Қазақ «қой егіз төлдесе, бір түп жусан артық өседі» деп бекер айтпаған. Әр бала дүниеге өз несібесімен келеді. Таяуда теледидар көріп отырып, сенаторлардың қызыл кеңірдек болғанының куәсі болдым. Көтерілген мәселе елең етерлік. Әр туған сәбиге 2 млн. теңге! Дәл осыған ұқсас депутаттық сауал ҒаниҚасымов тарапынан жолданғаны естеріңізде болар. Қоғамды дүрсілкіндірмегенімен, көптеген аналардың қуанышын арттырғаны сөзсіз, 2 млн теңгенің. Сөйтіп, әдемі басталған сауалдың «жаңғырығы» біразға дейін естіліп тұрды. Басында түйіліп келіп себелеген үміт бұлтының нөсері бара-бара сап тыйылған. Айтылған сөз нысанағ адарымай, желге ұшқандай болған. Жел айдаған бұлттай өте шыққан сол нөсер-сауал тақауда Сенаттың төрінде тағы сіркіреді. Еліміздегі ана мен бала жағдайының қиын екенін депутаттар бұл күні таусыла талқылады. Көңілге кірбің ұялатқаны - депутаттардың жанайқайын министр ханым жүре тыңдағандай кейіп танытты. «Жол қадірін жүрген білер» демекші, ұл-қыз өсіріп отырған анамын ғой, қызыма қатты қапаболдым. Осы мезетте ойыма «Қыздардың нәзік жанын ұғу үшін қыз болып туу керек» деген Ұлықбек ақынның өлең жолдары оралды. Ақынның жүрекжарды ойын министр ханым өтірікке айналдырмаса бопты, әйтеуір. Әйтпесе бала тауқыметінің қандай болатынын Гүлшара ханым білмесе де, бала тапқан..., біз білеміз. Қазақы ауылдан шығып қараша халықтың мұңымен сырлас болады дейтін депутаттар биліктің «ауа-райын» бақылап, «тыныштықты» ұнатып жүрсе, кеңестік тәрбиенің «төлперзенті» Қазақстан халқының демографиясына бас қатырып жүр. Парадокс. Онда неге мақтамасқа оны? Сонымен, Генерал сенатор кейінгі кезде ұрпақ қамын шырылдап жиі-жиі көтеріп жүргеніне қарға тамырлы қазақ халқы дән риза. Өзге ұлтқа қарағанда қанша тауқымет тартса да, қазақхалқы ұрпақ мәселесіне немқұрайлы қарамайтындығымен де ерекшеленеді. Қай заманда да халық өсімі бай манаптардың емес, байғұс халықтың есебінен көбейіп отырғанын ұмытуға болмайды. Ғани Қасымов осыны сезетіндей. Сезгеннен кейін сөз ететіндей. Қаншама сын садағына ілініп жатқанымен, тілі «дімкәс» болса да, дініне беріктігі, діліне адалдығы байқалады. Қанша дегенмен әскери адам ғой бірбеткейлігі, турашылдығы, орысмінезділігі өзіне жарасып тұрады. Мұрты жыбырлап ашуланғаны да қызық. Елбасыдан басқаны көзіне ілмейтін, Ұлттық банктің қожайыны Гришаны (Марченконы) қанжар сөздерімен «турап» тастағанда айызымыз бір қанып еді-ау. Сондықтан «көп отырып» қалып, еңсесін тіктей алмай ұйқысырап жүрген Үкіметті арагідік «қыршып» алатыны өзге бас шұлғуға шебер депутаттарға үлгі болса, қанекей! Бұл менің ғана емес, төзімі таусылып, ашына бастаған барша ананың тілегі. Сонымен, сената талқыланған 2 млн теңге көп ақшама даурығатындай? Меніңше, бұл мемлекеттің басты байлығы адам болып тұрғанда көп ақша деуге келмес. Қайта демографияны өркендетуге жұмсалған ақшаның қайтарымы мол болмақ. Бізден жағдайлары жүз есе төмен өзбек әкалардың 30 млн ға иек артқанынан көз ашық қауым құлағдар. Осыны байқаған өзбек үкіметі жеңілдетілген тұрғын үй мәселесін қолға алып жатыр. Ойлары - қалайда халқына жанашырлық таныту. Ал біздегі өсім әзірге көңіл көншітпей тұрғаны жанға батады. Айтыла-айтыла жауыр болды тіпті. Осыны ойлайтын жан