Байжан Дубай. Қытай қазақтың намысын жырта ма, әлде іштен құрта ма? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

Байжан Дубай. Қытай қазақтың намысын жырта ма, әлде іштен құрта ма?

Жәрдемші


Оңтүстік Кореяның Гоянг-Сити қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жанкүйер қауым осы додада Қазақстанның намысын жыртып, жүзден жүйрік шыққан Зүлфия Чиншанлоның алтын медаль жеңіп алғанынан хабардар болар. Кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев жеделхат арқылы оны жеңісімен құттықтап, алтын медалін тәуелсіздік мерекесіне тарту деп қабылдайтынын білдіріпті. Жөн-ақ.

Бұл дүбірлі додаға барлық мемлекеттер үлкен дайындықпен келген. Қазақстан ауыр атлеттерінің бас бапкері Алексей Ни жарыстан екі алтынмен ораламыз деген болатын. Сенім артқан спортшының бірі Чиншанло еді. Ол үмітті ақтады. Оның үстіне Зүльфия Чиншанлоның есімі Гиннестің рекордтар кітабына жазылатын болды. Өйткені ол бар болғаны 16 жасында әлем чемпионы атанып, бұған дейінгі рекордсмен, «ерке бала» атанып елге сүйкімі кетіңкіреп жүрген Илья Ильиннің жетістігін басып озды. 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зүлфия Чиншанло қытай қызы Чен Сяотинді ұтып жеңіс тұғырына көтерілді. Жұлқа көтеруде 5 келі ұтылып тұрғанымен серпе көтеруде қытай спортшысын бір келіге басып озды. Жалпы есеп 219 келі.

Жарайсың, Зүльфия, жарайсың! Құтты болсын! Бәйгенің бәсінің емес, даңқының дабыры үлкен. Бізге алтын керек, атақ керек. Керегімізді бердің, келешегің кемел болсын! Бізге қажетті жеңісті кім сыйласа да бәрібір. Ол Илья ма, Зүлфия ма маңызды емес. Маңыздысы жеңіс. Бірақ, жеңістен да маңызды бір мәселе бар. Ол ұлттық қауіпсіздік. Бұл туралы айтпай кету ауыр күнә секілді. Спортқа ұлттық қауіпсіздіктің қатысы қанша дерсіз, тыңдаңыз, ендеше.

Зүлфия Чиншанло деген қай ұлттың өкілі деп ойлайсыз? 2005 жылы еліміздің Ауыр атлетика федерациясынан бір топ маман Қытайдың ауыр атлетикадан өтіп жатқан ұлттық олимпиада ойындарын тамашалай барып легионерлерге көз салып қайтқан еді. Қытай спортшыларының қарымы қайран қалдырды. Бүкіл ел бойынша 500 мыңнан астам атлет бар екен. Соның бәрі болмаса да біразы олимпиадаға қатысқан. Бірінің көрсеткішін бірі басып озып, әлемдік рекордтың талайы жаңаланды. Қытайда штанга көтеру керемет дамыған болып шықты. Бірақ қазақ бапкерлері кез келген салмақ дәрежесіндегі алдыңғы ондыққа кіретін спортшыға «құда түсе» алмады. Бір жылдан кейін ортаңқол екі спортшысын легионер ретінде бере алатындарын мәлімдеді. Сөйтіп қытайдың екі қызы әрқайсысына 60 мың доллар төленген соң Қазақстанға бет алды. Алайда, біздің еліміздің заңнамаларына сай Қытайдан келгендердің азаматтық алуы өте күрделі. Спортшылардың тезірек азаматтық мәселесін шешу керек. Бапкерлер мәселеге көп бас ауыртып жатпады. Спортшы қыздар Қырғызстаннан бірақ шықты. Әлдебір шененуніктің кеңірдегінен үш мың доллар өткен соң екеуі де әп-сәтте Қырғызстан азаматтығын алады. Ал қырғыздардың Қазақстан азаматтығын алуы өте жеңіл. Сөйтіп екі спортшының бірі дұңған Зүлфия Чиншанло, екіншісі ұйғыр Манеза Мая болып шыға келген. Екеуінің де аты ойдан шығарыла салған. Соңғысының атын бапкерлер қалжыңдап майонезге ұқсатып қоя салыпты (айтпақшы, ол кеше 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Жалпы, осы ойында алтын ұтқан мемлекеттер әзірге Қытай мен Қазақстан ғана). Ал бір жылдан кейін екі спортшы да Қазақстанның азаматы атанды. Бүгін, міне, еліміздің намысын жыртып жүр.

