Жаңа Мәжілістің қолдауымен орнында қалған ескі де жаңа үкіметте ішінара өзгерістер мен тағайындаулар жалғасып жатыр. Соның кезектісі кеше кешке болды. Президенттің жарлығымен Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал, бұрынғы атауын қайта алған Мәдениет және ақпарат министрілігінің екі тізгін бір шылбыры Дархан Мыңбай мырзаның құзырына тиді.
Қазақтың сөзін, жанын түсінетін, мемлекетшіл азаматтардың жаңа тағайындалған лауазмды қызметтерінде ұлттың ұлы мұраттарына жұмыс істеп, табыс биіктерінен көріне беретіндігіне сенеміз.
«Политический значениесі» бар саяси науқандарды ақ тер, көк тер болып жүріп «сәтті» өткерген Қанат Саудабаев мырза «Назарбаев орталығының» директоры қызметіне бекіді.
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы
1960 жылы 12 желтоқсанда ҚХР Шәуешек қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. Заң ғылымдарының докторы, профессор. 100-ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрді. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты: мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы.
1983-1992 жж. Қазақ энциклопедиясында аға ғылыми редактор, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
1992-1999 жж. «Атамұра» корпорациясын басқарды.
1999-2001 жж. депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің хатшысы. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрағасы.
2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
2003-2004 жж. - Президент кеңесшісі.
2004 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.
2004-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Баспасөз хатшысы.
2007 ж. қаңтар айынан Қызылорда облысының әкімі. Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешенінде арнаулы өкілі.
2008 ж. мамыр айынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996 ж.). «Құрмет» орденімен марапатталған (2004 ж.).
Дархан Қамзабекұлы Мыңбай
1962 жылы 26 қаңтарда Шымкент облысы Түлкібас ауданының Димитров ауылында туған.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985) журналист мамандығы бойынша; Шымкент университетін (2006) экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.
«Оңтүстік Қазақстан: «Шығармашыл зиялылар», «Нұрлы әлем» (2001), «Нұрын шашқан Оңтүстік» («Земля Южного Казахстана»), «Эффект» (2003), «Өнерлі өлке суретшілері» («Художник Южного Казахстана») (2008) кітаптарының авторы.
1978-1979 жылдары - Шымкент облысы Сайрам ауданы «Қайнарбұлақ» ұжымшарының В.И. Ленин атындағы бөлімшесінде жұмысшы. 1985 жылдан - Одақтық және шетелдік баспаға арналған Бас ақпарат редакциясының (ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттік- ҚазТАГ) редакторы, 1986 жылдан - аға редакторы, 1989 жылдан - одақтық баспаға арналған ақпарат редакциясының аға бақылаушы әдеби редакторы. 1990 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Актілерді жариялау бөлімінің аға кеңесшісі. 1992 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің редакциялық-баспа бөлімініңаға референті. 1994 жылдан - «Өркениет- Горизонт» республикалық газетінің бас редакторы. 1996 жылдан - «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице - президенті. 1997 жылдан - Шығармашылық қызметті және облыстық телерадиокомпаниялармен жұмысты үйлестіру жөніндегі басқарманың бастығы. 1997 жылдан ОҚО әкімінің орынбасары. 2002 жылдан - ОҚО жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы. 2004 жылдан - ОҚО Түлкібас ауданының әкімі. 2006 жылдан - ОҚО әкімнің орынбасары.
- ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2008 жылдан бері - ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
«Абай-ақпарат»





Колода әбден тесілуге жақын, енді ауыл шаруашылыгы министірін КНБ-ға, КНБның басшысын мәдениетке қою қалды
Жанболат, Ингасы несі? Әлде өзерің өздеріңді жарнамалап отырсыңдар ма?
Мемхатшылыққа Мұхаңның келгені дұрыс болды.
Бұл екі тағайындау да дұрыс болды. Екуі де өз орындарын тапты. Маселе оларға жұмыс істетсе болғаны!
Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері бір дұрыс шешім осы болыпты. Идеологияның иі енді қанады. Мұхаң Мемхатшылыққа әбден лайық азамат. Анау Саудабаев саудасын бітіріп еді әйтпесе бұ қызметтің. Мәдениет және ақпарат министрлігін де Дарханның қолына әдемі тапсырған. Не болса да, қазаққа қайырлы шешім болды деп ойлаймыз.
