Әміржан Қосанов, «АЗАТ» ЖСДП партиясының бас хатшысы
-Әбеке, ЖСДП сайлауалды штабын басқардыңыз. Сайлау қорытындысы туралы не айтасыз?
-Не айтайын? Белден басу! Көпе-көрінеу қарақтық! Саяси арандату!
Білесіз бе, бұл сайлаудың қазіргі қоғамдағы билік пен оппозиция арасындағы арақатынасқа әсерін тигізер бір үлкен салдары бар. Осы күнге дейін ел ішіндегі мәселелерге үлкенді-кішілі сын айтылғанда, көбіне-көп президентке биліктің барлық тармақтарынан бөлек те биік тұрған институт ретінде жүгінуші еді көпшілік. Енді мынадай масқарадан кейін сол сын оның өзіне тікелей бағытталары хақ.
-Неге сайлау бұрмалаушылықпен өтті деп айтасыз?
-Оның төрт нышаны бар.
Біріншіден, заңнамалық. Осы күнге дейін заңға барлық сайлау комиссияларының құрамына додаға түсуші барлық партиялардың өкілдері енуі тиіс деген бап енгізілмей тұр. Ал мұндай шартсыз дауысты дұрыс санауға мықты бақылау жасау мүмкін емес.
Екіншіден, саяси нышан. Яғни, жалпы алғанда президенттің «Парламент көппартиялы болуы керек» деген сөзі толыққанды жүзеге аспай отыр. «Ақжол» мен ҚКХП-ның «билікке оппозициямыз, баламамыз» деген сөзін естідіңіз бе? Яғни, ол формальды түрде үшпартиялы болғанмен, онда шын мәніндегі парламенттік пікірталас пен талқылау орын ала алмайды.
Үшіншіден, ақпараттық нышан. Біздің партияның дауысты көп алып кететінін сезді ме, соңғы он күнде «Хабар» мен «Қазақстан» басқа шаруаларын ысырып тастап, күні-түні біздің партияны қаралаумен болды! Қазақстан өмірінде басқа маңызды жаңалықтар құрып қалғандай. ЖСДП-дан шықтым-мыс дегендерді тіпті президенттің өзінен жиі көрсетіп кетті емес пе теледидардан! «Артық қыламын деп, тыртық қылды» ондағы жігіттер.
Төртіншіден, моральдық, имандық қиянат! Жаңаөзендегі қанды оқиғадан кейін «қырқын бергенше, қылмыскерлерді тапқанша сайлауды кейінге шегерейік» деп ұсындық билікке. Оған да құлақ аспады. Өлі риза болмай, тірінің сайлауы оңа ма?!
-Мұндай сайлау елге не береді?
-Не береді дегеннен гөрі, не бермейді деген дұрыс болар.
Білесіз бе, елде тұрақтылық болу үшін, қарапайым адамдар билік институттарының заңдылығына күмән келтірмеуі тиіс. Ол биліктің ел алдында беделді болуы үшін қажет. Осылайшы ұрлық-қарлық жолымен құрылған Парламенттің қандай абыройы болмақ?!
Оған қоса, ел ішіндегі балама ойлар мен пікірлер билік партиясынан басқа партиялар арқылы Парламентте айтылып жаста, несі айып? Ал ол партия Парламентке ене алмаса, алаң мен көшеге шықпай қайда барады?!
-ОСК «бәрі дұрыс болды», Бас прокуратура «шағым жоқ» деп жатыр ғой...
-Барлық облыстардан бақылаушылар жинаған хаттамаларға қарасақ, біздің партия екінші орыннан төмен түспеген. Осыдан кейін 1,6 пайыз дегенге қалай сенесің?! Немесе әлеуметтік жүйенің көшбасшысына айналған бюллетеньдерді ұялмай дауыс беру жәшігіне тыққыштап жатқандар туралы бейнероликтер ше? Ал біздің әріптестер «қолға түсірген» бірнеше учаскеде кезекпен дауыс беріп жүрген адамдар толған автобустар ше? Айтып айтпай не керек...