Осы жайтқа орай мына мәселенің беті ашылып отыр. Дерек көздері Ресей немесе Қырғызстанда бірнеше жыл тұрып, орыс тілін үйреніп алған соң біздің елімізге келіп, ұйғырмын, дұңғанмын, кәріспін деп тірлік етіп жатқан қытайлар жыртылып айырылатынын айтады. Ойбай-ау, сонда ұлттық қауіпсіздік комитеті ай қарап отыр ма? Олар егер біздің сөзімізді жоққа шығарғысы келсе біз мына екі спортшының «азаматтық алу» хикасын айғақ ретінде ұсынамыз. Айтпақшы, бапкерлер Зүлфияның керемет патриот екенін айтады. Жас қыз өзінің, өзінің ғана емес бүкіл ханзудың биліктен өлердей қорқатынын ашып айтыпты. Биліктің бұйрығына жаратқанның әмірінен әрі бағынатын қытайлар сонда біздің елімізге қандай мақсат көздеп келді. Шетел легионерлерін осылай «контрабандалық» жолмен әкеліп абыройымызды асырғанымыз кімге керек? Бәйгеге делебеміз қозып далақтап жүріп елдігімізге сызат түсіріп алмайық. Ал шетелдіктердің қитұрқы жолмен азаматтық алу мәселесіне орай ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап беруге тиіс. Илья «балақайдың» еркелігін көтере алмай жүргенде, енді «айдаһар текті» арулар қиғылық салмасын. Абай болайық, ағайын!

 

«Абай-ақпарат»

 


 




Сұмдық екен!



Абайшылдардың ел қамын ойлайтын азаматтар екенін осыдан таны. Жарайсыңдар жігіттер! ҰҚК ойлансын! Бұл әсте де оңай шаруа емес. Бұған аса жауапкершілікпен қарау керек. Сыртқы барлау қызметтері, қарсы барлау қызметтері осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр ма екен? Жалпы осы қызметтерде қазақ үшін жанын пида ететін, ұлтшылдар бар ма екен? Әлде мұнда да орыстың көгін көксейтін мәңгүрттер жүр ме екен? Мәңгүрттер жүрсе таңданатыны жоқ. Жәкішевтің ісін еске алсаңыздар болды.



Қытай қазір Қазақстанға құшағын жайып, шекарасын да ашып тастап отыр. Осылайша хансуларды Қазақстанға топырлатып өткізіп-өткізіп алады да бр-ақ күнде есігін тарс жабады. Сөйтіп, Қазақстанды оп-оңай қытайландыра салады. Дэн атайдың айтқаны бар: "Бізде шабаданның үстінде аш отырған қытай көп, алып кетіңдер". Бұны Дэн атай Қытайдан демократияны талап еткен Батыс саясаткерлеріне қаратып айтыпты.
Тегінде, қытайдың жымсиып күліп, жақсы қабақ танытып отырғанына мәз болудың қажеті жоқ. Ол ертең өзгеріп шыға келеді. Сол кезде көрерсіңдер Ли байдың неге "қазақ" ақыны болғанын?..



Қазақстанға екі алтын алып берген қаршадай екі қыздың бар кінәсі сонда тек қана Қытайдан келгені ме. Бұл Қазаққа әлемдік жарыстың алтынын алып берсең де жақпайсың.

Бүкіл ғаламдық спорт агенттіктері, сайттары, баспасөзі дүрлігіп жазып, айтып жатыр. Ағылшын, Француз, Испан, Неміс комментаторлары әр адамның ұлтына, тегіне қарамайды ғой: "Қазақ қыздары екі алтын алды" деп шулап жатыр бәрі. Баяғы Храпатый мен кешегі Ильин болмаса, Қазақстан ауыр атлетикасы бұндай табысқа қай заманда қол жеткізіп еді. Әлде, сол қыздар мен оның жаттықтырушылары бұндай мақалалар мен хабарларды құлағы шалмайды деп деп ойлайсың ба.

Малада "Ойбай, бұлар - Қытайлар! Қытай қаптады" деп екі чемпион қызға тиіскеннен басқа дәлел де, дәйек те жоқ. Ертең ана Подобедова бастаған Ресейден келген орыстың қыздары да алады Қазақстан үшін медальдарды. Сол кезде көрейік: "Ойбай, бұлар - орыстар!" деп жазар ма екенсің. "Ал жаттықтырушымыз болса - Түрік" деп неге қосып қоймадың.

Спорт қазір - тек спорт қана емес, спорт қазір - ғаламдық үлкен саясатқа айналды. Чемпионның ұлтына қарама. Көтерілген көк Туға және шырқалған Әнұранға қара. Егер кім де кім сол Қыздардай болып, бүгінгі Көктүріктердің осы Көк Туын әлем жұрты алдында ең биікке көтерер болса, мен соның жағындамын.

