Бек Датұлы. Санаймыз деп сан соқтырыпты | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Бек Датұлы. Санаймыз деп сан соқтырыпты

Жәрдемші


Шортан деуге келмейтін, шабақ деуге болмайтын тағы бірнеше шенеунік қаржы полициясының қармағына түсті. Олар  - ҚР Статистика агентігі басшысының білдей орынбасарлары.
Биыл халық санағын өткізуге қыруар қаржы, нақтылап айтқанда 1 млрд. 144 млн. теңге бөлінген. Санаққа қатысып, санатта болуды жаппай жарнамалап, науқанды «у-шусыз өткізіп жіберуге» сол соманың төрттен бірі ғана жұмсалыпты. Өңгесі Стаиистикалық агенттіктің басшылары мен жеке фирмалардың өңешінен өтіп кетсе керек. «Биені бүгімен, түйені түгімен» жұтқыштар 800 млн. теңгені жымқырған. Халықты емес, қалтасына түсетін тиынды санаған қулар - Баянов пен Меңдібаев ақша қымқыру үшін жеке фирмалардың сойылын соғып, жалған кәсіпорындар құрыпты. ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас-жемқорлықпен күрес агентігінің арнайы өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, бұлармен бірге «КИІК фирмасы» ЖШС-нің бас директоры Нысанов пен құрылтайшысы Тұржанов та тұтқындалған.
Қазынаның қаржысын аш кенедей сорып үйренген шенеуніктер темір торға тобымен қамалса да таң қалмайтын болдық қой. Мәселен, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Есіл экологиялық департаментінің басшысы Әбдінұр Батаев та тұтынға алынғалы бірнеше күн болды. Ол зиянды қалдықтар туралы құжаттың қисық тұсын «түзетіп жіберуге» 160 мың теңге сұрап, параға «қарық болып» жатқанда қолға түсті.


 




Иә "сонда" бұл не деген сөз?Сонда біз қарапайым халық сол мімбеде тоырғандарға сеніп, біздің еліміз осы ел ағаларының қолында бәрін жасап жатыр,гүлдендіріп жатыр,үлкен - үлкен ғимараттар соғып жатыр,бәлен қаржыны бәленге бөліпті, түген қаржыны түгенг бөліпті деп,-естіп жатамыз.Ал оның асатында не жатқанын біз қарапайым халық қайдан білеік.Сөйтсек нағы жемқорлық дегенің сол "МІМБЕДЕГІЛЕРДІҢ" қолынд.а тұр екен ғой,біздің білуімізше жемқолықпен күрксіп жатқандар сол біз сеніп жүрген ағаларымыз емес пе еді? "Сенген тоқтым сен болсаң....."- деген мақал осындай атқа мінерлер үшін екен ғой.Бірақ көпке топырақ шашауға боллмайды, кей ағаларымыз жасауын жасап жатыр ғой.Соңы кездері жаңалық естуге дәтің бармайды,ұяласың,қынжыласың қылмыс жасап жатқандар өңшең "сенген ағаларымыз".Сонда Елбасымыз сенетін адам қалды ма?Жоқ па?Тағы да сол "СОНДА".Сіз не айтасыз???

М.Б.Б. Студент

Абай болайық!



Халық санағына бөлінген қаражатты статагент жеп койыпты. Оңбағандар. Он жылда бір келетін тарихи оқига бул. Он жылды бір рет бір бірімізді тугендейтін мүмкіндік бұл. Бір басымызды екі ете аламай жүрсек, ана жалмауыздар елдің есебінен акша тауып, ұрлық жасап жүріпті. Ахмет Байтұрсыновтар кеше "Алхамдулла алты миллион халықпыз" деп барга шукіршілік етіп еңбек еткен еді ғой. Ал мына азғындардың тірлігін карандар. Мен бұдан кейін халық санағның нәтижесіне сенбеймін. Оның ішінде қазақ алпыс жеті пайыз болды дегенге тіпті сенбеймін. Себебі, санакшыларға бөлінген ақша толық жеткен жоқ. Алыс ауылдағылар санаққа іліккен жоқ. Қайтіп сенмін. Санақты қайтадан жүргізу керек
Ж. Ғасырұлы

Абай болайық!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 17 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>