Ал Жанболат пен Инга деп болмайтын адамдарды жарнамалаудың қажеті жоқ. Жанболаттың Мұхтар (Шаханов) мен Рысбекті қалай тазға отырғызып кеткенін көріп жүрміз ғой. Ингаңда үлгі бола алмайды ешкімге. Сондықтан мемлекетшіл азаматтардың атын олай қорламаңдар бала-шағаға теңестіріп.
Жоқшы.
Бір сала сенімсіздік танытқандай, әлсірегендей болып көрінгендей болса - сапрылыстырып, орын ауыстырумен өтеді ендігі қалған өмірі. Ел мүддесі үшін емес, жеке бастар қауіпсіздігі үшін жасалынатын тірлік.
Бірігетін кез келді!
Әй жарайсың, Жоқшы! Азамат екенсің!
" ...болмайтын адамдарды жарнамалаудың қажеті жоқ. Жанболаттың Мұхтар (Шаханов) мен Рысбекті қалай тазға отырғызып кеткенін көріп жүрміз ғой. Ингаңда үлгі бола алмайды ешкімге. Сондықтан мемлекетшіл азаматтардың атын олай қорламаңдар бала-шағаға теңестіріп"...
ӨТЕ ДҰРЫС АЙТЫП ОТЫРСЫҢ!!!!
Мына қым-қуыт заманда тәжірибелері бар, қазақ журналистикасы мен қаламтануының көрігінен өткен Мұхтар мен Дарханның лайықты қызмет алғаны Қазақ еліне жақсылық болады ғой есептейміз.
Қаламгер, Алматыдан
Даке Атыраулық інілерің де өте куанышты. Мұхаң мен екеуіңіз әлі талай көрінесіздер деп сенеміз. еді жаман болмайды жігіттер екеуі де отаншыл, халықшыл, ұлтшыл, парасатты азаматтар.
Мырзатай Жолдасбеков президенттік мәдениет орталығынын басшылығынан босап,орнына "сүйікті" Саудабаев барды!!!Бүгінгі Ең қызық ЖАҢАЛЫҚ-осы,ағайын!!!
Мырзатайды Әбіқаевтың орнына апару керек еді!
Сонда Мырзатай қайда?
Сонда Мырзатай ел жүрегінде!
Бір сала сенімсіздік танытқандай, әлсірегендей болып көрінгендей болса - сапрылыстырып, орын ауыстырумен өтеді ендігі қалған өмірі. Ел мүддесі үшін емес, жеке бастар қауіпсіздігі үшін жасалынатын тірлік.
-----------------------------------------------------------------------------
ЖАУШЫ! Сөзіңе қосылам осы жолғы? Анда санда ақылды сөз айтатының бар ә!
Мырзатай енді "Ел аксакалы" атанып, Елбасына бата беріііііп отырады, ауызының дуасы болмаса да...
Шайтандардың жиналыс хаттамасынан
Ібіліс бүкіл шайтандармен жиналыс ұйымдастырып оларға былай деді:
«Біз мұсылмандардың мешітке баруына кедергі бола алмадық. Олардың Құран оқуына, ізгі істер жасауына да кедергі бола алмадық. Ең бастысы олардың әрдайым Хақ Тағаланы және сүйікті Елшісі Мұхаммедті (с.а.с) ойлауына тосқауыл қоя алмадық. Олардың Аллаһ Тағаламен байланысы өте қатты, үзе алмадық»
«Олай болса, мейлі мешітке барсын, бір-бірлеріне арқа сүйеп, ауызбіршілікте болсын. Бірақ, олардың алтын уақыттарын ұрлаңдар! Осылайша олар Аллаһ Тағала мен Пайғамбары Мұхаммедті(с.а.с) ойлайтын және иманын нығайтатын уақыт таба алмасын. Сендер қалайтыным осы!» – деді Ібліс.
Иә, иә күні бойы Аллаһты ойлайтын, иманын нығайтатын уақыт таба алмасын! Оларды бос қалдырмауға тырысыңдар! Сол сәт бүкіл шайтандар:
«Мүны қалай іске асырамыз?» – деп шулады.
