Біз бүгін кімбіз? Қандай ұлтпыз? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Біз бүгін кімбіз? Қандай ұлтпыз?

Жәрдемші


Расында біз бүгін кімбіз? Қандай ұлтпыз? Қай мінезіміз дара? Дархан, жомарт елміз бе, әлде дарақы, даңғой жұртпыз ба? Бауырмашылмыз ба, әлде безбүйрек біреуміз бе? Өрміз бе, тәкаппармыз ба, мәртпіз бе, әлде, үй айнала күңкілдеуді әдет қылған, жалтақ, жағымпаз, жәдігөйміз бе? Жатып ішер жалқаумыз ба, әлде, ырыс-дәулет береке үшін жан сала жұмылатын еңбекқормыз ба?

Сауалды бұдан әріқарай да жалғай беруге болады, әрине. Бірақ, біз жоғарыдағы тақырыпқа abai.kz ақпараттық порталының оқырмандары ойланып, пікір қосса дегенді жөн көрдік. Сонымен, біз бүгін кімбіз? Қандай ұлтпыз?

«Абай-ақпарат»


 




Б3з "бәрі де болғанбыз, ешкім де емеспіз". Біз жай ғана өмірге келіп қалғасын жүрген жандармыз. Ішмезер, өнерсіз, тоғышар халықпыз. Барып тұрған ақымақпыз және. Қарашы айналаңа, оңып тұрған неміз бар. Көктен түскен Тәуелсіздікті қадірлей алмай тұрмыз. Ең шұрайлы ана тілімізді қадірлей алмай келеміз. Шуылдағаннан басқа ештеңе қолымыздан келмейді...



Бар қазақ үшін жауап бере алмаймын, сондықтан осы мен кіммін деген сұраққа шынайы жауап беріп көрейін. Иә, мен кіммін? Барып тұрған суайтпын. Екі жүздімін. Кержалқаумын. Ақшаны өте жақсы көремін. Өзімшілдігім бір басымнан жетіп артылады. Қызғаншақпын. Кейде осы мен менмін бе әлде басқа біреумін бе деп өзіме өзім таңқаламын. Достарым бірақ, «уау, кереметсің!» деп мақтап жатады. Өтірікші олар да өзім сияқты. «Елім надан болған соң қайда барып оңайын?» деп еді Абай шал. Жасының көбі мен сияқты қазақ қайдан оңсын? Сауалға жауабым осы.

Жоғарыдағының бәрін өз бойымнан тауып алып айтып отырмын. Бәлкім сендер керемет шығарсыңдар, достар?..

С. А. С.



С. А. С. мырза (сөз саптауыңызға қарағанда ер адамға ұқсайсыз), сіздің өзіңіз туралы жазғаныңызды оқып қатты сасып қалдым. Адам өзін өзі осынша жек көруге бола ма екен? Сіз шамасы өзіңіз жайындағы бар шындықты көңілсіз отырып жаза салған сияқтысыз. Дегенмен, адамның іштей жаман әдеттерден арылғысы кеп осылай ашынуы, ашылуы дұрыс та шығар. Бірақ сіз өз бойыңыздағы кемшіліктерге бола ұлтыңыздан жиреніп немесе барлық қазақ жасы мен сияқты деген біржақты ой түймесеңіз болды.
Ғалия



Қазақтың қалай болуы қиын емес, негізінен. Тек қана біздің қазақ кітап оқымайды. Кітап оқығанда жағымпаз, жалтақ, кешегі комуниске құл болған жазушылардың кітабын оқудың қажеті жоқ. Бірақ Бұқар жырау, Абай, Ахмет, Әлихан, Мәшһүр Жүсіп, Мағжан, Мержақып, Қожа Ахмет хикметтерін, Шәкәрім, Ілиястар, Мұқтарлардың, қазақ ата-бабаларымыздың шешендік сөздерін, жыр-толғауларын, қиссаларын, хикметтерін оқуменен адам боламыз, қазақ боламыз. Қазақ болу, яғни кісілікті болу амалын дәстүрлі мұралардан алуымыз керек. Сан ғасырлар бойы саф алтындай өз құндылығын жоймай келген асыл мұраларда ғана әділдік, шыншылдық, имандылық, жақсылық бар. Қалған нәрсе көбінесе ұсақ, мағынасыз, мәнсіз дүниелер болып келеді.



осындай оз ултын жек коретіндерге тан калам?! сен осы аркылы оз шешенді де тогышарЮ! Ішмезер деп отырганынды тусінбеймісін?! Колынан шаруа келмесе, болмысын солай болса ултка жала жаба салуды кайдан урйендік біз?! АБайдын кезінде ол баска!!!Казір кудайга шукір мумкіндіктің бары бар. Сойлей бергенше іске сат деп бір колга курек алда тырбанда...



Мен орысша оқуға өз баласын орыс мектебіне беріп отырған қазақты көргенімде тауыққа үйрек жұмыртқасын бастыртып жатқандай көріністі көремін. Тауық балапандарымен жұмыртқанадан жарылып шыққан үйрек суға түсіп жүзіп кеткенде жағада тауықтың есі шығып жүгіріп жүреді (суға батады деп түсінсе керек). Сол сиқты ертеңгі күні балаларың орысша оқумен, орысша ортамен орысқа күйуге шығып, шоқынып, өздеріңді тастап кетіп жатса еш өкіңбендер. !!!!



бұл айтқаныңызды құптаймын әрине бірак оз еліңіздің қазірден бастап намысын аяққа таптасаңыз ертенгі келешекті ойладыңыз ба?



Егер Батыс Қазақстан мен оралмандардың таза тілі қолданылатын болса,баламды қазақша оқытар едім. Қазіргі қойыртпақпен баланы қазақша оқыту мүмкін емес!



