсе. Атымтай Жомарт секілді атағым елге білінсе» деп тілейтін әлеуметтік теңдікті қалыптастыру мен ресурстарды әділ түрде бөлуге тырысуды, тәуелсіз билер жүйесі мен эгалитарлық қоғам құруға үздіксіз ұмтылуды меңзейді. Түрлі тайпалар мен этникалық топтардың Қазақ хандығының ішіне бөгетсіз сіңуіне себеп болған фактор да осы шығар. Сондықтан да бүгінгі біздің жаман-жақсы, негізінен қазақтардан ғана тұратын, саяси-экономикалық элитамыз елдік идеясын бұрынғы идеалдарға қайта жалғамайынша, өзі іштен тазаруға бет бұрмайынша ештеңе өзгере қоймайды. Мәселен, қазақ тілінің сүйкімді образын, мәдени және әлеуметтік үстемдігін қалыптастыру үшін әуелі сырт көз қазақ деп білетін биліктің қисық беті түзелуі тиіс. Қазақтілді интеллектуалдық орта мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрді шынайы қорғауға алуды талап еткен сайын өзге этностар тұрмақ, орыстілді қазақтардың өзі үрке қарап шегіне беретіні неден? Өйткені советтік кезеңде қазақтың елдік идеясы мен шынайы қазақылық туралы ғасырлар бойы сақталған киелі ұғымдар адам шошитын метаморфозаға ұшырады. Оған «өлшеусіз үлес қосқан», әлбетте, сырты ғана қазақ саяси истиблишмент немесе белгілі тарихшы Оливьер Ройдың сөзімен айтсақ, қызыл террордан соң дәстүрлі саяси жетекшілерді ығыстырып шығарған одақтық республикалардағы «колхоздық элита». Бұл құбылыстың зардабын кез-келген орыстілді қазақстандықтың ойындағы мына бір қарапайым теңдікпен сипаттауға келеді: «қазақылық-қазақбайшылық-коррупция». Бұл жерде коррупция деп тек жемқорлықты айтып отырған жоқпын. Билікті асыра пайдаланудан туатын барша кеселді айтамын. Осындай ұғымды орнықтыруға себепші болып отырған қайсыбір саяси-экономикалық элита өкілдерінен, өндірістік-қаржылық алпауыттардан қазақылықтың иісі де шықпайтынын біреуге түсіндіріп көріңіз енді. Сіз сұрап отырған ұлттық мемлекет құру ісі жаңағы теріс түсінікті тас-талқан ететін реформалардан басталары анық. Ал ондай реформаларды талап ету үшін жалаң ұлтшыл болу, я дәстүрлі патриотизммен ғана шектелу жеткіліксіз. Тек этникалық, я діни немесе лингвистикалық ұлтшылдыққа, яғни М.Биллиг анықтама берген banal nationalism-ге ұрына беретін топтар кезекті сайлау науқанына саяси фон болу функциясын адал атқаратын қоғамдық ұйым деңгейінен ары аса алмайды. Бізге қажет бағыт - елу жыл сайын жаңарып тұруы тиіс елдік идеясын қайта жаңғыртатын, саяси мәдениет пен моральдың деңгейін өсіретін, және «қазақы билік» ұғымын позитивтендіретін ағартушы- ұлтшылдық немесе либералдық патриотизм. Бұл өзгеріс - мемлекеттік пирамиданың ұшар басы мен табанындағы әрбір кірпіштің құрамы мен сапасына тікелей байланысты процесс.
Жалғасы бар....



Сыртта жүрген азаматтың ойы дұрыс-ақ.Елдегілердің өз ауласынан ары шаруа ойламайтынын жақсы білдірген.Елдегі актив тек ішсем,жесем,одан әрі байысам деген пенделік ұғымнан аса алмауда.Олардың ертеңгі күнді ойлауға мұршасы жоқ,Өзінен кейін отырған жерлеріне жусан шықпасада бәрібір,ал келер жастардың ұлт мұратына қол жеткізетініне олар ешуақыттада сенбейді және айналасындағыларға осы үрдісті өздерінше үйретпек.Қазақ интелегенциясы қарын шаруасынан аспай қалып отыр және кәзіргі жүйе мұны барынша әспеттеуде.Олардың қәзіргі шаруасы өз аталықтарының атағын алға апару,өз айналасындағыларды биліктің бір төбешігіне шығарып күн көрісін өзгешелеу етуге ұмтылысы ерекше,тіпті осындай жағдайды балаларына да жасап қойғысы бар...Ал мемлекет бұндай жай түбінде өзіне кереғар болатынын білсе де,әзірге жасар әдіс-айласы болмай тұр.Экономикалық өзгерістер алға жылжуды қамтамасыз етпеитіні,ауылдағы партократ ағайлардың психологиясынан әбден көрініс береді ал саяси өзгерістер жасауға жоғарғы жақтың бұрынғы тәжрибелері мүмкіндік бермей отырғанын көзі ашық қаракөзділердің бәрі біліп болған,күткеннен басқа қайраны жоқ,қазақ қалың ұйқыда...
