Ермұрат Бапи. АЛТЫКЕННІҢ АСҚАРЫ БІЗ ЖЕТПЕГЕН АСУ БОЛДЫ | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Ермұрат Бапи. АЛТЫКЕННІҢ АСҚАРЫ БІЗ ЖЕТПЕГЕН АСУ БОЛДЫ

Жәрдемші


Алтынбектің асқарына барып қайттық. Бірақ басына шыға алмадық. Расында, ол қандай асқар болмақ, егер біз бір күнде басына ызғып шықсақ...

Кегеннің жазығынан шығып, На­рын­қолдың кең қолтығына кіре бер­ген­­де, Лабасы деген тау басталады. Оны біреулер «Іле басы» дегенді біл­діреді десе, марқұм Алтынбектің жо­ғын іздеген Рысбек аға «Лабасы» деген қалмақ батырының аты деген жорамал айтты.

Бізге бәрібір. Енді оның атауы «Алты­кеннің асқары» деп аталады. Нарынқолдың аңғарын қақ жарып жатқан таудың тұрпаты да қызық: жазықта жау оғынан жазатайым шөк­кен тұлпардың қарағай-жалы төгіліп, тәкаппар мойыны иілмей, ұмтылған күйінде қатып қалған сияқты. Ұшар шыңы қайран тұлпардың құлағындай көкке қадалып, жел қаққан қатпар-кекілді қасқа маңдайы Қытай жаққа үдірейе қарап жатыр.

Бәлкім, отарлаудың ойраны санасына сіңіп қалған қазақ қалмақтан қалған атауды бірер жылда алмастыра алмас. Бірақ Лабасының басындағы Алтынбектің биігі таяу тарихтың картасына түсері хақ.

Ауа райы сол күні сан құбылды: тауға өрмелегендер ертемен етектен өрлегенде басталған жауынның соңы түске таман қыр арқадағы қиыршық қарға ұласты. Денін журналистер құраған экспедицияның алды бел орта асқанда,Лабасының сауырын тұман   басты. Негізгі топтан ұзап кеткен Серғазы бауырым биікке екі асу қалғанда, Алтынбектің сабақтасы Құралаймен бірге ақ көрпедей қымтаған тұманға оранып қалыпты... Біз төменге түскенде күліп жатырмыз: «Арумен бірге асуда қалған Серғазыға жел жалаған жартас та мамық...» - деп.

Ал ең ұзақ кеткен екеу - Алтынбектің екінші ағасы Қайнарбек пен «жасалаштық» Диляр Алтыкеннің биігіне таяқ тастам қалғанда, шайдай ашылған күн ұясына батып бара жатқан. Кейін қайтар жолы түннің ортасына таярын сезген ол екеуі биіктегі мәңгі мұздақтан тамған суға беттерін жуып, кейін қайтуға мәжбүр болыпты. Олар етектегі қосқа жеткенде, маңайдағы қойлы ауыл қалың ұйқыға кеткен кез еді.

Ертеңінде бізді Алтынбектің мұғалімдері мектепке шақырды. Жоспар-жоралғыларын айтты. Келер жылы Алтынбектің қапыдағы қазасына бес жыл толады - қайғылы датаны атап өтуге азды-көпті қам жасап жатыр екен. Алтынбекке арналған сынып ашу ойларында бар. Иманды ишара екен - оған біз өз ойымызды қостық.

Ал 2012 жылы ...елуге толар еді. «Өлінің қамын тірі жер» деп, Нұрлан бауырым жырлап өткендей, тірі болсақ, ол күнге де жетерміз. Сонда біз армандағы аруақтың рухы алдында айтарға сөз таба аламыз ба?!

Біздің арамызда: «Сыныпты аштырмайды-ау...» деген өкінішті ой болған. Бірақ Сарыжаз мұғалімдерінің өзеуреген өзгенің өңменін тесер сұсы басым: «Ашамыз!» - дейді.

«Әкем-ау, ашпағанда ше! - деймін мен өз ішімнен. - Бір мектеп түгілі, бір ауданнан шыққан Алтынбектей арыс-ты бүгінде шам алып жүріп табасың ба: тәуелсіз Қазақстанның алғашқы министрлерінің бірегейі; Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы; Төтенше және өкілетті елші; Демократиялық қауымдастықтың қыршын кеткен қыраны - бір басы төрт бірдей тұғырға қонып кеткен қазағың қайсы?!».

Иә, биліктегі лауазымды лыпа ауыстырғандай алмастырып, қызметтің қоң-қызылын кезек ерттеп мініп жүргендер аз емес. Кейбіреуінің биліктің биік басына саңғып кеткен қызметін тізер болсаң, қайран қағаз қор боларлық тізім шығады. Бірақ амал нешік, олардың арасынан «Алашым!» деп шыққан азаматың қайсы!?

Бөтен елде бір білгір айтқан екен: «билік шіркін дәмді дастарқан сияқты, оның басынан ешкім өз еркімен тұрып кетпейді», - деп. Алтынбектің феноме-ні де сол - дәмі төгілген биліктің биігін тастап кетті. «Тастап кетті» деген айтар ауызға ғана оңай - қызмет десе ішкен асын жерге қоятын қазекеме «тұрып кету» оңай шаруа емес. Жүр ғой талайы - «айдағаны бес ешкі - ысқырығы жер жарып». Көкесі қуса да кетпейді. Кеткені - аузын ашпайды.

Бұл - қазаққа біткен трагедия. Алтынбек сол қасіретке қарсы шыға білді. Ендеше, туған ауылының адамдары Алтынбекті арда тұтса, алабөтен айып па екен? Халықтың жүрегіне жиналған жылуды үрлеп өшірер күш қайсы?!