бар ма тегінде? Қайтсек ұланғайыр даламызда адам саны артады? Осы тұста естеріңізде болса, Республика бойынша тек Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов қана игілікті бір іске бастамашы болған. Өз облысы бойынша «Ұрпақ» қорын құрып ел жұртының алғысына бөленіп еді. Ұлтының келешегін ойлаған азамат қана осындай құтты қадамға бармақ. Бірақ осыны іліп әкеткен әкімдер, шенеуніктер болды ма? Тапсырманы тек қана елбасы беріп, неге бәрін елбасы ғана айтуы керек. Өздері ойланып, өздері толғануға не кедергі? Сенаттағы әлгі жиынға қайта оралайын. 2 млн мазаларын қашырған депутаттар бір мәмілеге келе алмай, ырду-дырду болып жатқанда бейтарап қалу мүмкін емес. Расымды айтсам, қаным қызды. Қазақтың бар анасы менің кейпімде болғаны анық. Ал жұмыс істемейтін, баланыңжөргек пұлымен күнелтіп отырғандар жайлы сөзболмады... Ұлан-ғайыр даланы қайтсем гүлдендіремін деп Елбасы да жарғаққұлағы жастыққа тимей жүр. Патшаны қолдағаның осы болса, жетіскен екенсің, Гүлшара ханым. Егер шынтуайтына келсек, бабалар аманаттаған қасиетті сайын даланы өзгелердің емес, өзіміздің есебімізден толтыру бәріміздің парызымыз. Осыны түсінетін кез жетті ғой, айналайын. Мамыражай бір сәтте депутат Қуаныш Айтақанов: «Осы әр топқа бөлмей, әр сәбиге ай сайын төменгі айлық көлемінде жәрдем берсек қалай болады? - деп, көкте шарықтап жүрген бағаны «қондырмақ» ниет танытты. Алайда, сенаторлардың мұндай жомарттығын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі негізсіз деп, көптеген дәлелдер келтірді. Соның бірі «жұмыс істеп жүріп, екіқабат болған келіншектер онсыз да аз ақша алып отырған жоқ. Жұмыс істеп жүріп декретке шықса, бір миллион алатындар бар. Жалпы орта есепке салсақ, бес жүз мыңдай алатындар бар», - деп қысқа қайыруы бүгін-ертең жібімейтінін байқатты. Ал жұмыс істемейтін, баланың жөргек пұлымен күнелтіп отырғандар жайлы сөз болмады... Қаншама отбасы үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүр. Сабырын дос етіп, шүкірін серік етіп, баланың азғантай ақшасын талғажу ететіндер қоғамда аз емес. Шындығына келсек, балаға төленетін аз-маз ақшаның өзіне құжат дайындау қағазбастылықтан құтқармай тұр. Көп адамдардың осыдан шаршап жүргенін көзіміз көруде. Оның азабын жәрдемақыға қажетті таусылмайтын қағаздарды жинау үшін ұзын-сонар кезекте тұрған жан ғана білер. Оны айтасыз, дәрі-дәрмек пен дәрумендер бағасы күн санап аспандап жатқаны бесенеден белгілі. Құнарлы азық-түлік алып, дүниеге дені сау бала әкелу үшін қаншама күтім керек? Осының бәрін жіпке тізіп есептеп көріңіз. Оңай емесін жан-дүниеңізбен сезінеріңіз һақ. «Ары-бері сылтау айтпай, дүние есігін ашқан әр сәбиге екі миллион теңгеден берейік. Сөйтіп, аналарды қолдайық», - деді сенатор Ғани Қасымов әріптестерінен қолдау күтіп. Алайда, депутаттар өре түрегеліп қолдай кетпеді. Анау айтқандай қарсылық та көрсетпеді. Тек қана «аспандай беріп қайтеміз, одан да жерге түселік» дегендей ыңғай танытты. Бұл «ғарыштық жөргек пұлды» «жер бауырлатайық» деген емеурінмен үндеседі. Ал Ғани Қасымовтың көздегені «Түйе сұрап бие алу» секілді. Табандап отырып алды. Министр ханымның сөзінен "сенатор мырзалар, Ресейге еліктей бермеңіздер" деген ойдың ұшығын да аңғарып