Есімовтың сыйы... | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Есімовтың сыйы...

Жәрдемші


Жақында қолымызға «Алматы көшелері» (суретте) деген үлкен энциклопедия түсіп, «бір жақсы дүние жасалған екен» - деп қуанып қалдық. Кітаптың пішімі де үлкен, қағазы да жылтыр, салмағы да баршылық. Іші-сырты түгел түрлі-түсті, мәтіндері орысша, қазақша, ағылшынша  болып үш тілде жасалғандығына қарағанда қала қонақтарына сыйлық ретінде ұсыну жағы да ескерілген сияқты. Таралымы 3000 дана, 400 беттік еңбек «ИП Волошин» деген баспадан 2009 жылы жарық көріпті. Энциклопедияда Алматы көшелерінің тарихы, оған берілген атаулардың мәні, жалпы көше туралы мәлімет, көше атын иеленген тұлғалардың суреті беріліпті.

Редакциялық алқаның төрағасы деп Алматы қаласының әкімі ­- Есімов А., редакциялық алқа төрағасының орынбасары деп қала әкімінің орынбасары Сейдуманов А. сияқты мүйізі қарағайдай кісілер көрсетілген бұл тізім ары қарай Матыжанов (бас редактор), Қайсенов Ж., Ахметов М., Ақназаров С., Тнимов М., Раев Қ., Оразов С. деп жалғасады. Энциклопедияның басына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Көшелер келбеті - қаланың сәулеті» деп алғы сөз жазып, ақ батасын беріпті.

Кітаптың 334-бетінен «Томанов атындағы көше» дегенге көзіміз түсіп, қуанып қалдық. ҚазМУ-дің филология факультетінде кафедра меңгерушісі болған, өзіміз бес жыл дәрісін тыңдаған сүйікті ұстазымыз, профессор Мархабат ағай! Бірақ, қуанышымыз ұзаққа бармады. Томанов атындағы көше туралы мәліметтің қасынан ұстазымыздың бейнесін емес, ҚазҰУ-дың ректоратының суретін көрдік. Оның өзі де ректорат ғимараты белінен ғана түсірілген сәтсіз сурет. Кітапты парақтай түсіп, 54-беттегі «Аханов Жақан атындағы көше» де, 69-беттегі «Әубәкіров атындағы көше» де, 84-беттегі «Бәйішев атындағы көше» де, 86-беттегі «Бегалиев атындағы көше» де, 88-беттегі «Бейсембаев атындағы көше» де, 92-беттегі «Бердібаев атындағы көше» де, 94-беттегі «Бірімжанов атындағы көше» де, 210-беттегі «Құлбеков атындағы көше» де, 212-беттегі «Құсайынов атындағы көше» де, 249-беттегі «Мырзабеков атындағы көше» де, 271-беттегі «Пәрімбетов атындағы көше» де, 299-беттегі «Сахариев атындағы көше» де, 330-беттегі «Тобаяқов атындағы көше» де, 333-беттегі «Тоқтаров атындағы көше» де, 372-беттегі «Шәйкенов атындағы көше» де осындай күйді бастан кешіп тұрғандығының куәсі болдық. Себебі, қазақтың көрнекті ғалымы, ҚР ҰҒА академигі, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, Топырақтану институтының директоры қызметін атқарған Жақан Ахановтың «суреті табылмай» орнына академияның ғимаратының суретін; қазақ сатирасының сарбазы Оспанхан Әубәкіровтің де «суреті табылмай» орнына кітабының суретін; көрнекті қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы Сақтаған Бәйішевтің де «суреті табылмай» орнына  академияның ғимаратының суретін; қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы Қалауша Бегалиевтің  де «суреті табылмай» орнына мүсіннің суретін;  Қазақ КСР ҒА академигі, тарихшы-ғалым Серікбай Бейсембаевтың да «суреті табылмай» орнына фонтанның суретін; медицина ғылымдарының докторы, Ұлы Отан соғысының ардагері Оңғарбай Бердібаевтың да «суреті табылмай» орнына медицинаның символикасын; Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы Батырбек Бірімжановтың да  «суреті табылмай» орнына химиялық реакцияның таңбасын; ҚР еңбек сіңірген әртісі Тоқсын Құлбековтың де «суреті табылмай» орнына «Тамаша» ойын-сауық отауының белгісін; драматург Шахмет Құсайыновтың да «суреті табылмай» орнына  театр символикасын; ақын Кеңшілік Мырзабековтың да «суреті табылмай» орнына  кітабының суретін; техника ғылымдарының докторы Беркімбай Пәрімбетовтың  де «суреті табылмай» орнына кранның суретін; жазушы, сыншы, аудармашы Баламер Сахариевтің де «суреті табылмай» орнына  қаламның суретін; ғалым-физик, қоғам қайраткері Жамбыл Тобаяқовтың да «суреті табылмай» орнына бір физика оқулығынан алынған кескінді; көрнекті жазушы Рамазан Тоқтаровтың да «суреті табылмай» орнына кітабының суретін; мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, ҚР Әділет министрі, Қазақ заң академиясының ректоры қызметтерін атқарған  белгілі заңгер Нағашыбай Шайкеновтың да «суреті табылмай» орнына кітаптың суретін қоя салыпты.

