"Еңбек ері" енді демалысқа шықты... | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

"Еңбек ері" енді демалысқа шықты...

Жәрдемші


Ұзақ жылдардан бері лауазымды мемлекеттік қызметтерде болған Әбіш Кекілбаев кетіп барады.  Демалысқа. Сенатордың кең креслосын толтырып отыра бергеннен шамасы жалықса керек.  Мемлекеттік қызметтерді атқара келіп 70 жасында "Еңбек ері" атанған Әбекеңді сенат лайықты құрметпен шығарып салғанға ұқсайды.

70 жас демекші,  бүгін өткен алқалы жиында - индустриялық даму бағдарламасын орындау жөніндегі жиналыста Президент аппаратының жетекшісі Аслан Мусин мырза сондай бір сүйкімі кеткен сүр әңгіменің  шетін шығарып еді Елбасы оны тиып тастады. Асекең басекеңнің биылғы жетпіс жасын жаһанға жар салып тойлауды ұсынды, өйткені оны сол жаһанның тұрғындары қалап отыр-мыс. Басекең мұндай жағымпаздық жарысынан әбден шаршаған-ау деймін, қолын бір-ақ сілтеп, «менің мерейтойымды өткіземіз деп тыраштанғандарды жұмыстан қуып дырдай қыламын, одан да ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуге дайындалыңдар» деді.

Бек Датұлы


 




Осы сайттың осындай мысқылдарын оқып бір сүйсініп ақалатының-ай.



Cоған қарағанда, дұрыс жаламаған болуы керек



Эххх, ата, сізді кекете берді ғой. Ерін ардақтаған ел едік қой, олай қатты жазбаңыздаршы...Қолын сүйсе де, жаласа да...

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Әбіш аға Елбасының қолын сүйді деп жазғырғандар сол Әбіштің тырнағына тұрар ма екен, Айнұржан. Қолын сүйсе көңілшек қарт адам, бір толқып, эмоцияға берілгені шығар. Қатар-құрдас адамдар, шынымен жақсы көретін, бағалайтын шығар. Елге көрінбейтін абзал қасиеттерін көретін, білетін шығар. Қирандыда қалған үлкен елді қатарға қосқан Нұрсұлтан түгілі жаман бригадиріне жарамсақтанып, қолын сүйіп жүргендер осы Әбішті жазғырғандар арасында жоқ дейсің бе? Елбасыны, Әбішті жазғыра бергенше, елге пайдалы бір іс істеп, соны өзгеге үлгі қылсайшы.
Әбіш ағаның Президентке қатты айтқан, батыра айтқан сөздерінің аз еместігін көзі қарақты ел жақсы біледі.
Ал, демалысқа кеткенін өз басым құптаймын. Әбіш аға демалуы керек, елге, оның әдебиетіне, өнеріне, тарихына Әбіштей еңбек сіңірген адам аз. Ұлт перзенті ретіндегі парызын орындаған, артына өшпес із қалдырған адам ол.



Қолын сүймепті... тістеп алыпты. Ақыры кетемін, кетер алдында бір ерлік жасап кетейін деп тістепті біздің ер Әбекең. Содан «әп, бәлем сені ме?» деп біздің әкей (осы Абай.кз Президентті бір рет осылай атаған болатын) Әбекеңді сенаттан айдап шыққан көрінеді.



Тәуелсіздіктің 20 жылдығын 6 шілдеде тойлайтын болдық-ау енді... жер қара, күн жылы,мал семіз кезде....иә
Ал, абыз атам қол сүймей (не деп кеттім құдай-ай) тістемей тұрып кету керек еді



"Сүйгісі келе берер сүйген ерін..."



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Расымен де қолын сүйді ме? Өлім ғой, өлім...
Қабыл



Ол да пенде ғой, енді. Орден алғысы келген шығар. Неге түсінбейсіңдер, осы?



