Бұл жолғы Жолдаудан не күтесіз? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Бұл жолғы Жолдаудан не күтесіз?

Жәрдемші


Қаңтардың 28-і күні Президент Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жария етеді. Ол былтырғы жолдауын «Жаңа он жылдық -  жаңа экономикалық өрлеу -  Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп атаған болатын.

Елбасы бұл реттегі жолдауында қандай мәселелерді күн тәртібіне қоюы мүмкін?.. Алдын ала тараған ақпараттарға сенсек, Нұрсұлтан Әбішұлы денсаулық сақтау, білім беру,  сапалы, таза ауыз су, тұрғын үй, коммуналдық сала  туралы сөйлейтін көрінеді.     Тағы не? Тағы не күтесіз? Ендігісін жұрт айтсын. Талқы форумның аясында көп тілегінің не екенін біле отырайық.

«Абай-ақпарат»


 




Бүкіл шетелдіктерге берген кеніштерді қайтарып алуды қолға алсын, егер әлі келсе, Үкіметті жас ұлжанды қазаққа жаны ашитын көзі ашық көкірегі ояу, адал азаматтармен жасақтасын. Сосын көрейік Қазақстанның қалай гүлденгенін. Әйтпесе бірсарынды Жолдаудан жалықтық.



ЕШТЕҢЕ ДЕ КҮТПЕЙМІН!!!



Менің ойымша Президет Референдумнан және Биліктен бас тартады.Сондай-ақ осы жылы көктемде президент сайлауы өтуі мүмкін.11 ақпанда Астанада болатын "Нұр Отан" ХДП құрылтайында Президент Нұрсұлтан Назарбаев үміткер ретінде Тасмағамбетовты немесе Сатыбалдыны ұсынады.Мүмкін осылардың біреуіне билікті тапсырып,Иманғали немесе Қайрат келесі жылға дейін билеп,2012 жылы,желтоқсанда президнт сайлауында жеңіске жетеді.Ал қазіргі кезде еліміздің түпкір-түпкірінде "референдумды қолдау" акциясы деген шаралар Президентке халықтан рахмет дегені ғой...

Ерлан Көкшетау



Сатыпалды болса жетiседi екенсiн!
Катындар кижаб жамылып, еркектер ауы салбыраган дамбал киiп сасимыз десейшi! Бакабит болып шыга келерсiн бiр кунде.



Құдай қаласа! :)



Назарбаев қазақ руханияты туралы айтуы керек. Тіл, тарих туралы. Сонда ғана қазақтығын дәлелдей алады. Референдумға шығу үшін ең алдымен қазақтың көңілін аулауы тиіс.



Қай жолдауындағы есімде жоқ, оған да 4-5 жыл өтті-ау шамасы - " әрбір қазақстандықтың қолында 3 кілті болады, бірі - үйінікі, бірі - мәшинасынікі, бірі - офисінікі" деген мағынада айтқан еді. Күтіп отырмыз. Мынаусы да "экономикалық өрлеу" ... "Әуелі - экономика, сосын саясат". Елді ел қылатын саясаты болмай, экономиканы айту - "отауыңды сайламай, қ-ды сайлау" дың кері емес пе?
Әй, құрысыншы, тағы бір рет "паслать" болады да...

Көк Тәңірісі - Тәңірінің Тұқымы жоқ, заты жоқ. Жер Тәңірісі Темірдің Тұқымы - түрік, заты - от!



Тағы 10, бәлкім 20 жылға одан әрі құлдырауға жолдайды да.



Әрбір жылдың нақты жоспары мен оның орындалуына есеп болмағаннан кейін, осы біріне-бірі ұқсас жолдаулардан не пайда? Оның үстіне бұл жолдау тағы да мен түсінбейтін басқа көрші елдің мемлекеттік тілінде жасалады.....



Құбыла жақтан қайтадан теріс туса Айым,
Сезімнің бұрқақ сәулесін қайтып құрсайын?!
Қараша халық Ақ орда жаққа үздігіп
Ұлт үшін ұлы жаңалық күтер жыл сайын!

Қасиет дарып ұрпаққа баба толғаудан,
Кешегі Қасым ханнан да қасқа жол қалған!
Тәңірдің нұрлы сәлемі дер ем,
Жалғыз сөз
Айтылса тілдің киесі жайлы Жолдаудан!

Арман Қани,
Павлодар қаласы.



Бұл жолдаудан түк те күтпеймін Жолдадың не жолдамадың не? Былтыр мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысына 30 пайыз қосамын деп еді өтірік болды ғой. Енді Елбасына сенбеймін№



Елбасы көші-қон саласында қалыптасып отырған жағдайға орай «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заң қажет екенін қадап айтқан еді.Оның үстіне 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясатының концепциясы, Оралмандарды еңбекпен, баспанамен толық қамтамасыз ету мәселені оңтайлы шешуге бағытталған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде қай министрлік айналысады, шетелден көшіп келетін этникалық қазақтарды орналыстыру туралы айтылса, әлемінің 40-қа жуық елінде тұратын 5 миллион этникалық қазақтарға жолдаудың пайдасы болар еді.