қалдық. Жасыратыны жоқ, көп жағдайларда Ресейге еліктеуден алдымызға жан салмаймыз. Ал сәби сүйген аналарға қамқорлық жасауда көршіміздің жақсы бастамасын қолдауға не кедергі? Министр ханымның «Бізде Ресейдегідей емес, бала туу деңгейі жоғары» дегені «олар тәрізді балаға соншалықты мұқтаж емеспіз» дегенді аңғартып тұр. Министр ханымның халқымыздың санының өсуіне соншалықты тебіренбейтіні түрлі ойға итермеледі. Ұлт келешегі үшін жұмсалған қаржының өтеуі көп болатынын министр ханым неге есінен шығарады? Деректерге сенсек, осыдан он жыл бұрын жылына екі жүз мың бала өмірге келсе, қазір бұл көрсеткіш үш жүз жетпіс мыңға өрлепті. Яғни, ана мен баланы қорғау тұрғысынан келгенде сәби саны көп болса, жәрдемақы мөлшерін көбейтуге негіз жоқ болғаны ма? Әйтеуір, көкейде сауал көп. Демографияның қарқынды өсуіне жөргек пұлдың да берері көп екенін естен шығармасақ дегім келеді. Қалай десек те, дүркін-дүркін көтеріліп отырған бұл мәселе нақты шешімін тапқанша біршама уақыт өтері анық. «Жыламаған балаға емшек бермейтіні» осындайда еске түсе беретіні несі!? Сөз соңында айтарым, мемлекет халықпен айбарлы. Ал сол халық ұрпақтан өспей ме?! Салауатты, дені сау, білімді ұрпақ өсіру үшін аналарға Үкіметтің аялы алақаны, қаржылай көмегі керек. Халқың болмаса, сен кімге Министр боласың, Гүльшара ханым?!
«Абай-ақпарат»





Бала тууга каржы тауып бере алмай отырып мактана беру биздин биликке тан кубылыс!
Ол үшін Гүлшара өзі күйеуге шығуы, кемінде бес бала табуы, күйеуі жұмыссыз болуы керек. Сонда барып миына бір саңлау түседі. Еркекке жақындап, пұшпағы қанамаған адам сенің жағдайыңды қайдан білсін!
Cәуле апай өте тамаша жазыпсыз. Ойыңыз қандай айбарлы еді. Қазақ аналарының бәрі сіздей болса ғой шіркін.
Осы Елбасына таң қаламын, таңдап алған шенеуниктерінің бірде бірі халықққа жақын емес. Қайта, халықты құлы, күңі сияқты сезінетін, соллай ойлайтын, өздерін керемет снайтын,кекірейіп қалған біреулер. Әсілінде, Гүлшара сияқтыларды сол орынға қоюдың өзі үлкен қателік. Айтқан сөзі айдан жаңа ғана келген біреудің сөзі сияқты!!!!!
Ғани балаға кететін керек -жарақтың бір жылдық мөлшерін жақсы біліп отыр Гүлшараға қарағанда.
Бала таппаған адам баланың қадірін біле ме? Қазақтың қалың ортасында дүниеге келген Гүлшараның балаға келгенде сараңдық көрсетуі жақсылық емес. Сәуле апайдың мақаласы өте дәйекті екен. Сүйсініп оқыдым.
Пікір алынып тасталды!
Үкімете Қазақтың қамын ойламақ тұрғалы қазақша сөйлеп қазақша жазалатындар бар ма екн? Милион бөлсеңде ендіҚазақ көбейе қоймас,жылына 300 000 аборт жасалады,250 000дай алкоголизм мен аурады,қаншама наркамандарың бар,проституця ол қаптап алды,бұл тіркелгендер ғана.Еркектерің мен қыздарыңды қосқанда 90% темекі шегеді.Ал білімді халқым бар айналдым біліміңнен.
Пікір алынып тасталды!
егер 2 миллион төлесе халықтың саны бір жылда миллионға жетер еді қанша отбасы кәкір-шүкір кредитінен құтыушы еді, осыны министр ханымға жеткізіңдер енді, қалайда
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Қазақстан секілді бай елде, адамға зар елде әрбір сәбидің туылғанына бола 10 000 доллар алуға қақысы бар! Әлде қазақтар өздерін қытай секілді көп, сондықтан нарқым жоқ деп сезініп жүр ме?
