Тәуелсіздік алған 19 жылда білім саласы көптеген өзгерістер мен реформаларға ұшырады. Білім министрлігі 1991 жылдан 2010 жылға дейін аттарын 8 рет өзгертті. Ол денсаулықпен, мәдениетпен, спортпен, туризммен де қосылды. Ал өткен аптада тағайындалған Бақытжан Жұмағұлов - он бірінші министр. Сонда орта есеппен әр министр бір жылдан асар-аспас уақыт қана отырған, ал министр болып сантехник те, инженер де, ауылшаруашылық маманы да, экономист те, жазушы да, журналист те, тіпті мектепте бір күн жұмыс істеп көрмеген адам да басшылық жасаған. Соның кесірінен 18 жылда білім саласы пайдасы жоқ реформалардан көз ашпады.
Министрлер судай сапырылысқан осы жылдар ішінде мектеп пен білімге қатысты сегіз реформа жүргізілген, жеті рет толықтырумен үш заң, бес білім стандарты, бес тұжырымдама қабылданған, «екі төл оқулық» қайта жазылып, сансыз бағдарламалар түзілген, екі рет білім және ғылым қызметкерлерінің съезі, сондай-ақ көптеген конференциялар мен семинарлар өткен.
Тек 2000-2004 жылдар аралығында ғана төртінші министр басқарып тұрғанда төрт бағдарлама қабылданған. Қ.Көшербаев 2000 жылдың қараша айының аяғында «2005 жылға дейінгі білім беруді дамыту туралы» бағдарламасын ұсынса, Н.Бектұрғанов 2001 жылы «2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту стратегиясын» жасаған. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, 126 құжат пен арнайы бағдарламалар дайындалыпты.
Ш.Беркімбаева 2003 жылы «Ауыл мектебі» бағдарламасын, Ж.Күлекеев 2004 жылы «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасын қабылдады. «Іс тетігін кадр шешеді» деген қағиданы білеміз. Елімізде 700 мыңдай мұғалім бар. Солардың 1/4-інің мамандығы, ал 1/3-інің жоғары білімі жоқ. Соларды дайындап келген 19 педагогикалық оқу орны материалдық- техникалық базасына, оқытушы-профессорлар құрамына қарамай, 1997 жылы Иманғали Тасмағамбетов вице-премьер, ал Мұрат Жұрынов министр кезінде бір бұйрықпен университеттер мен академиялар болып шыға келді де, оларда тек экономистер мен юристер ғана дайындады. ҚР президентіне бірнеше хат жазып, 2000 жылы 27 қазандағы президент әкімшілігінде Білім министрлігінің басшылары қатысқан жиында дәлелденгеннен соң, 2004 жылы сол оқу орындарының төртеуі ғана қалпына келді.
«Білім негізі бастауышта қаланады» деген сөз бар. Мен бұған «тәрбие негізі балабақшадан басталады» дегенді қосар едім. Тәуелсіздік алғанға дейін 8881 балабақша 1 млн 162 мың баланы 2 айдан 6 жасқа дейін тәрбиелеп, мектепке дайындайтын. Сол тұста 6 жасқа дейінгілердің 47,9%-ы ал 7 жасқа дейінгілердің 94,4%-ы балабақшамен қамтылған болатын. Бір Алматының өзінде 338 балабақша жұмыс істеген. 2007 жылы соның 126-сы ғана қалды. Бұлайша құлдырау бүкіл еліміз бойынша жүрді. Республика бойынша бұл көрсеткіш сол жылдары 1100-ден асатын ғана балабақшаның қалғанын аңғартты. Қазір балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші қалада 10%-дан асса, ауылдық жерлерде 2%-дай ғана.
Енді оның әсері қандай? Кеңес Одағы кезінде 1-сыныптың 1-тоқсанында балалардың 95%-ы үлгеретін, ал қазір 1- тоқсанда 95%-ы - үлгермейтіндер.
Мұғалімдер қазір көп жеңілдіктен айырылған. Мәселен, қосымша жұмыстарға қаржы төлеу тоқтатылды. Апталық жүктемелері 14 сағаттан 18 сағатқа артты. Ал жоғары оқу орындары оқытушыларының жылдық сағаттары 720-дан 1,5 мыңға дейін көтерілді, ал докторлық, кандидаттық және басқа атақтарға қосымша қаржы төлеу кейінгі 5-6 жылда ғана қолға алына бастады.
Кәсіптік училищелер (мектептер), арнаулы орта білім беретін оқу орындары туралы бұдан да сорақы мысалдар келтіруге болады. Олар үшін республикалық бюджеттен жоспарлы қаржы бөлінбеді, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мүлде қолға алынбады. Соның салдарынан бүгінгі күні арнаулы білімі бар орта білімді мамандар мен жұмысшылардың жетіспеушілігі туып отыр.
