Досым Сүлеев тәуір. Таяуда ауруханадан шығады! | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Досым Сүлеев тәуір. Таяуда ауруханадан шығады!

Жәрдемші


Олар - тұтас бір ұрпақтың дәуірін қалыптастырды. Олар - өздерімен тұстас буынның бойындағы буырқанған күшті, құрышқанат құлшынысты, жасампаздықты әйгілі етті. Олар - отаршылдық саясаттың құрсауынан саңлау тауып қазақтың азаттыққа деген аңсарын әнмен жеткізді. Ауылдағы аңғал бозбаладан, қаладағы аусар бозымбайға дейін оларға еліктеп бақты. Олар деп отырғанымыз даңқты - Дос Мұқасан ансамблі.

Дос Мұқасан тобының әншісі Бақыт Жұмаділовтың таяуда жолкөлік апатына ұшырап қаза тапқаны қабырғамызды қайстырып кетті. Бақыттың қасында досы Досым Сүлеев (суретте) болған екен. Досым ауыр халде ауруханаға түскен-ді. Сол хабарды естігелі алаңдаулымыз. Алайда, бізден басқа жұрт бұл жайтқа елең етпейтін сияқты. Ресейдің бір өнерпазы бақиға аттанса немесе төсек тартып аура  қалса, әлгінің қал-жағдайын күнде жұртқа жария етіп, амандығын Құдайынан сұрап жалбарынатын еліміздегі орыстілді баспасөз тіпті жайбырақат. Жә, ол енді басқа әңгіме. Досым Сүлеев қазір не қалде? Есін жиды ма? Қашан шығады? Досекең бүгінде қандай қызметте? Осы саулдарды Дос Мұқасан ансамблінің жетекшісі Мұрат Құсайыновқа қойған болатынбыз. Мүкең бізге алдымен кейіп алды. Кейитіндей жөні де бар екен. Өйткені, КТК арнасы «Мұрат Құсайынов Бақыт Жұмаділовпен бірге Қордай асуынан құлап, ауыр қалде ауруханада жатыр» деп хабар таратып жіберіпті. «Қазақ журналистері, сендер әлдекімдер секілді  жеңіл желпіге әуейіленбесеңдерші» деп ескерту жасап алған Мүкең былай деді:

Мен Дос Мұқасан группасының жтекшісі - Мұрат Құсайыновпын. Менің айтқанымның бәрі шындық. Былай жазыңдар онда. Досым Сүлеевтің жағдайы жақсы. Жазылып келе жатыр. Денсаулығына зақым келген. Қабырғалары сынған. Бірақ өміріне қауіпті емес. Бақыт Жұмаділовтың қазасы туралы біледі. Естіді. Оны қазбалай беретін не бар?.. Екеуі бірге болған, білесіздер. Бақыттың қайтыс болғанын да естірттік. Алдында білмеген. Сосын естіді.

Дәрігерлер бір екі күнде орнынан тұруға рұқсат береді Досымға.

Менен де звондап сұрайтындар көп қазір «бірге болдыңыз ба?» деп. Мен болған жоқпын. КТК менің суретімді көрсетіп, мені хал үстінде жатыр депті. Енді сотқа бермекпін оларды. Олай болмайды ғой. Шаршатты. Досым ағаңыз қазір Сәтбаев университетінің почетный ректор деген статусын алды. Тікелей басқармағанымен, ақылшы кеңесші ретінде. Негізінен қоғамдық мәдени жұмыстармен айналысады. Кабинеті, жұмыс көлігі, жалақысы бар. Ары қарай жастарды тәрбиелеумен айналысуда.

Досымға бүгін ғана біздің жігіттер кіріп шығыпты. Мен ол кісіні кеше көргенмін. Бәрі жақсы. Досымды «жан сақтау бөлімінде ессіз жатыр» деген сөз жаңсақ сөз. Қауесет. Тамақ жейді. Қай больнициада екенін айтпай-ақ қояйын. Журналистер маза бермейді. Орталық ауруханалардың бірінде. Таяуда шығады. Қатарымызға қосылады.

«Абай-ақпарат»

 


 




Аман болсын! Дос Мұқасан бүгінгі Музарт тобы мен Жігітер сияқты квартеттердің ағасы ғой. Үлгі өнеге көрсетіп, даңғыл жол ашқан ағалар тобы. Алайда, Дос Мұқасан сияқты "Куә бол", "Алматы түні", "Ғашықтар жыры" сияқты ғажап әндерді айтатындар аз бүгін.



Дұрыс екен, амандық саулық сұрағанның несі айып. Мұраттың ренжитін жөні жоқ негізі. Халық шындықты білмесе неше түрлі өсекті шығарады әлі. Енді бәрі анықталды деп ойлаймын. Менің де осы мәселені білгім келіп жүрген еді. Абайлықтарға рахмет.
Маржан



Пікір алынып тасталды!



"""Ресейдің бір өнерпазы бақиға аттанса немесе төсек тартып аура қалса, әлгінің қал-жағдайын күнде жұртқа жария етіп, амандығын Құдайынан сұрап жалбарынатын еліміздегі орыстілді баспасөз тіпті жайбырақат""".

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



"Олар - тұтас бір ұрпақтың дәуірін қалыптастырды. Олар - өздерімен тұстас буынның бойындағы буырқанған күшті, құрышқанат құлшынысты, жасампаздықты әйгілі етті".

"Жсампаздықты әйгілі етті"-деген жерін қалай түсінуге болады?! Қайтадан шолып шығыңызшы...

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Досекең аман-есен жазылып шықсын.



Айнұр, сен осы журфакты тәмамдадың емес пе? Сонда «жасампаздық» деген сөздің не екенін ұқпай шыққансың ба? Папаңнан сұрасаңшы.
Жалпы бұл форумда сен Досым ағаның аман-есен жазылып шығуына тілектестігіңді білдірсең дұрыс болар еді.

Танысың



Ондай-ондай ханның қызында да болады :)

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Осы Абай порталында журналистерге абай болуы туралы, сөз саптаулары келмей жатканы туралы айтса, ымм деп мойындай қоюдың орнына жақаурататын қызық!



Жазылып кетсін! Дос-Мұқасанды сендер қалай Жігіттер тобымен, Мұзарт топтарымен теңейсіңдер? Дос-Мұқасан ансамблінде шетінен инструментте ойнайды, және тірі дауыс сияқты. Ал Жігіттер тобы қыздарша майысып еш инструментсіз минусовка жіберіп қойып тек дауыстарын салады. Теңеуді де теңеуі бар ғой.



Досым аға аман-есен жызылып шықсын!

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Досекең тезірек сауықсын, тілектеспіз. Бір жолы менің бір танысым Нүр Мұқасандағы Нұрлан деген томпақ жігіттің мәшинесіне мінген екен. Өздері бір отырыстан шығыпты. Әлгі Нұрлан тойып ішіп алған дейді. Түнгі Алматының көшесімен жүзден асырып құйғытқанда зәрем қалмады дейді танысым. Сондағысы не, мен популярныймын, ГАИ ұстамайды деген әңгіме ғой.



Пікір алынып тасталды!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
8 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>