қазақ сәбилерінің ақшасын қазіргі биліктегі Күлсараң секілді тойымсыз жебір мәңгүрт шаталар жеп тауысатын болды ғой. Ол қай бір ел қазынасын ойлап отыр дейсің, өзі жейтін ақшасы азайып қала ма деп шошынып отырған ғой!
Гүлшара ханым орындаушы ғана, одан да жоғары отырғандар бар ғой, оданда шет елден миллион ақшасын шашып артистер шақырған қызық оларға. Расында жоғарыларға түсінбеймін осы қазақ халқының арқасында билікте отыр қазақтарға көмек жасаудың орнына кеудеден итереді. Қазақ елі болмаса оларды қай мемлекет министр қылады. Қазақ елін күйзеліске ұшыратып шет елге барып жан сақтаймыз деп ойлайтын шығар. Әй қайдам оларды тайраңдатып қоймайтын шығар. Сондықтан есің барда ес жи. Халық көп болса басқа ұлтқа да сөзің өтеді, қорқыта да аласың батыра да аласың қамқорлыққа да аласың. Түсінетін кез жетті. Ояныңдар а-ууу.Ерсін Өзтүрік.
Cайтани былапыттан аямаған қаржыны бала бақытына бағыттамай, қайта ата қанында жоқ, сыртқа бала сатқан залымдарға қарап, зар заман ба дерсің...
Көк Тәңірісі - Тәңірінің Тұқымы жоқ, заты жоқ. Жер Тәңірісі Темірдің Тұқымы - түрік, заты - от!
Министр деген халақтың қызметшысы дегендік.
Әуесбайдың Қанаты
Орыс тілі өліп барады...немесе мен неге баламды орыс мектебіне бермеймін
Орыс тілі таралуы жағынан күллі әлемде өз позициясын жоғалтып жатыр. 2025 жылға дейін тіпті, бенгали және португал тілдерінен де кемірек танымал болуы мүмкін. Бұл туралы РФ білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік зертетуіне сүйенген РИА Новости хабарлады. Мәселен, Батыс Еуропа елдерінде қазірде орыс тілін тек 225 мың адам ғана оқиды. 90 жылдардың басында бұл көрсеткіш 550 мыңнан асатын. Яғни, орысша сөйлейтіндер 20 жылда екі есе төмендеген. 10 жылдан кейін орыс тілінде сөйлейтіндер 152 миллионға дейін төмендеуі мүмкін. Орыс тілінің алдына келешекте бенгали мен хинди тілі шығады. Білім және ғылым министрлігінде атап өткендей, ТМД және Балтық елдерінің көпшілігінде ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ана тіліндей қабылданса, кейінірек – екінші ана тілі ретінде, соңыра - ұлтаралық тіл ретінде, ары қарай - ұлттық азшылықтың тілі ретінде, ақырында – таңдауы бойынша оқылатын немесе тіпті, факультативті тіл ретінде саналуы мүмкін. Орыс тілінен теріс айналған елдер қатарында Балтық бойы, Әзірбайжан, Грузия мен Түрікменстан бар. Кеңес Одағымен салыстырғанда, ТМД және Балтық елдерінде орыс тіліндегі орта мектептер саны орта есеппен 2-3 есе азайған. Орыс тілі бұл елдерде шет тілі ретінде сұраныс жағынан ағылшын тілінен де қалып қойған. Еуропада да дәл осындай жағдай. РФ Франциядағы елшісі Александр Орловтың айтуынша, орыс тілін оқитын француздар саны жыл өткен сайын кеміп барады. Лицейлер мен колледждерде орыс сыныптары жаппай жабылып жатыр.
