Досан Баймолда. Жұт жұтатып барады | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Досан Баймолда. Жұт жұтатып барады

Жәрдемші


Моңғолияның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының деректеріне сүйене отырып Моңғолияның Қазақстандағы елшілігі таратқан хабарға қарасақ, ақпан айының соңғы күндері Увс, Ховд, Завхан, Хөвсгөл, Говь-Алтай, Архангай, Төв секілді аймақтардың көп жерлерінде ауа температурасы -50 градусқа дейін суытып, жарты метрге дейін қалың қар түскен. Қазіргі жағдаймен 2.3 миллион басты мал шығыны бар. Бұндай аса суық, қар көп түскен қысты Моңғолия тұрғындары бастарынан кешпегелі талай заман болған. Өткен жылғы санақ бойынша Моңғолияда 45 миллион мал басы саналған болатын.

Өзіміздің қандастар тұратын Баян-Өлгий (Бай-өлке) аймағы да қыстың қиындығын басынан кешіп жатқан осы «төтенше жағдайлы» аймақтар тізіміне еніпті. Моңғолия үкіметі халықаралық қауымдастыққа және өзінің көршілес мемлекеттеріне қайырылып, қыстың аса қиындығынан болған «жұт» жағдайынан шығуға қол ұшын берулерін өтінген. Осы күндері Моңғолияға Ресей және Қытай елдері ғана «гуманитарлық» көмек көрсетіп жатыр. Қытай үкіметі 10 миллион юаньнің ақшалай көмегін көрсеткен болса, Ресей үкіметі 34 вагонға тиелген малдың шөбі, азық-түлік, жылы киім, дәрі-дәрмек көмегін беріпті. Таяуда моңғол баспасөзі сол елдің демократиялық партиясы атынан шыққан президенті Элбэгдоржының Қытайдан бір топ кәсіпкерлерді басқарып келген Журуут деген моңғол азаматты қабылдағанын,  Журуут мырза қыс қиындығын көріп жатқан Моңғол үкіметіне 100 мың АҚШ долларын және 50 автомашина көлігін, ал Президенттің өзіне 3 тікұшақ сыйлағандығын жазыпты. Ал АҚШ-та, Еуропа елдерінде, Жапония, Корея секілді елдерде жұмыс істейтін, білім алып жатқан моңғолдар жеке-жеке немесе ұйымдасып өз аймақ, сұмын-ауылдарына қаржылай көмек көрсетіп  бастағанын моңғолияның мерзімді баспасөзі күні сайын жазуда.

«Жұт жеті ағайынды» демекші, алда Моңғолияның малшылары үшін ең қиын да ең ауыр мезгіл көктем айлары келе жатыр. Суық желді, қатты боранды күндер қыстан жұтап, әупірімдеп әрең шыққан малшылар үшін тағы да бейнетті күндерді әкелері анық. Жайылымға үйренген моңғол малы төлдейтін осы уақытта шөптің жетіспеушілігінен, ауа райының қиындығынан тағы қанша миллион мал басы шығындаларын алдын ала айту қиын.

Осы моңғолдармен тарихта бірге жасасып келе жатқан «ағаш уықты, кигіз туырлықты»  Қазақ елінің жақын көршісі табиғат апатына ұшырап қиналған кезінде оған көмек қолын созбай отырғанын түсіну қиын. Әрине сонау алыста, мұхиттың ар жағындағы Гайти елінде болған жер сілкінісі оқиғасына қатысты әлем елдерімен Қазақстанның да гуманитарлық көмек көрсеткенін білеміз. Бұны түсінеміз.

Өзіміздің 150 мыңдай қандасымыз өмір сүретін, бауырмал Моңғол еліне қол созып, ешбір көмек көрсетпегеніміз әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына енді-енді қосыламыз деп ұран тастап отырған біздің еліміз үшін үлкен сын, бір жағынан үлкен ұят іс болып тұр.

Моңғолиядағы қазақтар жер жүзінде тарыдай шашылып жүрген 4.5 миллион қазақтың арасында өзінің тап-таза қазақ тілін, қазақи салт дәстүр,әдет ғұрпын бұзбай сақтап отырған қазақтар екенін Елбасымыз Н.Назарбаев әлем қазақтарының құрылтайларында бірнеше рет атап айтып еді. Сол қазақ ағайындар алғаш Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін жариялаған күннің ертеңінде шетелде жүрген қазақтар арасынан ең алғашқысы болып Атажұртқа көшіп келгені мәлім. Қазақстанның көші-қон комитетінің мәліметі бойынша, 1991- 2008 жылдары аралығында Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келген қазақтар саны 80 мыңдай адамға жеткен. Олар бүгінде көппен бірге Қазақ елінің уығын шаншысып, керегесін жайысып, қабырғасын бүтіндеу ісінде шама шарықтарынша еңбек етуде.

