Алматы. 4 наурыз. ҚазТАГ – Футболдан Қазақстан құрамасы молдавандарға жолдастық кездесуде 0:1 есебімен ұтылып қалды.
Кездесу Түркілердің Анталья қаласында өтті және бұл ойын қазақстандықтар үшін биылға алғашқы ойын болды.
Бірінші таймда күрес көп болғанымен, гол салатын сәттер аз болды. Үзілістен кейін Бернд Шторктың түлектері белсенділік танытқанымен молдавандар гол салып кетті.
Ойынның 65-ші минутында Игорь Бугаевтың бұрыштан берген добын Игорь Армаш қағып жіберіп, одан кейін жақын қашықтықтан молдавандықтардың команда капитаны Александр Епуряну қақпаға гол соқты. Қазақстандықтар қанша тырмысқанымен, ойын аяқталуына 25 минут қалғанда қазақстандық Юрий Логвиненконы екі ескертуден соң ресейлік төреші алаңнан қуған соң, біздің ойыншылардың қарқыны бәсеңсіп қалды.
Антальядағы матч осы екі команданың арасындағы екінші кездесуі. 2008 жылы Бугаевтың салған голының есебінен молдавандықтар тағы ұтып кеткен.



Біздің елімізде футбол керек пе ?
Керек емес ! Біздің қазақ командалық ойындарда ешқашан да белсенділік танытып оинай алмаған,бізге ыңғайлысы спорттың жекпе-жек түрлері.
Футбол - халықтық ойын. Кезінде Африка елдерінде де футбол ойнамаған. Австралияға да кеш барған.Әлде біз өзбектерден кембіз бе? Иран елі ше? Америка құрама штаттары соңғы 10 жылдықта қаншама деңгейге көтерілді? Біздің де менталитетіміз футбол ойындарын игеріп кетуге өте қабілетті. Бірбеткейлігіміз,шыдамдылық пен еңбеккерлігіміз,намысшылдығымыз қанымызда бар.Тек қана оның дамып кетуіне административтік кедергілер әсер етіп отыр.Спортқа деген халықтың назарын айналасы 2-3 жылда қатты аудартуға болады,бірақ Б И Л І К К Е бұл тиімсіз.Халық футболмен ауырып қалса, ауырғандар саны мен тамашалайтындар саны күрт өсіп кетсе ол халық өзін-өзі қатты сыйлағаны болып есептеледі.Халықтың қызығушылығы артса ол билікке әлденеше сыйлықтар лақтыруы мүмкін.Ақтобе қаласының командасы стадионға әрбір ойында 15 000 немесе одан да көп адам жинауға шамасы бар.Бірақ БИЛІК әр жыл сайын билет құнын 100-200 теңгеге қымбаттатып отыруға машықтанған. Себебі Ақтобелік БИЛІК Астаналық Ақ-Ордадан тайсақталады.Стадиондағы халық сыймай, арты у-шуға ұласып жатса Ақ-Орда бұған қай қиығымен қарайтындығы белгілі.Халықты тізгінде ұстаудың амалы: 1. Тойып секіруге жеткізбеу
2. Алдындағы қызуғушылық тудыратын дүниелерін бақылауда
ұстау.
Бар болғаны осы.Яғни Қазақ еліндегі қай саланы алып қарасаңда оларды саясаттан бөліп қарау қате.Демократиялық үрдістерден мақұрым жатқан ел - мешел.Оны тек уақыт өте емдеу қажет.Ондай ой БИЛІКте бар бола қояр ма екен? Ондай ерлікке ол бара алар ма екен? Мәселе осында...
Пікір қосу