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



Жанкүйерсің ау деймін. Жаның күйіп бара жатса амал не?! Бірақ мәселені өз көзқарасың тұрғысынан ғана түсініпсің. Автор қытай қыздарының қазаққа алтын әпергеніне қарсы емес. Зердеңе жетпей қалған секілді ғой, мақала қара қытайлардың Қырғызтан мен Ресей арқылы елімізге ағылып келіп жатқанын, келгенде де атын, тегін, ұлтын өзгертіп жазып келіп жатқанын айтып дабыл қағып отыр. Букмерлік контораларда тентіреп, бәйгеге бәс тігетін қусың-ау, шамасы. Еліңнің ертеңгі болашағына емес, бір күнгі арзан атаққа құмарта қалыпсың ғой.
Иә, жаттықтырушылардың түрік екенін, кәріс екенін де бәріміз білеміз. Түріктің еңбегі бар, рас, чемпиондар шығарып жатыр. Алайда, сол түріктің орнын баса алатын бір ұлды алтын құрсақ аналарымыз таба алмады дейсіз бе? Бар ондай ұландар. Тек өзіңіз секілді жалпақшщешей жағымпаздар жолын бөгеп, қолын байлап отыр. Әйтпесе, ұтымды сәтті пайдаланып клоундық өнерін көрсетіп қалып жүретін шынашақтай кәрісті (былтырғы әлем чемпионатына алтын алғанда жаттықтырушысы Ильиннің секіріп мойнына асылып алғанын айтам) алмастыра алатын қажымұқан тектес алыптар қазақта аз емес.



Қытайларға Қазақстан азаматтын алу қиынның-қиыны, былайша айтқанда мүмкін емес. Қытайдар келгендер үшін Қазақстанның есігі жабық. Қытайдан келгендерге Қырғызстан мен Ресей азаматтығын алу оңай. Сондықтан, бұл Қыздар да алдымен Қырғызстан азаматтығын алған. Сонда, мыңдаған Қытайларға азаматтығын оп-оңай беріп отырған Ресей мен Қырғыздар ақымақ деп пе едің.

Сен сонда неден қорқып отырсың. Қытайдан қорқып отырмысың. Қорқатындарды тапқан екенсің. Ол орыстар таратқан әсіре аңыз ғой: Орыстар кетсе, орнына Қытайлар қаптайды деп жалған үрей салып, Қазақты солай қорқытқысы келеді. Қытайдан бізге елеулі қауіп жоқ. Біз түгілі халқының тең жартысын Қытайлар құрайтын Малайзия, Сингапур сияқты елдерге де Қытайдан қауіп жоқ.

Ал спорттан хабарың жоқ болса, онда бұл мәселе туралы пікір жазып қайтесің. Спортта елге лигионерлер тарту барлық елде бар. Бұл Қыздарды кез-келген ел алақанына салып көтеріп кетер еді. Осы Дүнген мен Ұйғыр қыздардың және Кәріс жігіттің ел үшін жасаған еңбегінің оннан бірі де өзіңнің қолыңнан келмейді екен, онда күңкілдемей тыныш жата бер.

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



""" Бауырым, сен анау "Мәссағандағы" Сері секілдісің. Сені ұлтжанды жігіт пе десем қателескен екенмін, қаның "интер"-леніп кеткенін қайдан білейін.



Sera-ның пікіріне қосыламын. Қытайлықтарғы өз азаматтығын бере салатын қырғыз бен орыс ақымақ та, Абай.кз ақылды болып шығы келеді ме. Осы екі қыздың спортта қол жеткізген жетістіктері туралы жаз немесе біздің елді !қаптап! жатқан қытайлықтар туралы жаз,екі үлкен тақырып арасында үйлесім де жоқ. Басқа спорт түрлерінде де,Қазақстан азаматтығын алған спортшылыр бар ғой, бірақ олар елімізді іштен жаулап алады екен деген әңгіме бұған дейін оқымадым.
Абай.кз осы жоғарыдағы тақырыпты жазғандағы мақсатыңыз не,?егер нақты деректеріңіз болса, қажетті мекемелерге неге тікелей жазбасқа? басы жоқ аяғы жоқ сандырақты осында жазып. Осы жердегі мақалалар мен Жас алаштағы мақалалар, байқағаным бір-біріне ұқсас келеді. Ешқайсысына ештеңке де жақпайды. Қазшан көрсең бірнәрсені күңкілдейді де отырады. Шамалы объективті болу қажет, деп ойлаймын.



