ертеңгі Өзіме (Мұстафаға) хат | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

ертеңгі Өзіме (Мұстафаға) хат

Жәрдемші


Біздің гуманисттік қоғамымызда адамдар өмірдің мәнін таппақшы болып, көптеген мақсаттарға қол жеткізгісі келеді. Алайда, ақшамен кірленіп мансаппен азғырылған заманда адамдардың көбі бірқалыпты өмір сүреді. Қоғамдық көлікке кір. Отырған халықтың жүзіне қара, әңгімесін тыңда. Әркім өзінің сұр түссіз , мәнсіз тіршілігін ойлауда. Ойында: жалақы, мансап, азық,  ойын сауық, махаббат т.б.  Осының барлығына қол жеткізген адамдар кейін өздерінің бос сезінгендерін жасырмай айтады. Бұл ой-толғаулардың мәні қайда?
Біз кітап оқымайтын болдық. Оқып не керек? - Кино көреміз. Үйге келе салысымен «Универ», «Букины», «Дом2» тағы да басқа еш бір мән мағынасы жоқ, ақыл ойы кемтар адамдарға түсірілген ақымақ киноларды көреміз. Өз өзімізді ақымақ кино көріп мәз қыламыз. Неліктен көрмеске? Ата анамыз бір-бірін алдаған түріктердің, билік үшін таласқан корей сериалдарын көреді ғой. Университетке барамыз. Сабақ оқимыз.  Бірақ білім алмаймыз. Неге? Оның несі керек! Диплом болса болы ғой. Қазіргі заманда жұмысқа біліміңе емес таныс көкеңе қарап алады. Жұмыс істейсін орналасқан жеріңде. Жалақы, мансап қолайсын. Үйленесін. Сәби суйесің. Ақшаға құмарсың. Балаңды өсіру керек, ешкімнен кем қылғың келмейді. Жұмысыңнан бас көтермейсің. Балаңды сен емес, телидидар тәрбиелейді. Тұрақты қаражат көзің бар. Адамдармен жақсы қарым-қатынастасың. Той дұманға құмарссың. Ақырында қартайдың. Ақсақал болдың. Бірақ ақылың таяз, білімің аз – оқығаның кем, зиялылығың да жоқ. Жұмысың да сені ұмытты. Жинап терген тебенің түкке жетпейді. Ақша – су. Немерелеріңе ақыл айтайын десең  бар  көрген киноңнан, тыңдаған өлеңдерінен тәрбиелік мән көрмейсің. Өміріңді жай ғана тіршілікпен өткіздің.  Өмірден не алдың? Артыңнан не қалады? Ақылың ба?? Жоқ. Өміріңді білімге емес тиынға арнадың. Мүмкін өнегелі ұрпағың шығар? Жоқ. Балаңды телидидарың мансаптыққа, ақшақұмарлыққа, мәдениетсіздікке тәрбиеледі. Ондеше өмір бойы жинаған байлығың шығар??Жоқ.  Ешқашан байлық жеткілікті болмайтын, тойымсыз ашқарақ екеніңе көзің жетті. Өлдің. Сені барлығы ұмытты. Бұл өмірді өзің таңдадың, ал олар ше? Сен бос уақытыңды мәнсіз істермен толтырғанда олар бос уақытын даналардың ақылымен, мәдениеттің шамымен толтырды. Сен ақша, мансап  қудың, жақсы тіршілікке ұмтылдың олар білім мен рухани байлыққа бет бұрды, өз елі үшің із­де­нім­паз­дық рух қалыптастырды. Сен балаңа қаражатың мен мүлкіңді  қалдырдың  олар ұлтына қалдырғаны мәдениет пен тәрбие. Сен өлдің олар да өлді. Қазақ ұлтының мақтаныштары, елңмнің  ардақтылары– Ахмет Байтұрсынұлы, Ыбырай Алтынсарин, Абай атамыз және т.б.  Олар мәңгіге есте  қалған ұлт арыстандары,  ал сен болсаң уақытша ғана жер астындағы шірік тарихсың.  Ақиқат жеңер жалғанды.  Кімнен боласың??  Таңдау өзіңде, басыңды көтер, азамат!!!
Мұстафа


 


 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>