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, филология ғылымының докторы, профессор:

Қазір әлемге басымдық көрсетіп тұрған Батыс өркениеті бір күндері өшеді. Өйткені ол өркениет емес. Біз жасанды жолға түсіп тұрмыз. Себебі американдық ұлт деген ұғым - жасанды нәрсе. Ол тарихтың табиғи жүрісінен пайда болған жоқ. Жасанды және жауыздық жолмен пайда болған. Америка Құрама Штаттары 2 миллион үндістің сүйегінің үстіне құрылды. Үндістерді толық қырып тастаған соң, жердің иесі болмай, американдық ұлт құрылды. Ендеше, біз неліктен жасанды америкалық ұлтқа ұқсауға тиіспіз? Рас, бізді де иесіз қалған Америка құрлығы секілді етпекші болды. 1897 жылы қазақтар Ресей империясы құрамындағы түркі тектес халықтардың 52 пайызын құраған біз қазір оның үштен біріне де жете алмай отырмыз. Егер біздің бәріміз қазір мемлекеттік тілде сайрап тұрсақ, онда бұл идеядан бірнәрсе шығады деп дәмеленуге болар еді. Жасанды совет халқын жасау Кеңес өкіметінің де қолынан келмеді ғой. Сондықтан біз ұлттық бағыттағы идеология қалыптастыру мәселесін қолға алуымыз керек. Елімізде ұлттық нақыштағы доктрина болуы керек. Өкінішке орай, біз отарсыздандыру саясатын дұрыс қолға алып жатқан жоқпыз. Оған тіпті көңіл аударып та жатқан жоқпыз. Қазақтарды отарландыру саясаты сан жылдар бойы қалай жүзеге асқандығын қазір айта бастасам, алты ай жырлауға болады. Патша үкіметі де, Кеңес үкіметі де өзінің қарамағындағы халықтардың арасынан қазақтардан ерекше қорықты. Екеуі де «бұларды оқтын-оқтын отап отыру керек» деген саясат ұстанды. Әсіресе Кеңес үкіметінің құраушылары біздің саяси элитаға сескене қарады. Өйткені Ленин, Сталинмен жағаласып, айқасатын сауатты элита тек қазақтардың арасынан шығып отырды. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев: «Орталықтың қазақтан әйтеуір бір қаупі бар, мұны барлық статистика көрсетіп отыр», - дейді. Дәл айтып отыр. Міне, осындай өресі биік халықты «сексен қырлы отарлау саясаты» арқылы мүсәпір күйге түсірді. Ашықтырып өлтірді, атып өлтірді, ақыр аяғы аман қалған азғантай топтың санасын өлтірді. Қазақтарды отарландыру саясатына қанша қаржы, қанша күш, еңбек жұмсалған болса, енді содан арылу үшін де дәл соншалық әрекет керек.



Мекемтас аға, мен Сізге толық қосыламын. Сонда да Сізге бір сұрағым бар. Жақсы, кезінде орыс патшасы қырды, жақсы, кезінде қызылдар қырды. Бірақ, аға, қазір қазақтың жауы қазақтың өзі болып отырған жоқ па? Неге? Әлде қазіргі билік басында отырғандар қазақ емес пе?
"Отан - от басынан басталады" дегендей, меніңше, қазақ елінің тұтастығы әр қазақтың үйінен басталады. Әр әке, әр шеше баланы кішкентайынан намысшылдыққа, елжандылыққа, ұлтжандылыққа үйрету керек еді. Ғалым аға, әр қазақтың санасына, түйсігіне осыны құю үшін не істеу керек, осының жолын білесіз бе?



Мекемтас аға өте дұрыс айтты. Осы жайлы мақала жазып тұрыңызсайшы, жастардың көзі ашылсын. шындықты білмей, тарихты білмей намыс оянбайды.



Екі ұрты салбыраған, қарны сойылған қойдың қарнындай дөмпиіп жатқан барбос елінің жағдайн ойламайды. Кім тары шашса, соның тауығы, кім мүжуге жарайтын сүйек лақтырса, соның иті болады. жазған кітабы кімге керек осыдан кейін. Елім деп бір еңіреген жоқ. Шаңырақты қолдаған жоқ. Жәкішевті қолдаған жоқ. Доктринаға өз ойын білдірген жоқ. Өз адайлары да бұны қазір иттің етінен де жек көреді.



Мен де Адаймын. Бірақ Әбішті жек көрмеймін. Керісінше жақсы көрем. Мамаң мәтөк, папаң әтек болды ма, әйтеуір бір итерімі кем туған адамсың ғой. ал Әбіштер артық туған кісілер ғой.



