«Девственник» құмар Есқалиеваны эфир түгіл, тойға да шақыруға болмайды... | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

«Девственник» құмар Есқалиеваны эфир түгіл, тойға да шақыруға болмайды...

Жәрдемші


Маңдайға басқан жалғыз ұлттық арнамызда ұят жағдай орын алды. Бұл жайында сәл кейінірек.

«Қазақстан» арнасындағы «Екі жұлдыз» жобасы ел көңілін аудар­ған бағдарлама болып тұрғаны рас.Ұйымдастырылу жағынан да, бай сахналық декорация, бүгінгі күн талабына сай безендіру, жақсы жарнама мен танымал жүргізушілер шетелден көшіріліп әкелген жоба­ның көркемдігін арттырғанын айтуымыз керек.

Бірақ онда жөн-жосықсыз орыс тіліне басымдық беру, жүргізуші Баянның батыстық стильге еліктеушілігі көзге шық­қан сүйелдей көрініп қалатын. Жұлдыздарды іріктегенде кім көрінгендердің кіріп кеткендеріне де куә болдық. Жұлдыз деп елге белгілі есім иелерін айтатын еді, бұлардың ішінде ел аты-жөнін бірінші рет естіп тұрғандар да болды. Парламентте не істерін білмей отырған екі депутат - екеуі де ана тілінде мақұрым, күндіз-түні зейнеткер шал Нидің денсаулығын ойлап жүретін сенатор Ғани Қасымов пен саяси сауаты 23 ақпан Кеңес әскерлері күнін атаумен шектелетін Тәңірберген Бердіоңғаров «Екі жұлдызда» жүр. Әнші керек болса, Бекболат пен Нұрлан секілді әйгілі әншілерді айтпағанда, спикер Орал Мұхамеджановтан бастап, әнді әдемі айтатын талай депутат бар. Бірақ, олардың бәрі арзанқол шоуға келіспей, ерігіп отырған екеуі ғана ентігіп жетіп келген секілді. Сақалы сапсиған алпыстағы сенатордың бір барқырап қойып, селтең-селтең етіп билегенін көргенде қарадай ұяласың... Ал қазылар ал­қасында да әнді бағалауға қатысы жоқ көлденең көк аттылар көбейіп кеткен. Төрт қазының екеуі немесе үшеуі орыс тілді болып келеді. Олардың көбісі тағы да өз пікірін сағыздай шайнап отырып алатыны тағы бар.

12 желтоқсан күні өткен «Екі жұлдыздың» кезекті қойылымында қазылар ішінде шашы сап-сары болып, қобырап отырған белгілі әнші Нағима Есқалиеваны көргенде шоудың шуы кем болмайтынын сезінгендей едік...

Күдігіміз алдамапты, Линда Нигматулина мен Қайрат Түнтековтың дуэті біткен кезде баға берудің орнына, қарқ-қарқ күліп алған Нағима - «Қайрат, ты настоящий девственник. Концерттен кейін қашып кетпе, мені күт», - деп айқайлап, оған өзі мәз болып қарқылдап күлгенін көру қаншалықты масқара еді...

Есқалиеваның ессіздігіне ескерту жасаудың орнына «тауып айтылған сөзге» қосыла мәз болған әнші-биші қыздар, жүргізушілер тобы, улап-шулаған көрермендер тобырына қарап, біздің қоғамның қайда бара жатқанын бағамдағандай боласың.

Өткенде ғана Мәжілісте депутат Нұрлан Өнербаевтың КТК-ның продюссерлігімен түсірілген «Қайрат-чемпион», Девственник №1» фильмін сойып салғаны белгілі. Сонда журналистерге сұхбат беріп тұрған Бекболат Тілеухановтың осы кинодағы оспадарсыздықтар туралы айта келіп, «Белгілі әнші Нағима Есқалиеваның ішкиімін басынан асырып ойнап отырғаны қандай жиіркенішті» дегенін бүкіл ел естіген болатын. Кеше Парламентте есеп берген Мәдениет және ақпарат министрі, өнер бағасын тамыршыдай тап басатын Мұхтар Құл-Мұхамед те аталмыш фильмнің сора­қылығын мырқымбайшылдыққа теңеді.

