Дәурен Қуат. Алаштың жауы Алман ба? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Дәурен Қуат. Алаштың жауы Алман ба?

Жәрдемші


Путин-Медведев тандемі билік құрып тұрған бүгінгі Ресейде тағы да Сталин дейтін жиырмасыншы ғасырдың басына зобалаң тудырған тиран ұлықталып жатыр. Ата-бабасын, асыл тегін, ұлт лидерлерін аяусыз асып, атып, аштан қырған, жалпақ жердің бетінен жарты халқын жоқ қылған Сталинге, сталиншлідікке құлдық ұру бәсекесінен қағынан айнып туған осы күнгі қазақ та қалысар емес. Аға ұрпаққа бұл арада айып тағудан аулақпыз. Олар үшін Сталин соғыс тәңірі, әділет пайғамбары, тағысын тағылар.

Саналасынан айрылып сансырап қалған жұрттың кәрісі бұдан әрі ештеңені де ойлай алмайды. Бірақ, біз, кейінгі орта буын ойлануымыз керек еді. Тым құрығанда тәуелсіздік туы қолымызға тиген тұста халық жадын жаңғыртып азат ойларға жетелеуіміз керек еді. Удай өкінішімізге қарай, олай етуге ерік-жігеріміз жетер емес. Қайта керісінше баяғы қанды соқпаққа қайта түсіп алып жүре бергенді жөн көретініміз күннен күнге байқала бастады. Естеріңізде болар, өткенде ғана Білім және ғылым министрі Түймебаев дейтін түйедей жігітіміз ТМД көлемінен оқу-ағарту саласының басшыларын жиып алып «СССР педагогтарының ілгеріде өтіп тұрған дәстүрлі құрылтайын жалғастырайық» деген еді ғой.

Байқайсыз ба, бүгінде кім ресейшіл, кім ТМД-ның көңілсіз отырыстарында Ресейге жағаттап сөйлейді - сол Қазақстандағы билікте ұзағырақ отырады. Топқа енбей томпиып жүргендер төңірегінен тоқпақ көре бастаса бітті Ресеймен бірлескен бірдеме ұйымдастырып шыға келеді. Содан кейін оны лауазымды қызметінен ысырып көр... Соның кері көрінісі: бізде кім қазақстандық жоба іздеп, мемлекетшілдік бағыт ұстанады - сол жолдан таяды.

Жә, бұның бәрі басқа әңгіме. Алайда тақырыбымызға жанама болса да қатысты әңгіме.

Қатыстылығы Путин-Медведев тандемі не ойлап, нені құндақтаулы құнды дүнием деп білсе, біздегі ел билеп отырған есерлер соны пұт көріп табынуда. Сөзімізге дәйек, Путин РФ-нің екі тізгін, бір шылбырын қолына алысымен Сталин мифін қайта тірілтіп еді, Қазақстанда Совет дәуіріне шұғыл бет бұрып шұрқырай жөнелді. КСРО заманындағы қанмен жуылған мерекелердің Қазастанда тойлануы қалыпты көрінісін тапты. Мәселенки, міне, 9 мамыр! Бұл күн - «Ұлы Жеңіс күні» екен. Мамырдың 9-ы Ұлы Жеңіс күні екенін біздің ұрпақ мектеп жасынан жаттап өсті. Ал тәуелсіздік ұрпағы ше? Олар да 9 мамырды Ұлы Жеңіс күні деп тануы керек пе? Ертең Тәуелсіз, еркін елдің(?) ұланы өркениетті әм шын мағанасында ұлы неміс еліне барып білімін жалғастырса, достар тапса... не дейді? «Сендер, алмандар фашистердің ұрпағысыңдар. Біздің батыр аталарымыз сендердің қанқұйлы қарақшы аталарыңды қырып салған» дей ме қандайда бір ретпен кәрі тарих жөнінде сұхбаттаса қалса... Өйткені Түймебаевтың шақыруымен шалқалай келген құрметті қонақтың ең ұлығы - РФ Білім және ғылым министрі Фурсенко дейтін жас ұрпаққа бұрынғы тарихымызды қайтадан оқытуымыз керек деді еш шімірікпестен. Бұл дегеніңіз - Алтын Орда тарихына еселеп соққы беру, Мамай ханды мазақ ету, Куликова шайқасын аспандатып, Александр Невскийді Еуразия кеңістігіне «ақсақалды ата» жасау. Ермакты ер деп дәріптеп, қазақ хандарын жалаңаш ерге мінгізу (айтпақшы оның мүсіні жасалып та үлгерді. Астанада күресінге күрелген Жәнібек пен Керей ескерткішінің жаңа жобасы бекітіліп, Керей хан Қозыбас тауының бір шошақ төбесінде жалаңаш ердің үстіне қонжиыпты. Құдды Қозыбаста қозы бағып отырған бала сияқты. Қойшағара Салғараұлы деген ғұлама тарихшымыздың дегеніне сенсек, бұрынғы хандарда тақ болмаған екен).

