Әлем таныған әсем мереке келекеге айналды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Әлем таныған әсем мереке келекеге айналды

Жәрдемші


Ауданымызда ұлыстың ұлы күнінде ұят тірлікке жол берілді. Күнінен бұрын тойланған мерекеге халықтың өкпесі қара қазандай болғаны былай тұрсын, бес мың жылдық тарихында бүкілхалықтық деңгейге көтерілген жаңару күні саясиланып кете барды.

Бір оқпен үш қоянды атып алудың әдетке айналуын жергілікті биліктің араласуымен болып жатқанын «ыммен» жеткізген аудан халқының мәдениетін қалыптастырушылар екі иығын «амал қанша?» деп қиқаң еткізуден әріге аса алмады. Орын-орнымен әр күнге жоспарланған шаралардың басын біріктіріп жібергеніне «басын шайқаған» олардың «бұйрық талқыланбайды, орындалады» деген қағидаға көнбеске амалы қалмағанын анық ұғындық.

 

Мәселен, наурыздың жиырма екісі күні кешкісін Мақаттағы Орталық алаңда үш сағаттық концерт халық назарына ұсынылды.

Ұлыстың ұлы күні мен наурыздың жиырма біріне жоспарланған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күніне арналған ең үздік махаббат әндері кеші шарасына нашақорлыққа қарсы күрес шарасы әкеп жапсырылды.

Шараны ұйымдастырушы Мақаттағы мәдениет үйінің директоры міндетін атқарушы Б.Сартбаевтан сұрағанымызда жоғарыдан осындай тапсырма келгенін айтты. Бұл пікірді «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Абдолқызы да қайталады.

 

Шуағын шашқан көктемнің нұрлы шапағатына жарымаған халық өстіп мерекені қарсылады. Сонда дейміз-ау, махаббаттың биік шыңы, туған халқымыздың мақтанышына айналған Баян сұлудың ділімізге жат болса да жастарымыздың бойына сіңіп кеткен Валентинадан кем болғаны ма? Шынымен, жылдың бір күні Баянға бұйырмады ма? Ұлттық бедеріміз мен беделімізді жоғалту осындайдан басталмайды ма, деген сансыз сауал сананы торлайды. Әттең, жарытымды жауап тағы жоқ.

 

«Мүйіз сұраймын деп жүргенде сақалдан айырылдымның» кері келгенін тағы қосып қоялық. Өйткені, халық жиналатын Орталық алаңдағы киіз үй іспетті сахнаның қабырғасы сөгіліп мереке алдында орнынан алынып тасталды.

Өнерпаздардың амалсыздан кент әкімшілігінің табалдырығын сахнаға айналдыруына тура келді. Күміс көмей әнші мен мың бұралған бишілерден құралған аудан өнерпаздарының тар жерде аяғын екі адым әрі-бері баса алмай, тұрған жерінде қадала қимылдауына әкеп соққан ыңғайсыздыққа қарамастан концерт өтті.

Бұл-біздің мәдениетке мұрын ұшынан қарайтындығымыздың белгісі емей немене?

«Буынсыз жерге пышақ ұрудың» салдарынан сорақылықтарға жол берілгеніне кім жауап береді? Тағы да сансыз сауал.

 

Содан не керек концерт басталды. Салтанатты шараны «Ұлыс оң болсын!» деген бір ауыз сөзбен кент әкімі Қ.Төлеуов ашып берді.

Оның сөзін сабақтаған «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Т.Дюсов негізгі миссиясын орындап, жастарды нашақорлықтан қашық жүріп, салауатты өмір сүруге шақырды.

Мәңгілік махаббат пен наурыз туралы әндер шырқалып, би билеген өнерпаздардың сазды сәлемі өтті де кетті.

«Еңбек туралы» Кодекстің аяққа жаншылып, «елдің еріндегісі» жырылғаны, яғни халықпен санаспаған биліктің «бұра тартуы» наурыз мейрамының нақ тойланар шағында осындай ерекшелігімен тарихта қалатын болды.