Қазақстанның намысын қашан қазақтар қорғар екен? Толағай жігіттер мен қыздарымыз жоқ емес, бар. Бірақ, түрі өзге кеудесінде патриоттық сезімі жоқ, тек медальды ақшаға айырбастауды ғана ойлайтын бапкерлер оларды көрмегенсіп отыр. Қашанғы Қазақстанның байлығын далаға шаша береміз, неге ұлттық спортты көтермейміз. Қазақстанның туы көтерілгенде сол спортшылар ту көтерілді деп қуанады дейсіздер ме, қалтасына түсетін ақшаны ойлап қуанады ғой. Ертең басқа мемлекет одан да көп ақша төлесе, ойланбай, сол жаққа тайып отырады. Осыны спорттың басы-қасында жүрген ағаларымыз қашан түсінеді екен.



Бір замандарда жалаулы найза қолға алып, жау түсірген Қазақ баласының бүгінде өз намысын жыртуға қауқарсыз дегенге өз басым сенбеймін. Бар мәселе біздің елде спортқа деген солақай саясаттың сеңі бұзылмай тұрғандығында. Біздегілер спорттағы өз саңлақтарын баптағысы жоқ.Дайын асқа тік қасық. Өзге елдерден саңлақ спортшыларды сатып алу оларға жеңіл. Бұған кешегі Цурцумия, Спиридонов, Лалиев, Муталимов, Тигиев сынды тау ұлдарының біздегі боз кілемді басып алуы айқын дәлел. Жақсылық пен Дәулеттей батырларды бәленбай жыл бойы баптап, қаншама тер төгіп, еңбек етіп жатқанша дайын атлетті дайын ақшаға сатып ала салу. Міне, табылған ақыл. Сондықтан да біз бүгін, үлкен теннисте Галина Воскобоева, Ярослава Шведова сынды "отандастарымыздың" өнеріне қол шапалақтап, Мая мен Зулфияға мың алғысымызды білдіріп жүрміз.



Әйтеу бұл қыздарға қазақстанның азаматтығын алып берген екен және оларға жалған ат қойған екен, сонда неге фамилияларын қазақшалай салмады екен ә? Чиншанло, Манеза демей. Әлде олар келіспеді ме екен. Егер келіспеген болса, онда түп ойлары шикі!



"Жарайсың, Зүльфия, жарайсың! Құтты болсын! Бәйгенің бәсінің емес, даңқының дабыры үлкен. Бізге алтын керек, атақ керек. Керегімізді бердің, келешегің кемел болсын! Бізге қажетті жеңісті кім сыйласа да бәрібір. Ол Илья ма, Зүлфия ма маңызды емес" деп жазып отыр автор. Жанықпай, жалбырамай алдымен осы жолдарды дұрыстап оқып алыңдар. Көріп отырсыңдар Зүльфияның жеңісіне автор аса қуанышты. Ол осыдан кейін барып қауіпсіздік мәселесіне ауысып Зүльфияның Қазақстан азаматтығын қалай алғанын жазады. Белгілі спортшының өзі азматтықты осындай жолмен алғанда басқалары не істеп жүр? Соған назар аудармайсыңдар ма? Бізде екі, үш мың боллар үшін азаматтықты сатып жіберетіндер әділет министрлігінен де, төлқұжат мекемесінен де табылады. Жағдай осылай бола берсе, күні ертең-ақ Зүльфия қазақтың көк туын емес, қытайдың қызыл туын көтеріп жүруі әбден мүмкін.



"Sera-ның пікіріне қосыламын. Қытайлықтарғы өз азаматтығын бере салатын қырғыз бен орыс ақымақ та, Абай.кз ақылды болып шығы келеді ме".
.........................................................................
Абай кз ақпарттық порталының күннен күнге абыройы асып, оқырманы көбейіп келе жатқанын көре алмайтын біреу болдың ғой, шамасы. Қызарып-бозарып бірдеңе айтқан болыпсың.
Сабаңа түсіп отырып қара: портал мәселені нұсқап жазған автордың мақаласын жария еткен. Мақалаға байланысты пікіріңді құсып отырып жазбасаң да болар еді ғой. Пікір қандай болса сол пікірді айтқан адамның өзі сондай. Өзіңді өзің масқаралай бермей, жөн сөзге көш, бауырым (қарындасым, құрбым, апайым, әпшем).