Осы қазақ біртұтас ұлт па?! Оңтүстіктің қазағы солтүстіктікін "орыстанған" дейді, олар өз кезегінде "южандарды" "өзбек болып кеткен". Шығыста "Қайырлы болсын!" жақсы тілек, өзге жерде ең жаман тілектің бірі. Қазақтар "нағыз қазақ"-"шала қазақ", "местный қазақ"-"оралман қазақ", "мәмбет қазақ"-"асфальтный қазақ", қазақтар және "шымкентскийлер" және т.б.с.с. болып бөлініп кете береді. Одан кейін жүзге, одан тайпаға, одан руға, рудан атаға сөйтіп -сөйтіп бөлініп кете береміз. Шетелдегі қазақтар мен Елдегі қазақтардың мінез-құлқы (мыс., Еуропалық, Түркиялық ағайындар)мүлдем екі түрлі. Жазуымыз үш түрлі (кириллица, латын, араб харіптері). Барша Қазаққа танымал Тұлғаның аты (бірнеше тұлғалардан өзге. Мыс., Абай, Абылай, Мұхтар) сол жердің мектебіне, университетіне (жер жердегә университет атауларын Білім және ғылым мин. сайтынан қарап көріңіз) ғана берілуде. Ол Тұлға бір қазаққа ортақ еместей. Не жершілміз, не біртұтас емеспіз...
Ойымда жүрген тағы бір мәселе, байқадыңыздар ма "жасырын камерадағы" түсірілім кезінде "қазақтың рухын әнімізбен көтеріп жүрміз" деген әншілеріміз орысша сайрай кетеді.



Тақырыпқа сай анекдот. Ана жақта адамның миы (әлде, мый ма еді) сатылып жатыр екен. Қатар қатар тізілген милардың біріншісінің бағасына 1000 сұрапты, келесісіне 2000, үшіншісіне 3000,... сөйтіп сөйтіп соңғысына келіп сұраса алдыңғыларына бірнеше есе қымбат екен. "Әй,орыстікі аншама мықты физиктері мен химиктері бар, жапондікі сөзсіз сол бағаға тұрады, мынауың ең ақылды дейтін еврейдікінен де қымбат, сонда бұл қай халықтікі?",-деп сұраған екен. "Қазақтікі!". "... Сонда бірде бір Нобель сыйлығын, бірді бір Оскар алмаған қазақтіккі қалайша қымбат",-десе. "Зато бұл жұмыс істемеген свежый ми",-деген екен. Азат



Қазір қалталылар мен жылпостардың заманы. Қалтаңда көк тиының жоқ болса қанша жерден ғұлама болсаң да естір құлақ шамалы. Сондықтан қазіргі адамдар бейтарап. Қазақтардың көзқарасы өзгерді көп жағдайда, әркім өзімен-өзі. Маған бұрынғы қазақтар көбірек ұнайды: ақкөңіл, бауырмал, салт-дәстүрді берік сақтаған, қиянат жасамаған,адал. Сосын көпбалалы отбасындағы тәрбие қандай еді?! Бір өкініштісі жағдай жақсарған сайын бала өсіру саны тым аз.



mening oimsha arkashan minezi ar turli adam bolgan da , bolady da. eng bastysy sen ozin kimdi nasihattap, oz basyn kandai tirlik zhasaganyn. Zhaksy kogamdy ozine  zhane balana kalasang Engbekti nasihatta, Zamanga ilesydi nasihatta zhane, arine, adilettilikti nasihatta



Біріншімен келісемін. Борис Ельцин алып берген тәуелсіздікті өзіміз қадірлемей отырмыз. Қадірлемей отырған қазақ халқы емес, биліктегілер. Оларға қазақ елі тәуелді, тәуелсіз болсын бәрібір, өз құлқындарын тойдырса болды. Қалталарын толтырып болған соң зып беріп, шетел асып кетеді. Ол *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*дар қазақ ұлтын бас көтертпей ұстауды қалайды. Сондықтан біз қазір қол-аяғымыз шынжырлаулы құлдармыз. Орыс империясынан көрген қорлығымыз бен қазіргі қорлығымыздың еш айырмасы жоқ. Сондықтан тәңірден күні-түні жалбарынып, Аттила, Күлтегін, Шыңғысхан сынды Ұлы даланың байлығын кері қайтаратын ұл тілейік!!!!



Мен де өзім туралы ғана айтайын. Еріншекпін, бірақ көңілім болғанда жұмысты опырып істеп тастаймын. Көңілшекпін, бірақ жыныма тие бергенді тайпап тастауға әзірмін. Ақылсыз емеспін, бірақ сол ақылды өз пайдама жарата білмеймін. Ешкімнің ала жібін аттаған емеспін, бірақ біреуге пәлендей жақсылық жасадым деп те айта алмаймын. Кекшілдігім мен кешірімшілдігім бірдей. Ұлтымды сүйем, бірақ сол ұлтымның жаман қасиеттерінен жиіркенем. Аллаға сыйынам, бірақ діндар емеспін. Қазағымның бүгінгі жағдайына жүрегім сыздайды, бірақ сол қазақ болып туғанымды мақтан етемін.
Қабыл



Біз қоймыз!



Пікір алынып тасталды!



кой озин шыгарсын козы Биз нагыз ак ниетти халыкпыз Н Е Г И З И



Қазақ болу қызық та, қиын да емес.
Жүрегіңде жүз майдан...
Миыңда егес...
Қазақ болу Құдайдың берген бағы!
Қазақ болу сорың да, сыйың да емес...



Дейсінба казак болу киын емес,
Шын казак булай айтып кателеспес
Казак болып келгенен сон,
Казак болып калган дурыс
Казак болып калганан сон
Ана сутпен дарыган ана тілді
Букіл казак білуі тиіс!!!!
 
