Былтырғы жылдың мамыр айынан бастап қазақ жерін сату немесе жалға беру туралы әңгіме гулеп-ақ тұр. Бір ойланарлығы - жерді сатудың немесе жалға берудің жалпыға жария әңгімесін шығарып алып, артынан жасырынбақ ойнап отырған биліктің өзі. Алдымен қазақ жері араб кәсіпкерелеріне жалға берілетін болды.
Естеріңізге сала кеткеніміз жөн: Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысумен өткен Астанадағы Қазақстан мен саудтық араб кәсіпкерлернің арасындағы форумда осы бір жайттың беті ашылды. ҚазТАГ таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан шетелдік инвесторларға, оның ішінде саудтық инвесторларға 3,5 млн гектар көлемінде ауылшаруашылық жерлерін беруге дайын екендіктерін айтқан еді. Аталған ақпарат көзі бұл деректі ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің вице-министрі Арман Ебниевтің сөзіне сілтеме жасай отырып жариялады.
- Ауыл шаруашылығы министрлігінің шаруашылық жерлерге жасаған сараптауларының нәтижесінде әр түрлі себептерге байланысты бүгінгі күнге дейін айналысқа енбеген 3,5 млн гектар жердің бар екендігі анықталды. Бірақ бұл жерлер ауылшаруашылығында айналыста болған жерлер және ол жерлерде негізінен ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге және мал азығын өсіруге болады,- деген-ді сол кезде Арман Ебниев.
ҚазТАГ-тың хабарлауына сүйенсек, форум барысында саудтық бизнес өкілдері Қазақстан үкіметіне саудтық инвесторлар үшін экономиканың бірқатар секторларында жеке меншіктік құқық пен салықтық жеңілдік сұрап өтініш жасапты. Саудаға шебер саудтықтардың Мәсімов үкіметіне мұндай өтініш жасауында бір жіңішке себеп бар. Себебі, шетелдік инвестор Қазақстан территориясында заңды тұлғаны тіркеуден өткізсе, жерлерді жеке меншігіне ала алады.
Айтпақшы, 3,5 млн га жер тек арабтарға ғана емес, өзге де шетелдік инвесторларға жалға немесе жекеменшікке берілуі әбден мүмкін екендігі әлгі Мәсімов қатысқан форумда жария болған еді. Содан қара күз түсе «жер соя өсіру үшін қытай дихандарына жалға беріледі екен» деген сөз бұрқ ете қалды.
Бұл сөз Қазақстан қоғамында саяси сілкініс тудыра жаздады. Әлгіндей деректің шетін шығарып алып артынан шынымен сасқан билік «қытайға жер сатылады» деген «қауесет таратушының» бәрін ұстап қамауға пәрмен қылған. Сөйтіп, «қазақтың жері қытайға жалға берілуі ықтимал» деген әңгіменің басы ашылмай, «жабулы қазан жабулы күйінде» қалған сияқты еді, енді, міне, Израильге іс-сапармен барған бұрынғы премьер-министр Терещенко жер телімдері жөніндегі жағымсыз жайтты тағы да жаңғыртып оралды.
Те ұсынады
«IzRuS» ақпаратына сілтеме жасай отырып, ҚазТАГ тілшісі С.Терещенко «израильдіктерге тамшылап суландыру технологиясын ендіру мақстында Қазақстанан ірі жер телімдерін сатып алуды немесе жалға алуды ұсынды» деп хабарлайды.
- Неге сонша маған қадалып қоймадыңыз? Бұл тек әңгіменің басы ғана!- деп дүрсе жауап қайырады Терещенко ҚазТАГ тілшісі қойған кейбір «қолайсыз» сұрақтарға орай. - Иә, бейрсеми кездесу болды және біреу бұл жайында жазған көрінеді. Израильдіктер әзірге Қазақстанның жерін қандай шарттармен жалға алатындығына қызығушылық танытқан жоқ. Біз оларға өздерінің технологиясын ендіру үшін бірлескен кәсіпорындар құруды ұсындық. Ал сізге не керек? Израиль азаматтары Қазақстанның жерінде бұрыннан бері жұмыс істеуде.
Еліміздегі ірі жер алпауыты Терещенконың айтуынша, израильдіктерге Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан 500 гектар жер күні бүгін беріліп қойғанға ұқсайды.
«Олар Оңтүстік Қазақстан облысында, Арыста қазақстандық компаниямен бірге 500 гектар жерді өңдеуде», - деп өз сөзін нақтылай түседі С.Терещенко ҚазТАГ тілшісімен жауаптасуының барысында.
Ресми Астана аяқ тартқан мәселеге Терещенко тіпті қыңбайтындығын да жасырмастан ҚазТАГ тілшісіне және былай депті:
- Израиль кәсіпкерлері әзірге жалға қанша гектар жер алатындықтарын білмейді. Қытай диханшыларына қатысты әңгімеден соң қазір барлығы жерді жалға алудан бастарын ала қашады. Енді ешкімнің жерді жалға алғысы келмейді! Бірақ олардың неден қорқатынын білмеймін?..
Жерге жекеменшік формасын енгізіп, өкіметке заң шығартып, миллиондаған гектар аймақты бауырына бүктеп басқан Терещенко, Кулагин, Мадинов бастаған шонжарлар жерді жалға берудің нәтижесінде байлыққа кенеле түспек. Әрине, шетелдік инвесторлармен бірге ауылшаруашылығына жаңа технология енер. Жұмыс көздері ашылып, жер еміп пайда табудың жолдары көбейер. Алайда, соның бірі қазаққа жұға қояр ма екен? Неге десеңіз, қазақта жер жоқ. Жерді жалға алып отырғанының өзі некен-саяқ. Жердің шұрайлысы Терещенко мен Мадиновте. Демек, инвесторлардың қызығын да алдымен солар көреді. Солар қазір қазақ билігіне ықпал ете отырып қазақ жерін саудаға салып аршындай түсуге әбден бел буған секілді. Биліктің терещенколарға «білгеніңді істей бер» деген пейілін танғындықтан да біз баябан байтақ өлкемізден «тарт қолыңды!» деген талабымызды ғана ескерте аламыз. Оған. Қазақ жерін ит сүйреткен терідей етпек ниеті бар Терещенкоға!