Ал прокуратураға келсек, Сізге өтірік, маған шын: сайлау күні біз штабта отырып, түстен кейін Астанадағы Бас прокуратураның бір де бір телефонын ала алмадық! Саботаж емей не бұл енді?!
-Енді не істемексіздер?
-Заң бойынша, барлық арыз-шағымды сотқа беру керек. Көреміз. Бірақ өз басым біздегі сот сайлау комиссиясын кінәлі деп тауып, жауапқа тартады дегенге сенбеймін!
Сондықтан жалған жеңістен басы айналған билікті тәубасына келтіру үшін саяси қадамдар керек. Оның бірі - наразылық акциялары. Әрине, толыққанды митинг өткізу үшін жан-жақты дайындық пен уақыт қажет. Сол жағын ақылдасып жатырмыз. Мәскеуде, мәселен, билік Болотная мен Сахаров алаңдарында митинг өткізуге рұқсат берді. Бәрі бәйбіт түрде өтті. Бізде де неге солай жасамасқа?
Ал әзірше алғашқы қадам ретінде бүгін Алматы қаласында Республика алаңындағы Тәуелсіздік Монументінің жанында әділетсіз өткен сайлауға наразылық білдіру акциясын өткіземіз деп шештік. Оған ЖСДП Төралқасының мүшелері қатыспақшы.
-Бірақ ол шараға рұқсат берілген жоқ қой...
-Иә, Алматы әкімшілігі баяғыша бізге Сарыарқа кинотеатрының артындағы саяжайдан орын беріп отыр. Бірақ біз дәл орталық алаңға шықпақшымыз. Ата Заң бойынша оған толық қақымыз бар. Қалай болғанда да 15 қаңтардан кейін саяси оппозицияның да тактикасы өзгерері сөзсіз.
«Абай-ақпарат»




Білесіз бе, елде тұрақтылық болу үшін, қарапайым адамдар билік институттарының заңдылығына күмән келтірмеуі тиіс.
-------------------------------
Осы бір *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* "тұрақтылық" деген сөзді стабильностың қалай баламасы еттік? Біркелкілік еді
Ал біздің әріптестер «қолға түсірген» бірнеше учаскеде кезекпен дауыс беріп жүрген адамдар толған автобустар ше?
----------------------------
Жігіттер, ең болмаса соны ойната білсеңдер болар еді!
"Абайлыктар" куни кеше "Ак жолды" колдап, "Азатты" жамандап еди, енди мыналарын кара, адил отпеди дегизитп койыпты... ай, Омиржан - Нура матай-ай
-Барлық облыстардан бақылаушылар жинаған хаттамаларға қарасақ, біздің партия екінші орыннан төмен түспеген.
Осы рас. Өзім пікірлескен адамдардың барлығы осылай деп отыр.
1 қонақ, сөздікте біркелкілік - однообразность, равномерность деп тұр ғой.
Өліспей беріспеу керек. Оған Жармахан, Болат, Әміржанның төзімі, жігер-қайраты жетер ме екен, көреміз. Негізі қазақ зиалыларын шақырып, заң бұзушылықтарды көрсетіп, өздерін қолдауға өтініш жасағандары жөн. Әйтпесе қазақтың көтерілуі қиын.
ҚАЗАҚТА ЗИАЛЫ ҚАЛДЫМА КІЛЕҢ СИЛЫҚ АЛЫП ҚОЛ СҮЙЕТІНДЕР ҚАЛДЫ ЖАҒЫМПАЗ АРСЫЗ БИБАҚТАР ҚАЛДЫ
Мұхтар Шаханов, Ғаббас Қабышов, Дулат Исабек, Софы Сматай сынды зиалыларды да шақырып, бүкіл қазақты көтеру керек. Олай болмаған жағдайда Жармахан, Болат, Әміржанды 10 күннен қамаса рухтары сынып шығады.
Алматыда 25 000 адам алаңға шықты деген рас па??? ОМОНдар қоршап алған. Олар қандайда бір жағдай болып қалмасын деп бақылап тұр ма??
жүз жиырма бес мың адам шығу керек. сонда ғана нәтиже болады. астанада да сонша адам шығу керек. бір күн емес тапжылмай 7-8 күн тұру керек сонда нәтиже болады.