 

Біз осылайша есімізден адасып, екі етек боп жүргенде азат ойлы Ресей журналистері басқа басқа тап Сталинге табынудың сұмдықтығын әшкерелеуге кірісті. Бұлай деуімізге себеп, ілгеріде Польшада жарық көріп, Ресейге ұралынып енді ғана ене бастаған қарт қаламгер Юрий Боревтің «Сталиниада» атты кітабы тәуелсіз басылымдарда жап-жақсы «жарнамаланып» жатқан көрінеді.

Юрий Борисұлы Борев - Сталин заманының куәгері. Қарт қаламгер. Оқумен ағарған зиялы отбасында дүние есігін ашып, өзі де сақи жандардың сапында жетілсе керек. Инженер. Қаламгерлікті кейінірек кәсіп еткен секілді. Жасы 85-те. Біздің сексен бес жасты ұрып тастаған ең қадірлі (ақын, жазушы) қарттарымыздың қайсібіріне Сталин туралы кейінгі буынның «керкеткен» көзқарасын айта қойыңызшы, майдан даласын кезіп қайтқан кәрі шеңгелдерімен буындырып өлтірсін. Міне, біз осындай патриот халықпыз. Сталинге берілген ұлтпыз. Биліктегі ұлықтарымыздан бастап балағынан биті төгілген кәрі-құртаңымызға дейін құлдықтың ажырығын артқан қоғамды аңсаймыз. Бізге ізгі тілекті Ресей журналистері, ойшылдары, жазушылары «қазақтар, қойыңдар, өткенге өнідіршектей бермеңдер» деп «өсиет» жазып бермесе, сірә өз бетімізбен тоқтамаспыз.

Жаңағы қарт қаламгер Юрий Борев аталған кітабында Сталиннің «12 жасқа толғандардың бәрі халық жаулары, атыңдар» деген бұйрығы болғанын жазады. Өз халқын, көкөрім болашағын көктей солдырған «көсемді» осыдан кейін кім деуге болады? Оның миллиондағын жандарды жауған оқтың астына айдап салып «алып берген» жеңісін қандай жеңіс деп бағалаған абзал?! Иә, содан соң тақырыптағы сауалға да ой салып көрелікші: Алаштың жауы алман баласы ма?

 


 




Дәурен аға, алман деп отырғаныңыз немістер ме? Ендеше алмандар Алаштың жауы емес. Олардың да бізге жат болмағанын қалаймыз.

Өрлік



Рахмет! Дәурен аға, көптен ойда жүрген дүниелер еді, сіздің отты мақалаңыз болып оқырманға жол тартқанына қуаныштамын. Негізі сол СССР-ның "Жеңісі" қазақтың жеңілісі еді, қырыулы еді. соны біз әлі күнге танып біле алмай жүрміз. Әттең! құлдық санадан құтылатын күн туса соның бәріне түкіретін ұрпақ жетілетін еді де, асыл мен жасық айшықталар еді. Бірақ қазірге білмедік. ол күнге қашан жетерміз?! Хазірет



Ей,алжығандар!Рахымжан Қошқарбаев,Бауыржан Момышұлы,Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Мәлік Ғабдуллин,Талғат Бигельдинов,Қасым Қайсенов сияқты аталарыңыздың алдарында ұят емес пе?Аталарыңа қалай ғана жамандықты жаудырасындар?Қазақтардың Концлагерьде қалай қырылығандығын білесіндер ма?Сатқн-Фашисттер!Қуат-Фашист!