Масқара ғой бұл?!...
«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».
Біз осы не деген елміз?! Шетелден келген қандастарына 6 сотық жерді аяп отырған билік шетелге миллион гектар жерді қалай қиып береді екен. Сол ұлан-байтақ жерді қорғауға Терещенконың қай атасы қанын төгіпті?! Игерілмей жатқан жер болса Қытайдағы қазақтарды әкеліп, сол аймақтарға шоғырландырып, ал игер десінші?! не істейді екен солар? ертең-ақ, қамбаңды астыққа, қораңды малға толтырады?! Бірақ бүгін соларды қолдауға тура келетіндіктен қазақ билігі ертеңін ойлаудан ат тонын ала қашып отыр. Ал біз бүгін жер сатып байығанымызбен ертеңгі ұрпақты қайтпекпіз?!Соны ойласаңдаршы, Алаш баласы!
е бауырым кім-кімге жер беріп жатыр! Айтып тұрганын Қытай болса Қытайыңа жер берген жоқпыз!
1. Бұл тек әңгіменің басы ғана!
---------------
сонда терещоенко әңгіменің көкесі алда демекші ғой!
2. Израильдіктер әзірге Қазақстанның жерін қандай шарттармен жалға алатындығына қызығушылық танытқан жоқ.
------------------
Сонда жер беру ұсынысы Терещенкодан түскен болды ғой. Ал израидьдіктер әлі шарттарын айтпай отырған болды.
3. Израиль азаматтары Қазақстанның жерінде бұрыннан бері жұмыс істеуде.«Олар Оңтүстік Қазақстан облысында, Арыста қазақстандық компаниямен бірге 500 гектар жерді өңдеуде»
----------------
Бұрын талай жерді оларға бергеміз, енді тағы берсек, не болыпты демекші ме?
4. Израиль кәсіпкерлері әзірге жалға қанша гектар жер алатындықтарын білмейді.
------------
сонда бұл шошқа пәлен гектар беріңдерші деп сұрамағандарға алыңдаршы деп жерді тықпалап отырған болды ғой.
---------------------------------------------------------------
Осының бәрі парламенттің және президенттің кесірі. Олар кезінде жер сату туралы заңды халықпен ақылдаспай зорлықпен қабылдатқан болатын. Жер Қазақ Мемлекеттінікі емес болған соң оны кім игерсе де бола беретін болды. Жерді бөлісіп, бөлісіп алған биліктегі ұрылар енді оны шетелдіктерге үлестіріп, пайдасын қалтасына басқысы келеді. Қазақ жерінің бір сүйемі де бөлінбек емес деген ұлттық намыс қайда? Ата-бабамыздың байлығын елге аштырып, содан жан сақтап, экономикамыз бар деп жүрген ел енді жерді де шетел асырмақ қой. Бұл Терещенко делінетін жойттар (еврейлер) Қазақ Мемлекетінің бірлігіне бас қатырмайды, онда кәсіп ашып, өндіріс қалыптастыруға қызықпайды, олар бәрін сатып, қолда тұрғанда қоныштан басып, біздің биліктегі ақымақ, қорқақ, қортық қазақтарды айтқанына көндіріп, қазақ жерін саудаға салмақ. Елдегі еврейлерді ит қосып қуып шығу керек еді! Қазақ елінің басындағы қайғысы осы еврейлерден де болған. Кезіндегі Голошекин, кещегі Храпнов, Машекевич, Олжас Сүлейменов (оның әйелі еврей ғой) Қазақ Ұлтының Жауы. Жауларыңның кім екенін біле жүріңдер қазақтар.
Kvndi korw vshin twildim! {Anaharsis sozi}
Қазақ жерін саудалауға, жалға беруге, сатуға Терещенконың қандай қақы бар? Елден аластап, мүкәмал мүлкін тәркілеу керек оның!
неменеге үйдейісң сенің ұлы жүзіңнің ысты, шапырашты, ошақтыларыңның әрекеті
неменеге үйдейісң сенің ұлы жүзіңнің ысты, шапырашты, ошақтыларыңның әрекеті
----------------------
Жоқ, Бауырым, бұл сатқындықтың артында ыстының, шапыраштының, ошақтының ұрпағы тұрса да, оны сол рулардан көру тым қате көзқарас. Бұл өзі аз қазақты жікке бөлу. Қазақ үшін барлық рулар, жүздердің өз еңбегі бар, өз үлесі бар, әрине қазақтың арын, намысын, жерін сатқан шірік жұмыртқалар да болған және болып жатыр, бірақ олар сол руға өкіл бола алмайды. Жеке адамның кінәсін, азғындығын ол тәуелді халықтан көру барып тұрған ақылсыз пікір. Ал егер Терещенконың бұл ісі шындыққа айнала бастаса, біз бірбүтін қазақ ұлты өре түрегеліп, қытайға жер бермекші болғандағы секілді батыл қарсылық танытуымыз керек. Жерді біреу қорғап бермейді, оның иесі қазақтар оның жан кешуден тайынбайтын адал қорғаушысы да болуы керек.
Kvndi korw vshin twildim! {Anaharsis sozi}
Босқа байбалам салғаннан еш нәрсе өнбейді. 2003 жылы "Жер туралы кодекс" қабылдап жатқан кезде ДВК осы мәселені тәуір-ақ көтерген кезде немкеттілікпен қолдау көрсетпей бұғып қалған өзге емес өзіміз болатынбыз. Сол кезде Б.Тұрсынбаевтың машинасын жағып жібергенде де жым-жылас қалғанымыздың салдары неге әкеп соққанына көзіміз енді жетіп, тағы да бармағымызды шайнап, қалшылдап үйде әлі отырмыз. "Анау - андай, мынау - мындай деп күндегенді қойып, тәуелсіздікті ту ғып көтерген азаматтардың төңірегіне топтасу - елдігімізді сақтаудың менімше ең соңғы мүмкіндігі. Бұл жолы бірлікке келмесек, ұлтымыздың алдында қара бет боларымыз хақ.