жалпы Бернд Шторктың орнына өзіміздің Бахтияр Байсейітов ағамызды, болмаса әлемдік тәжірибе сияқты Гвардиола,Дешам,Дунга, Леонардо,Феррара, Карпин,Гордеев,Кобелев сияқты төл түлектерді атап айтсақ ұлттық құрама сапында ойнаған Нүркен Мазбаев, Ерлан Елеусінов,Нұрмат Мырзабаев,Асқар Қожабергенов,Дмитрий Огай қойып көру керек, тіптен ол болмаса Ресейде Татарстан Елінің Рубинін екі дүркін ресей чемпионы қылған Құрбан Бердыев ағамызды немесе түрік футболын өрге сүйреген атақты сол елдің қақпашысы болған Шенол Гюнешті, итальяндықтарға футболдан дәріс үйреткен Фатих Теримді неге шақыртпасқа. Сонымен қатар бойынды ұлттық намысы бар, тәжірибелі өзіміздің қаракөз жігіттерді ұлттық құрамаға ойнатуымыз керек. мысалға Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев,Айдар Күмісбеков,Абзал Жұмабаев,Данияр Кенжеханов,Жандос Оразалиев, айдар Арғымбаев,Қайрат Әшірбеков,Мұрат Тілешов,Мұрат Сүймағамбетов, Таңат Нөсербаев,Ұлан Қонысбаев,Жамбыл Көкеев,Мақсат байжанов,Руслан Сахалбаев т.б



Біз қауіп еткеннен айтамыз...



Абайшылдардың ел қамын ойлайтын азаматтар екенін осыдан таны. Жарайсыңдар жігіттер! ҰҚК ойлансын! Бұл әсте де оңай шаруа емес. Бұған аса жауапкершілікпен қарау керек. Сыртқы барлау қызметтері, қарсы барлау қызметтері осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр ма екен? Жалпы осы қызметтерде қазақ үшін жанын пида ететін, ұлтшылдар бар ма екен? Әлде мұнда да орыстың көгін көксейтін мәңгүрттер жүр ме екен? Мәңгүрттер жүрсе таңданатыны жоқ. Жәкішевтің ісін еске алсаңыздар болды. **************************************************** өте дұрыс айтылған



Қазақтың намысын кімдер қорғамай жатыр. Бокстан өзге спорт салаларында түгел өзге ұлт өкілдері емес пе? Бұл да соның бір көрінісі. Бейжің олимпиадасында моңғол қызы нысана атудан Германияға күміс әперді. Оның алдында қазақ жігіті дзюдодан қырғызға қола әперді, өзіміздің Нұрхан да түріктерге медаль әперген. Осыған бола, қыздарға шүйлігудің қажеті қанша? Көтерілген ту қытайдың, дүігеннің, ұйғырдың туы емес, әнұран да өзіміздікі. олардың кім екенінде өзгенің шаруасы қанша?



Йя Қытайдан Қазақстанға төнер қауіптің сезілетіні, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Алайда, жаңағыдай қытай азаматтарына қазақстан азаматтығы 3000 АҚШ долл. беріліпті-мыш деген мәселелер, елдің мұнай-газ саласын қытай компанияларының экспансиясы жанында, теңіздегі тамшы сияқты. Біздің елеміздің туы астында, әнұраны астында, Қазақстанның даңқын әлемге танытқан қыздар мен ұлдардың тектерін қарастырғанша, анау ұлттық қазба байлықтарымыздың қытай тарапына қалай беріліп жатқаны, қытай несиесінің артында не жатқанын тереңірек зерделеген дұрыс. Басқа елдің азаматтарын сатып алу спорт саласында,халықаралық сахнада қалыптасқан жағдай. Тағыда айтамын осындағы білгішсымақтарға, спорт пен азаматтық беру мәселесі,жоғарыда келтірілген мақалада жөнді үйлестірілмеген.



Автор дау тудыратындай ештеңе айтпаптығой,бұл қыздың жеңісіне қуанумен бірге,сондай жолдармен қытайлардан(спортшылардан емес)келетін қауыпті ескертеді.
Әрине,бұл спортшылар атақ-даңқымызды асыру үшін қажет шығар.егер өзіміздің спортшылар олармен бәсекелесіп өз өресін көтеріп жатса жақсы-ақ болар еді,ал бұл сатып алған спортшылардің елімізде қаншалық тұрақтайтынына ешкімде кепілдік бере алмайды,соның салдарынан өз спортшыларымызға көңыл бөлінбей ұлттық спортымыз тұралай түсуі мүмкін.
Ал,осындай айналмалы жолмен қытайлардың басып кету қаупын елім деген есті азамат жоққа шығара алмас.ҚЫТАЙ дегеніңіз жердің құрты сияқты,топыраққа аяғы бір ілінгенсоң миллиондап өсіп,біткен байлығыңдыда,жеріңдіде иелеп алып жергілікті халықтарды құлғып алады.бұл халық алдасада,қуансада,тіпті қорықсада күліп тұрады,бір бармағын ішіне бүгіп тұрады...жоғарыда индонезияны мысалға келтіріпті,ол елдің қытайлардан көрген ЖАҚСЫЛЫҒЫН айтайын:90 ыншы жылдардың соңында бар байлығынан айырылып,қытайларға жалданып қалған жергілікті халықтар жаппай көтеріліске шығып,қытайларды өлтіріп,дүкендерін өтеді,жергілікті билік күш қолданып өз халқында қырғынға ұшыратуға тура келді.бізге енді жетпей тұрғаны осыма?
Қытайларға азаматтық бермеу:биліктің мен көрген бірден-бір дана шешімі.

