Тақырыптық номинация: Университет жаңалықтары, талапкер, білімгер бөлімдері;
Ресурстық тіл: қазақ, орыс, ағылшын;
Ашылған уақыт: 2011 жыл;
Меншік иесі: Қызылорда "Болашақ" университеті;
http://www.kbu.kz/
Қазнет апта сайын жаңа сайттармен толығу үстінде. Бұл - қазақ интернетінің дамуы және оған деген қоғамның сұранысының жоғары екенін көрсетсе керек. Мемлекеттік тілде - қазақ тіліндегі сайттар қарасының көбеюі тіл болашағының баянды болатынының айғағы. Су жаңа сайттардың бірі - Қызылорда «Болашақ» университетінің веб парақшасы. Мұнда университет жаңалықтарынан бастап, оқу орны мен студенттерге қажетті дүниелер орналастырылған.






"Болашақ" университеті жаңа сайтын жарнамалаудың жаңа жолын қолданып отырған секілді. Сайттың көркемдеу жағына көбірек мән берілсе дейміз. Сәттілік тілейміз!
Болашақ университетінің жаңарған сайтын көрдік. Университет ректоры сәтті сапар тілейміз. Құтты болсын!!!
Жақсы тілектеріңізге рахмет! Сіздердің айтқан сындарыңызды түзеуге тырысамыз. Көпшілік жағдайда Абай атамыздың сөзіне жүгінем 26 шы сөзінде "Біреуді ызаландырмақ -шариғатқа харам, шаруаға залал, ақылға теріс"-депті. Осыны еске ала отырып сын айтсаңыздар Біздің айтар РАХМЕТІМІЗ мол!
25 ші сөз "Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең-оқыт, мал аяма".
15 ші сөз "Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал "
Мынау Қызылордадағы атақты "Болашақтың" сайты ма???? Сиқын қара...
Нашар дизайында жасалған. Болашақтың атына сай келмейді. Қандай адамдар жасап жүр екен әәәәәәәәәәәәәәәәә?
Толықтыру жүмыстарын жүргізген абзал
Қарап отырсам, бұл университеттің сайты емесм, Насимовтың сатй сияқты ғой. Тек сол ұйымдастырған жүмыстар
#10. маған 5В050119 - шетел тілдері: екі шет тілі мамандығы, сыртқы бөлім, соңғы курстың мемлекеттік емтиханы қашан болатыны жөнінде толық ақпарат керек. Сосын тағы бір айта кететін жай, сіздер құжат толтырғанда мамандығы шетел тілдері: екі шет тілі деп толтырасыздар. Ол - өрескел қателік.
Сіздердің түлектеріңіздің дипломын көрген едім. Мамандығы шетел тілдері: екі шет тілі делінген. Ол енді жұмыс іздесе, қалай айтады. Ол жерге шетел тілдері: ағылшын және неміс немесе қытай тілдері деп жазуларыңыз керек. Бұдан былай мұндай қателік болмайды деген жауаптарыңызды естігім келеді. 7-пікірде көрсетілгендей атына заты сай болған дұрыс деп ойлаймын.
Пікір қосу