Барлық оқу мекемелерінің материалдық-техникалық базалары бүгінгі күн талабына сай емес. Себебі, Білім ми-нистрлігі «білім индустриясымен» мүлде айналыспай отыр. Оқулық, стандарт, оқу жоспары жүйесіз дайындалып жатыр. Олар 10-11 жылға дайындалуы керек еді, ал бізде 2-3 жылда бір рет дайындайды да, барлығын әуре-сарсаңға салады. Білім мекемелеріне, қызметкерлеріне әдістемелік, практикалық көмек беру 1997 жылдан тоқтатылған. Себебі, әр министр өзінше орталықтар ұйымдастырады, қазір әртүрлі орталықтардан көз аша алмайсың, пайдасы шамалы, жүйелі жұмыс жоқ.
Білім қызметкерлерінің мамандығын жетілдіру жағы да сын көтермейді. Бұрын 3-5 жылда міндетті түрде білімін жетілдіріп тұратын болса, осы 15 жылда бірде-бір рет білімін көтермегендер кездеседі және оның сапасы өте төменгі жағдайда.
Оқушы мен студенттерге алдымен керегі оқулық екені түсінікті, енді осының жағдайы қалай? И.Тасмағамбетов, М.Жұрынов кезінде 1997 жылдың наурызынан 2-3 айдың ішінде асығыс «оқулықтар» дайындалып, бірден экспериментсіз (сынақсыз) мектептің бірінші сыныбына ендіріліп кетті, алғашқы жарты жылдықта 2002 жылға дейін оқушылар оқулықсыз оқыды. Осы үдеріс күні бүгінге дейін жалғасын табуда және 10 сынып жылда жүйелі, сапалы оқулықпен қамтамасыз етілмей келеді. Оқулықты академиктер, профессорлар, докторлар жазды деп тақиямызды аспанға атамыз, ал сонда тәжірибелі мұғалімдер мен әдіскерлер қайда? Қазір математиканы физик, химик, ал химияны биолог, географ жазғандықтан, оқулық сапасыз шығып жатыр. Мысалы, 17 беттен тұратын оқу-лық бола ма? Оның бағасы шарықтап, 3-3,5 есеге көтеріліп кетті.Олар бүгінгі күнге дейін эксперименттен дұрыс өт-пей, технология сақталмай отыр,
Кеңес Одағы кезінде 894 мың адамға 1 ғылым докторынан келсе, Қазақстанда 140 мың адамға 1 ғылым докторынан келіп отыр. Кеңес одағы кезінде педагогика саласынан бар-жоғы 10 ғылым докторы болса, ол қазір 300-ден асқан. Ал Әбілқасымова Алма сияқты төрайымдар 10 жылда 4 жерде басшы болады. Жұмыс істеген жерінің бәрінде үстінен шағым айтушылар көп. Олар президентке, премьер-министрге, білім ми-нистріне жазғанменен, әзірге еш нәти-же болмай тұр. Ал кейінгі кезде жұмыс істеп жатқан «Оқулық» орталығы туралы да аз айтылып жүрген жоқ, оның пайдасынан оқулыққа келтіріп отырған зияны көп. Мына мысалдан-ақ оның ештеңеден хабары жоқ екені белгілі. «Мектепте 1000-ға тарта оқулықты оқу про-цесінен алып тастадық, 300-ін экспериментке жібермедік, - деген ми- нистрдің сөзі - ол Әбілқасымованың келтір-ген мысалы, ал мектепте бар-жоғы 120-140 қана оқулық бар.
Он біржылдықты сапалы оқулықпен, оқу-әдістемелік кешенмен 18 жылда қамтамасыз ете алмай отырып, 2008 жылы 12 жылдыққа көшеміз деу - барып тұрған бассыздық еді. Себебі, 2003-2004 оқу жылында 56 тірек мектебінде, ал 2004-2005 жылы 77 тірек мектебінде «эксперименттерін» оқулықсыз, стандартсыз, оқу жоспарынсыз, бағдарламасыз, оқу-әдістемелік кешенсіз, кадр-сыз бастап жіберді. Ол эксперимент 2015-2017 жылы аяқталуға тиіс. Сонда 12 жылдық оқудың жетістігі, кемшілігі белгілі болады, оны түзеу үшін 2-3 жыл тағы керек. Сондықтан дайындық дұрыс болуы үшін, 2017-2020 жылдары ғана көшкеніміз дұрыс. Міне, осыны әлденеше рет айтып, президентке қайта-қайта хат жазғанымыздан кейін ғана 12 жылдыққа көшу науқаны 2015 жылға шегерілді.