 



Шынымен түсінбей ме мына қасқа
Мына - көз, мына - жүрек, мына - басқа?!
Мына қасқа шынымен түсінбей ме
бұлбұлдың қонбайтынын қу ағашқа?! (с) М.М.



"Жапон ұлтын ата жолынан тайдырмаған шығыстық болмыс - қазаққа үлгі бола ала ма?"
(фото-видео репортаж)
Жапон еліне саяхаттап барып қайтқан қазақтың екі ақсақалының ұлағатты әңгімесін төмендегі сілтемені басып көре аласыздар:
http://internettv.kz/?p=618



С. А. С. мырза (сөз саптауыңызға қарағанда ер адамға ұқсайсыз), сіздің өзіңіз туралы жазғаныңызды оқып қатты сасып қалдым. Адам өзін өзі осынша жек көруге бола ма екен? Сіз шамасы өзіңіз жайындағы бар шындықты көңілсіз отырып жаза салған сияқтысыз. Дегенмен, адамның іштей жаман әдеттерден арылғысы кеп осылай ашынуы, ашылуы дұрыс та шығар. Бірақ сіз өз бойыңыздағы кемшіліктерге бола ұлтыңыздан жиреніп немесе барлық қазақ жасы мен сияқты деген біржақты ой түймесеңіз болды.
Ғалия



Ұлттың болмысын анықтау ғалымдардың үлесі болуы тиіс. Кеңес одағына дейінгі қазақ кім болды, кеңес одағы кезінде қандай еді, капитализмдегі қазақ қандай және болашақта қандай болуы тиіс деген мәселелерге тұщымды жауап алар кез келді. Өкінішке орай мұны саясаттандырып аламыз да, түбіне жете алмаймыз. Өзінікін дұрыс деген билік бүгін бар, ертең жоқ, ал халық қалады.



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Мен ҚАЗАҚ пын мың өліп, мың тірілген!!! Жоғарғылар сонын бір өлгенің көріп доныз болып жатқан шығар. Мен қазақты сүйем ұлттық болмысымды қадірлеймін басқа ұлтқа айырбастамаймын. Ыңжық, сорлы, ездерге қорлатпаймын ұлтымды. Оларға өз адами қасиетінді ұлтқа жаппа сенің сана-сезіміннің төмен жетілмей қалғанына біз кінәлі емеспіз.Оны ұлтқа кір қылып жаппа!!! Раушан



Пікір алынып тасталды!



Жаркын унмен айтамын казак деп мен,
Жербетін кездеседі сирек білем
Өткен күнді ойласам жанып, куйем..
Әлі уйктап журсіндер енді нетем???



Топырақтан жаралған сасық кеуде,
Тәкәппар боп несіне бұлданасың?
Жаратқанды ұмытсаң, пасық пенде,
Түптің түбі басқаға құл боласың -дейді, ақын Балғымбек Имашев
Ұлттық құндылығымыз жойылатын болса, ұлттық мемлекет бола алмаймыз. Ұлттық құндылығымыздың бір белгісі - тіл. Егер біздің әрқайсымыз өзіміз ұмтылмасақ, ұлттық қадір-қасиетімізді, ана тілімізді өзіміз қорғамасақ, онда мың жерден айтып, жазып, мыңдаған тіл оқыту құралын шығарғаннан бес тиындық пайда көрмейміз. Ондай жағдайда қазіргі тәуелсіздік алғанымыз, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе бергеніміз барлығы – бос қиял, әншейін уақытша жетістік болып қалады. Біз осындай жардың жиегіне келіп тірелдік.

EREKE



http://abai.kz порталына осынау ұлт үшін ең маңызды тақырыпты сол халықтың арасына талқыға шығарып жатқандары үшін мың алғыс.
Жалпы осы порталда есті, білімді, жүректі азаматтар көп отырады. Және де оған қоса, бұл порталдың оқырмандары халық арасында пікір қалыптастыруда ықпалы зор азаматтар екенін тағы айта кету керек.

Ал біз кімбіз деген сұраққа жауабым мынадай:
Біз қазақ көп болып кеттік. Таза қазақ, шала қазақ, уахаби, суфи, анау-мынау деп. Олардың басы бірікпей ел болып дамуымыз екіталай. Жаңағыдай "көп" қазақ аққу, шортан һәм шаянның кебін кигізіп келеді. Бұл қазіргі уақытта тым асқынып бара жатқанын есті, ойлы азаматтар түсінеді.
Билік, мемлекеттің негізгі тірегі, үміті, арқауы болғандықтан сол мемлекетіміздің халқының біртұтас болуын қамтамасыз етуі қажет.
Дәл қазіргі уақытта халықтың біртұтастығы жалған ұрандар мен айғайлар негізінде, қазаққа еш қажеті жоқ Ассамблея қабырғасында ғана айтылуда.
Әр қазақ әр қазақ менің жалғызым дегенде ғана ЕЛ боламыз.
Экономика қарыштап дамып кетсе де (Хабар, Қазақстан, Егемендердің айтуынша дамып келеміз) оның халықты жұмылдыруда, қазақтың еңсесін көтеруге себі болмаса, рухани дамуға үлесін қоса алмаса, қазақ кедей болса қажеті қанша. Қазақ Тәуелсіздік алғалы кәрістер мен еврейлерді, одан қалса үнділер мен өзбектерді асырап келеді. Осыған тосқауыл қою керек. Қазақ жерінің байлығы қазақтардың еншісінде болуы керек.

Қазақ, қазақ болуға ұмтыл. Саналы қазақ, өзгелерінің де санасының оянуына атсалыс.

