Әлем тілдерін дамытуға тыраштанбай, өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық!!!(фото-видео репортаж) | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Әлем тілдерін дамытуға тыраштанбай, өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық!!!(фото-видео репортаж)

Жәрдемші


Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 30 қаңтар 2010 жыл
2010 жылы 27 қаңтар күні Алматы қаласы Әкімдігінде Үкіметтік Емес Ұйымдармен (ҮЕҰ) ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің І (VII) отырысы

Кеңес жұмысының барысында білім беру мәселелері қарастырылды:
1. Мектептердегі өзін-өзі басқару қағидатын дамыту;
2. Балалар тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру;
3. Балаларға бейне зомбылық көрсетуді тоқтату жөнінде кешенді шаралар қабылдау, телеканалдар бағдарламасын реттеу жөнінде нормативті актілер қабылдау;
4. Балаларға рухани-өнегелік тәрбие беру бағдарламасын әзірлеу, өскелең ұрпақты діни экстремизм ықпалынан қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдау;
5. Қосымша балама білім рөлін арттыру.
Сонымен қатар Демократтар Үйін басқару бойынша Қоғамдық комиссияның анықтамасы талқыланды. Отырыс жұмысына Кеңес мүшелері, Алматы қаласы ҮЕҰ басшылары, қалалық құрылым өкілдері қатысты.
Кеңес жұмысы балама баяндамалар қағидаты негізінде жүргізіліп, талқыланған мәселелер бойынша ҮЕҰ басшылары өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын енгізді.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
 
С Ғаббасов Әлем тілдерін дамыту Қазақ Елінің міндеті емес
Алматы білім басқармасы жетекшісі Р С Шимашеваның баяндамасы
Өз Елімізде мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық!!!
Өз Елімізде мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық 1!
Өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық 2!
Өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық 3!
С Ғаббасов ҰЛТТЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТ балаға АНА ТІЛІМЕН ғана кіреді
Мурат Телибеков О недостатках в партии НУРОТАН и школах АЛМАТЫ
Э Төрехан Балаға тықпалаған тілдердің санына ғылыми негіз бар ма
ҮЕҰ басшыларының сұрақтарына Р С Шимашеваның жауабы
К Матыжановтың 3 айда бір жиналайық деген ҰСЫНЫСЫ өтпей қалды
 
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ кейбір ТҮЙІН СӨЗДЕРІ:

Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов:"...Қазақ Елінде әлем тілдерін дамытамыз деп тыраштанғанымыз, мүлде қисынға келмейтін, ұятты іс-әрекет. Біз жерде жатқан МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІМІЗДІ көтеріп, соны қарық қылып алсақ, игі іс болар еді-ау... Серік Тұрарұлы, жақында ҚР тілдерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы талқыланғаннан кейін Алматы қаласының ҮЕҰ тарапынан екі ұсыныс түсті. Біріншісі, аталмыш бағдарламаны үш жыл мерізімге жоспарлау. Екіншісі, бағдарламаның атын "тілдерді емес", "Мемлекеттік тілді дамыту" деп атау. Осы ұсынысты қолдап Алматы қаласы әкімдігінен Үкіметке хат жолдасақ, АЛЛА разы болатын іс болар еді..."
Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Алматы қаласын Мемлекеттік Тілге көшіру жөніндегі комиссияның төрағасы, Серік Сейдуманов: "...бізге емес қой..., бізге қарамайды ғой..." ("Алаш үні" қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы Совет-Хан Ғаббасовқа айта алған жауабы)


 


 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>