Бұл қозғалысты оппозиция партиялары да қолдайтыны байқалып тұрған жоқ па?!
Халық боп ОЛАРДЫ біз қолдамасақ, бәз-баяғы қайыршылық, шарасыздық қалпымызда қала береміз.
Жерімізді биліктің оңды-солды сатып жатуы - тек бізге қазақтарға келетін қасірет емес. Бұл - Қазақстанда тұратын басқа ұлттарға да төнген алапат қатер. Ортақ қатерге қарсы тұруға оларды да қатарымызға тарта білуіміз керек!
Еліміз, Жеріміз, Тәуелсіздігіміз үшін БІРІГЕЙІК!!!
Сұмдық, мынау сұмдық ақпарат қой! Бұлар сонда сыртқа шыққанда Жерімізді саудаға салып жүретін болғаны ғой. Бір күні бәрімізді құлдыққа сатып жібермесін осылар!
Жерді жалға беруден қорықпау керек. Біріншіден, ауылшаруашылығына озық технология келеді. Екіншіден, біз де ауылшаруашылығынан табыс тауып үйренеміз. Үшіншіден, мықты елдер біздің жерімізді жалға алса, олар Қазақстанның қауіпсіздігіне де кепіл болады. Менің бұл сөзіммен ешқайсысың келіспессің. Бірақ мен бәріңмен пікір таластыруға дайынмын. Жерді жалға беру керек.
Кмел Келешек
Келіспейміз. Неге десең, ең бірінші биліктен шығып тұр мұның бәрі. Билік - жауапкершілік алған емес қашаннан да. Билік тазармай - ешқандай да қадамдар дұрыс бағыт ала-алмайды.Биліктің қазіргі таңдағы ең бірінші міндеті - өз халқының дауысын тыңдап, мұң-мұқтажын ескеріп барып шешімдерге бару. Біздің мемлекетте БИЛІК - ХАЛЫҚ -БИЛІК үштігі жұмыс істемейді.Ондай институттар бар, бірақ күші әлсіз.Жалпы, өзге елдермен қауымдастықтарға бару керек, бірақ барлық жерлерде билік институттары сайланбалы болса ғана.Тек бір ғана адам басқарып тұрғанда ешқандайда қадамдар нәтиже бермейді және жауапты адамдарды таппайсың.Мұның соңы коррупцияның көкесі болатынына ешкімнің күмәні болмасын.Билік ауыспай, халқына бет бұрмай ешнәрседе өзгермейді.
Кешіріңіздер, КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК деп оқыңыздар.
Жерді жалға беруден қорықпау керек. Біріншіден, ауылшаруашылығына озық технология келеді. Екіншіден, біз де ауылшаруашылығынан табыс тауып үйренеміз. Үшіншіден, мықты елдер біздің жерімізді жалға алса, олар Қазақстанның қауіпсіздігіне де кепіл болады.
-------------------------
Биліктің айтып жүрген жаттанды логикасы осы ғой. Онда Қазақ Республикасын әлемнің барлық елдеріне, әсіресе алпаут елдерге бөліп-бөліп жалға берейік. Шығыс Қазақстанды Қытайға, солтүстік Қазақстанды ресейге, оңтүстікті Арабтар мен Еврейлерге, Батыс қазақстанды еуропа елдеріне, ал орталық қазақстанды АҚШ-қа жалға берейік те, олар бір бірінен қорқып, ҚР-дың амандығын сақтайды деп күтіп отырайық. Неткен күлкілі бастама. Мына түрлеріңе қарағанда ата бабаңды көрден қазып алып, сүйегін шетелге сатып жіберуден де тайынбайтын болғандарың ғой! Қазақты өз жерін өзі аша алмайды деп қор көргендерің ғой! Шетелден технология, қаржы келеді деп сата беріңдер де, ал келген ақшаны шетел асырып алып қашыңдар! Бүгінгі тірліктерің осы емес пе, атадан тумай кеткір кемел келешектер. Сендер Аталарыңды сатып, ұрпақтың көзжасына кемел келешек орнатқалы жүрсіңдер. Ондай сұрқия кемел келешектерің, утопияларың тарихтың қатал жазасын күтіп тұр деп ойлаймын!
Kvndi korw vshin twildim! {Anaharsis sozi}
Кемел Келешекке. Хотя, мұндай саясатпен кімнің келешегі кемел болары неғайбыл.
Біріншіден, озық технологияны басқа жолмен, айтарлық, сатып алуға болмай ма?
Екіншіден, біз не, шетелдік инвесторлаға берілгендей жеңілдіктер болса, өзіміз жұмыс істей алмайтын, пайда көре алмайтын мақаумыз ба?
Үшіншіден, жердің барлығы шетелдіктердің жалында болса, ол жағдайды шынайы қауіпсіздік деп атауға бола ма?
Қазіргі дүниеде бұрынғы жер шабу, аннексиялау деген жоқ, соғыстың дені экономикалық, инвестициялық екенін жоққа шығарасыз ба?
Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.
Қазақтың бір сүйем жерін жат жұрттыққа жалға берсек те, сатып берсек те мемлекетіміздің болашағына балта шабу болмақ. Арабтын бір тұтам жерінде студенттерін оқытудан бастаған Еврей қалай қазір - әлемді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған мемлекеттердің бірі. Қытай басқа мемлекеттерде не істеп отыр, азуын айға білеген Америкада ортасын ойы отырып Қытай қаласын тұрғызып қойды. Енді соларға жер бермекпіз бе? Жетіскен екенбіз. Иесіз қалған мемлекет болғанымыз ғой. Мұндай да не деу керек. Мүмкін бар Қазаққа АТТАН дейтін кез болар бұл.
