Домбыраның 6000 жылдық тарихы болса, оны жасаған қазақ өркениеті қашан қалыптасқан ? (фото-видео репортаж) | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Домбыраның 6000 жылдық тарихы болса, оны жасаған қазақ өркениеті қашан қалыптасқан ? (фото-видео репортаж)

Жәрдемші


Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 19 мамыр 2009 жыл.
Әлемдегі бүгінгі күні қолданып жүрген музыка аспаптарының ең көнесі, яғни атасы - ДОМБЫРА !!!

Майтөбе жайлауы (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) теңіз деңгейінен 2000 метрлік биіктікте орналасқан. Бұл жотаның ұзындығы 13 километрге созылған жоғарғы тау шатқалындағы көптеген суреттердің арасынан тастан қашалған көне домбыраға ұқсас музыкалық аспаптың суреті табылған.
Тастың ұзындығы 1 м 30 см, қалыңдығы 80 см, түсі қара. Бұл суретті 1986 жылы белгілі этнограф Жағда Бабалықұлы тауып, сол кездегі Ықылас Дүкенұлы атындағы халық аспаптары музейінің директоры, философия ғылымының докторы Сәбетқазы Ақатаевқа хабарлап, музейге қабылдатады. Жағда Бабалықұлы қағазға түсіріп әкелген тақтатастағы суретте музыкалық аспаптың артында бес адамның әртүрлі қимылда билеп тұрған бейнесі түсірілген. Ал фотоға түсірген суретте музыкалық аспаптың артында билеп тұрған адамдар саны төртеу. Осы фотосуретті Сен домбыраны зерттеп жүрген адамсың ғой деп, ( Жұмагелді Нәжмеденовке) маған Сабетқазы Ақатаев берген болатын. маған Сабетқазы Ақатаев берген болатын.
Тақтатастың шеткі бұрышындағы бір адам суретке түспей қалған секілді. Бұдан біз музыкалық аспап пен билеудің ғұрыптық рәсім атқаруда қатар қолданылғанын байқай аламыз. Сыртқы көрінісіне қарағанда, көне дәуірдің бұл музыкалық аспабы қазақ халқының домбыра аспабынан басқа ешбір музыкалық аспапқа ұқсамайтындығы талас тудырмайтын деңгейде бейнеленген. Аспаптың екі құлағы бар, яғни екі ішекті, ұзын мойны, кеудесі бар, бетін бетқақпақпен жапқан. Домбыраның басына үкі байланған. Ал домбыраға үкі тағу әдеті бізге күні бүгінге дейін жеткені баршаға мәлім.
Белгілі археолог, тарих ғылымының докторы Кемел Ақышев бастаған бір топ ғалымдар тасқа қашалған суретті зерттеп, бұл сурет кем дегенде неолит (б.д.д. 4000 жыл) дәуірінде бейнеленген деп тапқан екен.
Музыка-Әуен ең алғаш қыпшақ нотасымен таңбаланған !!!
( "Кодекс куманикус" кітабынан алынған дерек) ( "Кодекс куманикус" кітабынан алынған дерек)
 
Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз
:Өсербек Ахмет ҚАЗАҚ ДОМБЫРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ жобасы 22 04 09


 


 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>