Есті сынды естір құлақ Есқалиевада жоқ болғанымен, ұлттық арна «Қа­зақстанымыз» қайда қарап отыр? «Екі жұлдыз» жобасының жетекшісі Гүлназ Мамасариповаға бәрібір шығар, ұлттық арна редакторлары хабар монтаждалған кезде кесіп алып тастамай ма? «Көкпардағы» ұлттық мүддені қорғаған сөздер мен демократиялық ой-пікірлерді қалт жібермей қағып түсіретін қырағы басшылар мұндай ұлттық ұстанымымызға қара батбақ жағатын бейпіл сөзді бүкіл елімізге жаюға неге жол берген? Әлде «демократия» дегеніміз осы ма?

Айпақшы, осы жерде еске түсіп отыр, Есқалиеваны мемлекеттік эфир түгіл, жеке тойларға да шақыру ұятқа қалдырады. Элиталық тойлардың көбінде тойып алып Есқалиева жүреді. Ол өзінің алған ақшасына екі-үш әнін айтып, жас жұбайларға ақ тілегін айтып, жөніне кетсе бір сәрі ғой, 3-4 рет байқадық, біреудің қызығын «шоуға» айналдырады. Таяуда ғана Алматыдағы ең қымбат мейрамханада өткен, біраз шенеуніктер, әкімқаралар мен депутаттар, қаламгерлер, елден келген қариялар қатысқан тойда үйлену тойлары өтіп жатқан, өмірге жаңа қадам жасаған уыздай екі жасқа, әсіресе күйеу балаға әдеттегідей біраз шабуыл жасады. «Ты что, боишься брачной ночи? Первый раз замужем что ли? Не бойся, я помогу. А сразу видно, что невеста первый раз замужем?» деп қарқ-қарқ күлгенде, тойға қатысып отырғандардың ұяты барлары жерге кіріп кете жаздады. Имандылық пен ұлттық дәстүрді ұмытқан көпшілік жастар жағы, әрине, Есқалиевадан бетер есіріп, айқайлап мәз болды. Мен сонда жаңа өмірге қадам басып отырған екі жасқа - ақ шымылдығын жаңа ашып, аппақ сәукеле киген ару қалыңдыққа, сымбатты күйеу жігітке жаным ашыды. Олардың елге қадірлі ата-аналарына, той иесіне жаным ашыды. Бірақ, той иесі Есқалиеваны осымен екінші рет тойға шақырып отыр. Тұңғыш ұлы үйленгенде «Анкара» мейрамханасында да Есқалиева келіп, дәл осы шоу қайталанған. Араласатын достары болуы керек, соған қарағанда...

Жаңа үйленіп отырған, баласындай жас бозбалаға бата беріп, ақ тілек айтатын апасы - Есқалиеваның айтып тұрғаны анау, «неке түніңді өткізуге көмектесем» деп, екі жастың тағдыры басталатын қасиетті неке түнін мазаққа айналдырғысы келіп, беті бүлк етпей соғып тұр... Иә, қоянның көжегіндей әншіміз Қайрат Түнтеков те Нағиманың кіші баласындай емес пе? Сонда Нағимаға көзі қарайып, есінен алжасатындай не болған өзі? Бұлай аузына келгенін оттау қандай «имидж», қандай былғаныш «пиар»?

Осы жерде есіме түсіп отыр, Есқалиеваға анық девственник керек болса, мен бір ақысыз кеңес бере кетейін. Біздің ауылда, Сыр бойындағы қалың тоғайда бір аңшы танысым бар. Қазір жасы 47-ге қарады, өзі дәу қара, әлі үйленбеген, сүп-сүр бойдақ. Аң қуады, балық аулайды, құс атады. Бүгінгі күннің Мауглиі. Кезінде ешқандай қызды ұнатпай жүріп алды, кейін қыздар мұны кәрісінді ме, әйтеуір елуге жақындаса да әлі салт басты, сабау қамшылы. Нағимаға керек нағыз «девственник». Оның осы уақытқа дейін үйленбей қалай шыдап жүргенін қайдан білейін, әйтеуір, қабан шошқаға құмар... Қалай қолға түсіретінін қайдам, аулайды да жүреді... Естуімше қабанын атып алады, мегежінін (ұрғашысы - кейбір тілшілер жазып жүргендей «аналығы» емес) қақпанға түсіреді. Амалдары көп әйтеуір... Вот, нағыз девственник! Аты жөнін, мекенін тек Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нағима Есқалиеваға ғана sms-пен жіберемін. Доңыз көрсе домалатып жайратып тастайтын дәу қарадан соң... Нағима «девственник» аулауды біржолата қоятын шығар...