Біріңді қазақ, бірің дос
Көрмесең істің бәрі бос.
Абай.



Мен ұлтымды шексіз сүйемін және мақтан етемін! Бұл қазақтың дүниетанымы, өмірлік пайымы, көрегендігі өте биік. Оның мейірімділігінде, тұтастығында әрі әділдігінде шек болмаған ғой кезінде. Әрбір салттың өзінде терең өмірлік мән жатыр. Мен өткен шақты айтып кеттім...
Бүгін біз өте ұсақпыз. Сәл май бітсе, шірене қаламыз еңкейе алмай, талтаң-талтаң...Жас ата-аналарға қаным қайнайды балаларымен орысша сөйлесетін. Биліктің ұсақталғаны соншалық, ол азаматтық позициясы биік азаматтан қорқатынды шығарды...Кімнің ақ, кімнің қара екенін ажырату мүмкін болмай кетті бұл күнде. Қызық...Жемқорлықпен күрес деген мафияның ойынына айналған.

Ауылдың қазағы маған жақын. Әсіресе Торғай жерінің қазақтары. Автобуспен жол жүргенде кәдімгідей демалып қаламын. Сондай ақ көңіл, кең пейілді. Бұрын көрмеген адамың болса да, жақын тартып тұрады сені. Сойтіп 10 сағаттай жол жүрсең де, езуіңнен күлкі кетпей, еш шаршамастан, әлгілерді қимай-қимай автобустан түсесің))) Ал қала қазақтары басқашалау, ешкімнің ешкіммен шаруасы жоқ. Әркім өз өмірімен әуре. Жанталасқан, қатып қалған біреулер. Бәрі емес, әрине.

Біз қорқақпыз, жалтақпыз, дарақы, мақтаншақпыз. Иілмейтін жерде иіліп, бас иетін жерде кекірейіп қаламыз. Бұрынғы қонақжайлылығымыз бүгінде жарысқа айналған. Той жасағанда "кім мықты" деген оймен жасаймыз. Біз сосын өз ұлтымыздан неге қорынамыз??? Кейбір қарны жуан "әжептәуір" ағаларымыздың "қазақпайшылық" деп жирене қалғандарын көргенде, жаным ашып кетеді оларға...

Қазағымның аспаны әрқашан ашық болсын!



Қазағым жетелейді армандарға
Орындалат екен ау армандарда
Шау қарға, құзғын қарға, қара қарға
Үш жүзге бөлінеді қарғаларда
Бір-бірінің көзін бірақ шұқымайды
Қатарласып қонса да жардан-жарға
Қарға екеш қарғалардың ынтымағын
Берсе ғой қазағыма арман барма. Деп ата-бабаларымыз ынтымақ, бірілікті армандаған, алтау ала болса ауыздағы кетеді-төртеу түгел болса төбедегі келеді деген-қазағым, жастарым ауыз бірліктерің дұрыс болсын дегім келеді.



Қазақ анау екен, мынау екен деген әңгіменің бәрі өтірік. Тумысынан текті, жаратылысынан дегдар Қазақтай халыққа сан алуан кеселді мінездер, жағымсыз қылықтар отаршылдық езгіден, империялық жүйеден жұққан. Бұл - анық жайт. Халық ішінде әр түрлі адамдар болады, бірақ бұл ұлт дегенді білдірмейді ғой.
Қазақтай ұлт жер жүзінде жоқ, болса біреу, оның өзі - Қазақ.
Қазақта жаман қылық жоқ, жақсы қасиет көп. Егер сіз ұлтыңызды өлердей сүйетін болсаңыз, ешқашан жамандаушылардан болмаңыз!

(Естеріңізде болар, бұл туралы марқұм Ақселеу ағамыз Құдайдың зарын қылып еді ғой)

Заңғар Кәрімхан, Астана.



Дегдар /бекзат/ қазақ дегдар /бейжай/ қалыпқа түсті ғой, сол ғой жаманы.
Қабыл



Пікір алынып тасталды!



Мағауинды көп оқу керек болар? Қазақтың кім екенін айтатын бір адам болса, сол кісі



Кім де кім өзін қазақ сонаса, Жаратқанға мың да бір шүкір десін. Қазақтай ұлт болған емес, болмайды да. Занғар, Қабылдай ерлер аман болсын, Қазақтың көші түзеледі. Тек талмай қазақы тәрбие беру керек ұрпаққа. Мынау өтпелі ауыртпалық, өзін қазақ санағандар қазір рухани шынығу үстінде. Жасындай жарқылдап шығуына көп те қалмаған шығар. "Дүние кезек"- деген қазақпыз, ұрпағымыз азбай, өз отанына иелік ететін күнге де жетерімізге жүрегім бек сенімді. Бәрін білуші бір Алла. Алаш баласы.



