Астана қаласында Ресей Федерациясының тұңғыш президентi Борис Ельцинге көше атауы берiлуi мүмкiн. Бұл туралы Мәжiлiс депутаттары Премьер-министрге ұсыныс жолдапты. Естерiңiзге сала кетейiк, 2006 жылдың 2-ақпанында Б.Ельциннiң 75 жылдығына орай «Түркiстан» газетiнде «Борис Ельцин: Ақиқат пен аңыз» атты мақалада тәуелсiздiгiмiздi баянды етуге орасан зор ықпал жасаған қайталанбас қайраткерге елiмiзде көше атауын беру туралы мәселе көтерiлген-тұғын. Әзiрге аталмыш ұсыныс ономастикалық комиссияның тексерiсiне жiберiлдi.
Таяуда мәжiлiс депутаттары Премьер-министр Кәрiм Мәсiмовке Астана көшелерiне елiмiздiң бiрқатар тарихи тұлғаларының есiмiн берудi ортаға салған-ды. Наурыз айының келуiмен Үкiмет басы мәжiлiс депутаттарына жазған жауабында Астана әкiмшiлiгiне Б.Ельцинге және де қазақтың бiртума қайраткерлерi – Сафуан Шаймерденов, Мұхамеджан Тынышбаев, Әлкей Марғұлан, Ермұқан Бекмаханов, Манаш Қозыбаев, Александр Княгинин және Николай Макиевский есiмдерiмен атауды тапсырған. Сондай-ақ, Алаштың ардақтысы Мiржақып Дулатовтың туғанына 125 жыл толуына орай деректi фильм, арнаулы басылым шығарылып, мерекелiк шаралардың өтуi жоспарланып отыр.
КСРО-ның бiржола ыдырап, қайта келмеуiне өлшеусiз үлес қосқан Борис Ельциннiң атына көше берiп, есiмiмен мектептi атап, ескерткiш орнатса артық болмас едi.
Ақниет ОСПАНБАЙ
Түркістан апталыгы №10 11 наурыз 2010 жыл
Суреттерде: 1991 жылғы Тамыз бүлігі. Осы бүліктің басындағы "Төнкерісшілерге Ельциннің табандаған қарсылығы болмағанда КСРО мызғымай қалар берер ме еді".



.jpg)
.jpg)
.jpg)

Қолдаймын. Ең әуелі Ельцинге қарыздармыз. Осы тәуелсіздікке Елбасыдан да көп еңбек сіңіргені рас. Берілсін.
Cен өзі орыстың құлы екенсін!Кезінде қазақтар Кенесарыны қолдамай,Николай патшаны қолдаған,оны мақтаған.Сен де сондай екенсін! ЖАСАСЫН НҰРСҰЛТАН!
Ельцин Горбачев басқарған билікпен күреспесе тәуелсіздікке жетермедік? Саған шамасы еліміз жемқорлық пен әділетсіздікке, көз бояушылық пен жағымпаздыкқа батып жатқаны қатты ұнайды екен.
Я,Ельцинге коше беру керек шыгар.осыны ойлаган депутаттар алаш арыстарына коше атын берудi ауыздарынада алмапты,ол казыр мумкiн еместе шыгар балкiм.
Ашық болсын,алашымның аспаны!
Пікір алынып тасталды!
Мына Салмырза деген бауырымыз КСРО-ның күйрегеніне күйініп жүрген семіз малайдың бірі ғой деймін. Құлды қорлағың келсе еркіндік беріп қорла деген – осы. Тәуелсіздік қиын жол. Ұрлығы да қарлығы да, сорақысы мен сорлысы да болады. Ең бастысы соның бәрін жеңіп шығу. Салмырзаға салсаң баяғы қойын құрттап, айранын ұрттап жүре берудің қамы ғой.
Баймырза.
Ельцинге көше берместен бұрын Жәнібек пен Керейге көше аттарын беріп алайықшы. Астанада да, Алматыда да қазақ мемлекетінің іргесін бектікен Жәнібек пен Керей атында көше жоқ меніңше...
Ерсұлтан
Ельцинге көше берудің неге қажеті бар? Өзіміздің батырларымыз бен зиялы қауым өкілдері жеткілікті емеспе. Ресейге неге жалтақтай береміз осы? Қаның қарайып, күйіп кетесің. Алматыдағы онсызда сайда саны, құмда ізі жоқ есектердің атымен аталатын көшелер толып жатыр емеспе.Қазақ елі үшін оның ешқандай еңбегі жоқ.
Көше мен қоса есерткіш те орнатыңыздар депутат-немелер
Пікір алынып тасталды!
Ельциннің арқасында тәуелсіздік алғанымыз рас. Бірақ, ол бізге жаны ашығаннан тәуелсіздікті берген ештеңесі жоқ.
Пікір алынып тасталды!
Керей мен Жәнібек хандарға төрін бермеген Астанада, орыстын алқашы кқсілейін деп тұр екен жетісіпсін Қазақтар,
КЕШЕ КІМ ОРТ-НЫН ЖАНАЛЫГЫНАН МЕДВЕДЕВТІН СОЙЛЕГЕНІН КОРДІ? "ТМД КУРАМЫНДАГЫ КЕЙБІР ЕЛСЫМАКТАР ХАЛЫКТЫН БАСЫМ БОЛІГІ ОРЫСТІЛДІЛЕРДІН КУРАЛГАНЫНА КАРАМАЙ, ОРЫСТІЛДІ БАККА КЫСЫП, КУН КОРСЕТПЕЙ ОТЫР. БУЛ БІЗДІ КОРЛАУ" ДЕП БІЛЕМІН" ДЕП САЛДЫ. ЖИРИНОВСКИЙ АЙТАКШЫЛАРГА "НАМЕК" БЕРДІ. АК АЮДЫН НЕНІ КОКСЕЙТІНІ БЕЛГІЛІ.