 

Қазыбек ИСА

«Жас қазақ үні» газеті,

№51-52    28.12.2009-03.01.2010.

Түпнұсқадағы тақырып - "екі жұлдыз" елді ұятқа қалдырды

«Девственник» құмар Есқалиеваны эфир түгіл, тойға да шақыруға болмайды...

 


 




КЕРЕМЕТ СОЗ МАЛАДЕЦ
НАГИМА АПАНЫН ТОЙЫНА БАРАМЫЗ СЫР БОЙЫНА



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Жасы келген адамның өз жөнін білгені дұрыс қой. Әлде әлі жаспын деп ойлайды ма екен? "Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояп" жүрген шығар, әртіс болғасын.



иа, ризамын сізге, осы макаладан кейін Нағима халыққа қай бетімен қарайды екен. Оның одан қалса залықтың алдына шығып иен иогово куәгерімін дегенін тағы қосып қояйық. Сол тексіздік қой, арын жалмап бара жатқан, осындай рухсыздардан, еліміз амн болса екен, оны төбесіне көтергенін қойып. ОЙЫҢЫЗҒА РАХМЕТ, МЕН СІЗБЕН ҚОСЫЛАМЫН



Ол аңшының Нағиманың құмарын басуға денсаулығы жете ме екен? Жетсе де ол қатын бір торсықтай Мауглиді өмірге әкелер бәлкім.... Үйленсе айтарсыздар, неке түндерін тамашалайық....



тамаша!керемет жазылган, "Есті сынды естір құлақ Есқалиевада жоқ болғанымен, ұлттық арна «Қа­зақстанымыз» қайда қарап отыр? ұлттық арна редакторлары хабар монтаждалған кезде кесіп алып тастамай ма?"... депті, мумкін будан да соракы создер айткан шыгар.арсыз,бетсіз осындай катын сымактардан сактасын.буны мен сыр жігітіне кимаймын.дегенмен бундай арсызга сырдагы маугли жігіткарай косяды дегенге сенбейбін.уа-ха ха



Барлык казактын иги жаксыларын биригип Нагиманы телевидениеге шыгармауга шакырамын!!!
Ким косылады?



Намысы бар, мәдениетті қазақтың барі қосылады ол түйенің даусындай қатынға, іш киімсіз кім шығады сахнаға *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* ден басқа



осы Нағима емес пе еді, әуелде оңтүстіктегі бір қалаға барып "Я сегодня на сцену вышла без трусов" деп айқайлайтын.



Шындық.Дұрыс жазыпсыз. Елдің алдында жүріп есірген атақтыларды осылай сөзбен қамшылап тұрған артық етпейді...
...Шіркін, осы мақаланы оқып Нағима апамыз, ойланса екен... :)

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Нағима апайға сол доңыздың өзі лайық. Байғұс аңшының обалына қалып, кемпірге үйлендірмексіңдер ме?
Қабыл



Ессіз Есқалиеваға сол керек! Қабыл мырза қатырып айтыпты. Қабылдың айтқаны қабыл болсын! Қаныш



Пікір алынып тасталды!



Бұл орысша тәрбиенің жеткен жері. Нағима Аллаға ұқсағысы келетін шығар. Алжыған аңшыдан жас Қайрат Түнтеков жақсы емеспе. Тек Қайраттың апа сізге не болды деген бір сөзі өтімді болатын еді, бірақ біздің Қайратжан ыржалаңдағаннан басқа ештеңе айта алмады. Біз еркектер кішірейіп барамыз ау осы ошақтан аса алмай.



Қазақтан шыққан Нағималар ұғатын болса, оны мақтамен бауыздағандай қылып жазылған екен, өкініштісі бұдан кейін ол сахнаға шынымен киімсіз шығатын шығар. Себебі, ондайлар бұл ойларды өзіне жазылған сын емес жарнама деп қабылдайтыны бар ғой. Олар жүрегіндегі ұят, ар, намыс, иба деген түсініктерді Комплекс деген сөзге сиғызып өшіріп тастаған!



