Болатхан Тайжан ағаның әруағына тағзым | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Болатхан Тайжан ағаның әруағына тағзым

Жәрдемші


ҰЛТЫМ! - деп екіленетін ҰЛ болмаса,
                ҰЛЫМ! - деп еміренетін ҰЛТ қайдан болсын...
(Ұлтымыздың Ұлы перзенті Болтахан Тайжан ағамыздың рухына)
 
Дүниедегі талай-талай биікпаз асылдардың ешіндегі  ең биігі де, ең асылы да, ең қасиеттісі де - ҰЛТ деген ұғым. Адам баласы еркек пен әйел болып бөлінгеннен кейінгі екінші орында  олардың Ұлт пен ұлыстарға бөлінуі тұрады. Кез келген адам басқа бір адаммен кездескенде оның жынысынан кейін қай ұлтқа жататынын санасынан тыс қабылдайды. Күнделікті өмірде бұған біз онша мән бере бермейміз. Дегенмен, бәріміз де белгілі бір ұлттың өкілі екендігіміз – рас. Ұлттың ұлттан айырмашылығы - ҚАНЫ мен орналасқан ЖЕРІ. Дүние жүзіндегі барлық мемлекеттер (біреудің жерін тартып алып, сол жердегі байырғы халықты қырып, сүйектерінің үстіне орнаған мемлекеттерден басқасы) Ұлттық негізде, ата-бабасынан қалған жерде құрыған. Оған ешкімнің таласы жоқ шығар.
 
 Солардың бірі де бірегейі – ҚАЗАҚ ҰЛТЫ. Өзге ұлттар сияқты қазақтың да өз ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІ болды. 1718 жылы ТӘУКЕ хан қайтыс болған соң, ішкі (үш жүздің бас-басына хан сайлап алуы) және сыртқы (жоңғарлардың шапқыншылығы мен Ресейге қосыла бастау) себептерге байланысты, бұл мемлекет жайлап ыдырай бастады. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың аяғында Ресей империясының бодандығына толықтай өтті. ҚАЗАҚ деген атау ресми айналыстан алынылып тасталды. Бізді кім деп айтпады: киргизы деді, кайсаки деді, ординцы деді, туземцы деді, кемсітпеген аттары қалмады. ХХ ғасырдың басында қазақтың оқыған-тоқығандары қайтадан мемлекет болып қалыптасып, ҚАЗАҚ деген атымызды қайтарып алсақ екен деп, екілене іс-әрекет жасады. Арнайы  «Қазақ» деп аталатын газет те шығарды. Осы күрестің арқасында 1920 жылы қазақтың мемлекеттілігі қалпына келтірілді. Бірақ бұл Ұлттық мемлекет емес, социалистік мемлекет еді. Аты ҚАЗАҚ болғанымен, заты қазақтікі емес еді. Өкінішке орай,  әлі де солай болып қалуда. Оның үстіне, Тәуелсізбіз деп талтаңдап жүрген кезімізде ҚАЗАҚтың емес, қайдағы бір ҚАЗАҚСТАНның мемлекеті болып шыға келдік.
 
Аспаннан салбырап түсе қалған Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында анша-мұншаны аңғармай, шынымен де Тәуелсіз Ел болып кетерміз деген алданышпен жүрген шын Ұлтшылдар,  ХХІ ғасырдың басында ҚАЗАҚ ҰЛТЫның жағдайы тым мүшкіл болып бара жатқанына алаңдай бастады. Солардың ішінде – БОЛАТХАН ТАЙЖАН ағамыз ерекше дара тұлға екенін көрсетті. Арамызда тірі жүргенде 8 наурыз күні 69 жасқа толғанын тойлар едік. Әттең, сұм ажал осындай жаны жайсаң, ҰЛТын шын жүрегімен жақсы көрген адамды ортамыздан ерте жұлып әкетті.
 
Әлі есімде, 2007 жылдың ақпан айы болатын, Алматы қалалық сотында екі «Шаңырақтың» ортасындағы сайға келіп неге қоныстанасыңдар деп шаңырақтарын күреп тастауға келген полицайлардың  быт-шытын шығарған 25 батырдың үстінен жүріп жатқан сот процесіне қоғамдық ұйымдар атынан жапа-тармағай «қоғамдық қорғаушы» болып тіркеліп жатқан кезіміз еді.  Болатхан Тайжан ағамыз да құжаттарын өткізіп жүрген. Кезекті бір сот отырысында судья ол кісінің де қоғамдық қорғаушы болып тіркелгендігі туралы шешімін оқып тұрған кезінде,  қаралы хабар келіп жетті. Төбемізден жай түскендей болды. Қайғыдан қабырғамыз қайысып, сот отырысын тастап шықтық.
 
