Біртуған байке. Қырғызға айтылды. Қазағым сен тыңда! | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Біртуған байке. Қырғызға айтылды. Қазағым сен тыңда!

Жәрдемші


«Қырғызстанда бір ғана ұлт бар. Ол - қырғыздар». Қырғызстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Топчубек Тургуналиев «Азаттық» радиосының қырғыз қызметіне берген сұхбатында осылай депті. Роза Отынбаваның кеңесшісі қоғамдық талқыға «Титулды ұлт», «Ұлттық диаспоралар», «Отандастар» туралы заң жобаларын ұсынып отырған көрінеді.

Топчубек Тургуналиев титулды ұлт туралы заң жобасында қырғыздар мемлекетке атын берген ұлт емес, керісінше, мемлекетті құрған және оны ғасырлар бойы қорғап, аялап отырған ұлт ретінде көрсетілетінін айтқан. Оның айтуынша, "Ұлттық диаспоралар туралы" заңда Қырғызстанда тұратын өзге ұлт өкілдері автономия құруға құқысы болмайтыны көрсетілсе, «Отандастар туралы" заң жобасында шетелдегі қырғыз азаматтарына мемлекет қамқор болатыны тасқа таңба қойғандай қылып жазылмақ.

Сонымен бірге, Топчубек Тургуналиев төлқұжаттағы "ұлты" деген бағамда «Қырғызстандық» деп жазылу қажеттігі, оның ішінде өзге ұлт өкілдерінің тегі көрсетілмейтіні жайында осы заң жобасында көрсетілгенін айтып, мұның бәрі "ұлтаралық жанжалдың болмауына және елдің тұрақты дамуына негіз болатынын" дәлелдеп отыр.

Бұл жерде ең маңыздысы аталған заң жобаларын сол елдің президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі ұсынып отырғандығын атап өткен жөн (Ертісбаевпен амалсыз салыстырады екенсің).

Біздің ойымызша, Топчубек Тургуналиевтің ұсынып отырған заң жобаларының жаны бар сияқты. Осындай қадамымен бүгінгі Қырғыз еліндегі саяси билік ұлт мәселесіне бей-жай, жүрдім-бардым қарамайтынын, сондай-ақ, өз болашағын қырғыз халқымен ғана байланыстыратынын аңғартады.

Титулді ұлтты қайдам, басқа мәселелер біздің елге таңсық емес. Ұлттық диаспоралардың қамын ойлап, олардың Қазақстандағы болашағын қамтамасыз ету жолында бүгінгі қазақ билігі аянбай қызмет етіп отырғаны анық. Алайда, қазақ билігі мемлекетті құрушы және оның түп иесі қазақ мәселесін ылғи да ұмытып кете беретін секілді. Соның салдарынан қазақ қоғамының билікке ішкі наразлығы еселеп артып келеді. Әзірге, қазақ билігі бұл мәселені білсе де білмеген сыңайда. Бұл да өз кезегінде Топчубек Тургуналиев айтқандай, "мемлекетті құрған ұлттың намысын айналып өтпеді".

Естеріңізде болса төлқұжаттағы бағамды алып тастау туралы әңгіменің арты біздің елде орасан қоғамдық қарсылыққа ұшырағаны белгілі. Егер, қазақ билігі әуелі "титулды ұлт" туралы әңгіменің шетін шығарып, сосын төлқұжат мәселесін қыстырып жібергенде, бәлкім, идея басқаша қабылданар ма еді?! Әлбетте, мұның бәрін қазақ билігі білмеді десек жалған болар. Мәселе, қазақ билігі өздері жиі айтатын және талмай насихаттайтын "ұлтаралық татулық" таразысының тепе-теңдігінің бұзылуынан өлердей қорқатын сыңайлы. Алайда, "татулық таразысы" осылай кете берсе кешегі тепе-теңдігін ұстап тұр ала ма? Біз бірдеңе түсінсек, салмақ бір жағына әлдеқашан ауып кеткен сияқты. Оған елде өткен санақтың деректері дәлел емес пе?!

Тіпті, қазақ билігі көзінің қарашығындай аялап отырған "ұлтаралық татулық" қалалардың тарихи атауын өзгертуде де бірлік танытпай отыр. Айтпақшы, Қазақстан тарихында "ұлттық автономия" құру мәселесі бірнеше мәрте орын алғаны аян. Бәлкім, қазақ билігіне де жерімізде тұрып жатқан диаспоралардың автономия құрмақ түгілі, ондай ойлауға да жол екенін көрсететін заң туралы ойланып қойғаны артық болмас. Құдай сақтасын, бірақ, жаман айтпай жақсы жоқ дегендей. Соңғы кездегі елде болып отырған жағдайға қарап осындай да ойға келеді екенсің...