біз текті ұлтпыз, тарихта із қалдырған



Иа текті ұлт ардайым тек болып калу керек тектілікті жогалтпау керек
 



Бүгін жексенбі. Қол бостау. Шынында жұмыс көп, бірақ кежегем кейін тартып отыр.
Жалпы мен үшін осы тақырып онша маңызды да емес сияқты. Өйткені мұнда ақылман көп, "әр кәллада бір қиял". Қанша айтқанмен тыңдаушы жоқ, айтушы басым. Біз қандай ұлтпыз? Соны айту үшін бірінші біз ұлт болып қалыптасып үлгерген халық па екенбіз? Ұлт түгілі әлі күнге ру-ру, шу-шу өмір сүріп жатқан жоқпыз ба?
Әлбетте рулық қатынас егер дұрыс түсінікте, дұрыс қолданыста тұрса зияны жоқ. Тіпті пайдасы да шаш етектен. Бірақ оның мәні мен мағынасын түсініп жатқан кім бар? Енді міне, "балық басынан шіріп", бізге тұтқа, елге пана болады деген ағаларымыз ру-ру, жүз-жүзге бөлініп, қырық пышақ болып жатыр. Осындағы СС туралы тақырыпқа қарасаң жүрегің айниды. "Елді ұлы жүздер, кіші жүздер билеуі керек"-деген қайдан шыққан шатпақ?
Мен сайлау ісіне көп қатыстым. Сондағы сорлылық та осы - рушылдықта. Осындай санамен біз Ұлт болдық деген мазақ сияқты. Осы сайтта болуы керек, мен өз пікірімді жазған болатынмын. Адамдарда екі ақ туыстық бар. Тәндік және Рухани. Адамға ең жақын тәндік туыс - доңыз(шошқа), рухани туыс - не періштелер, не шайтан. Санасын рулық ұсақ пиғыл басып қалған қоғамда оңған бірлік пен бауырластық болмайды. Ондайларды атам қазақ "көтінің астынан күңкілдеп қалған, көтінің астындағыдан арыға көзі жетпейтін сорлы"-деген. Мұны білген кісі Діл деп атайды. Кезінде Оғыздық бауырларымыз түрікмендерде жаңа түскен келінге "тіліңді кесейін ба, діліңді кесейін ба"-дейтін болған. Сонда тәрбиелі келін "тілімді кес"-деп, ата-енесі отырған жерде сөйлеуден біржола тосылады екен. Өйткені тәрбие басы анадан.
Ұлт болу үшін ол әділ, шыншыл болуға да тиіс. Өткенде осы сайтта бір орыс журналисттің біздің "МАИ"шелпекшілерді ит қылған бейнетаспа берілді. Бәрі бұл орыстың әділдігін, ақиқат соның жағында екенін біле тұрып соған "лағнет" айтудан жарысқа түсті. Егер есті халық болсақ неге біз өз "нақұрстарымыздың" иттігінен намыстанып, оларды тезге салып алмаймыз? Құнанбай жарықтық осындай дау үстінде өз туысын түйеге асып өлтіртпеп па еді?
Бір көсемшар "тілді дамытамыз, тіл ұлттың тұғыры" деп далбасалап оңға да, солға да шапқылап, бір қазақты мыңға бөлшектеп жүр. Рас, тіл ұлттың ең құдіретті қаруы. Бірақ оны зорлықпен кім ұстап тұрмақ? Тілді мықтау үшін алдымен ділді мықтап алу керек. Қазақта "кімнің арбасына мінсең соның өлеңін айтасың"-деген сөз бар. Біздің мінгеніміз әркімнің көлігі, жегеніміз тағы да жаттікі, кигеніміз қытай мен түріктікі. Сонда қалай өзіміздің өлеңді айтпақпыз? Тілдің сақталуы үшін сенің тіліңе сұраныс, оны үйренуге мәжбүрлік болуы керек. Яғни сен оған емес, ол саған, сенің тіліңе мәжбүр болса ол оны білуге өзі үшін ұмтылады.
Ұлттың келесі бір белгісі - діні...
Егер осы жазғанымыздан пайда болатын болса мен күндіз-түні мониторға телміріп жазудан қашпас едім. Өкінішке орай осының кімге керегі бар? Абай атамыз айтқандай қазіргі қазақ дегеніміз "Бас басына би болған өңшең қиқым" ғой. Ал, енді айтыңдар мен секілді "*Бейәдеп сөз жазбаңыз!*ға" бар биліктеріңді.



Улт атынан ештене айтпаймын, окып отырсан бари де рас...Озимнин де С.А.С. мырзамен уксастыктарым бар екен...Жаксы касиеттерим азайгалы кашан...бугин осы суракты койдык, ертен жаксы касиеттер дегенимиз кандай деген суракка жабыла жауап издемиз - ау...Оз басымда, намыста, жигерде аз...Тозимшилдигим, жомарттыгым, кешире алатыным, тусине алатындыгым, тапкырлыгым, енбеккорлыгым, кайратым, сезимталдыгым, зейиндигим тагы баска болып кете берсе де, жогарыдагы еки касиеттин аздыгынан барлыгы да, жоктыгы да белгисиз болып калады...Жасымыз жиырманын бесеуине жетпесе де, осы касиетти синире алмаппын...Арине, ата - анамыз киналы емес, казирги жуйеден сиякты гаптин кокеси...