Апай жарайсың
Мен Сәуле апайдың сөзін жүз пайыз қолдаймын! Және тағы да қосарым бар: біз неге Ресей һәм басқа елдердің жақсы жағын алмай, өңкей жаман жағын алуға құмармыз? Мәселен, ұрлық, зорлық, тонау, парақорлық жағына келгенде алдымызға жан салмай бара жатырмыз. Оған дәлел, биылғы рақымшылық - ол да үкіметтің сотталғандарды асырауға қауқарының жетпегендігінен. Ал адам қылмысқа не үшін барады және қылмысты кім жасайды? Қылмысқа жағдайының төмендегінен барады. Сонда қылмысқа баратындар әлеуметтік төмен жанұялардан шығады. Ал әлеуметтік төмен отбасыларының балалары жөргекпұлға жарымағандар! Айналайындар, қазіргі бір реттік жөргекпұл қай жеріңізге жетеді? Егер үкімет әр нәрестеге алғашқы көмегін 2 млн теңгеден бастаса, және оны кәмелетке толғанша бағып-қақса, онда қазіргідей сотталғандарды асырап отырмас еді. Бұл үкіметтің де, жоғарыдағы министр ханымның да құлағына алтын сырға! Қостанайдың шортаны.
Ғаниға сенген адам сол Ғанидан алыс кетпегеніғой. Өтірік айқайдан басқа не біледі дейсің сол Ғаниың.
Гүлшара кім бәріміз сияқты жұмысшы бізден көп алады балашағасы болса Астанаға жүмысқа орналастырар үй әперер,Оның бастығы қанша ақша берсе сонымен жұмыс істейді,ал оның бастығы жолдаудан кейін кіріп сөлегенде бәрі НКВД алдында отырғандай жекеменшік фирманың бастығындай бәрін асырап отырғандай мемлекетіміз жеке меншігі сияқты басын шүлғиды шүлғымайды бүкіл мемлекет ашсам алақанымда жүмсам жұдырығымда бсқа бір мемлекетті көрдіңіздерме осындай бұкіл парламентен сенаттан министрлердің кабинетінен бір кісі қарсы сөйлей алмауы рахат бүкіл мемлекетке ойыңа келгенін істеу
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Мен 5 баланың анасымын. Үкіметтен 5 балаға ай сайын 6 мың тенге аламын. Айтудың өзі ұят. Ең болмаса әр балаға 6 мың теңгеден берсе де жаман болмас еді. Еліміз одан кедейленіп қалмайды.
Конкуренция жоқ өкметті араластырып сапырлыстырып қаита қойады.Конкуренция болмаған жерде жірік пайда болады.Оппозиция жоқ.Профсоюз жоқ.Үкмет ешкімді ұрмайды.Олардың әр басқан қадамын аңдыйтын қазақ ТВжурналистеріде өшті,не ғыласың рақат.
Мен қазақпын орысқа жәутеңдеген!Қоймын мен сойып жатса ұндемеген,Еш пайдасыз суботникпен валантерден,Шаршадым Нүр отанның бос сөздерінен,Күле алмаймын болашақтың қамын ойлап,Күн тұрілмес заңсыздықтан бейбрекет елімізден,Елім бар бірақ Нүрдың есі жоқ,Жерім бар ұй салғанға жер жоқ кең байтақ елім бар бірақ иесі көп,Дініміз көп халыққа керегі жоқ,Тіліміз бар мемлекетке керегі жоқ,Ойян десе ойянбай намысы жоқ рухы өшкен,
Сәуле апай, жарайсыз! Әділін айтыпсыз. Гүлшара ханым басында ел қамын ойлайтын, қарапайым адам сияқты болып жүр еді. Кресло бәрін құртады екен. Оған отырғанға дейінгі елшілдік сезімінің бәрі министр болған соң өліп қалған сияқты ғой. Артының қайырын берсін!
Әр туған сәбиге 2 млн. теңге! Бұл соншама көп қаражат емес қой. Елімізде жұмыссыз отбасылардың саны қанша екенін білесіз бе, Гүлшара ханым? Автор "Ал сәби сүйген аналарға қамқорлық жасауда көршіміздің жақсы бастамасын қолдауға не кедергі? Министр ханымның «Бізде Ресейдегідей емес, бала туу деңгейі жоғары» дегені «олар тәрізді балаға соншалықты мұқтаж емеспіз» дегенді аңғартып тұр" деп нені меңзегеніңізді білесіз бе? 19-қонақ та дұрысын айтыпты. Оған менің де қосарым, Араб елдері секілді байлығымыз бола тұра, неге азын аулақ "қайыр садақаға" қарап отыруымыз керек! Неге арабтар құсап әр туылған балаға он мыңдап доллар алып отырмаймыз? Ең бастысы, Ғани Қасымовтың бір ауыз сөзін қолдауға да батылыңыз жетпеді ме? Қарабала
Мен казахпын!