Соңғы деректерге ұңілсек, Моңғолияда әлі 120 мыңдай қазақ тұрып жатыр. Осы қазақтың 100 мыңдайы Бай-Өлке  аймағында тұрады. Биылғы шілде айында Бай-Өлке қазақ аймағы өзінің құрылғанының 70 жылдығын атап өтпекші.

 

Суреттер. www.abai.kz ақпараттық порталының мұрағаттар қорынан алынды

 


 




Моңғолияға көмек көрсету керек қой. Айдаладағы Гаитиге, Ауғанстанға көмек береміз. Туысқан моңғолдарға неге гум.көмек бермейді біздің үкімет. Ал Моңғолияның өзі біздің елден ресми түрде көмек сұраған ба екен? Осы шетелдерге гуманитарлық көмек көрсету мәселесі қай министрлік пен мекеменің құзырында. Адрес телефонын айтыңыздарышы?



Монғолия тек біздің елден емес, бүкіл әлемнен гуманитарлық көмек сұрап отыр. Қазақстан алдымен көмек беруге тиіс еді - біздің бюрократияның бітпейтін қағазы мен таусылмайтын есігі көп қой, сондықтан кешігіп отыр. Ал Парламентте бұл мәселе талқыға түскенде, олар: "Монғолиядағы мал шаруашылығымен айналысатын, жұтқа ұшыраған Қазақтарды елге көшіріп алып, мал мен жер беру керек" - деген қорытындыға келді.

Монғолия Қазақтарының тең жарымы Қазақстанға незігінен 1991-1995 жылдары көшіп келген еді. 70 мыңдай адам. Содан кейін Монғолиядан келетін көш саябырсып қалды. 1991-1995 жылдары, 20 жыл бұрын елге келген Қазақтар қазір Қазақстанға әбден сіңіп кетті. Елден елге көшу оңай іс емес. Жағдайларын да біршама түзеп алды.

Монғолия Қазақтарын тезірек көшіріп алу - түбінде дұрысы осы шығар. Алайда, дәл қазіргі кезде қолдан келгенше көмек беру қажет. Тіпті, Монғолияда Қазақ тұрмаған күнде де, қиындыққа тап болған көрші елге көмек беру керек қой. Монғол еліне алғашқылардың бірі болып болып көмек қолын созған Ресей бұны түсінеді. Қиындықта, басына ауыртпалық түкенде көмектесе алмаса, оның несі көрші.



КОМЕК КОРСЕТУ КЕРЕК АРИНЕ!
МОНГОЛИЯ ТУГІЛ ОЗІМІЗДЕГІ ЖАГДАЙ ДА ОНЫП ТУРГАН ЖОК. КЕШЕГІ ДЕМАЛЫС КУНДЕРІ АУЫЛДАН (СЫРЫМ АУДАНЫНАН, БҚО) АГАЙЫНЫМЫЗ КЕЛДІ. АРЫК-ТУРЫК БОЛСА ДА КОЛДАГЫ БАР МАЛЫН ЕТ КОМБИНАТЫНА ШУЖЫК КЫЛУГА ОТКІЗБЕККЕ БЕКІНІП ЖЕТІПТІ. СЕБЕБІН АЙТСАК, АУҢЫЛДАГЫЛАРДЫН ЖИГАН ШОП-ШАЛАМЫНЫН ШЕТІ БАЯГЫДА-АК КОРІНІПТІ. "АМАЛ ТАУСЫЛДЫ. КУНДІЗ ЕКІ АЙЫР ШОПТІ КОРШІЛЕР БІР-БІРІМІЗДЕН СУРАП АЛАМЫЗ, ТУНДЕ УРЛАП АЛАМЫЗ" ДЕП ҚОЯДЫ. ПЫСЫКАЙЛАР ОСЫНЫ ПАЙДАЛАНЫП БІР АТШАНА ШОПТІ БАКАНДАЙ 7 МЫН ТЕНГЕДЕН САУДАГА САЛЫП ЖАТКАН КОРІНЕДІ.7 ТЕНГЕ АУЫЛДАГЫ АГАЙЫН УШІН КИЫН КАРЖЫ. БІР АТШАНА ШОП МЫКТАСА 1-2 КУНГЕ ЖЕТЕДІ ЕКЕН. ШОПТІН БИЗНЕСІН КЫЗДЫРЫП ТУРГАН АГАМЫЗ "БУДАН БЫЛАЙ БІР АТШАНА ШОП БІР ТОКТЫ ТУРАТЫН БОЛАДЫ" ДЕПТІ. СОНДА МАЛ БАГУДЫН БЕРЕКЕСІ БОЛАТЫН БА ЕДІ?!