Аякоздик



Бөрі

Байғұс, көкбөрі. Азығым жолда деп жорта-жорта мойның ырғайдай, битің торғайдай болыпты-ау. Иесіз қалған иттер үйір-үйір болып, анталап жүрген заманда бүлкек салар жерің тарылып, азық табуың ауырлап барады. Бұралқы шәуілдектер көкжалыңды кергілеп, алқымнан қызыл қан ағызғанда от шашқан көкшіл жанарыңнан дәрменсіздіктің тамшы жасы сырғанағаны кәміл.
Байғұс, көкбөрі. Сені символ еткіміз келеді. Екеу ара әңгімеде, ел алдында езу көпіргенде бөлтірік екенімізді жарнамалауға үйірсекпіз. Бірақ, біз іштен мүгедек, кембағал болып туылған немесе көзін ашпай жатып аңшылар тірсегін қиып жіберген бейешара-бөлтірікпіз. Азуымыз жетілмеген я кетілген. Сондықтан қол салғанның білезігін қандағанның орнына қыңсылай салғанды жөн көреміз. Қазір «Пробиркадан шыққан бала» деген ұғым бар. Кімнің ұрығы екені белгісіз бір пенде өмірге келеді әйтеурі. Яғни, тексіз! Біз осы сөзден қорққандықтан «көкжал ұрпағымыз» деп ұрандатамыз. Негізінде пробиркадан шыққан халыққа айналып бара жатқанымызды, тектілікті басқа теуіп, кең әлемде бет албатты тентіреп бара жатқанымызды ішіміз сезеді. Ал көк мұз жапқан шыңның басына шығып ұрпағына ұран сала ұлитын бөріліктің жұрнағы қалмаған.
Интеллегенцияның түбірі интелект, ой парасаттан тарап, «зерделі адам» дегенді білдірсе біздің парасаттылар, яғни көкжалдар, үйірлі иттен ығып жүр. Ұсақталып барады. «Мағауинның Лашын тазысы сынды адал бола алсын сол байғұстар» деп тілейік Алладан. Қазір қазақ адал ұлға зар. Әй, қайдам? Мінез көрсету үшін сырттандық керек. Әйтпесе жаратқанның берген дарынын дүние*Бейәдеп сөз жазбаңыз!*қа малғандардың осыған ақылы жетпес дермісің. Сырттан сынды болмысын алуан бояуға шыламауға, бөтен алдында құйрығын бұлғаңдатпауға олардың дәрмені жетпейді. Бар қасіреті осы болса керек. Жасық «көкжалдың» соңына ілескен «бөрілер» жетісе ме? Оларды түз тағысына телудің өзі жетесіздік болар. Бұл ит пен қасқырдың буданы, нақтырақ айтсақ сиам егіздері сынды екі жарты тәннен тұтасатын - гибрид. Тағы да Мұхтар аға ойға оралды-ау. Жармақ, жартыкеш екенбіз шынымен. Өткенде бір жазушының жоқшылық қысып, ұрлыққа түскен баланы қасқырит талап өлтіретіні туралы әңгімесі жарық көрді. Өлген бала ма? Марқұм образы ішінен жоғалған тегін, қаныңның тамшысын, жасыған намысының ұшқынын іздеген жан бар ма, болса неге үн қоспайды? «Зарлана ұлысам» дегеннен көрі «үнімді біреу естіп қоймасын» деген жалтақтық басым түседі мұндай сәттерде. Осыдан барып сөз ұсақ. Абайшылап сөйлегісі келгендер пікірі өзгере бергеннен ойбайшылға айналғандарын байқамай қалған сынды. Екіжүзділік. Нақтырақ айтсақ ит пен бөрі буданынан шыққан, өзіміз ұға алмай жүрген бір мінез. Ірілікті қоя салайын десек қоғам арасында бөрілі байрақ ұстаған бабалар туралы аңыз өріп жүр, ұсақтықты қоя салайын десек құлқын шіркін қымбат. Өтежан Нұрғалиев «Кіші жүзден шыққан төрт жазушы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған бір адамның үстінен арыз жазып, обалына қалып едік» деді өткенде. Үнемі қыңыр сөйлейтін ақын Кеңес кезінде үдеп тұрған рушылдықтың қазір мүлдем асқынып бара жатқанын байқап, сабақ болса десе керек. Рас-ақ, тұлғаларды қалай сипаттағанына қарап тарихшылардың, шығармасының желісіне қарап жазушылардың, шыққан жеріне қарап шенеуніктердің қай рудың адамы екенін анықтап алу оңай болды осы күні. Ақындар да «Әр қазақ менің жалғызым» деп еңіреп келеді де, «біздің жақтың иттері өзгелердің барысындай» деп аяқ асты бүліне салады. Бұл ішкі қарама-қайшылық, ағалардан жұққан әдет. Ішің аласапыран, ойың тұман болып тұрып, тұтас қазаққа керек шығарма жазу мүмкін емес. Бөрі мінез мұндай құбылмалылыққа жол бермес еді. Жонын күжірейтіп, өз дегенінен тайсалмай, азаттығын асқа айырбастамай өр қалпында күн кешеді, өмірден сол кесек қалпында өтеді. Біз не істеуіміз керек? Әлі де «Бөрі ұрпағымыз» деп күжірейе береміз бе? Жүні жығылып қалған желке күжірейткенге келе қоймас!?



Менің ұлтымның тұла бойын дерт бунаған. Ең әуелгісі - жасықтық. «Ит-ай» дегенді иектен сарт еткізудің орнына жуынды құйылған итаяққа көзін сата беретіндер көп. Содан қалай да ауыз тием деген ниеттен барып екінші кеселі - жағымпаздық туады. Әкемдей адам әкімге, атамдай адам одан мықтылау әлдекімге жағымпазданады. Соның әуеніне төңкеріліп бұлбұлша сайрап сала береді. Үшінші ауруы - жалғандық. Өзінің ұятты қылықтарын бүркемелеймін деп көп жерде өзеурей сөйлейді. Кеудесіндегі «Мені» қайыршының үйіндегі көрпедей шолтиып қалғанын, басын бүркемелесе басқа жағы ашылып қалатынын біле тұра халқын ақымақ санап, сарнай береді... сарнай береді... Бойы қалтырап отырып батыл, батыр көрінгісі келеді. Бұл сырқаттың түпкі диагнозы –бейшаралық. Ал, оның қоздырғышы – ҮРЕЙ. Оны емдеуге дәрігер де, тәуіп те тәуекел ете алмайды. Қорқады.