Итпин мен,есекпин мен,
Еш пайдасиз,
Шаршадим создериннен,
Куле алмаймын,
Кун турилмес кокрегимнен!
Елим бар, бирак еси жок
Жерим бар ма,билмеимин, иеси коп.
Дини жок
Тили жок
Рух ошкен
Намыс жок!
Мен казахпын!
Итпин мен,есекпин мен,
Еш пайдасиз,
Шаршадим создериннен,
Егер Гульшара ханымнын колында тураса осынын бари,алайда олай еместигин баршаныз жаксы билесиздер...Егер Премьер мырза жогарыдагы апайдай 6 баласы болса,камлетке жетпеген,оган жардемакыга 6 мын тенге алып 1 ай кун корип корсе... Оган улкен Ерлик керек,улкен Журек керек!!!
- Ертеде акылды да парасатты Патша болыпты. Ол жылына 1 кун кедейдин киимимен елди аралап шыгады екен,елдин жагдайын оз козимен кореди екен!Сол елдин кункорисин козге елестетип корейикши! Ен соракысы - Елбасы елди аралаганда СПЕКТАКЬ дайындалып койылады гой!Рольдер мен орындаушылардын шеберлигинде мин жок-ау!
Гани мырза - шын манинде халык калаулысы! Генерал деген солай тайсалмай адил де тура сойлер болар! Азаматсыз!
Уызында жарымаған баладан саналы ұлт шықпайды. Ғ.Қасымов осыны түсініп отыр.
Уызында жарымаған баладан саналы ұлт шықпайды. Ғ.Қасымов осыны түсініп отыр.-------------------------- Сол ұлттық уызына жарымай өскен шенеуніктер ұрпақ болашағына бас қатыруды білмес. Мұртты генерал кесіп айтты - елдің ақшасы анда-мында босқа кетіп, құлқындарға жұтылып кетіп жатқанын да айтты. Амал не? Бала несібесіне таршылық жасауға болмайды, тұтастай бере салмаса да бөліп-бөліп ай сайын тамақ, киіміне толық жететіндей қылып беріп отыру міндеті емес пе, тіпті әкесі жұмыс істеп, анасы жұмыс істемейтін болса да екі балаға ештеме берілмейді дейді. Өйткені әкесінің тапқан айлығы жанұядағы төрт адамға шаққанда жеткіліті , сондықан тиісілі емес дейді. Ал ол жігіт әрі кетсе 60 мың айлық алатын болар... Өздері пәтер жалдап тұрса, сонда бұл не? Өлсең - өмірім қап деген де...
Көк Тәңірісі - Тәңірінің Тұқымы жоқ, заты жоқ. Жер Тәңірісі Темірдің Тұқымы - түрік, заты - от!
Гүлшара апа, сіз өзіңіз ұйде табаға нан пісіріп, арқан-арқан кір жуып, беліңіз шойырылып, екі жыл сайын бір бала туып, кемпір-шалдың көңілін тауып көрмедіңіз ғой. Көрсеңіз мұндай тарихи сөзді айтпас едіңіз. Мемлекеттің ақшасын сонша қызғанғаныңыз не?
Сәуле апай айтудай-ақ айтыпсыз,тек соны құлаққа ілетін,түсінетін шенеуніктер болса ғой шііркін. Ғани бауырым да қазақтың қамын ойлап жанын салуда,бірақ министр ана мен баланың қамын ойлағысы жоқ.Олай дейтінім баланың аштығы мен жалаңаштығы бірінші анаға батады.Ана мұңайса шаңырақтың берекесі қашады,үкіметтің беделі түседі. Әй үкіметім ай, зейнетақы мен бала жәрдемақысын өсірдік деп жар салғандарың осы ма, тауыққа шашқан тарыдай. Осы қарқынмен халық санын өсіруді әңгіме етудің өзі артық секілді, ал осындай көзқараспен адам өмірін өсіруге де жұмыстанып жатырмыз дейміз ау енді.Айтудай ақ айтамыз,сөзіміз ісімізге қашан сай болар екен? Батыстағы Беріш бауырлар атынан!