Осы жерде комп.қа үңіліп, бықсып-сасып 125 адам отыр екенсіңдер. Ақыл айтып.
Қазақтікі осы ғой. Сөзге қоя бер!
Дулат ақы берсең де шықпайды. Мұхтар кеше ауыр жағдайда аураханаға түсіпті
Осыны жақсылап ұйымдастарсаңыздар бәрі көшеге шығады
25-30 адам ғана шықты. Қаптаған полицай.
Мұқтар ағамыздың ең жақсы әдеті ғой. Мен Ауғанстанда өзіміздің бір қазақ жігітін атып тастауға жақын қалғаным бар-тын. Ондағы уақиғалар туралы өзімді өзім ақтамаймын. Тағдыр дейміз де қоямыз.
Сол кезде біздің міндетіміз "барлаушылық" болды. Түн жүріп, күн ұйқтаймыз. Не үшін, қайда барамыз, мақсат не? оны бізге айтпайтын. Сондай сапардың бірінде маған радист қазақ жігітін қорғап жүру тапсырылды. Қайтар тұста командиріміз ""тіл" алып қайтуымыз керек"-деп бір үйге шабуыл жасадық. Сол жерде бір жас жігітті тұтқындап, кері қайтып бара жатқанда ол бір "дала командирінің үйін корсетемін"-депті. Командиріміз "оны тірідей апарсақ отпуск береді, орден береді, шен береді"-деп бәрімізді көндірді. Содан айтқан қышлаққа барып, бір үйді қоршауға алдық. Маған міндет радист пен тұтқынды қарап отыру болды. Кімнен екені есім жоқ, әйтеуір атыс басталып кетті. Командир айқайлап шақырған соң барайын десем радист аяғыма жабысып жібермейді. Әзер құтылдым. Қайтып келіп, дуалдың ішіне алып кетейін десем орнынан қозғалмайды. Жүр десем, "дәрет алып отырмын, ішім өтіп кетті"-деп қозғалмайды. Басын бір тастың түбіне тығып алған. Қасына барсам... Рас, бірақ дамбалын шешпеген екен. Орнынан қозғалмайды. Құйрығының астынан атқылап жүріп әрең тұрғыздым. Сол-сол екен, "ойбай жүрегім" деп жалп ете қалды. Оқ тимеген. Рация керек. Амал жоқ, тұтқынға арқалатып. әзер шықтық. Жүрегі ауырған қазағым қазақшалап "адамды түсінбегенім үшін" мені *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тап келеді. Келген соң қарасақ автоматын тастап кетіпті. Оны әклдік. Бірақ рацияны қоса алмады. Білесіздер ма, соның бәріне мені кіналады...
Құдай оңдап, заңсыз алып шыққан бегі бергіш ракеталарды атып, сол арқылы бронды машинамыз бізді тауып өлімнен әзер құтылдық.
Мен Шаханов ағамызды жақсы көремін. Бірақ ел басына күн туғандағы осындай әрекеттерінен жүрегім шаншиды. Жағаөзен оқиғасы үстінде әпкесі ауырып еді, енді өзі ауырыпты. Олай барса арбасы сынатын, бұлай барса өгізін өлтіретін бұл кісіге иек артқанды қойған мақұл шығар. Бар болсын, ағамыз әйтеуір бар болсын.
100-ге жетер-жетпес адам шықтық, оның жартысы "азат" жсдп-ның өздері болды, сонда 50-шақты адам 15-20 минут тұрып, тайып тұрды. Өз қолдаушыларының сиқы мұнша мардымсыз екенін көргеен "Азат" ЖСДП партиясы енді партияны жауып, тарап кеткеннен басқа жол жоқ. абилов саудаға, жармахан пенсияға, әміржан билікке, гүлжан ергалиева стриптизда жалаңаштанып өнер көрсетуге кетеді дегенсөз расқа айналайын деп тұр. Әшірбек
Күллі ғаламды жалмайтын өрттің шығуы үшін бір тал шырпының өзі жетіп жатыр. 50-60 адам деген көп қой, Әшірбек ақылман. Ең бастысы бұл азаматтар сөздерінде тұратындарын көрсетті.