Пікір алынып тасталды!



"НӘН өз еркімен кетсе жүйе өзгермейді."

Неге өзгермейді, дүние осылай тұра берер дейсің бе?!
70-жылдық жақындағанда көрерміз, қалай тойланатынын, ел көзінше ғой, тиып тастап отырғаны. Әрбір авторитарлық биліктің ел билеу технологиясы осылай.



Өзгеретін кез келді. Өзгергенді көз көретін кез келді.Муся-пусялар,Әбіш-кекіштер,сценадан кетеді.Кім басады орындарын?Перуаш-Маруаштар ма? Бутя-Кутялар ма? Бәрі - тамаша спектакль.



Әбекеңе біреуге орын босатуға тура келген шығар. Шалды демалысқа, ал сенатқа ауылға барғысы келмейтін бір дарынды жас қазақ. Сонымен бәрі орнында болады.



Менің ойымша Әбіш Кекілбайұлының орнына Кәрім Мәсімов келеді.Ал Премьер-Министр болып,Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев,экономика және бюджеттік жоспарлау экс-министрі Бақыт Сұлтановты тағайындайды.

Қазақстан Республикасының азаматы



Қисынды



халықты басқару оңай дейсіңдер ме? Халқына 100 пайыз ұнаған ел басшысын кездестіріп пе едіңдер! Жария айтуға келгенде ығып қалатындарың сөзсіз. Тілдерің сайрап тұр. Саясатты сынап неге дәйекті мақала жазбайсыңдар? НӘН анау-мынау дегеннен басқа дымдарың жоқ. Коментарий жазатын жер гу-әңгіме, өсек жазатын жерге айналған. Нағыз қазақи фактор! Ауызбен орақ орып, жұртты сынағанда әйдікпіз. Президентті қойып, Әбіш ағаның алдына барып айтыңдаршы айтатыңдарыңды. Пішту! Ауыздарыңа құм құйылып қалады. Қателеспейтін адам болмайды. Қолын сүйді екен деп өлтіретін болдыңдар онсызда аурушаң ағамызды. Ол кісі тұнып тұрған энциклопедия ғой. Қайта барып ағамыздан тың ақпараттар алудың орнына... Тупой қазақтарды құртса ғой



Кекiлбаев талантты жазушы, терен ой мен бiлiмнiн адамы. Ондай тулгалар казакта некен-саяк. Рас, эмоцияга берiлiп, президентке ыкыласын солай таныткан шыгар. Бiрак ол халкын сатып отырган жок кой. Депутаттык кызметiн аткарган жылдары талай-талай даулы маселелерде столды токпактап турып казак камын жеп айкайга баскан осы адам емес пе едi! Оны осы журналистер кауымы жарыса жазды да.
Адамда катты куанган жане катты корыккан кезде пайда болатын кас кагым саттiк сезiмдер болады. Ол адамнын еркiнен тыс болатын рефлекс.
Ал пiкiр жазудын жонi осылай екен деп, сонына аты-жонiндi де жазбай ауызга келгендi айту- барып турган тарбиесiздiк, мадениеттiн томендiгi, карапайым этиканын жоктыгы. "Халык-халык дейсiндер, булар халык емес ТОБЫР!"- деп президент казак туралы айтты дегенде (орысша айтылган) катты ашуланып едiм. Рас, кейде тобырдын iсiн iстейсiндер гой!
Аргынбек Нагашыбай. Семей



Әбекең сонда рефлекске бағынышты жануар болды ғой. Өйтіп ақтамасаңда болатын еді ғой Арғынбек.



Ей, Арғынбек! Судан ақ екен Әбішің. Ендеше Желтоқсанда неге еш болмаса артынан үн шығармады? Шаңырақты неге үн қатпады? Жауап берші.



желтоксан мен шаныракты билмейм. Бирак каупи мен касирети сол окигалардан артык болмаса еш кем емес Жанаозендеги маусым окигасына касындагы сериктерин ертип жанушыра жеткен жалгыз Абиш болатын. оны козимиз корди. Абишти коркак деп айтуга болмайды. ол акылды ари сак адам. Ол адайдын аккози емес. кылган ерлигине кудай куа ел куа!



Түрің құрысын!