Шыгыстагы Первич бауырлар атынан! Шіркін улен айткан кандай жаксы! Казахсатн улен жирдын ордасы го!Касиетинен айналдим казак даласи ан салип тургандай маган!
Жоғарыдағы мақала өте орынды жазылған. Біздің келешегіміз-бала. Олай болса, сол балаға көрсететін қамқорлықтың әлсіз болуы не себепті. Оның бәрі қолдан жасалып отырған қыспақ қой. Бұл әсіресе, сол Гүлшара ханымның осал тұстарынан болып отыр. Тіпті, өз баласы болмаған күнде ананың баланы дүниеге қалай әкелетіні түсінікті жай емес пе, өзі де анадан туылған ғой. Қазақ халқының санын арттырамыз десек, ең алдымен ана ме бала жайын ойлауымыз керек. Бар жақсылықты соларға жасау қажет. Далаға шашқан ақшаны солардың кәдесіне жаратуымыз керек, жөргекпұлды қалай да көтерген жөн. Сонда ғана бала саны артып, халықтың өсімі көтеріледі, осыны ұғынайық, ағайын!
Ғани Қасымов деген шоумен клоунның қара қазақтың қамын ойлай қалғанына үлкен күмәнім бар. Ғани "стақан сындырудан" гөрі өсіңкіреп қалыпты.... Бұл жерде Ғаниды патриот етпей ақ қойыңдар. Ал Гүлшара ханым болса, оған сөз де шығын. Қызықсыңдар. Қазір билікке сенсация керее.к Ал сендер соған алданасыңдар. Деңгейлерің өте төмен оқырмадар. Кілең урапатриоттар. МНҰ.
"Сенген сиырым сен болсаң, күйсеген аузыңның атасына нәлет!" - деген екен күйіп кеткен бір ағамыз. Мынандай министрден айдың жарығы пайдалы қазаққа! Жат жерліктерді жарылқап жүрген ылғи азғындардан пайда жоқ! Кешегі Жаңаөзен оқиғасы да осындай кеңкелес бастықтардың арқасында болды. Ұлан ғайыр Ұлы Даланы Ұлы Бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, алмас қылыш жүзімен, ақ білектің күшімен қорғап, бар байлығымен аманаттап тастап кеткен. Оны жатқа үлестіріп, өз халқын кедейшілік пен бейшаралыққа ұрындырып отырған қанағатсыз, мисыз, жетесіз, азғынданған билік өкілдері!
Осы Ұлы Далаға ие болып қалатын болашақ ұрпақтар болатын болса, олардың дүниеге келуіне үлес қоспақ түгілі кедергі жасап отырған шүйкебасты таяқтап қуу керек! Бұл санасы таяз бастықсымақша келешекте киелі Ұлы Даламызды мына қаптап өсіп келе жатқан 1 миллиард 300 миллион қытайға, немесе өсіп келе жатқан парсы тұқымдарына (Иран, Тәжік, Ауғандар мен көрші жатқан 32 миллионға жетіп отырған өзбектер бар) қалдырмақ па? Оу тіптен өз республика ішіміздегі жылдан жылға сандары өсіп келе жатқан ұйғыр, өзбек, курді,шешен,татар, орыстарды есептесек қазақтың үлес санының көбеюін ойлауы керек емес пе, біріншіден бұл үкімет!
Отставкаға кетсін бұл Гүлшара, ана Кәрім Мәсимовпен бірге қол ұстасып!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Ақберен Елтуған
ай, бір әлі солай ғой...Күресерге дәрмен жоқ ішің қазандай қайнайды. Қарғайын десең жалғызың қарғамайын десең жалмауызың. Бұрын цензура деуші едік, қазақ деп айтуға қорқып әлі сол қазақ деп бір нәрсе айтсаң ұлтшыл боласың, ау осы орыстардың ұлтшылдары талай қазақты да Ресейде орысша сөйлеген өлтірді деп естиміз ғой. Біз байғұс әлі жүрміз құлдықтың шырмауынан есеңгіріп, ла мынау шенеуік сымақтар баяғы найман ананың мәңгүрт баласы секілді.....