Мектепке жанама мекемелердің назардан тыс қалуының нәтижесінде спорт, музыка мектептері, оқушылар, жастар шығармашылық үйлері, жас техниктер, натуралистер, туристер стансалары қысқартылып, ал қысқартылмағандары басшылықсыз қалды. Себебі, республикалық мекемелерді И.Тасмағамбетов министр кезінде Алматы қаласына беріп жіберді. Нәтижесінде сабақтан тыс уақытта баратын жер болмағандықтан, үйірме, секциялар жоқ болғандықтан, жастар арасында есірткіге әуестену, арақ ішу, ұрлық жасау кең етек алды. Тестілеу, информатизацияландыру (ақпараттандыру), ақылы оқу туралы, білім қызметкерлерін аттестациялау, оқу орындарын лицензиялау т.б. секілді мәселелер бойынша тек қана кемшіліктерді келтіруге болады, түбегейлі жоспарлы, жүйелі жұмыс істелмей отыр.
Облыс, аудан орталықтарындағы білім департаменттері мен бөлімдерінің министрлікпен байланыстары жоғалған. Бұл білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты биік шыңға шығарды.
Министрліктің негізгі қадамдарын жоспарлы жеткізіп отырған педагогикалық басылымдар да 1997 жылдан басшылықсыз қалып, қазір редакторлар өз білгендерімен жұмыс істеуде. Білім саласына бөлінетін қаржы ЮНЕСКО ұсынысы бойынша 107% болуы керек. Қазақстанда ол осы 15 жылдың ішінде 3,5% көлемінде, ал Эстонияда 7,5 %, Швецияда 7,8%, Данияда 8,8% болды. Жылдық бюджеттен 2004 жылы - 192 млрд, 2005 жылы - 250 млрд, 2006 жылы 450 млрд теңге бөлінген, ал оның талан-таражға түсіп жатқанында есеп жоқ. Оқулыққа бөлінген қаржының 50%-ы талан-таражға түскен кезі болған және сатылуға тиіс емес оқулықтар сатылуда.
Әрбір оқушыға кететін шығын да әрбір облыс, аудан мектептерінде әртүрлі. Мысалы: Алматы, Астана қалаларында 100 мың теңге көлемінде болса, кейбір облыстарда - 40-80 мың теңге, ал Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында - 88 мың теңге, ал шекаралас Түркістан ауданында - 38 мың теңге. Сонда оқу стандарты, оқу жоспары, бағдарламасы бірдей, бірақ бөлінетін қаржы әртүрлі, мұны қалай түсінуге болады? Сондықтан білім саласына бөлінетін қаржыны республикалық бюджеттен бөлу мәселесін қою керек, себебі әрбір облыс пен ауданның, сондай-ақ ауылдың мүмкіншіліктері әртүрлі. Білім министрлігі, оның республикалық мекемелері жергілікті жердегі оқу орындарына әдістемелік, практикалық көмек көрсетіп, нормативті құжаттармен қамтамасыз етуді қойған, қандай жобаларға қаржы көп бөлінетін болса, соны қамту жағына шыққан, нәтижесінде өз функцияларын дұрыс атқаруларына уақыт таппайды.
Ерсайын ЕРҚОЖА,
білім саласының маманы
БІЛІМ МИНИСТРЛЕРІ
1. 1988-1993 қазанына дейін - Шайсұлтан Шаяхметов
2. 1993-1994 қарашасына дейін - Ережеп Мәмбетқазиев
3. 1994-1997 наурызына дейін - Мұрат Жұрынов
4. 1997-1997 қазанына дейін - Иманғали Тасмағанбетов
5. 1997-2000 желтоқсанына дейін - Қырымбек Көшербаев
6. 1999-2000 - Владимир Школьник
7. 2000-2002 қаңтарына дейін - Нұрәлі Бектұрғанов
8. 2002-2003 15 маусымына дейін - Шәмшә Беркімбаева
9. 2003-2004 жылдың13 желтоқсанына дейін - Жақсылық Күлекеев
10. 2004-2007 жылдың 8 қаңтарына дейін - Бірғаным Әйтімова
11. 2007 жылдың 10 қаңтарынан - Жансеиіт Түймебаев
12. 2010 жылғы 22 қыркүйектен - Бақытжан Жұмағұлов.
