Елімізде шет елдік жұмыс күшіне арнайы квота енгізілді | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Елімізде шет елдік жұмыс күшіне арнайы квота енгізілді

Жәрдемші


Қарашығанақ инвесторларымен Лондонда өткен кездесу жемісті болған түрі бар. Бұл отырыста шетелден әкелінер жұмыс күшіне арнайы квота белгіленген. Бүгін өткен арнайы брифингте облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов Ұлыбритания елінде оңды шешілген кейбір шаруалар легімен таныстырды.

Қарашығанақтың келешегін талқыланған келіссөздер Лондонда өткен. Бұл мәмілеге арнайы барып, екіжақты әріптестіктің жай-жапсарын талқылаған облыс әкімі бірқатар келісімдерге қол жеткенін баса айтты. Бүгінде Қарашығанақтың өнімі бүгінде Ресейге құбырмен айдалып, Орынборда өңделген соң елге қайта оралады. Ресейәлік газ деп қате түсіндіріліп жүрген бұл бағыттағы құбырды бір емес, бірнеше мақсатқа пайдалануға болады екен.

Журналистердің жаңа жұмыс орны ашылуы есебінен келімсектер қатары көбейіп кетпей ме деген қобалжулы сауалына әкім орнықты жауап қайтарды. Енді шетелдік жұмыс күшіне арнайы квота енгізіліп отыр. Осы квота ізімен шеттен жұмысшылар тартылады. Бұл жатжерліктердің келім-кетімін реттеуге мүмкіндік бермек. Өз сөзінде, Әкім өңіріміздегі газ бағасына тоқталды. Жыл сайын 650 млн. текше метр газ тұтынатын облыстағы көгілдір отын құны өзге аймақтардан әжептәуір төмен.

Жиын соңында әкім өңіріміздің түрлі сала көрсеткіштері бойынша өзге аймақтардан көш ілгері екендігін мақтанышпен айтып өтті. Президенттің жас мамандарды аймақтарға жіберіп, тәжірибе жинақтау туралы айтқан тапсырмасы да жерде қалмапты. Осы тапсырма ізімен бірнеше министрліктен бес бірдей жас маман Оралға келеді. Жас мамандардың жайғасар орынтағы да тап-тұйнақтай әзір екен.

 

http://kaz.newsfactory.kz/27938.html


 




Өзіміздің жұмыссыз қазақтарымызды арнайы курстардан өткізіп, сол жұмыстарға тартуға басшыларымыздың бастары жетпей ме??? Осы шетел инвесторлары арқылы жұмыс істеп тұрған орындар туралы сұмдық мақала оқып едім "Общественная позициядан". Сол "ұлттық" компаниялардың акция үлестері бізге билік жүргізетін, айтқанын істететін деңгейге жетіп қалыпты-мыс. Бұл сөз рас шығар. Масқара... тәуелсіздігіміз қайда бара жатыр?

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
9 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>