«Олардың ақыл - ойын ылғи кішкентай нәрселермен толтырыңдар» –деп жауап берді Ібліс.
«Оларды ақша жұмсауға итермелеңдер, жұмсап, жұмсап қарызға белшесінен батсын»
«Әйелдерін сыртта жұмыс істеуге итермелеңдер, оған қоса күйеулері де аптада 6-7 күн, 10-12 сағаттан жұмыс істесін. Осылайша олардың өздеріне және жанұясымен бірге болатын бос уақыты қалмасын.»
«Олардың балаларымен бірге уақыт өткізуіне кедергі болыңдар, үйдің өзінде жұмысын ойлайтын халге жеткізіңдер. Бастары қатып Аллаһпен бірге болуға шақыратын кішкентай дауыстың өзін ести алмайтын халге душар болсын. Ылғи музыка тыңдауға үгіттеңдер, жұмыста, машинада радио, магнитофон тыңдасын, үйлерінде әрдайым теледидар, видео, компьютер қосылып тұрсын. Мейрамханаларда, дүкендерде де музыка ойнасын. Осылайша олардың ақыл–ойы басқа жақта болып, Аллаһ пен Пайғамбары Мұхаммедті(с.а.с) ойлауға шамалары келмей қалсын.»
«Үстел үстінде ылғи газет – жұрналдар тұрсын, сол жаңалықтар 24 сағат бойына ойларынан кетпей қойсын, машина айдағанда уақыттарын босқа өткіздіру үшін жарнамаларды қолданыңдар!»
«Олардың электронды пошталарын жарнамалармен, керексіз хаттармен үйіп тастаңдар, оларды өшіру үшін де уақыт жоғалтсын»
«Журнал мен теледидар экрандарында әдемі, сұлу қыздар суреттерінің көрсетілуіне жағдай жасаңдар, осылайша еркектер шын мәніндегі сұлулықтың осы екеніне сеніп, уақыт өте әйелдерін ұнатпайтын дәрежеге жетсін!»
«Әйелдерінің ылғи шаршап жүруіне ықпал жасаңдар, осылайша олар күйеулеріне деген сезімін көрсете алмасын, әрдайым бастары ауырсын. Әйелінен ілтипат–сезім көре алмаған күйеуі бақытты сыртта іздесін, бұл да шаңырақтың тез арада шайқалуына себеп болады»
«Оларға мағынасыз нәрселерге толы хикая кітаптарын беріңдер, балаларына өмір сүру мен иманның маңызын түсіндірудің орнына осы кітаптарды оқып берсін»
«Олардың сыртқа шығып, Аллаһтың жаратқандарын көріп, құдіретін танып–білуіне тосқауыл болыңдар, ғалам мен табиғаттың жаратылысындағы ғажайыпты байқамасын, түсіне алмасын»
«Оларды көбіне жабық жерлерге баруды үгіттеңдер, концертке, киноға көп барсын, айтқанымдай оларды бос қалдырмаңдар»
«Өзі сияқты достарымен кездескенде оларды өсек-аяңға итермелеңдер, нәтижесінде үрысып, керісіп кететін тақырыптарда сөз қозғаттыруға тырысыңдар, қоштасарда көңілдерінде кірбің үяласын»
«Өмірлерін өте тамаша және керемет етіп көрсетіңдер, сөйтіп Аллаһты және Оның құдірет күшін ойлайтын жағдайда болмасын! Барлық нәрсеге және бақытты өмірге тек өздерінің күш-қуаттарының арқасында жеткеніне сеніп бақсын. Берілген нығметтерге, денінің саулығына шүкір ету керектігін ұмытсын»
«Міне, үлкен жоспар осы,барлық жерде мұсылмандардың қол-аяғын шырмап, уақыттарын бос өткізулері үшін тырысып бағыңдар, Аллаһты ойлауға мұрша бермеңдер! Басқаларымен Аллаһ және Пайғамбары Мұхаммед (с.а.с) туралы сөйлеспесін!»
Сіздің ойыңызша, шайтан бұл ісінде жетістікке жетіп жатыр ма? Шешімді өзіңіз қабылдаңыз...
Жаушы, менің де айтарым осы.