Қазақ жаман халық емес.Оған дәлел басқа ұлттардың әңгімесі:Кәріс пен Өзбек қызының әңгімесі:
Кәріс:-Өзбектер, сендер,қызық халықсыңдар,ана қазақтардан неге үйренбейсіңдер,олар жеті атасына дейін үйленбейді,сендер болсаңдар туыстарыңа үйленесіңдер.Өзбек:Мен Өзбекболсам да өзбектерді керемет жек көремін,өйткені олар қайырымсыз,әр өзбек өзін ғана ойлайды,әркімөзі үшін,өліп бара жатсаң туыстар болыспайды,ал қазақтар бір бірін қандай қолдайды,қандай көмектеседі,олардың көрімдікке берген ақшасына бір көлік алуға болады.Екі баламен қазақтар алмайды әйтпесе қазаққа күйеуге шығар едім.
Кәріс:-Мені қазақтар ылғи қазақ екен деп қалады,неге орысша сөйлейсің деп ұрсады,олар умный халық,сендер,өзбектер.....ары қарай айтпай-ақ қояйын мақтанып кетіп жүрермін.Қайырымды екеніміз рас,бауырмал екеніміз рас қой,той болсын,өлім болсын,көмегімізді аямаймыз.
Орыстар әңгімесі:
-Топырақты өлімге бір бірімізге барайықшы,міндетті түрде барайық,қазақтардан ұят!
Көрші орыстың іргелес орыс кемпірі қайтыс болғанда шәкілдеуік шағып отырғанын көріп жағамды ұстадым,о,тоба!Қазақтар жауына да барып көңіл айтып,топырақ салады ғой.
-Біздің зираттар балшықты жерге орналасқан,қазақтар жер ыңғайын біледі,олардікі қырда.
Осындай мысалдар жетерлік.
Қазақтар үйіне келгенге үйдей өкпесін айтпайды,бұл да тектілік.Қазақтар өзге ұлт сияқты жаманын бөліп тастамайды,бірге айтады біз алқашпыз,біз жалқаумыз деп.Жастар арасынан іскер,өжет,ұлтжанды топтар өсіп келеді,солар ұлт келешегі.



Атымды ұмытып кетіппін,Нұрғайни



Біз Кенесарыдан кейін Елбасыға жарымай жүрген соры қалың ұлы халықпыз. Кезі келіп қаны қазақ, ақыл-есі дұрыс Елбасымыз болса әлемдегі ең жақсы, ең дарынды, ең батыр халық болып шыға келеріміз анық. Алла-тағалам сол күнді көруге жазсын.



Мен "вс, 10/10/2010 - 16:33" Қонақпын.
Кешіріп қойыңыздар! Тақырыпқа қайта келдім.
Кешегі жексенбіде Қырғыз бауырлар сайлау өткізді. Менің бар ақ тілегім мен ниетім солардың үстінде болды. Неге?
Өйткені олар ұлттық тегімізге, дәстүрімізге, мемлекеттік құрылымымызға батыл түрде қайта қадам басты. Ендігі сұрақ не себепті мен де олардың әрекетін өзімізге меншіктеп, ортақтасып отырмын? Осы мәселеге келейік.
Біз, бүгінгі қазақтар күні кешегі Ұлы Қарахан мен Көк Бөрі хан тұсында Алтын Ордаға салық төлетіп, салықтан бас тартқаны үшін Рұм империясының шаңырағын ортасына түсірген Оғыз қағанатының қара шаңырағымыз.
Олар үш Орада мен үш тайпалы елден тұратын және алты Аланча(Алаш) аталатын еді. Үш Орда:
1. Сыртқы Оғыз ордасы(бүгінгі қазақ тайпалары)
2. Ішкі Оғыз ордасы(бүгінгі өзбектер мен Орта жүз тайпалары)
3. Қыр Оғыз ордасы(бүгінгі қырғыздар)
Үш тайпалы ел:
1. түркмендер,
2. қарақалпақтар,
3. құрамалар.
Қазір солардың негізінде бес мемлекет пайда болып, бес түрлі саясат жасап отыр. Марқұм Мұстафа Шоқай осыларды бір шаңыраққа біріктірем деп бүкіл өмір қызығынан құрбан етіп, Отанынан баз кешті. Өйткені бұл мүмкін емес, қайта жамауға келмейтін, өтіп кеткен ғасыр еді. Бүгін де ол үшін ақ тер, көк тер болудың қажеті де жоқ шығар?
Бірақ басқа ұлттармен араласуға түспе, алғашқы ділін(менталитет) сақтап қалған екі ел - Қазақтар мен Қырғыздарда ортақтық өте көп болатын. Енді қарасам, біз - қазақтар да түп тамырымыздан біржола бет бұруға кеткен сияқтымыз.
Мен осыдан бұрындары да "Қазақ ұлт емес, түркілік өмір салты"-дегенді көп айтып, Керей мен Жәнібектің қоныс аударып келгенде "біз де қазақпыз" деп, мемлекеттік бірігу саясатын жүргізгені мен осы саясат арқылы жеңіске жеткенін мыңдаған мысалдармен жазып та, сызып та келдім. Қазақ болу үшін ең алдымен еркіндік керек. Тек қана "айдағаны бес ешкі ысқырғаны жер жарып" көшіп-қонып қана тұрмыс кешпей еркін халық болу керек. Біз осы еркін болмысымыздан айырылдық. Ұсақ пиғылға құл болсақ, пиғылымыздың иесі бір ғана адамға айналды.
Ал, қырғыздар өздерін өлімге тіксе де Ұлт ретінде мұндай ұсақ "өзім аман болсам, өзгеде нем бар" деген құлдық психилогиядан биік тұра білді. Біз тәрк еткен: "малым жанымның, жаным арымның садағасы" деген қағида оларда сақталып қалды.
Бізде осы оқиғаның алдында "парламенттік мемлекеттік құрылып қоғамның қалыпты дамуына кедергі, бір заң бір жыл жатып, мемлекеттің шұғыл әрекет еруіне кедергі келтіреді" деген секілді пікірлер қаптап кетті. Бұл деген не? Бұл деген "Сендердің араларыңда миы бар адам жоқ, сендер өздеріңе не керек, не керек емесін білмейтін малсыңдар. Сондықтан сендерге сенуге болмайды" деген сөз. Бәрін білетін бір ғана адам... Бұл егер түптеп келетін болсақ ұлтты ашық түрде қорлау, мазақ ету. Біздің тегімізде мұндай мазаққа төзуден өлім артық саналған. Сол үшін "малым жанымның, жаным арымның садағасы" деп ашық айтқан.
Қазір бірнәрсе болса АҚШ-ты, Еуропа мемлекеттерін мысал ету дәстүрге айналған. Сол елдерде осында мазақ бар ма? Біреу маған Сенатқа, Парламентке біздегідей сенімсіздік мысалын келтіріп бере ала ма? Егер АҚШ президенті сайлау алдында бір сенатордың кандидатурасын қолдап, оған ерекше жағдай жасаса, болмаса Сенаттың келісімінсіз бір елге соғыс ашса, мемлекеттік келісім шарттарға қол қойса не болады?
Бүкіл тарихты алып тас-талқан етіп талдап көріңіздер, қай мемлекет жаңа өркениетте монархиялық билікпен табысқа жетіп еді? Қазақ атамыз қашанда "көптің көзі көреген" деп көпшіліктің дегеніне ден қойған.
Ежелгі Рим империясы құламас еді, егер бір есалаң император атын сенатор етіп тағайындамаса. Ал, бір қоғамдарда аты түгілі есектер сенатор болып жатса ол елдің, ұлттың тағдыры не болмақ? Қырғыз бауырларымыз осыны дер кезінде дәл түсініп, "небір бақсы-балгерлердің" сөздерін ысырып тастап, жаңа жолға, ата дәстүрге қайта бет бұрды. Олар мықты ұлт екенін осылайша дәлелдеп шықты. Сонда біз қандай ұлтпыз?