Ал, Топчубек Тургуналиев: «Бізде көп ұлт тұрады деседі. Қырғызстанда бір ғана ұлт бар. Ол - қырғыздар», депті. Осы тақілетті сөзді қазақ билігінің кез келген өкілінен есту біз үшін арман болып келген. Арман болып барады. Бірақ, кім біледі, бәлкім, біреу...

 

Абай-ақпарат

 


 




Қырғыздардың өздері сонша қырылып-шабылып жүріп, сондағы қол жеткізген табысы төлқұжатына ұлты жазылмай, бәрінің де ендігі жерде "қырғызстандық" болып жазылатыны ма. Ондан гөрі "қазақстандық" деген атаудан құтылған біз, қазақтар бақыттырақ екенбіз.



Дұрыстап оқысайшы. Ең бастысы ұлт мәселесін шешуге талпынып отыр. Сосын паспорттан өзге ұлттың аттарын құртып, жұтамыз дегені.



Ондай бізде де болған. Осыған дейін қолданылып келген шетелдік төлқұжаттарымызда ешқандай да ұлт жазылмайын еді. Бәрімізге де Nationality деген жерге "Қазақстан" деп жазылатын еді. Сөйтіп өзге ұлттардың атын құртып, сен айтқандай жұтып жіберген едік. Кейін де ешбір ұлттың кім екенін төлқұжатқа жазбай, бәріне тек қана "Қазақстандық" деп көрсетіп, елдегі 130-дан аса ұлттың бәрін одан әрі түк қалдырмай жойып, жұтып жібергіміз келген. Бәріміз "Қазақстандық" болғанда, солай болар еді.

Кезінде "Қазақстандық" болмаймыз, "Қазақ" боламыз деп, М.Шахановтар бастап түгел ел болып дауласып жүріп, төлқұжатқа ұлттың жазылуын оның иесінің өз еркіне қалдырдық. Енді келіп, "қырыз" деген аты өшіп, түгелдей "қырғызстанық" деп жазылатын болған Қырғыздарға қызығып отыр ма бұл мақаланың ауторы.



Кімнен болса да, қырғыздан үлгі алмай-ақ қояйық.

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



Дұрыс айтасың Жон!



Қырғыз-қазақ біртуған..Джон ақымақты кім туған???



Қырғыздар нағыз жауларын білмейді екен. Өзбектерді қырып салды. Сөйтті де нацизмнің, кәдімгі фашизмнің батпағына батып кетті. Енді Орталық Азиядағы бұл екі ежелгі ұлттың арасындағы қатынастарды түзету қиын. Бүлдіру оңай, жөндеу қиын ғой қашанда. Қырғыздардың нағыз жаулары Өзбектер емес, Қырғыздардың жауы - нацизм.



Асып кеетті қырғызың,
Сасып кетті кетті ұл-қызым.



Сасысаң саси бер өзің,
Бос далбаса екен сөзің,
Қазақша білмейтін қазақтардың
Менімше құрту керек көзін!



ЕЙ, ЖОН, ҚҰРЫ БАР, СЕН ДЕ ҚАЗАПЫН ДЕП ҰЯЛМАЙ АЙТЫП ОТЫРМЫСЫҢ?! ҚАЙДАҒЫ! АТЫҢ ДА АМЕРИКАНДЫҚ! ЕНДЕШЕ СЕН ДЕ ҚЫРҒЫЗСТАНДЫҚ ДЕГЕННЕН ҚАЙ ЖЕРІҢ КЕМ?! ЖОН, ДЖОН, ОН, ПАШОЛ ВОН! АЛЕКСАНДР СЕРГЕЙҰЛЫ ПУШКИН.



"ЖОН, ДЖОН, ПАШОЛ ВОН!" ТАМАША СӨЗ! ДЖОН, ӨШ, ЕЛІҢЕ КӨШ!



Басқадан үлгі алсақ-та қырғыздан үлгі алар ешнәрсе жоқ.



Топчубек Тургуналиев деген мына суреттегі ме? Жоқ типа қырғыз деп бергендерің ба? Одан да бішкектің суретін берсеңдерші. Кішкене тақырыпты ашатын.



Мына шал дунган сиякты ғой, жоқ-жоқ моңғолға көбірек ұқсайтын сияқты ма?



Қырғызстанда бір ұлт болса, Қазақстанда да бір ұлт ол - қазақ.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
7 + 6 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>