Айтар әлаулайымыз "референдум" еді, енді "жолдау" қосылып газеттерге жазатын, радиода айтатын және теледидарда көрсететін жаңа тақырып табылып қарық болып қалатын болдық. Оған жауыр болған тақырып "саммитті" де қоссақ болады.



Ең бастысы қазір Президент Коституцияға өзгерістер енгізу және референдум өткізу туралы депутаттар ұсынған Заңға қол қоймай, мына Парламентті таратып жіберу жөнінде Бұйрық шығаруы тиіс.

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



Тағдырға көнеді адам «көсемдердей»,
Қайғыға – қабырғам да төселгендей.
...Қырғыннан көз ашпаған қырғыздардай,
Немесе,
Шейіт болған шешендердей.

Жылаған жүректерді тербетпейміз,
Бәрін де өтірікпен өрнектейміз.
Жетім қарт, жетім бала, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* қыз,
Етіміз өліп кеткен...
Селт етпейміз.

Қарасаң орыныңнан түрегеп бір,
Көрер ең ей, қожайын, жүрегі «өткір».
Қиылып қырғи – қабақ көліктерге,
Қол жайып қиылыста мүгедек тұр.

Ай емес, апта емес, жылдап отыр,
Басқа емес, қара көзді «мұңдар» отыр.
Қаптаған жүріп жатыр құрылыстар,
Көшеде жұмыс таппай «құлдар» отыр.

Жайғасқан, өмір дейтін өр кемеге,
Белгісіз, кеш өле ме, ерте өле ме.
Жатуға – жылуы бар құбырларға
Тағдырлар таласады жертөледе.

Сылқымдай бейімі бар сан қылыққа
Өмірді өрнектейміз ән қылып та.
Дегенмен,
Басым жетпей қойды менің,
Жоқ, әлде, мұның бәрі заңдылық па?!

Әлібек Шегебай



Әлібекжан жақсы,өткір айтыпсың... Шенеунік болып кетті деп,жоғалтып алып едік,енді Алла жазса жырларыңды тағы асыға күте оқырмыз деп үміттенемін.А президент нас каждый год посылает... президенты приходят и уходят, Поэты остаются!!!Нұрбол ағаң.Бильярд қашан ойнаймыз?...



Тағы не? Тағы не күтесіз?
-------------------------
Күлкілі сұрақ. Қазақтар, большевиктік идеология, большевизм дегеннің не екенін түсінетін уақыт болды ғой... Соның шекпенінен шыққан адамнан бір нәрсе күтіп отырғандарыңа жол болсын... Оның ең басты миссиясы: өзінен кейін ҚАЗАҚСТАН деген мемлекетті осы шекарасында сақтап, қалдырып кетсе болғаны. Ол кісіден басқа еш нәрсе күтудің қажеті жоқ. Онда ҰЛТ деген ұғым атымен болған жоқ, болмайды да.

Нағашыбай Есмырзаев



Сәуір айында жалақымызды өсіреді деп күтіп отырмыз, ақпан айынан десе қатып кетер еді.Референдум қарсаңында көп жақсылықтар,өзгерістер болып қалар.



Н.М.М.



Президент Н.Назарбаевтың елдегі істеп жатқан тірлігін әркім әр алуан пікірлер айтады. Бұл демократиялық қоғамның көрінісі. Елбасыға 2020 жылға дейін өкілеттілігін ұзартуға ниетті болса, халықтың ықыласын одан ары жалғастырғысы келуі үшін ұлттық құндылықтарға көңіл бөлгені дұрыс. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесінен көтеруге көңіл бюөлгені дұрыстау болар.



Кеден одағы құрылып, шекара ашылып, товарларды ресейліктер жүздеген жүк машиналарымен тасып әкетуі салдарынан бағаның қымбаттауын қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы мен зейнетақысына лайықтап түсірудің жолын таба алса... Телефон байланысы жүйесі, қоғамдық көліктер мен электр қуатының төлемақысын айлық жалақы мен зейнетақы мөлшеріне орай белгілесе.



