Әрбір 6,5 секунд сайын әлемде темекі түтінімен кіндігін байлаған пенденің ғұмыры кесіледі | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Әрбір 6,5 секунд сайын әлемде темекі түтінімен кіндігін байлаған пенденің ғұмыры кесіледі

Жәрдемші


Әрбір 6,5 секунд сайын әлемде темекі түтінімен кіндігін байлаған пенденің ғұмыры кесіледі.  Мұндайда әйгілі орыс дәрігері Боткин сияқты бақилық боларының алдында көз жасын бұлдағанмен, бәрі де кеш... Өзіңді-өзің алдарқатам деп тартқан темекінің әр талы өмір діңгегіне құрт салып, я бел қуатынан ерте айырып, я жүрек талмасына апарып, әйтеуір мың сан аурумен алмай қоймайды екен. Бұны бәріміз де мойындаймыз, бірақ... «жай ғана» пенделік нәпсі бұлай пәлсапалауды сап тыйып, «ертең-ақ тырайып өлеміз, темекі шеккені де, шекпегені де» деген алибимен өзін «ақтап алады» емес пе? Алайда, қоғамның бар қатпарын меңдеткен темекіден құтылуды мемлекет қолға алмаса, тағы болмайды. Осы ретте бізде биылғы жылдың 9 қазаннан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жөніндегі кодекске сәйкес» енді қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салынды. Яғни, ауруханаларда, оқу орындарында, сауық-сайран кешендерінде (дискотека, түнгі клуб, кинотеатр), қоғамдық көлікте, мемлекеттік мекемелерде, мұражай, кітапханаларда, әуежай немесе теміржол вокзалдарында темекі тартуға тыйым салынады. Егер тыйымға пысқырмасаңыз, 12 960 теңгеден 77 760 теңгеге дейін мөлшерде салынатын айыппұлға қалай қарайсыз? Ең болмаса, мына фотосуреттерге зер салыңызшы? Ойланбауыңыз мүмкін емес...

 


 




Темеки- Зиян!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>