Арғынбек дұрыс айтады! Депутаттар арасында қазақтың қамын жеп "Қазақ тілін білмейтін министрлерді қазақшаға үйрету үшін ауылға жіберіп, есек мінгізіп қой баққызу керек!"- деп, билікке қатты сөйлеген осы Әбекең емес пе?!
Мергенбай.



Cоңғы кездері көпетеген бауырларымыз өзінің мәдени деңгейінің төмен екенін дәлелдеп келеді.Мысалға осы сайтта көптеген *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тық сөдерді кездестіруге болады,ол мәдениетсіздіктің биік шыңы.Мүмкін осы жерде пікір жазатындардын көбісі өмірінде ештеңеге жете алмаған адамдар,өз ашу-ызасын Елбасы мен оның командасына бағыттап жатыр.Иә,Елбасының командасында барлыға жақсы адамдар деп айту қиын,құмалақтар жетерлік.Бірақ бұған Елбасы кінәлі емес қой.Сол Жәкішев,А*Бейәдеп сөз жазбаңыз!*зов сияқтыларды ол жастайынан өсірген жо қой.А көбі осыны түсінбейді.Ал мені ең таңғалдыратыны Құрметті атамыз Әбіш Кекілбайұлына тіл тигізгендер.Осыны айтатныдар қазақ емес!Өйткені нағыз қазақ Ақсақалдарды құрметтейді.Елбасының кәзір өз орныда болатыны менің жанымды тыныштандырады.Ал егер билікке осы мәдениетсіздер келсе,еліміз құлдырап,Ауғанстанға айналады.

Саналы қазақ



Осы күнге жеткізген ақсақалдарымыз.
Әбіш Кекілбаевты даттап жатқандар оның халқымыздың рухани көсемі болуға барлық мүмкіндігі бола тұрып, сол үшін қаншама еңбек ете отырып, ақыр аяғында орден алу үшін бе, басқа бір себептен бе, тайқып кеткені, табандылық танытпағаны үшін даттап жатыр деп ойлаймын. Әйтпесе, Әбекеңнің еңбегі, білімі, парасаты, басқа да мол игі қасиеттері кім-кімге де белгілі ғой. Алайда, қазіргідей ұлтқа құрып кету қаупі төніп тұрғанда, бәрін ысырып қойып, ешкімнен тайсалмай ұлт мүддесін қорғай білсе ғой, шіркін. Нағыз көсем сол болар еді...
Қабыл



Саналы қазаққа айтарым.
Иә, Әбекеңнің соншалықты бүлдіре қойған ешнәрсесі жоқ. Ал дәу бастықты өйтіп қорғаштамаңыз. Оның басты кінәсі алдымен өзі жолдан тайды, әйелін, бала шағасын бетімен жіберді. Өзінің жақын маңындағыларды бетімен жіберді. Осыдан соң өзгелерге де жол ашылды. Сонау биліктің ұшар басындағылардан бастап ең төменгі ауыл әкімі, мектеп директорларына дейін тек жемқорлықпен айналысты. Өйткені ай дейтін ажа жооқ. Барлығы өздерінің үлесі нетиген майлы жілікті, сүйек-саяқты мүжумен әуре.



- Бүгінгі тірлігімізде ақылды - жасыққа, алтынды - тасқа айналдыратындай жайлар болып жатады. "Әділдік орнатуға ақылың жетпесе, дарынды болудың өзі сорға айналады" деген дананың сөзі Әбішке арналғандай. Ақылдан тапшылық көріп жатырғанымыз өзімізге белгілі. Тапшы дүниенің құны өсетін еді,бірақ ақылға зәрулігі жоқ елдей ақыл-ойлы азаматтарымыз өз бағасын халқынан көре алмайтын болды. Әбіш те қаншама ғұлама ой иесі десек те бәріміз сияқты біресе "шүкір" деп, біресе "әттеңін" айтып жүрген пенде екенін түсінгеніміз дұрыс болар. Елімізде ақылдың киесі ұрғандар алшаң басып жүріп жатыр. Зәрулік пен тапшылық көбімізді соқыр төзімнің құрбандығына айналдырып, қара күшке табындырып қойғанын ұмытпайық.Айтсақ та, жазсақ та, сөйлесек те жабық есікке жалтақтайтын күйкі тіршілік өзіне табындырып қойғанын аңғарып, азаматымызға артық сөз айтпағанымыз жөн болар. Сакен Құлсарыдан.