Алжымаған бауырымызға хат

Рахымжан Қошқарбаевтың ең бірінші болып ту тіккені кезінде мойындалды ма?Жоқ. Бауыржан Момышұлына Батыр атағы берілді ме? Жоқ. Шығыстың қос шынары құрбан болып кетті. Олардың ерлігін еске алатын орыс баласы бар ма бүгін? Белгісіз. Мәлік, Талғат, Қасым ағаларымыз ғана елге есен сау жетіп ел қатарында өмір сүрді. Концлагерді айтасың. Ендеше Сталиннің ГУЛЛАГтарын да айт. "Ұлы Отан үшін" қан төгіп келгендерді Сталин қайтадан соттап темір торға тықты ғой. Өткенде Астанаға Рахымжан Қошқарбаевтың туы деп бір туды алып келіпті. Шиқандай өтірік. Бұл орыстың қазақ сасық қолтығыма тұмсығын сұғып жүре берсін деген саясаты. Қазақты шырмап жанынан шығармаудың амалы. "Қуат-Фашист" меніңше ойың азат, санаң азат болсын деп жазып отыр. Орыстың Борев деген шалы құрлы жоқсың ба? Әлде нақ алжығанның өзісің бе?

Шайыр



Өте дұрыс мақала. Жарайсың автор!!!!!!



31 канал мен СТВ каналдарын орыстар алды Казактын СМИ-БАК-ты жаулап келеди тугелдей жаулаганда нем болады? Туймебайев анау Казактын окулыгын орыска жаздырмакшы! Биригип жазу деген сылтау гана!



Дәурен Қуат. Сіздің көзіңіздегі алшасынан жатқан айдың сәулесін сағынып кеттім.



Кешіріңдер оқу ағарту ісінде де топастар каптап кетті???? Ой көөөп. Түймебаевқа не дейсін??? Ұят ай мынау министр ме?? Масқара!!! Қызылағашты су қаптағандай білімде ҚАЗАҚ ТАРИХЫ да мәңгілікке Қызылағаштықтар сияқты ағып кетеді екен ғой::: Кішкене жағдайын түзетіп алайын деген шығаррр



Сталинди коксегендерден бетин аулак кылсын!!!Ерканат Нарынколдан



Дұрыс! Дәуреннің айтқандарына мың пайыз қосыламын!



Біздің биліктегілер сталинен кем емес,себебі өз халқын сыйламаиды.



Ресейдің тілін, дінін сақтап берген, оны аспандатқан Сталинді марапаттамағанда кімді мақтайды енді???....



АЛматы обылысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында Қазақты қан қақсатқан отаршыл Калпаковскийдің көрлік мұнарасы неге қасқайып, еңсені езіп тұр? Біздің тарихшылар жерге қарап отыр ма, ұлтшылдар қайда, бір түнде күлін көкке ұшырмай? бірігейік?



сен көріп жүрсең құлатпайсыңба?отаршылдармен күрес ұлтшылдардың ғана жұмысы ма?аузыңмен орақ ормай сенде жаса бір ерлікті!



Қазақ даласын қансыратқан қаскөйдің атын атауға тұрғысыз. Оның қазақ үшін мың күнәсінің ішінде бір күнәсіАЛЖИРдің азынаған азасы ол біздің кетпейтін,өшпейтін, кеппейтін КЕГІМІЗ... Сол жазықсыз жаназасыз күресіннің бетін ашып,қызылкөз қанішерді көрінде өкіртсек қой...

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>