ОСДП ХАЛЫҚ СЕНДЕРГЕ СЕНІП ОТЫРСА СУШЫҚПАЙТЫН АДАМДАР ЕКЕНСІҢДЕР ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕРДЕЙ ДУХ ЖОҚ СЕНДЕРДЕ ДЕМАЛЫҢДАР
ОСДП сендер қашан билік деген сөзді қойып кінәлайтын адамдарыңның аты жөнімен айтпайынша халық сендердің шын ниеттеріңе түсінбейді. Билік деп кімді айтасыңдар, әлде үйдегі әйелдеріңді айтасыңдар ма, оларда күйеулеріне билік жасайды ғой. Егер шын оппозиция болсаңдар әр нәрсені өз атымен айтып үйреніңдер. Ерсін Өзтүрік.
АТЫҢ ШЫҚПАСА ЖЕР ӨРТЕ ДЕГЕН СИАҚТЫ МЫНА ЖСДП СУРЕТТЕ ҚАҒАЗ ӨРТЕП ТҰРҒОЙ ОСЫЛАРҒА СЕНІП САЙЛАУҒА БАРЫП ДАУЫС БЕРІП ЕДІМ ОДАНДА БАРМАҒАНЫМ ЖАҚСЫ ЕКЕНҒОЙ ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗДЕРІНЕ БЕРГЕН ДАУЫСЫН АҚТАП АЛАЛМАСА БӘРІ БЕКЕР ДЕГЕН СӨЗҒОЙ
Дұрыс билік деп жалпыламай атын атау керек. Кезінде Әлихан Бәйменов биліктің саяси технолгі әрі идиолгі Марат Тажин, ал опазицияда осы орында Алтынбек Сәрсенбаев, екеуі қалың дос сонда қалай Алтынбектің билікке опазиция екеніне сенем деп атын атаған еді. Содан тәлім алыңдар.
Мына сайлау ЖСДП-ның банкротқа ұшырағанын көрсетті. Билікпен астыртын келісімге барамыз деп күллі абыройдан жұрдай болған Жармахан мен Әміржанға сол керек! 2 пайыз ала алмау деген не сұмдық! Сенген қойым сен болсаң - күйсегенінен ұрайын. Общем, қазақтар бізге жаңа партия керек! Шаханов мырза тағы өтірік ауырып қалған ба? Әй, су жүрегім-ай, көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама деп қанша айтсақ та құлақ аспап еді, "шіріген жұмырыртқаның" ақылын тыңдап өзі әбден позор болды. Қазағына енді қай бетпен қарайды екен, енді! Жігіттер, қоя берейік, бізге тек жастардан тұратын жаңа партия құру керек! Оның идеологиясын ислам бағытындағы жігіттерге тапсырайық! Әйтпесе, біздің маскүнем ақын-жазушыларымыз, журналистеріміз ештеңені аяғына жеткізе алмайды. Бір шыны шөлмекке сатыла салады. Дарын
ҚҰРСЫНШЫ МЕНІКІ НЕ ЕКЕН ТАМАҒЫМ АЛДЫМДА КИІМІМ БҮТІН ОСЫ ЖСДП ДАН БІРДЕҢЕ ШЫҒАДЫ ДЕП ДАУЫС БЕРІП ЖҮРСЕМ ЕНДІГІ ЖЕРДЕ БАСТАРЫҢНАН АРТТАРЫҢ АССЫН ЖСДП
ИНТЕРНЕТТЕН МЫНА ЖСДП НЫҢ КОНЦЕРТІН ҚАРАҒАНША МУЛЬТФИЛМ ҚАРАҒАНЫМ ОНЕСЕ АРТЫҚ ЕКЕН МИЫМ ДЕМАЛЫПҚАЛДЫ ТОМ И ДЖЕРИДІ ҚАРАП ДЕМАЛЫП ҚАЛДЫМ
Бұлар неге алаңда жатып аштық жарияламайды.Қарнымыз ашып кетеді дей ме екен.