Пікір алынып тасталды!



Бабам әу бастанақ мәдениет пен сыпайылықты білген еді, олардың заманында әйелдің тобығын көру ұят болатын, ал қазір не болдық сақалы сапсиғанда айтқан сөзі осы болса. Мұны білген жұрт дұғалы ауыз бет сипауға шақырама екен? Соңғы кезде заман ұятсыз болды дейміз, ұятсыз заман емес адамның іс - әрекеті, өзі.



Мен мына мақала авторына ризашылығымды білдіремін. ойымызда жүрген нәрсе еді. Кейде кешкілік шәй ішіп отырғанда жұбайымның осы нағима жайында күңкілін көп естіп едім. жаңағы қайратқа айтқан репликасын мен де естігем, ұят ақ. Өте ұят! Кей кейде теледидарды үйдегі балауса қызым түгілі, жұбайыммен қарауға қорқамын, ұяламын. жұбайым да сол ұялады. Ә-ә міне есіме енді түсті, нег біздің үйде 3 теледидар, сол үшін. бір бірімізден ұялмас үшін әрқайсымыз бөлек бөлек қараймыз. бұндайға телеарна басшылығы неге жол береді? Мәдениет минестрі қайда қарап отыр? Елдің тәрбиесіне жауапты президент аппараты қайда қарап отыр?



Нагима окысын десендер тек орыс басылымдарына жазындар. Ол казакша окымак тур гой, жай создi тусiнбейдi. Казакшаны бiз сиякты мамбеттер гана окиды. Айкыз.



Біреу болмаса біреу жеткізіп бармас деймісің. Көршілері бар, мүмкін ағайындары да өзі сықылды болса, қайын жұрт, нағашы жұр демекші, табылып қалар жеткізетіндер.



Осындай әпкелерімізге қор болған қазағымыздың қайран сахнасы-ай,десеңші... Кеңес үкіметі тұсында әртіс аз кезеңдерде қалайша әншілікке өтіп кеткеніне қайранмын... тегі, мықты "крышасы" болған да...



Нағима өзінше орыстың жұлдыздарына ұқсағысы келеді. Бірақ, қазақы менталитет, ұлттық психология оның сиыр қимылы мен өзін-өзі сайқымазақ еткен есалаң қалжыңын қабылдай алмайды. Нағиманың трагедиясы осында. Жаман қазақ орыс болмайды



Бул киси казак па екен, ози? Кумандимин.Бир билерим, бетимен кеткен биреу. Не еркек емес, не айел емес. Қазақ болмай-ак койса екен! Мен онан тамырындагы агып жаткан казактын канын кызганамын.Тексиз биреу гой журген. Не ани жок, не сани жок!



Нағима Есқалиева апамыздың естен айырылып, ұлттық болмыс, мәдениет дегеннен кеткелі қашан? Алламыз бұл кісіге әйелдік қасиет бермей, еркек шора қылып жаратқан секілді. Менің айтайын дегенім:"Екі жұлдыз" бағдарламасын көріп отырып қатты қынжылдым. Бұл бағдарламаның сыртқы көрінісінде, сахнаны безендіруінде әңгіме жоқ, заман талабына сай, бірақ жүргізуші Баян Есентаеваның қылығына қарап қарның ашады, одан басқа осы салада қызмет істеп келе жатқан жүргізушілер табылмады ма? Нағиманың бетімен сөйлеп, шашын жалбыратып, көпіріп отырғаны несі? Қазақ тілін елдің бәрі ұмытқан ба? "Қазақстан" телеканалының осындай бет-бетімен кеткен, сахнаның киесін кетірген ессіздерді неге тайрандатып қойған, сыншыларымыз қайда, қайда қарап отыр? Ұлттық арнамыз өз шоқтығын, биігін осындай батысқа еліктеушілікпен түсірмегені дұрыс.Мақала жақсы жазылған екен,осындай орыс тәрбиесін көріп өскен тәрбиесіздерге сын керек. Жансая



Жарайсың! Сойып салыпсың Қазыбек! Бірақ, не орыс, не қазақ екенін білмей мәңгірген мәңгүрт апамыз бұл мақаланы оқи қоймас, оқыса да түсініп, нәтиже шығарады дегенге сенбеймін! Сұлтан Рахым, Атырау.