Мен, өз басым Болатхан ағаны 2004 жылдан бері сырттай болса да білетін едім. Ойланғысы келмейтін адамды да ойландырып қоятын сұхбаттары газеттерде жарияланып тұратын. Кейін талай рет 31 телеарнадағы «Дода» бағдарламасында иық  тірестіріп отырдық. Қай жерде болсын, қандай жағдайда болмасын Болатхан аға сөйлеген сөздерінде Ұлттық мүдде тұрғысынан сөйлейтін. Ұлт мәселесін әрқашан бірінші орныға қойып отыратын. Не айтса да жүрегімен айтатын. Ұлт мәселесіне байланысты айтыста біреуден қаймығу дегенді білмейтін. Дәлелсіз ештеңе айтпайтын.
 
Жақында ғана 3 томдық «Аталы сөздерін» оқып отырып, Болатхан ағаның жан дүниесін тереңдей ұғындым. Мектепте орысша оқып жүргеннің өзінде:  «қазақтың тарихын дұрыс оқытып жатқан жоқсыңдар», - деп тайсалмай мұғалімнің бетіне тіке айтқанын білдім.  22-ақ жасында сонау Мысыр еліндегі КСРО елшілігінде аудармашы да болған екен. Мәскеудегі қазақ жастарының басын қосып, «Жас тұлпар» атты ұйым құрып, соны басқарған. Бұл ұйымның кезінде қазақ жастарына қаншалықты көмек көрсетіп, халықтың рухани байлығына қосқан үлестері туралы кітапта жақсы жазылған. Студент болып жүрген кезінде-ақ  Қызыл Империяның ыдырайтыны туралы айтып жүреді екен. Халықаралық қатынастар институтын бітірген соң әртүрлі дипломатиялық, консулдық, елшілік қызметтер атқарған. Тәуелсіздіктің бізге қалай келгені туралы да дерек көздерін келтіріп отырып айтады (Бұл бір таусылмайтын әңгіме).
 
Біраз жыл араб елдерінде, кейін Малай елінде дипломаттық жұмыстар  атқарған Болатхан аға қайда жүрсе де Қазақ мемлекетінің мүддесін ойлап, қазақ тілінде іс жүргізіп отырған. Ал осындай Ұлтының мүддесін бәрінен де жоғары қоятын азаматтарды біздің мәңгүт биліктегілер жақтыра қойсын ба... Сөйтіп, халықаралық деңгейдегі дипломат ХХІ ғасырдың басында мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Сыртқы саясат Ұлттың мүддесін ойлайтын дипломатынан айырылды.
 
Ал бұған мұқала қоятын Болатхан аға ма... Бірден ішкі «саясатқа» араласты да кетті. «Отан» партиясын «оңтайландырам» деп,  оған кеңесші қызметіне де кірді. Бағдарламасына Ұлттың мүддесіне сәйкес бірнеше түзетулер де енгізді. Дегенмен, 2003-2004 жылдары өткен Мәслихат және Мәжіліс сайлауларынан кейін бұл партияның «түзелмесін» көрген Азамат, кеңесшілік қызметтен бас тартты. Сонан соң Ұлттық бағытта жұмыс істеп жүрген бірнеше қозғалыстармен де байланысып көрді. Бірақ олармен бірлесе жұмыс істеу Болатхан ағаға ауырлау болды. Өйткені, Ұлтты қайткенде көркейтеміз деген көзқарастары қабыспай жататын. Ұлттың мүддесін жамылып жүрген алаяқтар да болмай қалған жоқ. Оппозициямен де мақсаттары мүлдем бөлектеу болды. Оппозиция Ұлттық мәселелерге келгенде күмілжіп қала беретін, әлі де жүрекпен қабылдай қойған жоқ.  Болатхан ағаны осының өзі қажытты ма екен...
 
Болатхан ағаның бәрімізден ерекшелігі – ол аса білімді еді. Қандай мәселеге байланысты әңгіме қозғалса да, білімділігін көрсетіп, өзі елші болған елдердің мысалымен дәлелдеп отырып пікір қосатын. «Аталы сөздеріндегі» сұхбаттар осындай дәлелдерге толып тұр. Қысқаша айтқанда, Болатхан аға менің өз басымның Ұлтшыл болып қалыптасуыма үлкен әсер етті. Бұрын түсіне алмай жүрген мәселелерге «Аталы сөздерді» оқып отырып жауап таптым. Алдағы уақытта атқаратын қызметіме де көп септігі тиетініне сенімдімін.
 
Барлық күш-жігерін, білімін, қажыр-қайратын, іс-әрекетін Ұлтына арнау арқылы екілене еңбек еткен қайран ағамыздың тағылымы жадымыздан өшпек емес. Біз бармыз, біздің соңымыздан келе жатқан асау ұрпақ, арынды ұрпақ бар - Болатхан ағаның Арманын іске асырамыз деп ойлаймын. Сіз Ұлтым деп екіленіп кетсеңіз, Ұлым деп еміренетін Ұлтты қалыптастыру біздің міндетіміз. Жаныңыз жаннатта болсын, Болатхан аға!
 
ІІ-ші Нағашыбай (Есмырзаев)                   04.03.2010.                            Алматы қаласы


 


 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>