Т.Т
Ай, бірақ Аттанатын Қазақ (халық) бар ма бүгін. Басты сұрақ осы болыт тұр-ау!!!
Т.Т
Мен қайталап айтамын, Жерді жалға бергеннен қорықпау керек. Қазір бұрынғы заман емес. Жер бетінің халқы бұл заманда тығыз араласып жатыр. Сен қазақ, аз ғана саныңмен мына жерге еге болып отыра алмайсың! Сондықтан бұл жерден жер тапшылығын көріп отырған халықтар да өз ырыздығын табуы керек. Маңайыңда жерсіз, сусыз, аш отырған халықтар бар. Солар ертең келіп бас салып соғыс ашпас үшін жер емген халықтармен бірігуіміз керек. Жерімізді ортақ пайдалануымыз керек. Сонда бізде бәрі де болады.
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК
Кемел Келешек мырза: Бүгін жеріңді ортақ пайдалансаң, ертрең қатыныңды да, ортақ пайдаланасың. сен нағыз қазақтың азаматы емес екенсің. құдай сен секілді бітеу жаралардан сақтасын. ортақ пайдаланатын қайдағы жер қалды? жерсіз, үйсіз жүргендер кімдер? бүгін жеріңды алған шетелдік албастылар, ертең қойныңдағы қатыныңды,қырмызы қызыңды, желкілдеп отырған жесіріңді бауырына басады. сен Кмел Келешек емес, бұлыңғыр бұрқасынсың. нашар, жетесіз ойларыңды жиып-теріп, бұл жерден қараңды батыр.пікір таластыруға жарамайсың. сенен тек мықты сатқындық қана шығады.
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК
Бізде ондай бос жатқан жер жоқ.
"Қазақ жерін ит сүйреткен терідей етпек ниеті бар Терещенкоға"!
..............................................................................
Лағынет жаусын!!! Осы уақытқа дейін бұл маңқаны тайраңдатқанымыз жетер. Рахмет, Абай.кз! Сен тағы бір *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*дың бетін ашып бердің. Уақыты келер бұлардың да, сол кезде жауап беретін болады!
Бауырларым, мені сонша неге ғайбаттайсыңдар? Неге жанд ауыртатын сөздер айтасыңдар? Мен бар жоғы өз пікірімді ғана ортаға салып отырмын ғой. Адамның қандай екнін аузындағы сөзінен байқалады. Меніңше сендер тыз етпе жансыңдар. Терең ойлана алмайсыңдар. Мен әлі өз пікірмде қаламын: Жерді қорықпай жалға беру керек.
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК
Кемел Келешек болмай құрып кет.қатын,бала-шаға,қыз-қырқыныңмен, семияңмен қосып, шетелдіктерге жалға бер.сен қазақ халқына өкілдік ете алмайсың. сен секілді ұлтқа қауыпты адамнан қорқу керек.
Жемеші сен,болды,осыда жетер...
С.Терещенко кезінде премьер-министр (1991-1994ж.ж.) болып тұрған кезінде Байқоңыр кешенін ресейліктерге беруге аянбай тер төккен көрінеді.
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКке
Қазақ жерін барынша тиімді пайдаланудың бұл ең дұрыс шешімі ме? Қазақ жерді жалдаудан неге қорқып отыр? Өйткені, қазақұлты елдегі экономикалық реформаларға,науқөандарға қатыстырылмай,шетқақпай болып,дамудан кешеуілдеп отыр. Сондықтан әрбір шешімді қазақ бүгінде қорқынышпен, күмәнмен қабылдайды, ол ақтаулы да. Ауызыңды біреу ұра берсе,сәлемге қолын созған адамнан да жасқанады зәбір көрген жан. Ал, қазақ жерін жалдау үшін екі нәрсені қатар алып отыру керек:
1. Жерді пайдаланудағы үдеріске әділетті орнықтыру, сол арқылы халық кімнің жерді қаолай пайдаланып отырғанын, одан түскен пайда мемелкетке жамалып отырғанына көз жету керек!
2. Жерді пайдалану үдерісін қазақтың әлеуметтік мәселесін шешудің тиімді де басты факторларына айналдыру керек, соны қиынсынған билік оңай жолмен азын-аулақ пайда табуға құмар және халқын еңбек еткізу жолын шешуден қашып отыр. Сөйтіп, оны кержалқау етіп, одан соң нағыз құлға айналдырмақ. Егер де осы жайттар қоғамда орын алса, қазақ өз жерін жалдаудан қашпас еді. Және де конституциядан жазылғандай елді билеуге халыққатыстырылса, бұл жалпхалықтық талқылау арқылы шешіле береді. Елде сондай адамдық жүйе болмаған соң, кез келген айуандар қазақтың жерін саудаламай немен айналысады? Сөйтіп, сайып келгенде, қазақ жерінің дауы қоғамдық формацияны алмастыруға сайиды немесе билік алмастыру керек болады... Әйтпесе, жерді жалдаудан қазақ қашпайды, қарынды сыйпап қойып, өзбеккке-ақ жалдап, содан тапқанына мәсе тұтатын халықтың бірі де, бірегейі де сол қазекең. Солай, Кемеке! Бүгінде сіз ғана білгіш емессіз, біз де біліп отырмыз, жер жалдаудың түбі саяси мәселенің ушығуына алып келеді,сосын әлгі жер жалдан елмен дүрдараз боламыз. Әуелі мәселені жанұяда шешіп алайық!Сосын ғасырлар бойы найзаның ұшымен терген жерімізді не істесек те, өз еркімізде емес пе? Елсерік
Кемел Келешек егер есімің дұрыс болса есектікін кертіп шайнапсың. Сені өзбектерге жалға беру керек.Тоқ шегіңді айналдырып сыртқа шығарсын. Сонда сен жалға жер берудің не екенін түсінесің. Салмырза7
Кемел Келешек.