1. Қазақ тілінің аузына су тамызатын кез келді. Тілімізді дамытуға қарайған ақшаны бөлудің қажеті шамалы. Оның кері әсері болып тұр. Бұл бөлінген ақшалар талан-таржға түсіп қазақтар одан әрі ұры ұлт болып барады. Тілді дамытудың тек бір жол бар, ол- Елбасы, Президент, министрлер бір-бірімен, отбасы аясында, жолдастарымен тек қазақша сөйлессін. Ешқандай тиынның қажеті жоқ. Ақша бөліп, үлкен баннерлерге Ана тілің, арың бұл- деп жазғаннан не пайда?
2.Жоғарыдағы тілімізді дамытуға теле-радионың да үлкен ықпалы бар. Оған да қыруар ақша төгудің қажеті шамалы, тек Хабар, Қазақстан телеарналарындағы орысша хабарларға бөлінген қаражатты қазақтарға бұра қойса болды.Орыс тілі,орысша бағдарламалар - Ресейдің спутник арқылы елімізге тарап жатқан 50 телеарналарында!Орыстар да, орыс болып кеткен қазақтар да Хабар, Қазақстандағы орысша берілген бағдарламаларды қарамайды. Біздер қазақтар- шабандау-ақ бола қоялық, көп нәрсені білмеген шығармыз,телебағдардамаларды жақсы ұйымдастыруды білмеген шығармыз, тіпті. Алайда, алғашқы қадамды бір бастау керек қой.
3.Біздер қазақтар Совет одағы кезінде кеуде соға алатын едік, біздер- қазақтар- деп. Қазір керісінше,айта алмайтын күйдеміз деуге болады. Себебі, қазақтың рухы жоқ, шала-жансар.Рухты көтеру үшін, елімізде қазақтардың қолымен істелген "нәрселер" көп болу керек.Аздап ,кішкене шүберек нәсрселер, ішетін ауқатымызды өзімізден шығаруды қолға алуды айтпағанда, Астана қаласының архитектурасын- жапон, әрбір ғимараттың жобасын - ағылшын, құрылысын - түріктер жүргізгеннен қазақтың рухы көтерілмейді. Сол секілді қысқы олимпиаданы ұйымдастыру айналасындағы қар күреу, эмблема, билет жасау, гимнін таңдау, сайтын жасау сынды жұмыстарды қазаққа сенетіндей қылып тапсыруға болмаса, ондай елдің нендей абыройы болмақ?
4. Елімізде көп қаражат "тойларды" жасауға кетеді. Осы ақшаны шетте көздері жәудіреп отырған ағайындарымызды неге көшіріп алмасқа? Ең кішісі көрші елдер, бұлар көптеу, деп бата алмайды емес пе, күші көрсетуге? Елімізде әрбір тиын қазақ үшін, қазақтың болашығы үшін жұмсалу крек.
5.Ел билігінің айналасына қазаққа жаны ашитын, қазақша оқыған, библиотекасында Абай, Шәкәрім, Мағжан,Мұхтар.Ә,І.Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Оралхан Бөкеев, 10 ғасыр жырлаған жырауларды, және т.с.секілді қазақ дүниесін оқыған азаматтарды топтастыру керек.Бесігінде әлдиді естімеген қазақты Қазақ елінің тағдырын шешуге еш жақындатуға болмайды. Олардың орыс тілінен басқа, ағылшын, қытай, испан, неміс тілдерін білгендерінен еш пайда жоқ. Басқа елдің өкілімен сөйлесу үшін тілмәштар бар.Қаракесек.



Мен Жолдауда Президенттің референумнан бас тартып, әділ сайлау өткізу жөнінде мәлімдеме жасағанын күтемін, бұл тілектің орындалуы мүмкін емес екенін білсем де...



1. Кенесары ханның басын елге әкелу жөнінде бір ауз сөз күтемін.
2.Егемендік алған кезеңде өндірісімізді мүлде күйретіп, өзіне қайта қосып алу мақсатында Ресей Қазақстанмен экономикалық байланысты қасақана үзіп тастады. Соның салдарынан алып өндіріс орындары жұмысын тоқтатып, жүз мыңдаған жұмысшылар далада қалды, қаншама отбасылар напақасынан айрылып, қайыршылық жағдайға ұшырады. Сондай қатерлі кезеңде АҚШ пен Батыс елдері инвестиция құйып өндіріс орындарын қайта тірілтті. Кейін, "Богатырь" сияқты кен орындары қарқынды жұмыс істеген кезде оны америкалық компаниядан алып, Ресейдің иелігіне бердік. Осы істің дұрыс-бұрыстығы жөнінде айтылса екен.



"НЕ күтерімізді" айтайық десек, осы құйттай қазақша сайтыңды оқып, Ел тілегін ескеретініне сеніңкіремей отырғаным...АЖ



Осы жылғы Жолдауды тек қазақ тілінде оқиды деп күтемін. Жалпы, мен ертегілерге сенгенді жақсы көремін. Ержан.