«Сонда энциклопедияны шығарушылар 1788 жылы дүниеге келген орыс теңізшісі Михаил Петрович Лазаревтің (216-б.), 1799 жылы Сібірде дүниеге келген Аносов Павел Петровичтің (48-б.), 1857 жылы Саксонияда дүниеге келген Клара Цеткинаның (360-б.), 1883 жылы Владикавказда дүниеге  келген Евгений Багратионович Вахтанговтың (109 б.)  т.б. суреттерін таба алады да, қазақ жерінде дүниеге келген, өмірден өткендеріне де көп болмаған қазақтың ғылым, қоғам, өнер қайраткерлерінің суреттерін таба алмағаны ма?» деген сұрақ туады.  Бірақ олай емес. Шамалауымызша кітапты дайындаушылар бұрынғы жылдары жарық көрген Алматы көшелері туралы анықтамалық еңбектерден дайын мәліметтерді суреттерімен алған да, аттары көшелерге кейін берілген қазақ арыстарының суреттерін іздеп, олардың отбасына, туған-туыстарына, жұмыс істеген орындарына, арысы архивке барып «әуреге түспей-ақ», ыңғайының келгеніне қарай бір жерге кранның, бір жерге үйдің, бір жерге фонтанның суреттерін қоя берген сыңайлы.

Мархабат ағайдың 1989 жылы Алматыдағы Республикалық оқушылар сарайында Қ. Жұбановтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген конференцияда баяндама жасап келіп отырып, аяқ астынан қысылып, кенеттен қайтыс болғанын қазіргі тіл білімі саласында жүрген мамандардың көпшілігі біледі. 1932 жылы дүниеге келіп, 1989 жылы дүниеден қайтқан сүйікті ұстазымыз Мархабат Томановтың өмір сүрген жылдарын энциклопедияны шығарушылар 1934-2001 жж. деп көрсетіпті. Тарихи тұлғалардың өмір сүрген жылдарына қатысты фактілерді  бұрмалауға кімнің хақы бар? Бұл сұраққа кітапты шығарушы редакциялық алқа жауап бере алар ма екен?

Энциклопедияның ең сорақы беті - қазақтың екі мықтысы Шәкен Айманов пен Жүсіпбек Аймауытов қатар тұрған 31-бет болуы керек. Ең алдымен «Айманов атындағы көше / Улица имени Айманова / Аbkhaz Street» дегендерді оқып, Шакен Аймановтың фамилиясы неге аяқ астынан Абхаз болып кеткендігіне таң-тамаша қалдық. Оқып отырғанымыз энциклопедия ма, әлде анекдот па? Бұл әрине не болса да бұрын-соңды ешкім естіп көрмеген өте тың мәлімет.

Одан ары қарай энциклопедия шығарушылар кино режиссер деп бөлек жазып, кино-туынды деп қос сөз ойлап тауып, тағы бір жаңалық ашыпты.

Энциклопедияның осы бетінен: «Көше Бостандық және Алматы аудандарында  Төле би даңғылынан басталып, Байқадамов көшесіне дейін созылып жатыр» «Начинается с проспекта Толе би, доходит до улицы Байкадамова» деген жолдарды оқып, Төле би көшесіне даңғыл деген мәртебе берілгендігіне «қатты қуанып қалдық». Құрастырушылар бұл көшенің қашаннан бері даңғыл болғандығын түсіндіре кеткені жөн болар еді.

Осы бетте «Көше Бостандық және Алмалы аудандарында ...созылып жатыр. Көшенің бұрынғы атауы - Локомативная көшесі» деген сияқты бірде үйлеспейтін контоминацияларға, бірде орынсыз қайталауларға жол беріліп, стильдік олқылықтар да орын алған.

Энциклопедияны шығарушылар «Көшеге Алаштың ардақты ұлы, қазақтың тұңғыш романының авторы, жазушы, драматург... Ж.Аймауытовтың есімі... берілген» деген жаңалық ашыпты. Қазақ әдебиетінің тарихындағы басқа туындыларды былай қойғанда Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалын» қайда жіберді екен?