Мына кiсi (Бозаев) оте дурыс айтып отыр. Карл Маркстiн "сананы турмыс билейдi" дегенi бар емес пе. Бiздiн турмыс пен когам жайын айтпасак та белгiлi.
Ал Кекiлбаев Исатай бабасы сиякты атойлап Назарбайга карсы шапты екен дейiк. Осы коммент. жазып отыргандар сол Абiштiн артынан дур котерiлiп атка конар ма едiндер? Жок арине! Ол кiсiнiн де куны 1 немесе 3 ок болар едi. Сендерге керегi сол ма? Бiзге олi адамнан горi тiрi адамнын акыл-ойы керек. Кайран Заманбек, Алтынбек десеншi! Казагым, халкым деп атак-мансаптын барiн ысырып тастап,бiз сорлыны уйкыдан оятамын деп жургенде ак кар,кок муздын устiнде сулап жаткан олi Алтынбектiн денесiн интернет, газеттерден корсек те мынк еткен дыбыс шыгарган жокпыз.Тым болмаса жылап-енiреп аланда жатып алуга да жарамадык. Сол иiсалмас калпымыз, сол калын уйкыда корылдап жаткан ел.Дал казiр сол Алтынбек,Заманбектер калай жетпей тур бiздерге!Кекiлбаевтын сонынан тас алып жугiргендер, бiр сат токтап ойланындаршы, не ушiн ол адамды гайбаттап жатырсын? Олтiрiп алып, Абiш былай деп едi деп айткандарынан цитата келтiрiп отырмандар.
Ал колдарындагы тастарынды Назарбайга карай далдендер. Деспоттык режим жасап отырган сол адам. Халык сорласа да, гулденсе де сол жауапты. Бiздiн елде билеушi адам 1-еу-ак. Калганы шакалдар.
Асылбек Аманкожа. Аягоз



Cізге толық қосыламын.Біз жалтақ, жігерсіз, ұлттық намыссыз, рухсыз болып барамыз. Қарным тоқ болса болды,"сен тимесең мен тиме бадраңкөздің" кебін киіп, отырмыз.



Сендер Әбішті неге шал, шал дей қалдыңдар, ау сонымен түйдей жасты Президент мәңгілік тақта отырсам дап жүрген жоқ па???....



Монитордың артына тығылып алып, пыш-пыш етіп өсек соққан өңшең қырттар!!!!!!! Кейбіреуің Әбіштің орнында болсаңдар, қолын сүймек түгілі к.......е кіріп кетер едіңдер....



Серікболсын Әбділдин аға абыройымен жүр ғой. Воот! қолда сүйген жоқ, кемшіліктерді ашық бетіне айтты! Сол Әбеш о1-ді өлердей жақсы көріп өліп бара жатқанға сенбеймін. Тек тәтті нан үшін жалбақтап жатыр. Керісінше бұндай адамдар құбылмалы болады. Ертең 01-дің қарсыласы келсе билікке, оның қолын сүюге жүгіреді. С. Әбділдин, С. Аддірахманов абыройларын сақтап қалды. Воот!



Кудайсыз капир комунисте кайдагы абырой? Сол коксеген режим сол коксеген комунизм емес пе еди менин аз аулиелеримди кырып, касиет кие атаулымды корлаган? абыройшылын поқтың...