Қазақтың келешегі кемел болсын десең, аз да болса мынау азған ұлтың есін жисын десең жат жұрттықтардың тағы да бір экспанциясына ұшырағың келмесе есіңді жиып, көзіңді аш. Пікіріңді білдіру өз еркің тек ол пікірің аяр, ойың улы екен. Ойлан... Сен осы сөзіңмен өзіңді сатып кеткен жоқсың ба?
Жер – халықтың меншігі. Әрбір туған ұлты қазақ балаларына бәленше гектар жерді бөліп беріп отыруды заңдастыру керек, әйтпесе жер қойнауы байлығынан (мұнай, металл, т.б) түскен қаржыны (арабтардың әр жаңа туған баланың есепшотына 3 мың доллар салатыны сияқты)ұлты қазақтардың есепшотына салып қоюды ойластыру керек.
Үкімет халықтың жағдайын шын ойласа өстер еді. Сауд арабтары мұнайдың арқасында өстіп ырғап өмір сүріп отыр, есепшоттағы ақшасы айналымда жүріп, иесіне үлкен пайда әкелуде, оларда жұмыс істейтін басқа ұлттың өкілдері. Арабтарға ешкім сен адам құқын бұздың деп байбалам салып жатқан жоқ.
Сабырбай
Зона кз да Терещенко Израиль елинин Казахстандагы консулы деп жазган .Сонда Терещенко кай елдин Азаматы?Казах халкынын муддесин, жерин,егемендигин коргаитын уйым бар ма бул елде? Жок болса неге Курылмайды?Бирлесип карсы туратын уакыт жетти !Енди Оян Казах деп емес Аттан Казах демесек ертен Каш Казах дегенмен кеш болатын сыкылды.
Алматы. 19 февраля. КазТАГ – Дилярам Аркин. Экс-премьер РК Сергей Терещенко, являющийся почетным консулом Израиля в РК, предложил израильтянам купить в Казахстане или взять в аренду крупные земельные участки, но правительство Израиля пока не решается на этот шаг.По информации “IzRuS”, в ходе встречи С.Терещенко “предложил израильтянам купить в Казахстане или взять в аренду крупные земельные участки для внедрения израильских технологий капельного орошения”.
Сколько именно гектаров земли было предложено иностранцам, издание умалчивает.
Сам С.Терещенко в телефонном разговоре с корреспондентом КазТАГ также отказался называть цифры, заявив при этом, что пока правительство Израиля не приняло окончательного решения по этому вопросу.
“Что вы ко мне пристали? Это было всего лишь начало разговора! Ну, была такая неофициальная встреча, и кто-то написал об этом. Израильтяне пока интересуются, на каких условиях они могут арендовать казахстанскую землю. Мы им предложили создать совместные предприятия, чтобы внедрять свои технологии. А что вы хотите? Они уже давно работают в Казахстане”, - пояснил С.Терещенко.
Билікті бұратана халық өкілдеріне беріп қойған соң күніміз күңдікке салынып кетпесе болар еді!
ЖЕР САТУДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІНЕ МЫСАЛ:
ПАЛЕТИНАДА ЖЕР САТУҒА РҰҚСАТ БОЛҒАН. БАЙ-БАЙ ЖОЙТТАР КЕЛІП ЖЕР САТЫП АЛДЫ. ОҒАН ҚАРУ ӘКЕЛІП, КЕҢЕЙТТІ. МІНЕ, ЕНДІ ӨЗ МЕМЛЕКЕТТЕРІ БАР. ПАЛЕСТИНАНЫ ҚҰРТАЙЫН ДЕП ОТЫР.
СОЛ СЕКІЛДІ, БҰЛ ЖОЙТТАР (НЕМЕСЕ ҚЫТАЙЛАР) ЖЕР САТЫП АЛҒАН СОҢ БЫЛЫҚ БАСТАУЫ МҮМКІН. РЕСЕЙ ОРЫСТАРҒА, АЛА ТАҚИЯЛЫЛАР САРТҚА (олар Қазақстан азаматтары болсын-ақ) ЖЕР САТЫП ӘПЕРІП, ӨЗ ЕЛДЕРІНЕ ҚОСЫП АЛУЫ ЫҚТИМАЛ. МЕМЛЕКЕТІМІЗДІ БЫТ-ШЫТ ҚЫЛУЫ МҮМКІН.
Пай-пай шіркін! "С.Терещенко кезінде премьер-министр (1991-1994ж.ж.) болып тұрған кезінде Байқоңыр кешенін ресейліктерге беруге аянбай тер төккен көрінеді" БАЙҚОНЫР сатылып төбемізден У құйылып тұрғаны аздай, сол Байқоңырдан ұшатын ракеталардың зияндығы 2014 де күшейеді екен! Қазақтар 70 жетпей желкесі үзіліп, сабилер ауыру болып туылуда! Осыған ТЕРЕЩЕНКО кінәлі екен ғой!
"ЕҚ"-дан оқығаным бар еді. Шерхан Мұртаза ауылындағы бір ағайынының үйіне барыпты. Барса әлгі ағайынның бақшасы көкпеңбек болып толқып жатыр екен Шерағаң сұрайды: "Әй, мынау не?" "Жоңшқа". "Анау сайда көгерген не?" "Жоңышқа".
Көрдіңдер ме, біз қазақ, жоңышқа еккеннен өзге ештеңені білмейміз. Еңкейіп жер емгенді ұнатпаймыз. Мал баққан қазақтың аштыққа ұшырайтынын білген Әлихан Бөкейханда кезінде еліне "егін ек" деп аманат айтқан екен. Сол егіндіде сорымыз қайнап еге алмай отырмыз. Жер - біздкі дегеннен не пайда? Ерік сенде емес, қазақ. Сондықтан осы жерді ұқсатамын дегендер болса, ептеп жалға беріп көрейікші. Қатып қалған ештеңе жоқ. Ертең шетелдіктердің ауылшаруашылығына арналған инвестициясын игеріп алған соң оларды айдап шығамыз. Қазақстанды ешқандай Палестинамен салыстырудың қажеті жоқ. Ал, еврей деген ақылды халықпен дос болсақ арам қатпаймыз. Осыны ойлаңдар.