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек», «Қартқожа» деген екі романын білетін едік. Энциклопедия шығарушылар оларға «Шернияз» бен «Халық қорғаны» деген екі роман қосып, романдар санын төртеуге жеткізіпті. «Шернияз» бен «Халық қорғанының» драмалық шығарма екендігін мектеп оқушылары да біледі. Ж.Аймауытовтың пьесасы «Ел қорғаны» деп аталатын еді, құрастырушы данагөйлер «Халық қорғаны» деп өзгертіп, өздері жаңа ат қойыпты. Бұл жерде де «Өлгендер қайтып келмейді, кім не дер дейсің» деп ойлаған болуы керек.

Ж.Аймауытовтың романдарының санын екеуден төртеуге дейін жеткізгендерімен қоймай «т.б. романдардың авторы» деп көрсетіпті. Олар қандай романдар екен? Біз де білгіміз келеді.

Жүсіпбек Аймауытовтың 1893-1937 жылдары өмір сүргендігі туралы мәліметті оқығанда  бұл беттің шарықтау шегіне жетесіз. Біз оқыған кітаптардағы Жүсіпбек Аймауытов 1889-1931 жылдары өмір сүрген еді, қазіргі мектеп оқулықтары мен университеттерге арналған оқу құралдарында да осы мәлімет көрсетіліп жүр. Энциклопедия деген жеке авторлардың болжамы берілетін басылым емес. Ресми басылымдарда сақталатын бірізділік қайда қалды? Аты дардай, салмағы зілдей бұл энциклопедиядан осындай фактілерді көргенде «Сонда қалай, бұдан былай кез келген кітап шығарушы қазақ халқының біртуар арыстарын өздері қалаған жылдары дүниеге келтіріп, өздері қалаған жылдары кетіре бере ме?» деген ойға қаласыз. Бұл - 31-беттің ғана мәтініндегі қате. Қазақтың екі арысы туралы энциклопедиялық мәлімет дұрыс болмай жатқанда басқасы неге жарарын кім білсін!

Ал Ыбырай Жақаев, Жақан Аханов, Кәкімжан Қазыбаев, Мұстафа Қазыбеков, Тоқсын Құлбеков сынды тұлғалардың дүниеге келген, қайтқан жылдары туралы энциклопедияда мәлімет мүлдем жоқ. Мұнда да энциклопедия шығарушылар кімнің туған жылын қалай жазсам да, тіпті жазбай қойсам да «өз еркім өзімде» деген ұстанымда болған сияқты.

Қаланың жеті ауданының бірінің атауы еңбекте Түрксіб, Түрсіб, Түркісіб деп үш түрлі жазылыпты (31, 41, 360, 398-беттер).

 

Кітапты шығарушылар тарпынан да, қолданушылар тарапынан да ең көп оқылатын алғашқы беттерінің өзінде, 2-3-4-беттерінде «Справочная энцклопедия» деп энциклопедия сөзі и әрпінсіз қате берілген.

Кез келген энциклопедияның соңында мақалалардың мазмұнын ашып, оқырманның өзіне қажетті мәліметтерін тез табуына септігін тигізетін тақырыптық көрсеткіш немесе мақалалардың әліпбилік реті көрсетілген көрсеткіш болуы керек еді ол да жоқ. Не көрсеткіш, не мазмұн, не статистикалық мәлімет жоқ  энциклопедия оқырманға: «ішімдегіні өзің тап» - деп тұр.

Бұдан былай Алматы қаласы әкімдігінің  Тілдерді дамыту басқармасы жариялаған тендерге қатысып, тағы да  энциклопедия шығаратындар болса, «Алматы көшелері» энциклопедиясынан көп нәрсе үйренуге болады. «Таптырмайтын тәсілдер» тіпті көп. «Көп әуре болмай-ақ», академиктің суретінің орнына академияның, ұстаздың орнына университеттің, жазушының орнына қаламның,  химиктің орнына формуланың, физиктің орнына кескіннің суретін қолдана беруге болады. Тіпті түк  табылмай бара жатса, фонтанды қоя саласыз. Әртістердің суретін бермей-ақ, оның орнына енді «Тамаша» деп жаза салса да болады, ол жазуды оқығаннан кейін: «Е-е, мына кісі әртіс болған екен ғой» - деп оқырман өзі түсіне береді.