жоғарыда Әбіш ағамызды тілімен түйреп жүрген аға баурларым айтар датым бар!Абай.кз сайтында тек қана біилікке қарсылық НӘН ге қарсылық болу міндетті емес!бұл еркін ойдың сайты!алайда еркін ойлағанның бәрі ойына келгенін айтып ел үшін еңбек сіңірген Әбіш ағалармыз сыяқты адамдарды сөз сойылына алмау керек !олай істесек білімсіздік,топастық болар!Әбіш сол монитордың ар жағында отырып батырсынған талайлардан артық еңбек сіңірді қазаққа!халқының рухани дүниесін байтты!оған саяси күреске шығып біилікке қарсы шығу міндет емес!әркім өз қабылетыне қарай ұлтына үлес қосады!тыпты қойшы болып қой бақсада!қолдан сүйгенде тұрған түк жоқ!Путинның болмаса обоманың қолын сүйген жоқ!жаман жақсы болсын қазақстанның приздентінің қолын сүйді.ішкі сезімін білдірді!се жек көрсең ол жақсы көреді Нұрсұлтанды!ал бүгінгі жағдайға жалғыз біилік қана кіналі емес!ұлттық рух,білім деңгейі ,сансы көтерілмесе бұл қазақтың кім көрінгеннің билекінде тепкісінде болады!билікке әрине басқаруға қолалы болу үшін ұлт рухын басып ұстау пайдалы!бырақ халық өз тағдырын өзі шешуге ұмтылу керек!бүгынгі жағдайға Әбіштер кіналі емес!кнәлі бәріміз!тасадан тас атпай біріге қыймылдайқ!болмағанда жақсмызды жамандап,қасқырдай өз жарамызды өзіміз жұлмайық!

серік мұратхан



Дурыс айтасың буырым, Әбіштің ізіне де тұрмайтындар, шәуілдеп үрмеңдер!!! Әбіш керек жерінде қасқайып тұрған адам. Баяғыда мемлекеттік тілді бекіту жиынында Әбіш осы қазщақ тіліне мем. тіл мәртебесін алып берген. Қатынның қолын сүйгенді мәртебе көретін бауырлар ханның қолын сүюге арланасыдар ма?



Қабыл бауырым, сенің ой-өрісің кең, парасатты жігіт деп есептеймін. Бірақ, сен мынаны түсін. Мына қазақ тобыр қазақ, Әбіш көсем болып шыға қойса ере қоятын қазақ емес. Оны өлтіріп тынатын қазақ. Бізде елім деп шығар ер көп болғанымен, ерге сай ел болмай тұр ғой. Сондықтан Әбішті босқа кіналамаған жөн.



Шәмшіге бір тойда костюм кигізіп, шыққан соң көшенің тентектері шешіп алыпты. Сонда сазгер "халқым өзі кигізеді, өзі шешіндіреді" деген екен. Сол айтқандай, мында отырып алып, бір қазақ даттаған, екіншісі ақтаған, үшіншісі мақтаған. Ал, оған Әбекеңнің ештеңесі кетпейді. Өйткені өзі даттаған қазақ өзі ақтап алады.



Ей, ағайындар! Әбіш туралы бір сөз.Оның жақсы жазушы екені қандай рас болса, НӘНге жағынып баққаны да сондай рас. Әңгіме азаматтығында. Жұрттың оған реніші: үлкен жазушы, үлкен орындарда отырды, НӘНнің қателіктері туралы ауыз ашпады.Ел-жер байлығын кімдер талап жатқанын көре тұра үндемеді.НӘНнің баяндамаларын, сөздерін жазып беріп жүрді, оқыған кісі стилінен (қанша өзгертсе де) таныды.Ең құрыса: Заманбек, Алтынбек өлтірілгенде "Бұл не сұмдық?!" демеді. Айына 2,5 мың доллар беретін жылы орында отырды. Жершілдік, рушылдықпен қорғаштағандар осыны неге ескермейді екен? Шындықтан ауытқымасаңдаршы! Қайталайын: жазушы ретінде - дұрыс, ал азамат ретінде - бұрыс, жасық Әбіш.



Биреу биреудин колын суйгенде не ерсилик бар? 20 жасар мени ауылга демалыска барганымда 70 жасар ажем алдымнан шыгып, колымнан суйеди... Абиш Нурсултаннын колынан суйсе, акеси улынын колын суйгендей екен. Ойткени, Нурсултан Абишулы!



Биреудин некели айелинин колын суйгенде касында ыржандап турган байы да еш кызганбайды, катыны да еш кымсынбайды. Бул европаа мадениет деп аталады. ал ханнын колын сую біздің шығыста құрмет дәреже! Әбеке, мен Сіздің қолыңызды сүйем. Ғұлама, данышпан,патшы адамдарға лайықты құрмет көрсетілу керек. Көшедегі жезокшенің көті сүйетіндер енді келіп Әбішті көре қалыпты. Пішту!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>