Көмек көрсеткен жөн ғой, әйтпесе адамдығымызға сын.



Дұрыс көмек көрсету керек! Егер Моңғолия халқының есінде қалатындай жақсылап тұрып көмек көрсетсек, ол жердегі Қазақтардың көңілі көтеріліп еңселерін бір тіктеп алар еді. Саяси тұрғыдан өте дұрыс шешім болар еді және ондағы Қазақтар біздің де қолдаушыларымыз бар екен басымызға қиындық түскенде деп мақтанып жүрер! Былай да бай елміз деп мақтанып ақшаны далаға шашып жатамыз ғой! Құдайға шүкір ақшамыз бар!



Моңғолиядан 1991-жылдан бері көшіп келген ағайындар. Туып-өскен атамекеніміз, қазақ жерінің ежелгі бір пұшпағы жұтқа ұшырап жатқанда, жеткен қыз төркінін танымастық көрсетіп жатуымыз адамшылыққа жатпайды. Биік билікте отырмаса да, ақпарат, ұсақ бизнес саласында аты озып тұрған ағайындар мен мыңдаған ұстаздар қауымы - бір нәрсе жасамасақ, елдігімізге сын. Үкіметтен қайыр тілегенше, жылу неге жимайымыз, есеп неге ашпаймыз? Атсалысайық. Алда мамыр айы. Арықтың жасығы жібіп, нақ жұттың көкесі болатынын білесіздер. Жерлестерге сәлеммен Асылбек Байтанұлы



Моңғолияға Қытайдың Журамт деген ішкі моңғолдық азаматы 30 млрд төгрөг (25 млн доллар) шамасында мол көмек берді. Ресейден вагон-вагонымен малдың шем-шөбі көмекке келген. Қытай өкіметінен де біраз көмек берілген. Ал Қазақстаннан ештеңе жоқ. Саудакеңдер іргедегі Моңғолияға түр көрсетіп те бірдеме атай салғанның орнына ("атын атап итке таста" деген сөз де бар еді ғой, не болған бұл билікке?)айдаладағы ауғандарға аттай 50 млн доллардың көмегін береміз деп жүр. Моңғолия үшін Қазақстан үшінші көршісі деген сөз. Әрі өзара мүдделері қайшыласпайтын түп тегі бір елдер. Cондай-ақ, қазақтарға ең жақсы көзқарастағы ел де осы Моңғолия. Бір млн қазағы бар Ресейде бір де бір таза қазақ мектеп жоқ. Ал 160 мың қазағы бар Моңғолияда қырықтай қазақ мектеп бар. Енді осындай елге бір тиын көмек бермегені Қазақ еліне сын ғой. Моңғолияда 44-52 млн басты қалың малы бар. Қырылды-қырылды дегеннің өзінде осынша мол санды малдан бәрібір тұқым қалады (соның 3 млны қырылды, әлі де біраз шығын болады). Мәселе осы шығынның көбі қазақтар көп жасайтын батыс өлкелерінде болып жатқанында. Жалпы, тек биыл демей үш жыл бойы Бай-Өлкеде қара жұт болуда. Бес ауданында жұт, қалған жеті ауданы ептеп қыстан шығатын түрі бар. Ал көршілес Қобданың үш ауданында нағыз жұттың көкесі болуда. Бұнда негізінен қазақтар тұрады. Малдың шығыны елу пайыздан асқан, төл атаулы жоқ, моңғол өкіметі бұл аудандардағы жағдайды "жұттан асып күйзеліс дәрежесіне жеткенін" мойындады. Ғаламдық жаппай жылынудан болып Алтайда жауын жаумайтын болды, ал қысында есесінде қар көп түсетін болды.

Алтайда қазақтар мәңгі жасауға тиісті, өйткені Алтай - қазақтың атамекені. Қала берді, бүкіл түркінің алғаш таралған жері. Осындай қасиетті жерде қазақ жасасын десек, көк түркінің ұрпағы үзілмесін десек, өсіп өнсін десек оларға дәл осындай қиын кезде көмектесу керек-ақ.



Моңғолия тұрмақ, Қызылағашқа жылу берген Қазақстандық бай бар ма екен!?



МЕНІНШЕ КӨМЕК БЕРУ КЕРЕК НЕ ДЕГЕНМЕН КӨРІ ЕЛ ГОЙ



Өзіміз жарып, жетпегені жатты жарылқауымыз жетпей жатыр еді.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 6 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>