Олардың туған, қайтыс болған жылдары туралы да кітап ақтарып, әуре-сарсаң болудың қажеті жоқ. Репрессияға ұшыраған адам болса, қайтыс болған уақытын  шамалап 1936-1937 жылдарды қоя бересіз, егер қазіргі көзі тірі адамдардың бірқатары дәмдес болғандықтарын айтып отырса немесе ғылыми атақ-дәрежесі болса, ол қазіргі заманның адамы, тағы да шамалап, 1990-2005 жылдардың бірін қайтыс болған уақыты ретінде көрсетесіз. «Өлгендер қайтып келмейді» дейді ғой Бердібек Соқпақбаев, ол арыстардың ешқайсысы қайтып келіп, «менің туған жылым немесе қайтқан жылым дұрыс көрсетілмепті» демейді.

Мәтіндердің орысшасы мен ағылшыншасын қарауға немесе қаратуға қолымыз бармай отыр. Қазақ тіліндегі мәліметтер дұрыс болмай жатқанда басқасы неге жарарын кім білсін? www.almaty.kz сайтында берілген Мемлекеттік сатып алу туралы ресми мәліметке қарағанда бұл энциклопедияны дайындауға 10 млн. 700 мың теңге бөлініпті. Дайындаушы - Алматы қаласы әкімдігінің  Тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы.  Тілдерді дамыту басқармасы осындай энциклопедия жасату үшін Алматы қаласынан университет бітірген маман таба алмаса, ең болмаса орта мектепті бітірген, он жылдық білімі бар азаматтарға жасатулары керек еді.

Мол қаржы жұмсалып, салиқалы баспа өнімі ретінде шыққан қалың кітаптың сыртын көріп қуанғанымызбен, ішін көріп, көңіліміз су сепкендей басылды. Енді не істейміз? Енді біздің қазіргі қазақ қоғамының қалыптасып келе жатқан дәстүрі бойынша мұндай кітапты міндетті түрде үлкен бір сыйлыққа ұсынамыз.

 

 

Ләззат Дүйсембекова,

Филология    ғылымдарының докторы

 


 




Есімовтың еш нәрсеге дұрыс қарамайтыны осыдан-ақ көрінбей ме? Әйтеуір, қалығып-мүлгіп отырған бір жан. Алматыны құртты.



Есімов осы Алматыға келгелі не бітірді? Бар көшені бытшыт қылып бұзды. Сосын Алатау деген ауданның атын ашты да қалың ұйқыға кетті. Алматы тағы да үлкен дервняға айналып барады. Сондай адам энциклопедияңды қайтсін? Ол Аймауытов деген адамды танымайды. Дұрысы танығысы да келмейді.



Есімовта нелерің бар? Он миллионды қалтаға басып алған қулардың кінәсі ғой бұл. Расында масқара екен!



Есімовте нелерің бар? Қалай неміз жоқ? Ендеше атасының басына ред.алқаның төрайымы болып отыр ма, майысып?! Қызық-и мынау!



Әкім В. Храпуновтың тұсында да үш тілде "Алматы көшелері" деген суретті кітап шыққан. Оның алғысөзінде Алматыда екі мыңға жуық көше бары, ал кітапқа енгізілген көшелерге аты қойылғандардың аяулыларымыз екені айтылған еді. Сол "аяулылардың" тең жартысы қазақтың кім екенін білмейтін, Қазақстанның қай жақта екенін көрмей өткен бөгде біреулер болды. КСРО министрлері, артистері,Баку комисарлары, шет елдердің пәлен де түглен қайраткерлері. Ол ол ма, қандыбалақ атаман Ермактың балта ұстап қоқшырайған суреті де беріліпті. Мен қатты ашынып, "Алматыда көшесі бар Ермактың" деп мақала жазып, сурет кітаптың ішкі сұрықсыз
көрінісін нақты дәлелмен айтып бердім.Мақалам екі гәзетте жарияланды.Өзіміздің
шын мәніндегі аяулыларымыз атаусыз қалып жатқанын атап-атап көрсеттім. Бірақ
немкеттілік меңдеген қандастарымыздан тым құрыса бір кісі қолдап пікір қоспады.Ал мынау жаңа кітап "Алматы" да бейберекет шығарылған екен, демек, оны құрастырушылар мен кімнің кім екенін жазғандар ортақ игі іске жаны ашымаған, мысалы, Оспанхан Әубәкіровтің суретін "таба алмаған"пысықайлар екені, тиісті қаламақыны тезірек алуды ойлағандар болғаны.Соны көрмей, білмей тұсаркесер өткізіп жүрген А. Есімов пен басқа басшылар да немкеттілікке бой алдырған екен. Енді бұл жарымжан кітапты силық ретінде ұсынудан да ұялмайтын болғандары. Бізде, әйтеуір, жоқтан өзгеге ақша шашуға әуестер бар. 10 миилион теңгені бүйтіп далаға лақтырғанша, тұрмыстың тауқыметін тартып жүрген көп балалы отбасыларына, соғыс және еңбек ардагерлері мүгедектерге жәрдем жасамас па?
Жоқ,"Әдемі кітап шығартыпты!" деп даурығу, тұсаукесер жасап тағы ақша шашу керек оларға. "Топалаң тұсындағы той" - "Пир во время чумы" баяғы! Ғаббас.



