Christie’s «Қазақстан қазынасы» көрмесімен өнер маусымын бастайды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Christie’s «Қазақстан қазынасы» көрмесімен өнер маусымын бастайды

Жәрдемші


Алматы. 1қаркүйек. ҚазТАГ - Christie'sаукцион үйі «Қазақстан қазынасы» көрмесімен өнер маусымын бастайды. Бұл туралы Christie'sбаспасөз қызметінің сәрсенбі күні  таратқан хабарында айтылады.

«2010-шы жылдың 1-8-ші қыркүйегінде Лондон орталығында орналасқан Christie'sаукцион үйінің негізгі көрме залдарында Ә. Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік мұражайының және жеке қорлардағы XXғасыр қазақ және орыс өнерінің көрмесі өтеді», - делінген хабарда.

Аталған көрме әлемде теңдесі жоқ  мұражай коллекциясының алғашқы ауқымды экспозициясы қойылады деп хабарлайды Christie's. Осы уақытқа дейін бұл жинақ халықаралық көрермендерге қол жеткізбес дүние тұғын, тек мұражайдың реконструкцияға жабылуының арқасында  Christie's-те қазақ суретшілерінің монументальдық полотнолары мен мұражайдың тұрақты экспозициясынан орыс шеберлерінің шедеврлерін Лондонға әкелуге мүмкіндік туды.

Қастеев мұражайының ең құнды картиналары - кезінде КСРО-ның астаналық қалаларынан Қазақстанға жер аударылған авангардист суретшілердің туындыларынан тұрады. Олар Владимир Стерлигов, Сергей Калмыков, Павел Зальцман, сондай-ақ «Бубновый валет»(«Қиық балта») бірлестігінің мүшелері: Павел Кузнецов, Петр Кончаловский, Роберт Фальк және Александр Куприн.

Коллекцияның үлкен бөлігін республикалық және бүкілодақтық көрмелерден немесе суретшілердің тікелей өздерінен не олардың отбасыларынан сатып алынған жұмыстар құрайды. Республикалық көрмелерден соң мұрайжайға берілген Молдахмет Кенбаевтың 1958-ші жылы салған «Беседа» («Сұхбат») және Қанафия Тельжановтың «Ата-баба жерінде» («На земле дедов») (1958) пен «Көкпар» (1960) монументальдық полотнолары сөзсіз шедевр болып табылады.

Қастеев мұражайының елу экспозициясын жеке кәсіпкер Нұрлан Смағұловтың жеке коллекциясындағы 25 полотнода қазақстандық «алпысыншылардың» өнерлері мен қазіргі заман суретшілерінің шығармалары кеңінен көрсетілген. Атап айтқанда Жатай Шарденовтың, Әбдрашит Сыздықов пен Кенжебай Дүйсенбаевтың қазіргі заман туындылары ұсынылады.

Мемлекеттік коллекцияның барлық картиналары Қазақстанға қайтарылып, Қастеев атындағы мұражайда қойылатын болады. Мұражай 2011-ші жылдың басында көрермендерге қайта ашылады, дейді Christie's баспасөз қызметі.

 


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 11 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>