Осы орайда Елбасымыздың Наурыз мерекесіне арналған салтанатты кеште сөйлеген сөзі еске оралады. Ол өз сөзінде халықаралық мереке ретінде қабылданған мейрамнан біздің жаңа жылымыз басталуы тиістігін айта келе, әсіресе, жастарымызды қазақтың шыққан тегін, халықтың салт-дәстүрін даңқты бабалардың өнегелі өмірін міндетті түрде білуге баулуға тиістігіміз туралы айтты.

 

«Бір оқпен үш қоянды атып» жүргенде бұл, сірә, мүмкін бе? Еңбек күнінде жұмыстан шыға алмай зар қақсаған талайдың ұлық мерекеден құр қалғаны, бір мерекенің тасасында бір мерекенің қалып қоюы бізді мұндай мұратқа жеткізе ала ма? Әрине, жоқ.

Қысқасы, әлем таныған әсем мереке Мақат кентінде сәнінен айырылып, келекеге айналды.

А.ТАПАН.,

Атырау облысы, Мақат кенті

 

 


 




Басқасын қоя тұрып мәдениеттің ошағы қалыптасқан Алматының "наурызы" қалай өткенін білсеңіз ғой!!!!!!!!!!

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Биыл Қазақстанда бір сойқан болады ау, елдің ұлттық санасы оянып, қаны тасый бастады-ау деп күдіктене бастаған билік қайткен күнде де қазақтардың бір жерге жиналуына қарсы тұрып бақпақ. мерекелік шараларды болдырмай, іс-әрекеттерде тыныштықты желеу етіп, өздерінің қылмыстарын жалғастыра бермек! Наурыз мерекесінің қазақты оятып жіберуінен қорқып отыр ғой олар. жойқын, алып толқынды ұрсып, шектеп, тежеп ұстау мүмкін бе! Қазақстанда биыл сунами болады! - Қашан айттың деме. Сақ жүріңдер қазақтар!

Атаңа нәлет, ит қалмақ,
ТҰрысатын жеріңді айт...



Наурыз мерекесінде айтылған нашақорлығы несі. Нашақорлыққа қарсы акцияны басқа кез-келген күні өткізуге болмады ма



Басқа түркі елдері Наурызды ұлықтауға бет алса, біздің өздерін-өздері "мәңгілікке сайлап алған" билік қыңырлық танытып, кері қашатыны несі. "Өлетін бала молаға қарай жүгіреді" деуші еді дана қазақ.



Наурыз көжемен қоштаса беріңдер, Қазақтар! "Ақын болып туғандар мендей-ақ болар" деп меймансы толған Исраил Сапарбай Наурыз көжемізді-"СҮМЕЛЕК КӨЖЕ" деп атауды ұйғарыпты. Сол *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* көжені *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* ақын Исраилдың өзі ішсін. Қазақта наурыз көжені жеті түрлі дәмнен жасайды. Осы дәмнің киесі атсын Исраилды. Сүмелек деген сөз
тамаққа жүрмейді. Сен сияқты *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*терді-СҮМЕЛЕК-деп атайды. Салмырза.



Ал Ақтауда наурыз тым жақсы тойланды. Жалпы биылғы Наурыз жылдағыдан өте керемет болды, жаппай халықтық мейрамға айналды. Қара жорғаны халықтың 5 пайызы анық биледі деп ойлаймын. Ал кей жерде кесірге ұшыраған мейрамдар - ол халықтың басы қосылып, бір нәрсені бүлдіре ме деген қорқыныштан туған ойдың жемісі.



ай журналистер айтасындар ау биринши озин мадениет саласында жумыс жаса сосын корерсин егер жогары жактагылар сол козбен караса бортовой газелдин устинде би билерсин себеби осы жерде озим жумыс жасадым

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>