Біреу сөзімді айтып жатса, аузым қышып бара ма деген, қосыламын.
Да-а-а...
Бізді ұйғырлар басып келеді.
Главный адам Мешкейіш, елді сол басқарып отыр дегенді естігенде естен тандым.
Ал ұйғырлар... олар просто соның командасы дейді.
Масқара!
Құдай жақсы адамдардын жолын берсін! Елімізді дұрыс басқарса бопты.
№ 18 Крнак тамаша айткан дал сол уакыттрада журмиз гой ,тусинген адам амалсыздан тунилип ,улкен кушке ие болу керек! Ол куш мен оны тусиндим ягни олай болмауга тырысып багам ,мен сынбаймын деу керек !
18 ши конак сизбен калай хабарлассам болады менин ойымдагымен уштас келди сиздин пикириниз ,жалгыз болмай хабарласып турсак .
кулмухамеб мухтар саган сол керек! не штатны мемхатшылыкта отыр ел ушін кызмет кыл! коніл куйін жок еді анада безірейіп, абыройын абырой
Мұхтар да ұлы ұйғыр халқының өкілі ғой.
Оған да ақ жол!
Дархан Мыңбай деген министр түгілі, бір газетті басқаруға лайық адам емес. Оның бір ғана саясаты ОҢТҮСТІКТІК деген ғана саясат бар. Бұрын вице болған кезінде кілең шымкент пен жамбылдықтарға қызмет әперумен айналысты, пр.аппаратында да тағы да соларды әр жерге басшылыққа тықпалаумен айналысты. Және кілең топас, кержалқау, арызқойларды. Мұхтар ағаға не болған, осындай кішкентай біреуді орынына таңдағаны несі, Енді бүкіл отандық БАҚ-ты оңтүстіктендіру саясаты жүріледі.НЕге М.ӘШІМБАЕВТЫ, Б.ОМАРОВТЫ, Б.ӘБДІҒАНИДЫ,Д.АМАНТАЙДЫ,тіпті болмағанда Б.ЖЕКСЕНБАЙДЫ таңдамады екен? Осылардың қай қайсысы да ақпарат саласын да, басшылықты да керемет меңгерген тұлғалар еді. Енді қайырын берсін.Мұхтар аға, сіз тек рушылдық саясатымен өмір сүретін біреуді таңдап қаталестіңіз!
Дархан "рушыл" деген адамның өзі рушыл шығар. Қырық рулы Шымкенттің идеологиясын ши шығармай басқарған азаматты Б.Жексенбай мен Д.Амантаймен салыстырған адамды жынды демеске лажың бар ма? Сен атаған кісілерді Шымкентке 4-5 жыл апарып көрейік, не болады екен? Д.Мыңбайдың кім екенін Е.Қыдырдан, Н.Жүсіптен, Ш.Пәттеевтен және сен көрсеткен Б.Омаровтан сұраңыз.
Шымкенттің интернационалы
Шымкентке ши жүгіртпей, шашауын шығармай басқарған біздің Дархан! - десеңші.
Азат
Осы сендер оңтүстік десе, ауруларың бар ма? Бар мықтының сүйегі жатқан, бабаңның сүйегі жатқан Түркістан оңтүстікте емес пе?
Ө.Шөкеевтен жамандық көрдің бе? Б.Сапарбаевтан жамандық көрдің бе? З.Тұрысбековтен жамандық көрдің бе? Өзбекәлі Жәнібековтен жамандық көрдің бе? Біріншіден, екі адамды басқара алуың керек. Сонан соң оңтүстікті басқара алуың керек. Елбасыға айтар едім "Бар әкімді оңтүстіктің мектебінен өткізу керек" деп.
Оңтүстікті басқару қайта оңай. Параны өздері әкеп береді. Қонақ күтуді де жақсы біледі. Бастықтардың алдында қол астындағылар құрдай жорғалайды. Ең басқаруға қиын батыс қазақстандықтар болып отыр ғой. Өз тайпаластарынан басқаны жолатпайтын...
Рекордные семь лет и десять месяцев пребывания г-на Кулагина у кормила костанайской власти закончились "увековечиванием" светлого лика Сергея Витальевича. Иконописцы из самого Палеха, которые работали в рудненском Иоанно-Богословском соборе, выполнили пожелание заказчиков (корпоративного фонда "ENRC-Комек" и АО "ССГПО"), аккуратно вставили фигуру госчиновника промеж ликующих иерусалимцев, пишет газета.