Осы жолдау кезiнде Елбасы оз еркiмен ел баскарудан бас тартады. Шаршаганын айтады, халкына жаксы тiлек айтып коштасады. Жiберген кателiктерiне, колынан келмей калган кей iстерiне кешiрiм сурайды. Шамам келгенше аянбай кызмет еттiм дейдi. Кандай iс бастар алдында тек "казагым" деген жалгыз ой турды санамда дейдi. Мен де адаммын, темiрден жаралган жокпын,ендi елдi жастар баскарсын, менi де бiр уак аяндар халкым дейдi.
Жолдау тап осылай болады. Мен осыны кутемiн.



Кой, Нурекен кетсе елды кым баскарады? Тоз-тозымыз шыкпай ма? А*Бейәдеп сөз жазбаңыз!*зов сиякты 1 миллиардты урлаган адам баскара ма, алде Кулыбаев сиякты олигархка беремыз бе, Тас та бола алмайды, ай, осы Исекешов деген бала жур гой, сол болуы мумкын..



Исекешов өкінішке орай қазақ тілінде сөйлей алмайды.Менің ойымша Иманғали Тасмағамбет немесе Қайрат Сатыбалды келесі президент болады!

Ерлан Көкшетау



Егер сайлауга Тасмагамбетов пен Сатыбалды тусетин болса, Қазақстанда діни қақтығыстар басталады. Одан да Президент ози тағайындап кеткені жаксы сиякты немесе ози 2020-га дейін ел басқарғаны дурыс деп ойлаймын! Бул пікіріме калай карайсыз Ерлан мырза?



Менің ойымша әзірше Иманғали мырзамен тең келетін үміткер жоқ сияқты.



osy zholdauda NAN aitady :boldy menyn tarihi messiam byty eltutkasyn zhastarga berem uitkeny men KAZAKHSTAN-nyn tungysh prizdentymyn elbasymyn qazaqka ulgy korsetem menen keingyler shokip takta uzak otryp almasyndep



Жолдауда референдум туралы бірде бір сөз болмауын қалар едім.



Адам кукыгы туралы айтса катып кетер еди



Қатты өлеңдетіп қояды екенсіңдер, менде өлеңдетейін: Али Дули До, Финчик Ля Да Ко, Коля Ля Да, Финчик Ля да, Али Дули До. Бұл өлеңде байқап отырғаныңыздай өлең жолдары қайталанып келеді яғни БӘРІ БІР СОЛ БАЯҒЫ БӘЗ ҚАЛПЫНДА деген! Ақындығымды, талантымды бағалап, маған кітап шығаруға көмектесемін деушілерің болса адресімді жазып алың: Ел Қазақстан, Жер әйтеуір бір Стан, Көшем айдала, Үйім сол маңда. Рахмет, күтемін! Айтпақшы атым Көңілтолмас



Қазір елімізде дін мәселесі ушыгып тур гой, Елбасы сол дін жагына байланысты біраз нарсе айтады деп кутемин.



Мемлекеттік тіл туралы нақты ұстанымын білдіріп, егер Мемлекеттік тілді шынымен керек десе "Келесі жылдан бастап Мемлекеттік тілді білмейтіндер мемлекеттік оргндарға қызметке алынбайды" деп орысша айтып, шешім қабылдағанын қалар едім. Бүркіт



Осы жолғы Жолдауын да Елбасымыз қазақша амандасып-қоштасып, ал негізгі баяндамасын сол өзінің қанына әбден сіңіп қалған орыс тілінде оқиды-ау деген ой келеді.



Хиллари Клинтон АКШ-тын Казакстандагы референдумнын отуiне карсы екендiгiн, бул адам кукын, демократияны бузушылык екендiгiн айта келе,адiл сайлау отуi кажеттiгiн ескертедi. Макаланы @mail.ru жаналыктарынан оки аласыз. Новости Казахстана деген кез-келген сайттан да табуга болады.
Бул не кылган мал халык деп тан калушылар коп сиякты казекене...



"Айқын" газетінің журналистері желтоқсан айының гонорорын ала алмай жүр. Президент соған көмектессін.



"Нұр Отанның" нөмірі бірінші бас газетінің журналистері аш отырса, басқамыз не дәметеміз?!.



айқын осы жылдың рекламасын сауа тұрсын!



жолдауга колдау былдыру керек.айтпесе атыласын не шабыласын."демократия сайран салган" мемлекетте омыр сурген осылай болады.



Ол кісінің бірер жылға қалмай өмірден ертерек қайтып, о дүниедегі бейішке баруын күтемін. Бейіш Қазақстаннан жақсы болуға тиіс. Сондықтан мені ешкім елге өлім тілеп отыр деп айыптамас!



ЕЕе.... қайтесідер тындап оны, 2020 жылға дейін елбасы болып алу үшін қазақтың көңілін табатын бірнарселер айта салар, болған соң оның бәрі құр сөз күйінде калады ғой, біреуіде орындалмайды



Енді кешегі Жолдаудағы айтылғандардың құр сөз болып қалмай іске асып, орындалуын күтеміз.



окушылар арасындагы мадениет



 

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 9 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>