Мамбеталин құрлы болмады.
Биздин казирги билигимиз озимизге жетеди. сендер айтып турган, армандап тургандарын киял гана. Нурбол
НУРБОЛ НУР ОТАНҒА ҚҰЛ БОЛ.БАРҒА ШҮКІР ЕТІП.ҚҰМҒА СІҢГЕН СУ БОЛ.
Халық өз таңдауын сайлауда дәлелдеді.
el kazir tiniwtaldi. endi halik arasinda iritki saludin kajeti jok. tiniwtik kerek
HALIK TANDAUIN JASADI. partijalar oz jumistarina karai bagasin aldi
Рас ЖСДП 2-орын. Бірақ бергісі келмеді
АТЫҢ ШЫҚПАСА ЖЕР ӨРТЕ ДЕГЕН СИАҚТЫ МЫНА ЖСДП СУРЕТТЕ ҚАҒАЗ ӨРТЕП ТҰРҒОЙ... --------------- Шет елдерде президенттің чучеласын өртеп, таяқтап жатады, тұлыпты ауызға ұрып. Елестетіп көрші - Қосанов қос қолдап ұрса, Тұяқбай тұяқтан қағып қалып, Бутя бұтқа тепсе, Гуля ырым-пырым болған тұлыпқа гүл шашып жіберсе, Ерлік болар ма еді...
Бірігетін кез келді!
ЖСДП - осы жолы өздеріңді көрсете алмасаңдар, тарап кеткендерің жөн. Жалғыз оппозициялық партия деп сеніп жүргендеріміз сендер болсаңдар, күйсегендеріңді ұрайын. Алматыда жылы жерде ғана тығылып отырмай, жан-жаққа шықсаңдаршы. Қарағандыдағы өкілдерің қайда? дауыстары неге шықпайды??? Егер осы жолы маңырап-маңырап қойсаңдар, онда 16-ыншы пікір айтушының сөзі біржола шындыққа айналғаны....
Біз ешқандай партия да болмасақ та,ойлана келе ЖСДП-ға бердік.Қарапайым халықтың ішінде оянып келе жатқандар да бірвз бар екен.Бірақ неге аз?Түсінбедік!Басынан дайындалып қойған проценттер деген рас-ау деймін!Құдай НӘН-ге тағы шанс берген ғой деп түсіндік.Маңғыстау
Бұл сайлауда бұрмалаудың көкесі болғанын, оны облыс, аудан, ауыл әкімдерінің алдынан ойластырып жасағанын бәрі де біледі. Әкімсымақтар орындарынан қорқып жасады, ал бұған мұғалімдерді тартқаны, балаларға білім нәрін себетіндердің жалғандықтың туын желбіреткені масқара болды.
ЖСДП-ы кіналайтындар табылар, алайда өз облысыңның бас алаңына шығып, билікке қарсы сөз айтып көріңдер, батыр болсаңдар! Үйге аман оралсаңдар құба-құп, отбасы мүшелерінің бәріне қысым көрсетілетіні айқын.
Болат және тағы басқалар, ел байлығын ұрлап шет елге тайып тұрған жоқ. Өз еліндегі әділетсіздікке қарсы, қуғын-сүргін көріп, бастарын қатерге тігіп, шырылдап жүр. Ал компьютерде отырып, көсемсіп ақыл айту әркімнің де қолынан келеді.
айтпа атырау обылысы әкімі мусиннің братишкасы қатты жұмыс жасады келмегенді келді қылып нуротанға бермегенді берді қылды жарайсың өсетін баласың
ЖСДП-ның жетекшілері өздерінің әріптестері Алтынбек қаза болғанда мә-деуге жарамағаны белгілі. Олай болса оларға сеніп дауыс берген қалың жұртшылықтың не кінәсі бар?! Көбі оларға дауысын берді, ал сенімді ақтамаған кім, сонда?...
Выборы состоялись, они прошли честно и прозрачно, партия «Нур Отан» победила заслуженно.
Сайлау барлық стандарттар мен ережелер бойыншы өтті! Нұр Отан партиясы сайлауда жеңіске жетті!