Сопылык шейттердин суниттерди ыдрату ушин жиберген ыланы. Бокаш озинин орнын енди дурыс тапты.Туби Иран Орта Азиянын сорына тышады. Сонда Бокаштын роли артады.
Боқашқа Сматулладай тақсыр болу қайда? Оқы, оқы және оқы. Боқаштың осымен екі мақаласын оқыдым. Англияға оқуға кетерде Жас қазақта мақала жазған. Нұрсұлтанға өкпе айтып. Мақаланы оқып отырып оның өспегенін, піспегенін байқап едім. Енді мына мақаланы оқып, үш жылда ешбір өзгерістің болмағанын байқадым. Болатын бала боғынан дейді қазақ. Пұшпақ теріні қанша созсаң да одан тон шықпайтына осы жолы да дәлелін тапты.
Сен Зикириясын ба, Питир садаксын ба, ауели Бокаштай болып алсай, сол сиякты ой айта билсей...
егер шындыгына келетин болсак,Зикрия Жандарбектин казактын болашагы ушин синирген енбеги зор.каракан басы ушин ешкашан елин умыткан емес,егер ол кисинин енбектеримен таныскан болсаныз олай айтпас единиз,бул сиздин сауатсыздынызды билдиреди..Шакаримнин "Далелсиз созди алмаймын"деген олени бар еди,далелмен жазуларынызды сураймыню
"Сен Зикириясын ба, Питир садаксын ба, ауели Бокаштай болып алсай, сол сиякты ой айта билсей..."
сен сен сен адамдарга акыл аитпаи жаиына жур ок
Зікірия, сөзіңді дәлелмен айтсаңшы. Піспегені, өспегені қай сөзінен көірініп тұр?
Zikirya agamyzdy bylai karalauga kalai auyzdarynyz barady.Zikirya agamyz "Bas kespek bolsa da,til kespek jok" degen kazaktyn asyl magynaly makalyn uran etken adam,oz oilaryn ashyk turde jetkizuge korkady deppedinizder.kishkene kimnin kim ekenin bilip baryp,oilanyp jazsanyzdar bolgany.
Ei, kazakhtar! Bireyding atynyan soz jazudy koisangdarwy! Zikiriada nelerin bar!
Сұхбатты кім алған? Қай басылымға шыққан? Неге сілтеме жоқ? Неге бөлшектеп бересіздер? "Абай" сайты, айналайындар, ақыры елдікін еншілеген екенсіздер мәдениеттірек болсаңыздаршы. Бір сұхбатты бөлшектеп оқылмай бара жатқан сайттарыңызға кісі шақырған түрлеріңіз бе?
Ал Ғалекеңнің айтқандары күрделі екен. Ойлануға шақырады. Үмітті оятады... Қалай болғанда да, интернет-басылымға - алғыс.
жалғасы бар деп тұр ғой, бейшара-ау, ақырын күтсеңші. "Абай" кз сілтеме жасудың мәдениетін әуел бастан өзгелерге үлгі етіп көрсеткен болатын. Ішін ит тырнаған бұл қай байқұс екен?
Азаматтың діни ұстанымдарына тиісудің еш қажеті жоқ. Оның орнына айтқан ойларына, жұртқа ұсынған тұжырымдарына пікір білдіріңіздер. Ар-намысқа тиіп, жөн-жосықсыз ұрыну бізге де сіздерге де абырой әпермейді.
Ғалеке, сәл түсінікті тілмен айтсаңшы. "Мезгілде" жүргенде сөзің тез жетуші еді. Мынауың не? Әлде өскеніңді, Лондонда оқығаныңды осылай көрсеткенің келгені ме? Сенің ақылды екеніңді білеміз ғой. Өзің сілтеме жасаған еуропалық ғалымдар еңбектерін түсінікті тілмен жазуға тырысады ғой. Сенен көп үміт күтеміз. Бірақ зануда болма.