Как отмечает автор, фигура областного наместника вызывает множество вопросов. Помимо банального вопроса "А что он вообще тут делает?" дотошного зрителя интересует, почему Кулагин как вкопанный, стоит среди толпы встречающих - будто бы оттесненный даже не на второй, а на третий план. "Невольно создается впечатление, что ему там как-то не по себе. Будто неловкость какую испытывает…", - замечает автор заметки.
НЕ БОЛСА ДА АГАЙЫН МУХТАРДЫН КЕТКЕНІ ТАМАША БІР ІС БОЛДЫ ҚУАНЫШТЫМЫЗ, ЕНДІ ОНЫНҢ БУРЫҒЫ ЖУМЫСКЕРЛЕРІ КУАНАТЫН ШЫҒАР А. ДАРХАН АҒА ЖАСАСЫН!!!
МҰХТАР АҒА!ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҚПАРАТ МЕН МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНА ҚАЗАҚИ РУХ ДАРЫТТЫҢЫЗ!СІЗДІҢ ҚАЗАҚША МАЙЫН ТАМЫЗЫП СӨЙЛЕЙТІН ШЕШЕНДІГІҢІЗДІҢ ӨЗІ ӨНЕР АДАМДАРЫН ЖАС КӘРІСІМЕН ҚҰРМЕТТЕЙ БІЛЕТІН ПАРАСАТТАЛЫҒЫЗДЫҢ ӨЗІ НЕГЕ ТҰРАДЫ. ҚАЗАҚ ДЕП ҰЯЛМАЙ КӨРЕСЕТУГЕ ЛАЙЫҚ ТҮР ТҰЛҒАҢЫЗДЫҢ ӨЗІ.АНАУ ДАРХАН ДЕГЕН ОҢТҮСТІКТІК САЯСАТТАН ӨЗГЕНІ БАСЫ ҚАҚПАЙТЫН, БИЛІККЕ КЕЛГЕЛІ ҚАЗІРГІ АҚПАРАТ САЛАСЫНА КІЛЕҢ ЖАМБЫЛ, ШЫМКЕНТТІК ҚАНСОРҒЫШТАРДЫ ӘР ЖЕРДЕГІ БАСШЫЛЫҚҚА ТЫҚПАЛАУМЕН ҒАНА АЙНАЛЫСҚАН, СОНЫҢ КЕСІРІНЕН ТАЛАЙ МЫҚТЫ КАДРЛАР ТАЯҚ ЖЕУІНЕ СЕБЕП БОЛҒАН РУШЫЛДЫ ҚАЛАЙ ОРЫНЫҢЫЗҒА ЛАЙЫҚ ДЕП ЕСЕПТЕДІҢІЗ.ҚҰРТТЫҢЫЗ, ЕНДІ БҮКІЛ ГАЗЕТ ЖУРНАЛ, РАДИЛ ТЕЛЕАРНА ШЫМКЕНТТІҢ ШАЙ МЕН ДАСТАРХАНЫНА ТОЛЫП, ЖҰМЫС ЖАЙЫНА ҚАЛАТЫН, КЕРІ КЕТКЕН ЗАМАН БОЛАТЫН БОЛДЫ АУ.
Дархан мыңбай алдымен Б.Жексенбай, Д.Амантай секілді заманауи ақпаратты еркін меңгерген әрі талантты әрі сауатты журналист басшыладың қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі мен жаңалығының бір пайызын сіңіріп алсын. Жерлестіктен басқа ештеңе көре алмайтын артта қалғандар, көздеріңізді ашыңдар. Сендерге салса, шымкенттің кез келген біреуін гении ғып жасарсыңдар, тек шыменттен болғанры үшін. Іріп шіріген,кері кеткен, санасы дамымай қалғандар...
Құдай-ау, "красавчик" Д.Амантайды, "красавица" Б.Жексенбайды жарнамалап не болды сендерге! Ол пешкілер Дархан сияқты барлық сатыдан өткен корольдың кебісін кигізуге жараса жақсы.
Пікір қосу