...Біз Алматыға қарай бұрынғы Лабасыдан ұзап шыққанда, тасқа айналған тұлпардың сауырына күннің шуағы төгіліп тұрған-ды. Бізге алдырмаған Алтыкеннің асқары мәңгілік көк аспанмен тілдесіп жатқандай.

 

Ермұрат БАПИ

 


 




Марқұм арысым-ай! Жаның жаннатта болғай...
Абзал



Биліктің Алтынбектей азаматты атқызғаны анық. Түбі шындығы шығатынына кәміл сенемін. Осы шындыққа жету үшін қызмет етейік, ағайын!
Албан



Билік атқызғанын біліп отырсаң осыған дейін не тындырып жүрсің, ара түспей?



Осы қалмақтың батыры дегенді доғару керек. Қаскелеңде,Чемолганда,Мұңалжарда,Қобдада қалмақтың батырларының аты дейді немене сонша,қалмаққа дейін немесе одан кейін қазақ өз жеріне ат қоя алмай жүргендей.Кім болыпты ол қалмақ шауып келіп ат қойып кететін.



Дұп-дұрыс сөз. Қит етсе қалмақтың батыры, қалмақтың пәленшесі-түгеншесі деп шыға келеміз. Өзіміздің надандығымызды, дым білместігімізді солай жасырамыз. "Кім болыпты ол қалмақ, шауып келіп ат қоятын" деп әдемі айтыпсың, Қонақ. Рас-ау десеңші. Қалмақ келгенше қазақ "30-ші километр, 110-шы километр" деп атап жүргендей-ақ! Мен сол маңайдағы Құрметы /Құрметі/ деген жерде болып, жылқы бағып жүрген бір шалдан, осы Құрметі деген сөздің мағынасы не деп сұрағаным бар. Шалың біраз қызарақтап тұрды да, "кім біліпті, қалмақтар қойып кеткен шығар..." - деді. "Сонда қалмақтарға шейін мұнда қазақ тұрмаған ба, олар өз жерлерін атамаған ба"- дегенім бар. Өмір бойы мал соңында жүріп, білгенінен айрылған шалдарды қойшы, ал біздің білімдар азаматтардікі не жорық? "Іле басы" деген әдемі келіп тұрған жоқ па, қазақ үшін Іле сол маңайдан басталмай ма? Қаскелеңді менің бала кезімде "Қос келін" деген сөзден таратушы еді, соған байланысты бір аңыз әңгіме де айтылатын, ал бүгінде жатып келіп қалмақтың батыры деп жар салатындарын қайтесің, дүмше ғалымдардың. Кеген жақтағы Ұзынқара тауларын Кетпен тауы деп атап, жазып жүр. Неге? Тіліміздегі орыстардың экспансиясы жетпегендей, енді ұйғырлар мен қалмақтарды басымызға мінгіземіз бе?
Қатон-қарағайда Урунхайка /қазақтар да солай атайды/ деген өзен бар. "Бұл қайдан шыққан сөз?" деп жергілікті жігіттерден сұрағанымда, олар да ойланбастан "Урунхай" деген қалмақ тайпасы бар екен, соған байланысты аталған деп еді міз бақпастан. "Неге олай дейсіңдер, Ұрыңқай деген қазақ сөзі емес пе, арнасын жиі ауыстыратын, сондықтан суы жағалауға ұрына беретін суды Ұрыңқай демегенде не дейді?" дегенімде, "Апырау, солай ма еді?".. деп бастарын қасыған. Айтпақшы, Ұрыңқай деген өзендер Қазақстанда көп. Солардың бәріне атың өшкір қалмақтар жетіп, табличка іліп кетіп пе?
Жоғарыдағы Құрметі- қазір ұмытылып кеткен шөптің не жемістің атауына байланысты қойылған болса керек, өйткені -ты, -ды жалғаулары сол маңайда өсетін өсімдіктерді нұсқайды /Қарағанды, Алматы деген сияқты/.
Ал қалмақ батырына байланысты қойылған атау Боралдай дегенді айтады. Меніңше, бұл жердің толық атауы "Боралдай өлген" болса керек. "Қалмақ қырылған" деген сықылды. Кейін "өлген" сөзі ауыз екі тілде түсіп қалған. Қалмақ батырларына байланысты жерлердің бәрі солай болуы мүмкін. Қазақ батырлары қалмақ батырларын жекпе жекте жеңіп өлтіріп кеткен жерлердің "пәленше өлген", түгенше өлген" деп аталуы әбден мүмкін.
Алтекеңнің аруағы риза болсын десек, осындай нәрселерге көңіл аударатын болайық, ағайын!
Қабыл



Айтпақшы, Қатон-Қарағайдың дұрыс атауы Қатын-Қарағай болуға тиіс. Қыз-Қарағай болса, ол өсе келе Қатын-Қарағай болмай ма? (-:
Қабыл



Вон как запели... А было время старые оппики чернили имя Алтекена. А теперь какие слова-а-а крутят.



Марқұмның жаны жәннәтта болсын. Бірақ, бір шындық (ал шындық - өлімнен жоғары!): Алтынбек өз ұлты үшін ештеңе істеген жоқ. Тірі жүрсе де ештеңе істемес еді, керісінше ұлтқа қарсы әрекетін жалғастыра берер еді. Себебі - Алтекең қазақылықты жаны жек көретін.



Ереке, шоқырақтап қапсың ғой...

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 4 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>