Ауелде абай кз сайты асиресе жастар арасында мадениетти пикир айтуды максут тутып еди гой. Тусисник берген жандарды окып отырсам кобиси кыжыртпа, тырнак астынан кир идеу сынды пасыктык танытыпты. Окиништи! Биз кашан осемиз осы!
Акыл кусы адаспай аспандаса
Жер бетинде купия калмас козден таса
Жети кат жерден онай баскыш болып
Гарышка кол жетеди кармаласа
**********
Галеке сиякты жигиттер коп болса
Иншаллах
елимиз енсесин котерер, жаксарып, кулпырып, болашакка нык кадам басар!
Ал сендерге, сынагыштарга айтарым, алдымен оздерине унилип карасандаршы
бул галым бурынгы галымнан озгерек................
Алаш идеясын, ұлттык рух пен намыс маселелерин балалыкпен айтып жур екемиз деди откенде, оказывается дуниенин тетиги баска жакта екен деди....... маган галым цру-дын вербовкасына тусип калган ба деген суык ой келди.
галым акылын бар жигитсин гой, Таухидка келсенши сопылыкты кайтесин зикирмен зиркилдеген шынайы исламга жат нарсе гой!! Аллахтан баска сыйынуга лайык еш нарсе жок, Мухаммед онын елшиси деп иманга кел. Куран мен суннетке сай амал кыл, берекеси болады. Аллах акыл бергенмен иман бермесе киын гой!!! Ал сен арекет кыл иманга, Аллах журектерге иман беруши гой.
Бауырым, ұялсаңшы, әлем қайда, сен қайда жүрсің? Бас десе құлақ дегендей болып отырсың ғой. "Шынайы исламды ұстанған" сен болсаң, "дін десе білімділер тұра қашар" деген осыдан шығады екен ғой...
Сопылық - Исламның өзегі, діннің ең негізі. Қазақтың жан-дүниесі - осы сопылық дүниетанымнан туған. Оны көзі ашық, көкірегі ояу бүкіл адам біледі. Өзің ұялмасаң да, өзге мұсылман қазақтарды ұятқа қалдырмашы, бауырым.
Ғалым Боқаш ағаны сырттай таниды екенмін.Сондықтан мардымды пікір айта алмаспын,бірақ ел басқаратын азамат ел басына күн туғанда қаруын сайланып шығады.Айтар сөзімді ұққан шығарсыздар
Ғалым Боқаш ағаны сырттай таниды екенмін.Сондықтан мардымды пікір айта алмаспын,бірақ ел басқаратын азамат ел басына күн туғанда қаруын сайланып шығады.Айтар сөзімді ұққан шығарсыздар
Сопылардың артында қандай күштер тұр?
Бұл турасында екі жорамал бар.
Кезінде Ауғанстандағы талибтерді қолдаған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхуттоның идеологтары Орталық Азияны да өзіне ықпалды ету мақсатында түрлі жоспарлар жасағаны белгілі. Мушаррафтың әскери төңкерісінен соң олар шашырап кетсе де кейбірі әлі бой тасалап жүр. Болжам айтушылардың кейбірі қазақстандық сопыларды бхуттошылармен байланыстырады. Айтатын аргументі – Исматулла Пәкістаннан келген. Енді бір болжам жасаушылар “Жоқ, бұлардың артында шейіттер, яғни Иран тұр” деп қарсы дау айтады. Өйткені, қазақстандық сопылардың идеологиясында шииттік ағымның элементтері бар. Осыдан екі жыл бұрын Түркістанда өткен сопылардың құрылтайында (пірге қол беру рәсімі) Исматулла “әділеттік орнату үшін жер бетіне Мәді шықты, қазір ол Пәкістанда жүр” деп мәлімдеме жасапты-мыс. Мәді – шииттер үшін жоғалып кеткен он екінші ғайып имам. Сондай-ақ, Исматулла өзінің кітабында суниттер әділ халиф санайтын Омарды анекдотқа қосып әжуә етіп қойыпты. Осы және басқа да шиизмге қатысты дәлел айтушылар Исматулланы Иранмен байланыстырады. Ал Иранның әлемдік саясатта Ресеймен мүдделестігін ескерсек, «сопылық жоба» Мәскеу арқылы жүргізіліп жатыр ма?» деген пікір қылаң береді. Әрине, сырт көзге бұл пікір қисынды болғанымен, нақты, әрі дәлелді фактілер жоқ. Жоғарыда айтылған екі болжам көп зерттеуді талап етеді.