«Общественная позиция» газеті




жоғары оқу орнында оқысаң білім алып емес,біліміңді жоғалтып шығасың
-Білім жүйесін жетілдіруге жасалып жатырған елеулі өзгерістер, бір орыс тілді жорналшының жазғанындай, " жажда большой скачки" секілді болып барады. Жаңа оқулықтар мен программалар, 12 жылдық білім беруге көшу алдағы міндеттерді шешудің сыртқы көрінісі. Ендігі кезекте мектептердің ішкі құрылымын, басқару жүйесін, мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне қойылатын талапқа елеулі өзгерістер енгізуді күтіп тұр. Жаңа талап деңгейінде жаңаша қызметке көшпеу, тозған тонды жамап кигенмен бірдей. Білім беру жүйесіндегі олқылықтардың себебі мен салдарын министрлерге ғана жүктей салмай, шығу тегі мен салдарына тереңірек талдау жасап,әрбір білім мекемесінің не істеп жатырғанына емес, қалай істеп жатырғанына көз жіберу керек. Білім сапасын тек мұғалімдер ғана шеше алады. Мектептің негізгі функциясы тетігі мұғалімдер қолында. Мектеп қызметінің жанды нүктелерін жақсы білетін де, жылдар бойы қалыптасқан мектеп жұмысын өзгерту жолдарын білетін де солар.Ол үшін мұғалімдерді "шыбық атқа емес, шын атқа" мінгізіп, миын шаруаға жеге білуіміз керек. Ынта мен ықылас болса, оны орындауға қажетті күштерге де, ойға да жан бітеді. Алғашы қадам құлшыныс пен жаңаға әуестіктен бастау алады.
А.Байтұрсыновтың „Қазақ” газетiнде жариялаған „Мектеп керектерi” атты мақаласындағы: „Ең әуелi мектепке керегi - бiлiмдi, педагогика, методикадан хабардар, оқыта бiлетiн мұғалiм. Екiншi - оқыту iсiне керек құралдардың қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз iс iстемейдi, һәм құрал қандай болса, iстеген iс те сондай болмақшы. Үшiншi - мектепке керегi белгiленген бағдарлама. Әр iс көңiлдегiдей болып шығуы үшiн оның үлгiсi, я мезгiлдi өлшеуi болуы керек. Үлгiсiз я өлшеусiз iстелген iс - ол я артық, я кем шықпақшы” - деген пiкiрi бүгiнгi таңда да құндылығын жойған жоқ.мектепке мұғалімді каншама жоо дайындауда бірақ санынан сапасы жоқ ,
Әбілқасымова Алма деген қырғызды құрту керек. оның қазаққа жаны ашып кітап жазуы неғайбыл. енді ол оқулық орталығын басқарып отыр. Кешегі кеткен министріміздің қырғыздармен бірігіп кітап жазамыз деп жүргені осы Алманың идеясы. Әрине оны сыртқы жұртшылық білмейді. Керек десенің ол математика оқулығының авторларының алғашқысына тұрады. шындығында ол ешқандайда еңбек сіңірген жоқ. тек қана қол қоятын басшы және кітаптың авторларын қазаққа танытамын деген сылтаумен басшылық қызметін пайдаланушы.
Айтқандай қаржы полициясы қазақты ғана (Досқалиев сияқтылар) қамамай осындай қазақтың нанын жеп отырған қырғыз, уйғырларды тексерсе екен.Айткандай ос Алманың күйеуі қазақ па!? неге ешкім тисе алмайды!?
Менің ойымша ата-аналар бала тәрбиесі мен білімін тек ұстаздарға артып қойып, аңқиып отырғандары дұрыс емес секілді. Мектептегі балалар неге бұзық өйткені, көп ата-ана балалырына мұғаліміңнін айтқанын тыңда, тәртіпті бол деп айтпайды. Қит етсе баласын қорғаштайды. Өз сөзім.
Мектептің жұмысын жолға қою үшін мектеп директоры,оның орынбасарлары,одан жоғары қалалық,облыстық оқу бөлімдерінде істі білетін адамдар отыру керек.Бәрі кадрге байланысты.Қолынан түк келмейтін тек жоғарғының тапсырмасын орындаушылар мектеп басқарып отырғанда бала тәрбиесі түзеледі деп ойламаңдар.Бәрін балаға да,ата-анаға да ,мұғалімге де жасатуға болады.Директор тек орнынан түсіп қалмау үшін бар күшін соған салады екен.Ол ұрпақ тәрбиесіне басын қатырмайды.Кешірерсіздер бірлі жарымды жақсы директор бар шығар,мен көрген жер осындай
Алақандай аудандық білім бөліміне "45 минуттың"не екенін білмейтін,мектептің маңын көрмеген "мектепте жұмыс істеп көрмеген" адам отырса, жоғарыдағы министрлікке сантехник,инженер т.т басшы болмай неғылсын,оларды кім көріп,кім біліп жатыр
"қосылғыштардың" орнын өзгерткеннен қосынды өзгермейді емес пе
Пікір қосу