Ашық болсын,алашымның аспаны!



Ен бастысы, шын намыс болса, ар казах баласын не болашагы, не халкына пайдасы жок зангер мен экономисттин (ортанкол маман) окуына тыкпаламай, еринбей, спортка немесе гылым жолына зор енбек керектигин тусиндирип баланы жан-жакты тарбиелеу жолын уйрену керек. Жасыратыны жок коп казах баланын карны ашпаса, кими бутин болса болды дегенмен шектелетиндер коп.
Ал биликке келсек барды багаламайды, алалайды. Оз елинин жаулары. Таланнты карадомалактардын кадирине жетуди кашан биледи екен биздин бастыксымактар. Кай салага болсын ултжандылык ауадай кажет.Тек казахтын баласы гана Казах ели ушин жанын береди.
Жогарыдагы азаматтык беру, казба байлыктарды таратудын казахтын болашактагы соры екенин аркимнин билгени дурыс.



Еліміздеги легионерлер саны шаш-етектен емес пе?! Олардың барлығы Қазақстанға алтын сыйлап жатқан жоқ. Бір ғана футболдың өзінде түк бітрмейтін, 1,2 сортты спортшы-келімсектер қаптап жүр. Қалың ақшаны қалтасына басып. Рас, Мая мен Зульфия қазақ емес. Оларда атлеттер өте көп болғасын, ұлттық құрамаларына қабылдану өте қиын. Подобедованың өзі Ресейліктер құрамадан орын бермегесін, біздің елге келді. Өзіміздің қазақтар құрамада көп көрінбейді ғой, өз басым осы күнге дейін зілтемір көтеретін қазақ қызын байқамаппын. Егер, болса шықпайды ма?! Қуаныш Рахатов пен Алмас Өтешовтер күші көп екенін әлі де көрсетпей жүр ғой... Әйтпесе өзге спортшыларды аттай қалап алатындай не күн туыпты!!! Не дегенмен, құраманың бс бапкері Алексей Ни азамат екен! Мая алтын алғандагы айғайлаганын айтсаңшы! "Казахстан лучше всех!!!" деп Еуроспорттың камераларына қуанышын білдіруі тебірентпей қоймады.Құр-бос қатарды көбейтпей, қоржынға медаль салып жүрген келімсектерге өкпе артудың қажеті шамалы меніңше! Сиднейден құр қол қайтып едік қой, Афинадағы Сергей Филиминовтың жалқы күмісі кішкене қуаныш сыйлады. Бейжіңде тек Алла Важенина ғана медаль алған келімсек, қалғандары өзіміздікі. Ең бастысы нәтиже бар ғой! Олар ұлты қандай болса да, Қазақстанның абыройы үшін қызмет етіп жатыр! Көк ту көп желбірейтін күндер көбейе берсін!!!



Не дегенмен, құраманың бс бапкері Алексей Ни азамат екен! Мая алтын алғандагы айғайлаганын айтсаңшы! "Казахстан лучше всех!!!" деп Еуроспорттың камераларына қуанышын білдіруі тебірентпей қоймады __________________________________ сандырақ, сол кәрістің шошаңдаганына тебірентіп кетсең сеніңде қай шамада екенің белгілі екен...



Ол Жігіттің бар кінәсі - Кәріс болғаны ма сонда. Басқа ұлттың бәрін сонша жек көресің бе. Ұлтшыл болу, Қазақ болу деген - өзге ұлт атаулының бәріне тіс қайрап жек көру деген сөз емес қой.

Алексей Нидің сол кездегі қуанғандағы әрекетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны көзбен көру керек. Еріксізден тіпті күлмеске амалың қалмайды. Хабарды жүргізіп отырған ағылшын журналистері де күлкісін тия алмай, хабарды жүргізе алмапты. Ол сәт мына жерде бар:

http://www.iwf.net/

"W63" - деген жерден басып, бейнематериалды қарайсың (Әйелдер арасында, 63 кг салмақта дегені).