БІЗ ОСЫ НЕГЕ АЛСІЗДІК ТАНЫТЫП, ЖАЛТАКТАЙ БЕРЕТІНІМІЗДІ ТУСІНБЕЙМІН, АГАЛАР!?! МЕН СІЗДЕР УШІН УЯЛАМЫН!!!
КАЗАК КЫЗЫ
//АК АЮДЫН НЕНІ КОКСЕЙТІНІ БЕЛГІЛІ.
БІЗ ОСЫ НЕГЕ АЛСІЗДІК ТАНЫТЫП, ЖАЛТАКТАЙ БЕРЕТІНІМІЗДІ ТУСІНБЕЙМІН, АГАЛАР!?! МЕН СІЗДЕР УШІН УЯЛАМЫН!!!
КАЗАК КЫЗЫ//
Қызым-ау! Қазақша осылай жазуға ұялмайсынба?
РЕСЕЙ БАҚ-рын Қасиетті Қазақ жеринен сыпырып тастау керек!
Казактын азаматтарыннын атын койып алып, сосын калганына артынан ойлай жатарсындар.
қазақ халқының еліне еңбек сіңірген барлық ұлдары мен қыздарының аттары әр-түрлі нысандарда берілмей басқа ел азаматтырын қоя тұру керек. Ол үшін сонау Томиристен бастап кешегі Қайратқа дейінгі еліне еңбек сіңірген адамдардың аты-жөндері түгенделіп, оны құзіретті орган бекіту керек. Сол тізімге байланысты нысандарға адам аттары берілу қажет.
Дурыс,Ельцинге коше атын беруге болады.СССР ыдыраганда "карынга жабыскан талактай" болып Ресейге жабысып,Одакты сактап калуды айткан биздин биликтин усынысын кабылдамай, "оз алдарына Егеменди ел болындар" деген Б.Ельцин екени рас.Ельцин Ресейди Казахстаннан болип алгандай кылып бизден бурын Ресейдин егемендигин жариялаганына тарих куа. Содан кейин барып биздердики 15 одактас Республикалардын ен сонгысы болып озинин егемендигин жариялауга мажбур болган еди.Егер сонда Ельцин баскаша шешим кабылдаса не болдар еди...
Пікір алынып тасталды!
Ельцин тек бізге гана емес, барлығына тәуелсіздік беруге кет әрі емес еді. Шешендерге заң жүзінде, татар, башқұрға іс жүзінде берді ғой. Ал Княгинин мен Макиевский деген кімдер, білетін біреу бар ма екен?
Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.
Ельцинге орыстардың өзі Мәскеуден бір ақ үйі бар көше берген жоқ па? Өздері жарылқамаған Ельцинді біз неге жарылқауымыз керек, түсінбеймін. Мен негізі көшелерге адамдардың атын беруге қарсымын. Одан гөрі бір ұлттық атауларымызды , тарихи уақиғаларымызды бергеніміз дұрыс деп ойлаймын. Сонда дау-дамай да аз болар еді. Мысалы " Аңырақай" көшесі, "Оқжетпес", "Сырмақ" көшесі деген сияқты.
Косыламын!!!
Ордабасы, Шынгыстау, Баянауыл,Ойжайлау, Ассы, Ойыл,Туркiстан, Жумбактас т.т.т.т. Пах десеншi! Жазиралы жерлерiм-ай, шiркiн!!! Беу!
Ермурат Ботей
Басқаны зор, өзін қор көрген қайран Қазақ! қашан оянар екенсің?!
Көшеге есімін беру, ескерткіш орнату дегенді еш түсіне алмаймын мен осы. Пұтқа табынудан қалған сарқыншақ сияқты, тас мүсінге құмар болатындары несі екен? Адамның рухани санасына қозғау салатын сабақтастыққа жалғасып жататын тірлік керек деп білемін! Қазақ хандығын құрғандығымен тарихта қалған адамға құрметті көшеге ат беру, ескерткіш қана орнату ар0ылы к-рсете алмадық деген таяз бағалау ғой.
Ай, депутат маубастарым! Ельцинге не деп коше беремiз? Бiз сендерден айырылмаймыз деп зар жылап етегiне жабысып, жiбермей жатканымызда желкемiзден бiр туйiп куып жiбердi емес пе Ресей-матушкамыз.Келiп турган Егемендiктiн озiн башпайымыздын басына карап, жалтактап зорга алган жокпыз ба!
Баска шаруанын барi бiтiп, ендi Ельцин калган екен сендерге!
Руслан Т.
иа!жаксы жазылган! Ермухамед!
Осы орыстардан құтылмайтын болдық. Мурад Аджи славяндар құлдан тараған ұрпақ деп еді, сонысы нағыз шындық. Аяққа оратылып, жол бермейді өздері. Ешқанда да алқаштарға беретін көшеміз жоқ.
Сабырбай
Бірте-бірте Эльцинтау болады. Қазаққа жатталып, үйреніп кетеді. Несі бар?
Бірте-бірте Ельцинтау болады. Кейіннен Елсін тау болып, сіңісіп кетеді.
eeei kairan kazagim kaidagi bir oristan baska elimizde koshe beretin adam kurip kalippa tabalmasandar menin atimdi bersendershi
Пікір қосу