Кезінде елден аласталған Исматулланың артынша Қазақстанға оралуына, «сопылардың» еркін жұмыс істеуіне, тіпті күшейіп кетуіне қатысты болжам айтушылар “зікіршілерді мемлекеттің жоғары лауазымды шенеуніктерінің кейбірі қолдап отыр” дейді. Соның бірі деп Иманғали Тасмағамбетовтың аты аталады. Өйткені Исматулланы өткен жылдың басында И.Тасмағамбетов қабылдаған. Ол Ғалым Боқашқа да әрдайым қолдау жасап жүреді. Сопылықты уағыздауда белсенділік танытып жүрген Е.Еміл, Б.Атығай, Б.Мүрсәлім және тағы басқалардың әлеуметтік проблемасын шешуге қол ұшын созып, үй алып берді.
Исматулланы мақтан тұтады:
“Боқашқа: “Ей Ғалым еліңе ұлы өзгеріс келе жатыр. Мұндай кезде сыртқа кетуге болмайды” деп тақсыр ғой оны Аңглияға жібермей алып қалған.
Исматулланың Қазақстанға келуіне бірден бір себепші болған адам - Ғалым Боқаш. Ғ.Боқаш — қазір Алматы қаласы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары. Бұған дейін ол “Қазақстан” ұлттық телеарнасының ақпаратты-сараптамалық бағдарламалар дирекциясын басқарды, апталық «Мезгіл» хабарын жүргізді.
1997 жылы, ол кезде Ғ.Боқаш ҚазМҰУ-дің шығыстану факультетінің студенті, тәжірибеден өту үшін Пәкістанның Пешевар университетіне барады. Сонда Исматулланы жолықтырып, арбауына түседі. «Ақырзаман боларда пір мүридтерін іздейді» дегендей, Исматулла 1997 жылы Алматы жанындағы Қарасу мешітіне келіп, «медресе» ашып, мүридтер дайындай бастайды. Мүридтер арнайы қырық күндік оқудан өтеді. Оны «қырықтық», «шілхана» деп атайды. (Бұл турасында мақаламыздың келесі бөлімінде толығырақ айтылады). Бірақ Исматулланың «бірінші крест» жорығы сәтсіз аяқталды. Қазақстан заңдарына қайшы әрекеті үшін 1999 жылдың күзінде құқық қорғау органдары «медресе-шілхананы» жауып, Исматулланы Пәкістанға депортациялап, Қазақстаннан аластады. Сол кезде ақпарат құралдарында айтылып, қоғамда үлкен дүрбелең туғызған бұл оқиғаны тағы бір еске сала кеткеннің артықтығы болмас: сонау Торғайдан «медреседе» оқып жатқан ұлы Алмастан хабар алуға келген Бақытжан Фазылова бірнеше күн бойы баласына жолыға алмай әуре-сарсаңға түседі. Ақырында құқық қорғау органдарына шағымданады. «Тақсырдың» тұтқынындағы Алмасты құтқару үшін Алматы қаласы Жетісу ауданының ішкі істер бөлімі арнайы операция ұйымдастырды: полиция отряды мешітке басып кіріп, «жамағатты» таратты, Исматулладан басқа төлқұжаты жоқ екі ауғандық азамат ұсталды. Тақсыр «дін таратып, имандылық уағыздап жүргенін» айтып, біраз қарсылық көрсетті. Ал Алмас көзінше өзін ұрып-соғып, қолын қайырып, тілін тартқанын полиция мен журналистерге зар жылап тұрып айтты. Бұл сюжеттер НТК мен 31 – телеарнаның архивінде сақтаулы. Прокуратура қылмыстық іс қозғап, «сопылар» бүркеніп жүрген «Төле би» қоғамдық қорын жапты.
"Абай кз-да Ғалым Боқаштың сұхбаты бар" дегесін тауып оқып едім, сұхбат емес, тілі ауыр энциклопедия оқығандай болдым. Сөйлемнің аяғына жеткенше басын ұмытасың. Сұхбат деген сұхбатқа үқсау керек қой. Ол журналистпен осылай сөйлеспеген шығар.
ол шынымен суфистік бағытты ұстанама?
http://kiwi.kz/watch/ivwbs9kguma9
http://kiwi.kz/watch/kd5qwpqcgea7
http://kiwi.kz/watch/ys9w2soxoipe
карап кориниздер
эээ
Пікір қосу