Екі жұлдыз енді өтсе, қазақша өту керек. Менің байқағаным,тіпті орыс мектебін бітірген қазақтар да қарамайды екен. Орыстарды айтпағанда. Құдай ау мен түсінбеймін, телеарналарда таза қазақша программалар болса, аю елі бізді келіп басып ала ма? Түсінбеймін!!!



Нағима өзінің өмірдегі сұрықсыздығын, келбетсіздігін осылай шоулардан алады. Бейшара,нағыз. Баян Есентаева да өзін кербезбін дейді-ау, бойы 1,5 метр болып алып қандай сұлулық. Есірсін, есірсін бірақ артынан құдай кешірсін ...



Бұдай Нағимадай ұятсыз, мәдениетсізге кім атақ беріп жүрген. Өте мәдениетсіз ол, дауысы да жоқ бегемоттың даусындай тыңдасаң қашып кеткің келеді. Іш киімсіз шығу деген сақнаға таза салдақы *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*нің тірлігі емеспа ағайын мүлдем ән айтқызбай қой бағуға жіберу керек ондайларды



Осы мақала авторы да сол Нағиманың деңгейінде екенін түсінбейді. Мен де Сыр бойынанмын. Мына дөрекі жазу-сызу шыққан жеріне емес, тегіне байланысты болуы мүмкін. Жалпы қазақтілді жорналшылардың таным-талғамы осы енді. Абай.кз ұжымына да рахмет. Осындай мақаласымақ арқылы рейтингті көтеріп аламыз дегендері ғой, Нағиманың тірлігін қайталап...



Мақала авторын шындықты айтып сойып сапғанына жаның шығып кеткеніңе қарағанда есірген Есқалиеваның итшілеген "имиджмейкері" не жақыны боларсың... Қазақы менталитетті Қазыбектің қамшысы саған да батып кетті ме?



Бозінгендерді сахна төріне жақындатуға болмайды. Жастарға теріс тәрбие болып кетеді.



Нағиманы шетелге қуып жіберу керек! Екі жұлдыз сияқты жобаларға дер кезінде жауап беру керк еді, әттең-ай! Мұндай жобаны енді тағы да Қазақстан не басқа арна қайталайтын болса, жақсылып сыбағасын берейік!
мыш-мыш әңгімелерге қарағанда "Екі Жұлдыз" жобасының продюсері Динара Адам деген енді бұл жоба керемет болды деп шалқайып, шіреніп жүрсе керек. Тіпті Түркияда қайталап түсіреміз - деп, бір түрік продюсерлермен келісіп жүрген көрінеді.



Сөйтіңдер, қуыңдар шетелге, сыбағасын беріңдер, пыш-пыш әңгімелерді таратыңдар! Қарғаңдар, жамандаңдар, бой-бой болып терлеп, жеңілденіп қаласыңдар. Сендердің қолдарыңнан басқа не келеді!? Сайлау, Алматы



Мына айтылған пікір "Екі жұлдыз" - эстетикалық, әсемдік тәрізді сезімдерге баулитын бағдарламаға көңілі толмайтынын білдіріп жазған әп-әдемі сынмен басталады екен де, Нағимаға келгенде-нағыз анайы, жаңағы талаптарынан ауылы аулақ екендігін көрсетіп алып отыр.Біздің қоғамдағы нағыз сорақы Нағима болмас,тек Нағима дарақылығымен бар мінезін сыртқа шығарып жүр. Мақтамен бауыздағандай болып жүргендер қаншама! Баян Есентаева қылымсып, ойына келгенін айтты Бауыржан жөні түзу бір ауыз сөз қоса алмай-ақ кетті. Солардың ортасында жүрген орыс қыз - өзгеше болып көрінді: ойланыңқырап, сөз талғап дегендей... Оқыған соң жазамыз да, бірақ бұдан шығатын ештеңе жоқ.Айтпақшы,нағыз өнер адамдары- Бекболат Тілеухан мен Нұрлан Өнербаев неге депутаттықты қалаған? Шаршап кеткендері ме? Әлде ол жер жылырақ, пайдалырақ па екен?