 

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



Жалпы, спорт басындағы азаматтарға қарным ашады. Жақсы делік, штанга көтеру қиын, боксс пен күрестен де жаман емеспіз. Ал олимпиада ойынына жататын ескек есу, вело тебуге қазақтың төзімділігі мен күші жетер. Неге спорттың сол түрлерінен ұлттық спортшыларды дайындамайды? Жарыс алдында ешбір елден ешбір спортшыны алып келіп, соның берген жеңісіне қуанып та, тебіреніп те керегі жоқ. Тіпті, дәл жарыстың алдында шет елден ұлты қазақты алып келсе де, бүртүрлі. Оны біз дайндаған жоқпыз ғой. Мен түсінемін сол қазақты бір екі жыл бұрын алып келіп, тер төгіп, жүлдегер болып жатса,әңгіме басқаша! Сондықтан бізге жат елден, жат қыздардың әкелген жеңісіне қуанудың орнына, ішім қынжылып отырмын. Апырмай,ұлттық мүлдеге келгенде, неге біз әртүрліміз???????



Жоғарғы пост менікі. Саяқ.



Мақалаға байланысты пікіріңді құсып отырып жазбасаң да болар еді ғой. Пікір қандай болса сол пікірді айтқан адамның өзі сондай. Өзіңді өзің масқаралай бермей, жөн сөзге көш, бауырым (қарындасым, құрбым, апайым, әпшем)...
Өй, шешең!..



Ой осы Шымкенттiн тарбиесiздерi-ай! Сендер осында кiрмей-ак койындаршы! Ауыздарын толган бок! Неткен мадениеттен журдай адамсындар, жаркындарым. Улкен де, кiшi де сыйлап кормеген!



Расында да соңғы 1-2 жылдың көлемінде Қырғызыстаннан келген дүнген жастары тым көбейіп келеді - АСТАНАДА. Биылғы жазда қызмет барысында көп кездестіп. Әйтеуір, бұйырған қызметті атқарып, тіршілік етіп жүр (жұмысшы іздеп биржаға барсаң да, зат алу үшін базарға барсаң да, тіпті, мәшинеңнің дөңгелегін ауыстыруға барсаң да дүнгенге тап боласың бұл күнде). Түрі қазаққа да, қырғызға да келеді. Шүлдірлегенде барып бір-ақ білесің ғой, қаны бөтен екенін. Қайсысынан сұрасаң да қырғыз асып келдім дейді тағы. Олардың қырғыз арқылы қытайдан келетіндігін енді ұғынғандаймын. 2-мәселе, Астана базарларында қырғыздардың көптігі де көңілге күмән ұялатады. Жылдар өте келе зардабын тартатын сияқтымыз. Неге екенін білмеймін, солай сезіледі де тұрады...



Топастар. бул мусылман кызы Чишанло биздин Казакстанымыздын аттын кокке котерип жатыцр гой....



00.08 уақытта жазған қонаққа(әттең неге нумерация жоқ) - Күдігің өте орынды. Бізге қырағы болу қажет. Саяқ.



Портал менің соңғы комментім қайда, індемей-тіндемей өшіре салғасындар ма, бұл не жөнсіздік? басқалар қонақ бола отырып аузына келгенін оттайды да, мен сияқты тіркелгендердің пікірін өшіріп тастайсыңдар ма? болмайды ол.



Жарыс алдында ешбір елден ешбір спортшыны алып келіп, соның берген жеңісіне қуанып та, тебіреніп те керегі жоқ. Тіпті, дәл жарыстың алдында шет елден ұлты қазақты алып келсе де, бүртүрлі. Оны біз дайндаған жоқпыз ғой
Жоғарыда біреу осылай дейді. Онда бақыт Сарсекбаевтың жеңісіне қуанбауың керек пе еді? Ол өзбек боксының өнімі ғой.Біздің бокс мектебі керемет. бапкерлер де мықты. Спортшылар да мықты. Оларды жасытып жүрген - рушылдық, жершілдік, отчетшілдікке салынған, отаншылдық сезімнен жеке тірлікті жоғары қоятын қаратаяқтардың әрекеттері деп білемін. Көкшелік Руслан Мусиновты қай кубалық ұта алып еді.