Біздің билікте халқына, оның болашағы мен тіліне дегенде ақшаларыболмай қалады емес пе, ал самиттер, азиадалар, басқа да той-жиындарға ақша табылады, себебі оларжан жеу оңай
Мәселе Гүлшарада емес қой, Сәуле апай! Мәселе мемлекеттік саясаттың бір тізгіннің қолында екені емес пе? Егер Гүлшараны парламент сайлап, бекітіп отырса, депутаттар оны бұлай еркінстпес еді ғой. Мәселе біреуде болып тұр БІРЕУДЕ...
Ал, Ғани Қасымовтыкы әншейн популизм. Ол саяси дәліздегі ауанды жақсы біледі, Гүлшараның да сөзін айтпас бұрын біліп алған, тек қазақты алдағансып сөйлегені ғой. Әйтпесе, елуграмдатып отырған Қасекең жаны ашып айтты дейсің бе? Жаны ашыса, жан дауысы шығар еді ғой
Қазақтың көпшілігінің балалары бірде аш, бірде тоқ, қалай болса солай өсіп жатыр. Олардан қандай білім, қандай ұлттық сана дәметеміз? Билік тыныш өмір сүргісі келсе, осындай кемшіліктердің орнын толтыруы керек. Аш- жалаңаштар мен білімсіздер билікке үлкен қауіп емес пе?
Гүлшара ханым әлеуметтік араздық тудырғаны үшін сотталуы керек. Маңғыстау ереуілшілеріне 7 бойына министр бола тұрып, бір рет те ат ізін салмауы,онымен қоймай,олардың талабы заңсыз деп, роботша бір сөзді қайталады да тұрды. Ал олардың талабының заңды екенін президенттің өзі мойындады. Сондықтан Гүлшара Әбдіхалықова заң алдында жауап беруі керек.
46 қонақ әуелі Еңбек туралы заңды оқы, Сосын Ғанидан сұра сол заң қабылданып жатырған кезінде қайда болдың деп. Сол кезде к...н жыртып неге айқаспады? Енді келіп орындаушылар кінәлі. Өтірік айқайлайды, сосын бекіте салады. Елде әуелі заң жұмыс жасау керек, жақсы заңдар қабылдануы керек. Сосын барып орындаушылардан сұрау керек.
Аскерге алынатын балалардын басым копшилигинин денсаулыктары калай екендигине анализ жасаса - барлык шындык шыга келеди! Ауырган жер емес,сол ауруга себепши болган жагдайды емдемей ауру жазылмайды! Басы ауырганга бас аурудын дарисин берип,буйрегинин,бауырынын жагдайын ескермейтин "даригер" сиякты балаларды камлеттик жаска келгенше кандай ортада,немен коректенип оскени ешкимди толгандырмаса не сорым?! Статистика бул жайлы не дейди екен?
Мемлекеттик багдарламалар кабылданады,бирак оган бакылау оте томен болгандаыктан болар, Ел Азаматтары Елине жаны ашыгандыктан болар турли КОРЛАРДЫ уйымдастырып жатканы. Жылына игерилмей калган миллиардтарды неге алеуметтик салага жумсамаска?! Тагы аскер туралы: Биздин аскерилер мен АКШ тын аскерилеринин киимдеринин сапасын салытырып корген жан бар ма екен? Ел корганысы - ен басты миндеттер десек,жауынгерлердин жыл он еки ай киетин киимдеринин сапасына ман берилсе -- талай соракылыктар шыгады! Дал казир кезкелген аскеридин аяк киимин еки сагатка киюге берсе Укиметтегилерге,сосын жаяу журсин! Берилген тапсырманын орындалуын "зуылдаган жалган акпармен" емес,накты фактылармен тексеру кажет болатын кун туды Ел билеп отырган азаматтар!!
Гулшара ханым отбасында басқарады емеспе? Қызғаныш емес бұл қызымды "мұртың" жарылқады мен саясатынды түсінбеймін. Патша сеніп тпсырған жұмысқа жауапты қарау керек емеспе АЛЛАНЫН БҰЙРЫҒЫ БОЛМАҒАН ШЫҒАР ОТБАСЫН ҚҰРУҒА. Жалпы осы қыздығ алып жүрген қызметінің салмағы өте ауыр оны алып жүре алмағаны барлық істерінен көзге көрініп,құлаққа ұрып тұр шамасы келетін жұмысқа кету керек... обал ғой халықтың ұарғысына қаласың .... Мақаладағы көтерілген мәселе орынды оны еститіндер қайда? Алланын құлағына шалынсын