НУР ОТАН ПАРТИЯСЫ ТАЗА ЖЕНИСКЕ ЖЕТТИ!
Елді алаңға алып шығатын қажымайтын, қайраты мол нардай ер азамат, батыр керек! Енегі бар еркек керек! Назарбаевтан басқа еркек жоқ па мына Қазақстанда! Назарбаевпен тең келіп, иық тірестіретін, оның артында халық тұрса, сол кезде билік дүлей нөпірді сезіп, аяқ тартып, бұра тартып бұрмалауын қояр еді. Халықпен санасар еді. Жаңаөзендіктер ер екен 7 ай бойы тапжылмай тұрған, міне қазақы рух, міне сол жақтағы халықтың бірлігі!
Тоқтар аға қазақтың батыры ғой! Мүмкін сол кісі сол нардың жүгін көтере алар!
мен уры отаннын саясатына карсымын. бiрак мына сиякты кезiнде казiргi билiкпен косылып халыкты тонаган, казактан горi, баскыншы улттын камын кобiрек ойлайтын оппозиция керек емес. Олар тiрi олiк!!!!!!!!
бiзге ата-бабамызды сан гасыр кырган орыс капiрлерiн жек коретiн, бурын билiкте болып колы былганбаган таза казак мусылман керек! сондай адамнын артынан еруге ДАЙЫНБЫЗ!!!!!
ТОКСАН АУЫЗ СОЗДIН ТОБЫКТАЙ ТУЙIНI, КАЗЫБЕК ИСА ПАРЛАМЕНТКЕ ОТТI МЕ, ЖОЛ АЛДЕ КАРА КАЗАКТЫН АБЫРОЙЫН ПАЙДАЛАНЫП ТАГЫ ШАЛА КАЗАК ОТТI МЕ ПАРЛАМЕНТКЕ..?!?!
Біз жұмыс істейтін мекемеде келмеген коллегалардың орнына дауыс бердік. мүмкіндікті пайдаланып бәріміз ОСДП-ға бердік, мен өзім 20дауыс дердим
Нән тірі тұрғанда ҚР-да әділ сайлау болмайды. Пайыздар жарты жыл бұрын әкімшіліктерде дайындалып қойған, оған дәләл партиялардың барлық облыстарда бірдейге жуық пайыз дауыс жинауы. Ал ұрыны ұрладың деп митингі өткізу бос әурешілік. Бірден бір жол билікпен толық ат құйрығын үзісу- сайлауға қатыспау, теледидардан сөйлемеу, билік өкілдерімен кездеспеу. Үгіт насихат жұмысын жандандыру, бейьіт ереуіл, шерулер ұйымдастыру, өрине биліктің оұқсатынсыз.
Халық өз таңдауын жасады. Ол-НұрОтан
Еліміз алға өрлеуде. Және ол тек президентіміздің арқасы. Неге НұрОтанды қолдамасқа?!
28 қаңтарға жоспарланған митингіні бір ЖСДП мойнына іліп қоюға болмайды! Оған Серікболсын Әбділдин, Мұхтар Шаханов, Ғазиз Алдамжаров, Владимир Козлов, Серікжан Мәмбеталин, Мұрат Әуезов, Қабдеш Жұмаділов, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Ирак Елекеев, Мақпал Жүнісова, Рамазан Есіргепов, Евгений Жовтис келулері, сөйлеулері керек.
Егер 28-і күні Республика Сарайы алдына оппозиция кем дегенде 15 мың жақтастарын жинап митингі өткізе алса - жоғары билік санаса бастайды. Ал егер 5 мың болса - онда қуып таратады жібереді. Одан кейін оппозициялық партияларда бедел қалмайды.
Ол митингіге 15 мың емес, 20 мың оппозиция жақтастарын келтіруге болады. Оған мына квотаны қазірден бастап бекіту керек:
1.ЖСДП - 5000, 2."Алға" - 5000, 3.ҚКП - 3000, 4."Поколение" - 2000, 5.Жастар ұйымдары - 2000, 6.Өзге ұйымдар - 2000, 7."Желтоқсаншылдар" - 1000.
Пікір қосу