Қыр Оғыз Ішкі Оғыз өзбекті,екеуі бір бірін қырды,әлі де қалай болатыны белгісіз,екі аяғынан тік тұрып кеткен жоқ.



Тағы да мен.
Бұған бейшара халықтың не кінасы бар?
Ата тарихымызда дәл осындай Ішкі Оғыз бен Сыртқа Оғыздың арасындағы бір ас үстіндегі болмашы дау бүкіл Оғыз ұлысын бір-біріне жау, ит пен құсқа жем еткен.
Сол себепті маңдайлары тасқа тиген бабаларымыз: "Үй ішінен үй тіксең, төріңде ит отырады"-деп бекер айтпаған. Мейлі қырғыз, мейлі өзбек, мейлі қазақ, мейлі орыс, болмаса шүршіт бол, бірақ кімнің шаңырағында отырғаныңды ұмытпа. Тек қана "жаман үйді қонағы билейді". Мен өзбектерді өгейсімеймін, бірақ қырғыздарды кіналаудың да қажеті жоқ. Өзбек ағайындар өздеріне Отан болған елде мамыражай отырған соң мүндай іргелі саясатқа үстемдік етуге ұмтылмай "көтті қысқан бай болады"-дегенді ұмытпауы керек еді. Қырғыздар осыны ескертті. Сонда біз қандай ұлтпыз?



Біз қандай ұлтпыз, қандай? Сұрақты дұрыс қойып отырсыздар. Осы сұрақты жоғарғы биліктегілерге берсең қандай жауап алар едік? Жауаптарына қарап отырып білер едік оларды. Ал енді төменгі қазақ халқына келсек, бес саусақ бірдей емес, бірі ұзын, бірі қысқа, бірі семіз, бірі арық. Сондықтан бар қазағым үшін жауап бере алмаймын. Біз деген өте ақылды, байсалды, қонақжай, елімізді, жерімізді өте жақсы сүйетін бауырмал, мақтаншақтау халықпыз! Оны екінің бірі біледі. Сондай тамаша халық болған соң біздің есіктен кіргендер бірден төрге шығып кетеді. Оларды өзіміз шығарамыз, оу айтыңыздаршы басқалар олай етпейді ғой. Өзіміз жалаңаш қалсақта, квартирадан квартираға көшіп қаңғырып жүрсекте, жұмыссыз қалсақта бәрібір, басқаларға көмектескіміз келіп тұрады. Біздің сондай екенімізді басқалар біледі де бір-бірімізге қарсы қойып қояды, анау кіші, мынау үлкен, анау орта жүз деп. Өтірік мақтаса болды даңдайсып кетеміз. Солай өтірік мақтап бізге айдаладан, өз елдеріне симай келгендер қазір біздің елде тойып секіріп жүр. Оған ілескендер өз ұлтын, жерін, дінін сатқан, өз қамдарын ойлаған сатқын мәңгүрт қазақтар. Осы біздің жазғандарды олар оқымайды да, түсінбейді де. Бұндайлар көбейіп кетіп барады. Мен осыларды көріп отырып, біз қандай ұлтпыз деген сұраққа айтарым: қазақ деген өте ақылды, байсалды, қонақжай, елімізді, жерімізді сүйетін, батыр, еңбекшіл, әрқашан күндей жарқырап жүретін шыдамды ұлтпыз! Қазақтар отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын нағыз батыр халық. Мен өз ұлтымды сүйемін, өте жақсы көремін. Жаманын жасырамын, жақсысын асыруға тырысамын.
Жоғарыдағылар ауысып, мәңгүрттер кетіп нағыз халқын сүйетіндер келсе солардың орнына, біздің бағымыз жанады. Өзіміздің тәуелсіздігімізді сол келген елі үшін, жері үшін, тілі үшін жанын беретін қазақ келсе, біздің нағыз батыр ұлт екенімізді бәрі таныр еді.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
17 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>