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК
ой әкеңді!
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКтікі дұрыс.
Жерді алпауыттар меншіктеп алғаны бөлек әңгіме ғой, кезегі келгенде олармен жақсылап тұрып есептесетін боламыз. Тек осыдан болып жерді жалға беру деген сөз шықса болды байбалам салу дұрыс емес, әрнеге науқаншылдықпен қарауға болмайды.
Жерді, оның қойнауындағы қазба байлықты айналысқа кіргізу керек, сонда ғана нағыз байлық бола алады. Сарымайдай сақтап жата берелікші, не болады екен сонда. Бүйтсек, әйтеу құлақ тиыш, жеріміз бүтіндей сезілетін шығар. Бірақ та ұшы қиыры жоқ қазақтың кең даласы баяғы қуарған, құнарсыз қалпында қала беретін болады. Аз маз жерді қысқа уақытпен шетелдіктерге, әсіресе израильдіктерге жалға бергенде тұрған түк жоқ. Оларда жерді игеру, өңдеу жағынан жақсы технология, тәжиребе бар.
Біздер кейде ұлтты ойлаймыз деп өзіміз де білмей қас істейтін болыппыз. Мұндағы пікірлерге қарасаң, көбі ура патриот сарынды екен, әйтеу жерді ешкімге жалға беруге болмайды деген қағиданы ұстап қатып қалған. Тегінде, мынау далиып жатқан даламыз кім болса да біреу игермесе - сонда болады қызықтың көкесі. Оған жеткізбей, өз еркіміз қалауымызбен аз мөлшердегі жерді жақын көршілерге болмаса да алыс шетелдіктерге жалға бергеніміз әлдеқайда тиімді болмақ. Әйтеу жерді нағыз мағынасында игеріп үйренуіміз керек, ол үшін алдымен басқалардан үйренуіміз керек.
Қытайдағы қандастарымызды әкелсек болды, жерді түгелдей игеріп кетеміз деген жансақтық. Шынын айту керек, ол жақтағы қандастарымыз келіп игерсе де жағдай өзгере қоймайды. Оларда жаңа технология, ноу-хау жоққа тән.
Олар "өзіміз" деген сөз. Екіншіде, ондағы қазақты атажұртына көптеп жібере салайын деп отырған қытайды ол көрмедім. Ал еврейлер болса өте аз көлемді жерден аса мол өнім алып үйренген халық.
Бірақ та шынымды айтсам, сол еврейлерің бізге келіп жер өңдейді дегенге сенбеймін. Ұсыныс сөз жоқ, біздің тараптан болып отыр. Енді біріміз ауыз ауыртып сұраған екенбіз, онда, енді біріміз мұны жоққа шығармайық.
Көрейік, билік пен еврейдің әуселесін, содан кейін сынайықшы.
Кемел Келешек, және Битөбе Мырзалар: сіздердің пікірлеріңізбен келісе алмаймын. қазақ жерінің 75 пайызы құмды, шөлейт,жартылай шөл, құнарсыз, сортаң дала. ал солтүстік аймақтардағы құнарлы алқаптарды аздаған шаруа қожалықтары, Терешенко, Мадинов және Шешен,Инһұш, Неміс Т.Б ұлт өкілдерінің қолына өтіп кеткен. соңғы жылдары,қара топырақты, шұрайлы алқаптың берекесі кете бастады. көзсіздікпен игерілген, тың ашудың салдарынан табиғат мінезін көрсете бастады. мөлшерден тыс химиялық тыңайтқыштардың істетілуі салдарынан, топырыақ органикалық, байырғы құрамынан айырылды. шымдауыт, жасыл дала, сазды алқап, жыл сайын кетеуі кете бастады. топырақтың құнарсыздануы ауырлады. ал Қазақстанның өзге аймақтары Маңғыстау,Ақтөбе, Атырау,Шығыс қазақстан,Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды өңірлерінің басым бөлігі шөлейт, жартылай шөлейт, құмдауыт болып келеді де,өнім алумен өмір сүру деңгейі төмен райондар саналады. алайда тамшылатып суару, бүркіп суару техникасы,Қытайда сонау 80 жылдардың басында кең көлемде қолданылып келеді. қытайдың Іле қазақ автономиялы облысында, жер бедері негізінен жоғарыдағы аймақтармен ұқсас болғандықтан, бұл техниканың игілігін, ол жерде өмір сүріп үйренген қазақтар тым ерте меңгерген еді. жердің қадырын білетін, өнім алудың түрлы жолдарын игерген, қытайдағы қандастарымызды осы райондарға көптеп орналатыруға болар еді. мемлекет қаржылай қайтарымды көмек беріп, бағдарлама жасаса,барлық техниканы шетелдерлен енгізіуге әбден болады. өйткені мұндай техниканы меңгерген қандастарымыз жүз мыңдап саналады. жерді шетелдіктерге жалға беру деген сөз, жерден басы-бүтін айырлу деген сөз. қытайлар 2 соттық жермен 5-6 жан саны бар семиясын қиналмай асырайды. милион гектар жерді жалға алған қытайлар, 10 жылдан кейін,сол жердің түпкілікті иесі болып шыға келеді. себебі жерді игеруге келетіндер, салт бас, сабау қамшылы, қытайдың бойдақ жігіттері. олар ертең қазақ қыздарымен үйленгеннен кейін, заңды түрде азаматтық беруімізге тура келеді. біздің осал заңдарымыз бәрінеде жол беріп қойған. 1 милион гектар жерді игеру үшін, кем дегенде, әләемнің ең озық техникасын қолдандық деген күннің өзінде, 50 мың адам керек. 50 мың таза Қытай, 50 мың қазақ қызымен отау құрса, 50 мың жиен дүниегк келсе, олар тағы бір аунап түссе, не болады? одан ары ойлаудың өзі қорқынышты.жерді ешқашанда, шетелдіктерге жалға беруге болмайды.