"Локомотив" футбол клубының бас бапкері С.Юран қазақ жігіттеріне қазақша сөйлеуге тыйым салыпты.
"sports.kz" -тен толығырақ оқи аласыздар.
Sports.kz Спортивный портал Казахстана»



Құрметті abai.kz порталы! Тіркелмей аузына не келсе соны жазатындардың пікірін жарияламау керек. Бара-бара "Айқын" газеті сияқты қоқысқа толып қаласыңдар, олар қайта қазір түзелді ғой, тіркеу сұратып. Нағыз ұлт жанашырлары болсаңыз, осы порталға тіркеліп жазыңыз.
Ал, тақырыпқа келсем, спортшылар Қазақ елінің атынан түсіп жатыр, сондықтан, қазақтар деп есептейді шет елдерде. Барлық елде бар мұндай жағдайлар, басқа елдің спортшыларын тарту. Кім көрінгенді емес, жақсыларын тартып жатса, сол спортшыға қарап, біздің қазақ спортшыларымыз да үйренеді, дамиды. Ал, автордың айтпағы, қытайлар көптеп азаматтық алып жатса, ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіреді деген ой ғана. ҰҚК ай қарап жатпаған болар, есептері бар болар оларда да.
Жаңа ғана В.Седов әлем чемпионы атанды, тағы бір алтын алдық. Бұл нағыз өзіміздің жігіт, талдықорғандық. Гимн ойнаған кезде қосылып айтып тұрғаны қандай болды. Құрбан айтпен бірге келген жеңіс құтты болсын, қазақтар!



Пікір алынып тасталды!



Көре тұра көрмегенсіп, біле тұра білмегенсіп қайтеміз. Автордың айтқысы келгені қытайлардың қитұрқы жолмен азаматтық алуы ғой. Рас бізде легионерлер көөөөп. Бірақ соның бәрі өз аты-жөндерімен жүреді, олардың азаматтық алуы, өзге тірліктері де көз алдымызда. Айтпақшы, қытайлардың ақпарат құралдары "біздің қытай қыздары ғана алтын алды" деп жаңалық таратып жатыр. Әлем халқының төрттен бірін құрайтын халық "қазақ алтын алды" деп жатқан жоқ. Енді өзің ойлан. Ал Ни мырзаның қуанышына, әрине, ортақпыз. Спорттан хабары жоқ адамдар болса айта кетейін, спортшысы алтын алса жаттықтырушысы әжептәуір сыйақыға ие болады. Оның қуанышының сырын түсінетін шығарсыз.



Пікір алынып тасталды!



http://en.wikipedia.org/wiki/Munkhbayar_Dorjsuren

Моңғол германияның намысын жырта ма, әлде іштен құрта ма?



Қазақ болу - қазақ еместерді жек көру емес қой.



Шеттен келетін басқа ұлттарға қазақша ат беріп, қазақтандырса....



Таңқаларлық тақырып екен. Біздің байрағымыздың желбіреуі әрине қуанышты, бірақ қаршадай қытай қыздарының қысқа уақыт ішінде соншама машақатты жолдарды басып өтіп қазақстандық болып, қазақ үшін сайысқа түсуі әрқандай адамды ойландыруға тис. қазақтардан неліктен спортшы шықпайды немесе аз деген сұраққа келсек, қытайды 1949 - 1976 жылға дейінгі Мао басқарған заманына ұқсайтындығымызды жасыра алмаймыз, ол кезде оларды спорт және басқа салаларданда әлем көзге ілмейтін, елде байлар мен білімділерге қарсы саяси төңкеріс бастап аш-жалаңаш болсада Маоны көкке көтере мақтаумен ашаршылық қамытын киген еді. Мао өлгеннен кейін, мырза қамақта отырған Дын елді дұрыс жолға түсіп, бүкіл әлем қызығарлық нәтижеге жетеледі.
егер біз спортшылар қазақтан болсын десек Ауылдың әсіресе қазақтардың жағыдайын жасауымыз керек.
ал азаматтық алу мәселесіне келсек ұлтық дәктрина қабылданысымен өздігінен шешімін табатын мәселеге айналады. ол кезде қазақ ұлты болмайды қазақстандық ұлт немес мемілекетіміздің аты да өзгеріп қазақ деген сөз қалаып қойуыда ғажап емес. бұлай ойлаудың өзіде тым оуыр екенін түсінсемде осы ауруға өкінішке орай тушар болып отырмыз. барлығы бір алланың қолында, талай сынақтардан өткен қазақ тағы өтер деп үміттенемін.



Ол Илья ма, Зүлфия ма маңызды емес...Бұл нені меңзегендерің қарақтарым, бөлінгенді бөрі жейді деген. Осы сендер-ақ бояушы дегенге сақалдарыңды бояй береді екенсіңдер!



Негыл дейсындер енди, кыздарын ресторан мен ночной клубтан шыкпайды, кала берсе Саин мен Сейфуллиннин бойын бермейди, спорттын анандай турин жетик менгерип жур гой, казакпын деп кеуденди сокканша, соларынды тарбиелеп алсайшы бишара

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
16 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>