Отыратын жерлеріне хабарласып, қателерін тізіп айту керек сияқты. Қалдыруға болмас. Осылай қателікпен шыққан кітаптарды тарата берсе, ертеңгі күні не болары белгісіз...



А.Есімов мырзамыз келгелі Алматы қайта құлдырай бастады. И.Тасмағанбетов мырза әкім болғанда бірталай шаруа бітіп, Алматымыз өркендеп өсіп еді. Әкім болсын, осыған жауапты адамдар болсын, мына қателіктерді қалай көрмеген, қалай байқамаған? Өте жауапты істі немқұрайлы қарауға болама? Бұл энцклопедияға жауапты адамдар ұлтымызға қарсы қастандық жасаушылар немесе ақша жеудің амалын жасаған *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тар.Осы мәселені қайта қарап, ақшаны қайтарту керек немесе өз ақшаларына қайта жасасын. Жауапкершілік деген болу керек. Жансая



Мұндай кітаптың шыққанынан шықпағаны дұрыс қой. Ертең қазаққа жаны ашыған бір жан келіп, көңілдегідей етіп шығарар еді. Мұндай сорақылыққа жол бергендерге кітаптарын қайтарып беріп, ақшаны мемлекет қазынасына қайта құю керек. Сотқа беретін бір адам табылатын шығар. Одан соң мұндай "масқара" кітап шығарып көрсін.



Қазақ "жақсыдан жақсы туады "-демей ме. Сауатсыздан сауатсыз дүние туады. Оны да қала басқаруға қойып отырған құдіреттер бар емес пе бір-бірінен аумайтын.



Мәдени Мұра бағдарламасымен аударылып жатқан шетелдік әйгілі туындылардың кейінің аударма сапасы сын көтермейді. Кейбірі тіпті бытпырақ, шытпырақ. Мысалы философия сериясы бойынша шыққан кітаптардағы Байтенова, Нұрышева дейтін еш білімі жоқ жағымпаз, жемқор (студенттерді тонаумен айналысады) докторлардың аудармаларын оқып көріңіздерші, не түсінеді екенсіңдер. Естуге қарағанда бұл аудармаларды олар студенттерге орысшадан аударта салған да, сол күйі баспаға жолдаған. Қазір Доқторсымақтардың кейі студенттердің, кандидаттардың еңбегін сүліктей сорудың майталманына айналған!
- Анахарасис



Елдішн емес өз қалталарынын қамын ойлайтындар кқбейіп кетті -ғой, сол қалтаға бірдеме түсіу үшін шыққан кітапта баяағы, біақ осы Есімов сйяқтылар жесе дұрыс енбегімен ұлттық рухқа, ұрпақты тәрбиелерге жол ашатын жұыстар істер барып, қанша жеседе окпем жоқ еді, өйткены Қазақтын "ит-құсқа" жем болган байлыгын кім жемей жатыр. Осыны ойласа екен былшйып отыра бермей!!!! Ұрпақтарды да өздері сияқты МАЛ жасағсы келеме екн әлде бұлар!!!!!!



Егер тауып алып парақтап шықсаңыз, бұл энциклопедияда «жаңалық» өте-мөте көп-ақ... Гиннес кітабына енетін төмендегідей тосын мәліметтерге қарық боласыз.
1. Мемлекет және қоғам қайраткері, 4 рет Қазақ КСР, 1 рет КСРО депутаты болған Балжан Бөлтірікова апайымыз небәрі 5-ақ (1966-1971) жыл өмір сүріпті. (100 бет)
2. Орыстың тұңғыш қару жасаушы инженері, генерал-майор В.А. Дегтяров 370 жыл (1579-1949) өмір сүріпті... (122 бет)
3. Қазақтың батыр ұлы, жазушы XXI ғасырды аман-есен көріп, сексеннің үстінде қайтқан Қасым Қайсенов атамыз жетпістен аса (1918-1995) қайтыс болыптымыс. (193 бет)
Бұған не дейсіздер?

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 12 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>