Жердің астындағы байлық сатылып одан түскен пайданы жалпы қазақ көріп отыр ма? Әлі үйсіз-күйсіз жүргендер көп. Енді жер сатылып немесе жалға беріліп, қазақтың күйінің жақсаруы күмәнділеу.
Кемел Келешек
Бүгін ерік өзіңде емес екен, ал жеріңді берген соң не болмақ. Өз еркің өзіңде емес болса, кімді қайда айдамақсың!!! Біреуді айдамақ тұрмақ, өзіңді қайыратын шамаң бар ма? Сенің сөзіңе қарасам кемел келешек емес бұлыңғыр болашақ сияқтысың. Жылы сөйлесең де, жылмиып сөйлесең де ішіңде бірдеңе бүгіп жатқандайсың? Сен бір нәрсені дұрыс айттың, бізді палестина халқымен салыстыруғ болмайды. Себебі, олардың рухы биік, қайраты мұқалмаған батыр халық. Ал, біз батырлық қанымызда болса да, жаншылып жанышталған елміз. Сондықтан, бір тұтам жерді қандай мақсатта болсын біреуге беру, өзіңді өзің өлтіру.
Сондықтан, босқа сандырақтама!
Шері.
Осынау Кемел-шемелдердің сатқыштық, сатқындық сөздеріне басымызды қатырмайық. Олар биліктің әдейі орналастырып қойған, көт жалап жан бағып жүрген құлдары. Итке тамақ берсең жақсы үретіні секілді оларға ақша берсең әдемі сайрайды. Терещенко оларды әдейі сатып алып, сендерді қаймықтыру үшін жалдап отырған түкке тұрғысыз бірдеңелері! Жазса жаза берсін. Біз олармен жаман қатынша айқасып аброй таппаймыз. Ең маңыздысы қалай қазақ жерінің көрінген ит пен құсқа бөктеріле беруінің алдын алу үшін ортақ шешімге, қайратты іске жұмылу. Желеулердің артында залымдық тұрғанын Қазақ ұлты әлдеқашан түсінген. Сондықтан бұндай тәтті өтіріктерге алданбай Терещенколардың биліктен кетуін қатаң талап ету керек! ол ит-шошқалардың биті әбден семіріп, енді қазақ жерін қайдағы бір сасық еврейге жалға беруге дейін ақылшы бола қалыпты. Осынау былықты жойу үшін тағы да ортақ үн қатпасақ, ертең мұнанда сорақы заманға тап боламыз. М.Шахановтың айналасына топталайық. Ұлтшыл тұлғалар қайда жүр, олар енді ештеңе етпейді деп төсегін жақслап салып, ұйқыға кетті ме? Бұл қандай заман? Есімізді жияиық, Қамиетті қазақ жері үшін жан салайық!
-- Анахарсис
"Кемел Келешек және Битөбе" деп бастаған бауырыма!
Алдымен сыпайы мінезіңіз бен салиқалы пікіріңізге көп рахмет. Осында біреулер тасаға тығылып алып адамның аузы бармайтын сөздерді көп жазады. Сірә, сауатсыз, еш нәрсенің байыбына бара бермейтін біреулер болса керек. Олардың айқайына қыңар мен емеспін. Ал енді Сізге келер болсақ... Сіз маған төтеп беретін оппоннент екенсіз.
Рас, қазақ жерінің көп өңірі шөлейтті, жартылай шөлейтті аймақтар. Ертең ұлы шөлге ұрыну қаупіміз де (Құдай оның бетін ары қылсын) бар. Сол үшін Жерді құнарландыру, ұлы өзендер арнасын қасиетті қазақ жеріне бұру саясатын қолға алу керек. Тап бүгін қазақ мұндай ауқымды істі жалғыз жүріп атқара алмайды. Сол үшін де қазақ жерін игеруге ынталы инвесторларды тауып әкеле бергеннің артықтығы жоқ па деп ойлаймын. Бұл мәселені шешудің басқалай жолы табылып жатса шексіз қуанар едім. Бауырлар, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*қа сүрініп босқа кіжінбей осындай ауқымды ойларға баралық. Ал, мені босқа қаралап сөйлегендерді Тәңірім өзі кешірсін!
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК
Осында біреулер тасаға тығылып алып адамның аузы бармайтын сөздерді көп жазады. Сірә, сауатсыз, еш нәрсенің байыбына бара бермейтін біреулер болса керек. Ал енді Сізге келер болсақ... Сіз маған төтеп беретін оппоннент екенсіз.
---------------
!!!!!!
жыртыл! Жарты шелек су оңай шайқалақтайды демекші ... мынауың бір жүрген нағыз есуас қой! сені туған анаң мен атаңа мың нәлет!
Әкелеріңнің ауыздарына си...н Кемел мен Битобе жерді жалға бергенше жердің астына кір. Жалға алғандар бізге дені сау адамын жібермейді. Тың көтерген кездегі сырттан келген адаидардың сексен проценті ойдан қашқан,қырдан қашқан, түрмені дүркіреткен есерсоқтар болған. Ендігі келетіндер автомат,пистолетпен келеді.Мал баққан адам өлмейді. Атам қазақ рапс,соя жеген жоқ. Сен сияқтылар ірі қараны айтпағанда, ЕЛУ миллионға жетіп қалған қойды құртты. Керемет патриот болсаң мал өсір.Сатылып кеткен жерді қайтар.Терещенко, Мадиновты халық жауы деп санап көздерін құрту керек.Екеуінен де көк түйір пайда жоқ.Салық та төлемейді. Жерді жалға беру-жанды беру деген сөз.Кезінде Мадинов пен Перуашов НӘН-ді қару алып қорғаймыз деген жоқ па?! Біз де жерді қару алып қорғайық. НӘН-нің заңы қорғамайды САЛМЫРЗА
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК, сен әбден пікірталасқа түсіп үйренген пәле көрінесің. Мұндағы жұрттың ызалы пікіріне жымиып қана күліп отырғаныңды байқаймын. Ал енді саған мен айтайын.