Нағима бір кездері өте сүйкімді, аяулы әншіміз еді, заманның кәріне ұшырап шынында да бейәдеп боп кетті. Орыстың ұятсыз әншілеріне еліктеген түрі ғой, Жаман қазақ кім десе осы Нағиманы бірінші көрсету керек. Мақаланы тамаша жазыпсыз. Осындай нағыз сынды оқи алмай жүр едім. Осындай әншісымақтар елде шаш етектен, соларды да бір түйреп өтіңізші өтініш сізге!



Нағима Е. орысша тәрбиеленген, орыс тілді қыздар мен әйелдердің нағыз жиынтық обыразы екен. Біздің қоғамымыздағы мәңгүрттерді осы секілді ана деуге аузың бармайтын әйелсымақтар өмірге әкелген!
-Анахарсис



Аттың бауырана алып,дойыр қамшымен сойып салатын қатын екен.



Кайтеміз Иагима буитті соитті деп оны тыю киын, оданда дос жолдас ,агаиын, корші -колем дегеннін баріне айта журін, сонда гана бірдеме шыгар мумкін. Жанашыр калкым , онер -ән деген де ішкен асын жерге коятын казактарым.



Мақала тамаша. Ана бегемотты шындығында сойып салған екен, керемет. Ай, бірақ оған біздің Бегемот пысқырмайтын шығар, сиыр сияқты бірдеңе ғой. Бірақ не де болса мақала жақсы жазылған. Жеңіс, Атырау.



Бегемотты  су сиыр  десениз  жетип  жатыр.



Жарайсын Казыбек ага,негизи будан артык кандай сын керек тусинип натиже шыгаратын адамга?
Нагиманы мен туйеге тенеймин. Туйе мен кабаннын косылган кызыгын корсе гой ширкин.



Осындай сайқал әйеләншілердің теріс тәрбиесі соңынын еріп келе жатқан өнер иелеріне теріс тәрбие бола көрмесін. жаңа 31 каналдан Тұрсынбек деген КВН-шының жеке концерті болып жатыр екен. Өнері тамаша, нағыз әртіс екен. Әттең, бағдарламасында Тамашадағыдай, Нағимадай етектен төмен түсіп кетіп жатқан кездері болды.



Топастықтың шегі жоқ екен! Осындай мақаланы құптап пікір жазып отырған қо4ақтарға қайғырып көңіл айтамын.



Пікір алынып тасталды!



Бұл мақаланы Нагима апамызга калай оқытсак екен? Менин де бираздан бери каныма сыймай жур еди! Мұндай әртіссымақтар Ұлы деген атауга ие Қазағымның тұнық cуын лайламасын!



Қазбектің көтерген мәселесі өте дұрыс, оған 100 пайыз қосыламын. бірақ жоғарыда бір автор айтып кеткендей Нағиманың деңгейіне құлдырап керек емес еді, соңғы абзац артық. Не бопты сонша, жабайы шошқаны қақпанмен ұстап шыңғыртатын девственник құрдасын сөз қылып,әңгіменің әуенін соған апарып тіреп, одан соң НАғима мүлде қоятын шығар деп. Бұл сенің, Қазбек, өзіннің де мәдениетіңнің қандай екенінен хабар береді. "Қандай имидж, қандай былғаныш пиар" дегеннен кейін қоя салғанда мақалаңның мәні мен сәні жойылмайтын еді. Онсыз да жетелі жанға жетердей айтылды ғой, анайылыққа ұрынбауға болатын еді. менің Нағимаға үш қайнаса сорпам қосылмайды, оны мен де жек көрем. Бірақ жаманмен таласып жаман болсақ, қайтіп ел боламыз? Ерден



Ерден бауырым, қазақтың арсыз қатындарына осылай арсыз сөйлемесең ұғуы қиын, кейбір қыз келіншектер "осылай істесем маған да осылай айтады екен ау а?" деп тартынып жүретін болады. Қайта осындай сөздермен түйреу керек мұндай жәлептерді. Дәурен Әбді



Дәурен дұрыс айтады, Ерден. Объектіге байланысты оқ таңдалады. Қоянға кішкене оқ, қабанға жуан оқ атылмаса дарымайды. атқаның далаға кетеді. Сөз саптасыңа қарағанда әжептәуір сауатты сияқтысың, осыны білмегенің қызық екен... Дала.



Мен сол әлгі әңгімелеп отырған кемпірдің атын айтуға жиіркенемін.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>