Біріншіден, жеріңді жалға алатын шетелдік сенің шөлді, жартылай шөлейтті жеріңе аяқ баспайды. Жетісуды, Арқаны, Оңтүстіктің құнарлы жерін сұрайды. Жалпаңдап жалға берсең сен алдымен осындай ауылшаруашылығына пайда келтіріп отырған өңірлеріңнен айрыласың. Қазақ ертең ол жерлерге соқа сала алмайды. Сорың сонда қайнайды сенің.
Екіншіден, жерге қазақтың иелігі жоқ қазір. Демек, бақылау да жоқ. Бақылаусыз жерің жалға емес, жекеменшікке өтіп кетсе біттің ғой, байқұс бала-ау...
Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігіне кепіл боламыз деп, еліміздің тәуелсіздігін таныған елдер мен беделді ұйымдар бар. Қауіпсіздігіңді ойласаң солармен бол.
Төртіншіден, біздің халқымыз ауылшаруашылығына маманданған. Ол ешкімнен ақыл сұрамайды. Халықтың салған астығын сыртқа сата алмай өкіметің сорлы болып жүр. Халық сорлы емес.
Бесіншіден, ауылшаруашылығына жаңа технология енгізіп жатқан лизингктік компаниялар бар. Солардың ісі ілгері баса берсін деп тіле.
Алтыншыдан, ұлы өзендерді бұру саясаты Қазақстан мен Ресей арасында жүріп жатыр. Ол өзендердің үлкен арнасы Қиыр Шығыс елдерінде. Ал, әзірге қазақтың жері ұлы шөлге айналуы мүмкін деп елдің үрейін ұшырмай тұра тұр. Теңіздер мен мұхиттарлдан тұратын ылғалды ауалар қазақ жерін ылғалдандырады деген жақсы жорамалдар бар. Соған сенейік. Солай болатынына сенейік. Қазақтың жерін жалға беруге ешкімнің де қақысы жоқ. Айтыссаң енді менімен айтыс.
ЖАҚСЫЛЫҚ ІЗТІЛЕУҰЛЫ.
Оу қандастарым, несіне шулап отырсыңдар??.... Терещенкоға жерді беру туралы
бастама көтер деп отырған төбедегі "жалғыз" емес пе, көтермей көрсін бұрынғы былықтарын шығарып, "итжеккенге" айдап жіберсін!!!!....
Ау, казактарым! Терещенконын берем деп отырганы озiнiн ЖЕКЕ МЕНШIК ЖЕРI гой! Баягыда сатып алган! Аягындагы кебiсi сиякты- окшесiн басып кие ме, баспай кие ме оз еркi. Бiз кеш калып шулап отырмыз, уйыктап жатканымызда болып кеткен жайлар гой бул.
Озiнiз ойлап каранызшы, бутыныздагы жекеменшiк шалбарды каймана бiреу келiп:",балагын кыскарт, белiн тарылт"-деп жатса не дер едiнiз?
Жанбота Аралбай.
Асыс дұрыс айтады. дегенмен ол жалғыз емес оның көкесі орыстар. біз өзіміздің жалған тәуелсіз екенімізді әр дайым ұмытып қаламыз да, болмашы нәрсеге ерегесіп жатамыз. қолымыздан келетін істерменен ұақыт оздырмай айланысып, шынайы тәуелсіздік орнату жолында ой бүлісіп тұру маңызды болар еді. жердің жалға берілмейтінін Жиен бастап Нүкең нүкте қойды ғой. біздің назарымыз Абай.кз дың назары, Шаханов батаған зиялы қауымның ұлыттық тұжырымдамасын мемілекеттің негізгі саясатына ауналдыруға бағытталуға тис деп есептеймін.Бұл уақыт Либай, Шыңғысхан сияқты басқа ұлыт ардақтыларына жағымпазданып, оны қазақ екен деп таласып жататын уақыт емес. қайта жығылып жатқан орнымыздан тік тұрып өзіміздің қазақ екенімізді танытатын уақыт екенін ұмытпаған жөн.
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕГІҢ нағыз Еврейдің өзі екен ғой, шиді жүгіртіп қойып қылмиып отыр! "мені босқа қаралап сөйлегендерді Тәңірім өзі кешірсін!"-деп қояды-ау. Тегі батыстан келген ұстаздарынан жақсы тәрбие алған шәкіртке ұқсайды!
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік басына келгелі,мемлекеттік стратегиялық маңызыбар, кешендердің 85 пайызын, қазақ халқының болашағын ойламастан,шетелдіктерге сатып жіберді. біз барлық жағынан, шетелдік алпауыттарға бағынышты, құлақ кесті құл болдық. енді қазақ жеріне ауыз салды. биліктің қазіргі жүргізіп отырған саясаты, қазақ ұлтын, орнына тұра алмастай тұралатып кететін саясат. біз балаға дейін саттық. тілден де айырылдық. Ресейдің мүддесі үшін ғана, жүмыс жасайтын заңдармыз, мемлекеттік аппараттарымыз ғана бар. дәл қазіргі таңда, шірік үкімет, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*, жемқор шенеуник, ұлт болашағын ойламайтын, шала-жансар элита, сауатсыз тобыр, есін жыия алмай жатқан қазағым тұрғанда, жерді жалға беру деген, тәуелсіздіктен бір жолата қол үзу деген сөз.
Пікір алынып тасталды!
Пікір қосу